Ата-ана ма, сүйген жан ба???

[color=#0040FF:2svu06p9][size=150:2svu06p9][i:2svu06p9]Мені осы сұрақ жиі мазалайды! Әлпештеп өсірген ата-анасынан аттап өтіп, сүйгенінің айтқанымен кететін адамдар көп қой... Бұл да бір өмірдің заңдылығы секілді тұрмыс-тіршілігімізге дендеп еніп бара жатқандай. Кінәні өзімізге емес, "Тағдыр ғой" деп, "Пешенеме жазылғаны осы да" деп әйтеуір өмірге итере салатын болыппыз. Ал сіздің алдыңызда ата-ана мен сүйген жаныңыз тұрса, қайсысын таңдар едіңіз? Махаббат ата-ананың ақ батасын құрбан етуге тұра ма?[/i:2svu06p9][/size:2svu06p9][/color:2svu06p9]

Қандай жағдайда болмасын, адам баласы сүйгенінен бұрын, ата-анасын таңдайды екен. Менде бұрын сүйген адамымды таңдаймын деуші едім. Мүлде олай емес екен... Сүйген адамыңмен түндермен жылай отырып, қоштасып... кейін бірнеше жылдардан соң ұмытасың... Себебі, ата-ана мәңгілік, ол таңдауың дұрыс болсын, болмасын...
қанша жігітті жақсы көрсеңде,ата- ананды әрдайым тыңдай білу керек, себебі олар көпті көрген жандар, кейін ақылын тыңдап көңіл бөлгенімізге ризашылық білдіріп жатамыз. :)
Ата анамен сүйген жар арасында таңдау туғызатын жағдай емес.
Оның пайда болатын себебін өзімізден іздеп көрейік;
1. Сіз оның ата анасын сыйламағандықтан.
2. Сіз ата ана деп оған мүлдем көңіл бөлмегендіктен.
3. Жан ұядағы келеңсіз жағдайларды ата анаға жеткізіп отырғандықтан.
Кейде ата-ананыңда теріс жақтары баласының өмірін қиындатып жіберетіні бар. Мысалы ; баласы "бір қызды аламын" деп таңдаған кезде ата-анасы, бауырлары қарсы болады. Себебі " қыз ажырасқан, жары қайтыс болған, оқымаған, басқа облыстыкы" т,б осындай сылтаулармен екі жастың қосылуын қиындатып қояды. Осындай жағыдайда ер балдар бірінші сүйгенін таңдайдыда уақыт өте "ата-анаммен табысамын" деген үміт болады. Ал бірге тұрып жатып жанжалдың кесірінен әйелдің артынан еріп кететіндерді түсіну қиын, түсінбей-ақ қойған дұрыс.
өзіңіз де бір күні ата-ананың біріне айналасыз. Үлкен ренжітпеуге тырысыңыз, бірақ тағдырыңыз өз қолыңыздан. Қандай шешім шығарсаңыз да, ешкім де сізді сол үшін сөкпейді. өмірдің өзі таңдаудан тұрады...
Мика, сіздің айтқаынңыз көбінесе телехикаяларда ғана болатын сияқты... Бірақ өз басым ситуацияға байланысты ғана айта аламын...