АЙТЫС

[b]Құрметті, Админ мүшелері!
Сіздердің мына қазақша сайттарыңыздың көбейгеніне қуаныштымын.
Рұқсат болса мен айтыс бөлімін ашқым келіп еді.(Сосын оның да ар жағында айтыстың түрлеріне қарай бөлімшелері болса жақсы болар еді)[b]

Тек қана бүгін келдім MASSAGET-ке,
Ойлап қалдым өзі бір жақсы бет пе,
Қазақша мәнді жырлар төгетұғын,
Ақындарым, бұл жерден асып кетпе!..
[b:q6g0wzu3]Тағы бір сайт қосылған біздің мына
Оқырманды ғаламтор қызығына,
Бөлеп тұрар қазақи жоба келген,
Ақ жол дейін, Massaget ұжымына !

Тілмен өріс кеңейіп жатырғанға,
Үлкен үлес қосар мұндай порталдар да,
Қадамың құтты болсын, Қазақ сайты,
Дүниеге көрсетер Қазақты алдыңғы қатарларда!
[/b:q6g0wzu3]
Ақын өлең жазса егер ғаламторға,
Үміттіміз осындай да жол таппай ма?
Қош келдіңіз ағасы үлкен тойға,
Ұялмаңыз, төрлетіңіз бұл порталға
Сіздей аға көбейсін бұл порталда,
Демеп жүрер, жебеп жүрер осындай да.
Күн батқанша жазылған бұл посттарға,
Қызық пікір жырласаңыз жарар онда.
Рахмет, тілегіңе Мақсат мұнда,
Сайттарың жете бергей мақсатына,
Халықтың сүйіп көрер порталы боп,
Қазағымның қалғай әркез жақсы атына.

Көбейе берсін дағы араларың,
Ән-күй жырмен көңілді саралағын.
Қазіргі мәселені көптеп қозғап,
Емдейік бізде бар көп жараларды...
Ағасы, киіміңіз қызық екен,
Әр заман стилін бір тізіп өткен.
Баста тымақ, қолда қалқан, көзде әшки,
Бұл кісі модерн ақынның өзі ме екен.
Ағамыз модерн ақын болып тұр ғой,
Төгіліп тұр сөзінен талай жыр ой
Massaget-ті өлеңменен тік көтерсе,
Арнаулы киімін сен сынамайақ қой
Киіміне ағасының Арнау қызым,
Бірінші көзін бүгін салды-ау сүзіп,
Суретте менің киім кигенім де,
Өзінше мына жерде болды-ау қызық.

Көзде қара, бұл аға - модерн бе,
Дегенде білмедім ғой не дерімді,
Әйтеуір тұрмаса екен күлкілі боп,
Ұлттық нақыш бұзды ма бедерімді.
Менді ой- киіміне таңғалғаным,
Рас екен жыры бізге арналғаны.
Арыныңмен арындап төкпелей бер,
Ағасы, ақ ойыңды аңғарамын.