АЙТЫС
[b]Құрметті, Админ мүшелері!
Сіздердің мына қазақша сайттарыңыздың көбейгеніне қуаныштымын.
Рұқсат болса мен айтыс бөлімін ашқым келіп еді.(Сосын оның да ар жағында айтыстың түрлеріне қарай бөлімшелері болса жақсы болар еді)[b]
[b]Құрметті, Админ мүшелері!
Сіздердің мына қазақша сайттарыңыздың көбейгеніне қуаныштымын.
Рұқсат болса мен айтыс бөлімін ашқым келіп еді.(Сосын оның да ар жағында айтыстың түрлеріне қарай бөлімшелері болса жақсы болар еді)[b]
Ойлап қалдым өзі бір жақсы бет пе,
Қазақша мәнді жырлар төгетұғын,
Ақындарым, бұл жерден асып кетпе!..
Оқырманды ғаламтор қызығына,
Бөлеп тұрар қазақи жоба келген,
Ақ жол дейін, Massaget ұжымына !
Тілмен өріс кеңейіп жатырғанға,
Үлкен үлес қосар мұндай порталдар да,
Қадамың құтты болсын, Қазақ сайты,
Дүниеге көрсетер Қазақты алдыңғы қатарларда!
[/b:q6g0wzu3]
Үміттіміз осындай да жол таппай ма?
Қош келдіңіз ағасы үлкен тойға,
Ұялмаңыз, төрлетіңіз бұл порталға
Демеп жүрер, жебеп жүрер осындай да.
Күн батқанша жазылған бұл посттарға,
Қызық пікір жырласаңыз жарар онда.
Сайттарың жете бергей мақсатына,
Халықтың сүйіп көрер порталы боп,
Қазағымның қалғай әркез жақсы атына.
Көбейе берсін дағы араларың,
Ән-күй жырмен көңілді саралағын.
Қазіргі мәселені көптеп қозғап,
Емдейік бізде бар көп жараларды...
Әр заман стилін бір тізіп өткен.
Баста тымақ, қолда қалқан, көзде әшки,
Бұл кісі модерн ақынның өзі ме екен.
Төгіліп тұр сөзінен талай жыр ой
Massaget-ті өлеңменен тік көтерсе,
Арнаулы киімін сен сынамайақ қой
Бірінші көзін бүгін салды-ау сүзіп,
Суретте менің киім кигенім де,
Өзінше мына жерде болды-ау қызық.
Көзде қара, бұл аға - модерн бе,
Дегенде білмедім ғой не дерімді,
Әйтеуір тұрмаса екен күлкілі боп,
Ұлттық нақыш бұзды ма бедерімді.
Рас екен жыры бізге арналғаны.
Арыныңмен арындап төкпелей бер,
Ағасы, ақ ойыңды аңғарамын.