Екі жастың үйлену тойында куәгер болғандарыңыз бар ма?

Қыз жолдас, ұл жолдас болдыңыз ба? жасы 18ден асқандарға арналған форум.
Екі жастың бақытына куәгер болған сәттеріңізден фото іліп, қызықтарыңызбен бөлісе отырсаңыздар

ол кезде біз маңқа сүртуді енді үйреніп келе жатқан болатынбыз, ескі сурет күтеміз)))

(Анар апайй қашан көрсетесіз күтіп отырмын бағанағыны)
Мен де болған едім)

қандай әдемі!!! Қыздар да әдемі, табиғат та әдемі!!! :)
бір жетінің ішінде екі рет болғам қыз жолдас. Біріншісі - құрбым үйленгенде болдым дайындалып жүріп, ал екіншісі аяқ астынан басқа құрбымның бауырының тойында болдым))) Жеңгесінің құрбысы қыдыруға үлгере алмайтын болып, қырманда жүгері аршып отырған жерімнен мені алып кетіп қыз жолдас болғам :lol: Суреттерін ауылдан алып келу керек :roll:


Осындағы қыздарды ұшықтату керек екен сізге, сіздің жолыңызды берсін деп)))
мен де бір рет куәгер болғам. "Үшінші артық" дегендей біртүрлі болып, тойдан әрең шыққам.
менде екі рет болғам. бірақ тойда отырып тұрып мазаң кетеді екен, оданда достармен бірге отырып тойлағанға не жетсін :D
ол кезде біз маңқа сүртуді енді үйреніп келе жатқан болатынбыз, ескі сурет күтеміз)))

(Анар апайй қашан көрсетесіз күтіп отырмын бағанағыны)


сол суретті іздеп отырмын, бағанағы болмай қалды)))))))))) тығыз шаруамен шығып кеттім....


Суретті таба алмай-ақ қойдым(((( әзірше өзімдікін қойып қойдым)))


Суретті таба алмай-ақ қойдым(((( әзірше өзімдікін қойып қойдым)))



осындай кілемге мақтамен жазатын, палаткада өтетін тойларды сағынып жүрмын, адам құсап ішетін кездерді)))
Тойымыз столовыйда болған)))) Төбелесті айтсаңшы, көрші ауылдардың жігіттері келіп, біраз жындарын шығарып кететін кез ғой))))
мен де үш рет қыз жолдас болдым, үшеуінен де сурет жоқ, беріңдерші беп ем кетті ғой күйеулерімен))))