АЙТЫС
[b]Құрметті, Админ мүшелері!
Сіздердің мына қазақша сайттарыңыздың көбейгеніне қуаныштымын.
Рұқсат болса мен айтыс бөлімін ашқым келіп еді.(Сосын оның да ар жағында айтыстың түрлеріне қарай бөлімшелері болса жақсы болар еді)[b]
[b]Құрметті, Админ мүшелері!
Сіздердің мына қазақша сайттарыңыздың көбейгеніне қуаныштымын.
Рұқсат болса мен айтыс бөлімін ашқым келіп еді.(Сосын оның да ар жағында айтыстың түрлеріне қарай бөлімшелері болса жақсы болар еді)[b]
Еліміз модернге болды зар-ау
Кисең тақия үстіңде шапаның бар
Заманның болады екенсің тормозы-ау
Айтысқа келіп тұр ғой сай талабы.
Сусар бөрік құйғандай жарасады,
Ал әшкиі онша емес қайталайын...
Қайта-қайта киіміме тиістің-ау.
Бәрі ұнап көзілдірік ұнамаса,
Қайтейін, таппадым басқа келістіні-ау.
Қалқаным мен тымағым басымдағы,
Бабамнан қалған мұра расында бұл,
Көрініп те тұрған шығар түр жағым бір,
Исатай-Махамбеттің ұрпағымын.
Қолымдағы қамшы ол сүйреткенім,
Жырым болар тіліп салып күйретер бір !
Бәрін қойып біздегі татулықты айт.
Ағасы, сырт көз сыншы деген бар ғой,
Қалай екен, біздің мына қазақша сайт?
Суретінде қалқан ұстап батырлықты көздеген,
Ақын аға сыныңды айт, түсінбеген жерің айт
Түсіндірерлік админдер бар, бұл істерде қиыншылық көрмеген!
Біраз ауылды аралап тастағам-ды,
«Керекинфо», «Солай-де» - баршасы да,
Махамбеттен көрген жоқ масқараны.
Аттың басын сендерге де бұрдым міне,
«Массагеттің» ашық екен дастарханы.
Сынды айттық, әр жерде мінді де айттық
Тілді айттық, ақындық жырды да айттық.
Біреуге ұнап, біреуге ұнамадық,
Билікке де батырып шынды айттық.
Сайттарыңыз жаман емес көрінеді,
Көрерміз қолдарсыңдар бізді қайтіп?!.
Массагеттей табылмас ыстық мекен
Біраз ауыл аралып бізде көрдік,
Жыр ауылы тек қана осында екен!
Жыр додаға қайтып жеттім өзім аңсап,
Жыр елі тек осында деп жазыпты,
Болғанымды көрмей ме өзім ашпақ.
Елді айтып, тілді айтып баяндайық,
Қазақ үшін тер төгуден аянбайық,
Дінімізді және де жөнге салып,
Баяғы мүңгүрттіктен оянайық.
Сыбайлас, парақорлық, кенделікті,
Бәріміз бірге болып емделік те,
Жырлайық қоғамға жат нәрселерді,
Қазақты құтқарайық пенделіктен.
Тіке айтып, оятайық биліктерді,
Көрсетсін шындық жұмыс тірліктерін,
Әлі де ұйқтап жатқан қазақтардың,
Жырменен ерітейік жүректерін.[/b:21chm2gi]
Кімнен жеткен Бораттай сары мазағың
Парақорлық қорлары толып кетті
Әлі-ақ жырлап бұларды мен жазамын
Тілді де мың күрмелеп шаршады жұрт,
Боқтау сөзге толықты тап-таза ұрт
Халал емес ойлары харам болып,
Қайда кетіп барады мына қалың жұрт
Елдің мұңын жырлайық ел ағасы,
Танысудан басталар бастамасы,
Батыр Баян ұрпағы қазағымын
Сіз боласыз қай елдің тек данасы?!
Қазағымның қай жерінде тұрағың?
Танысуға ағаң дайын қашанда,
Өзім – Батыс, Атырауда тұрамын
Әлдилетіп Махамбеттің әруағы,
Нағашымның қаны менде бар дағы,
Өз руым – Кіші жүздің Шеркеші
Жайлаған осы Атырау, Жайық аумағын.
Жұмыссызбын, болғанмын қысқартуда,
Сүйетінім: жырмен тіл ұстартуда,
Одан қалса ән айтып, көңіл жазып,
Жүргенді де ұнатам бір қалпымда.
Ендігі ермегім ол – ағаш шебер,
Қол боста бір жағынан ол да демер.
Мақтанғаным емес ол сәті келсе,
Әр нәрсе жасау біздің қолдан келер
Одан қалса үстаймын қолға күрек,
Азаматқа әр нәрсені білу керек
Денсаулық, аспанымыз ашық болып,
Бәрімізде болсын да таза жүрек! ! !