ДОСТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

:?: :?:

Достық - таңдау, талғам, талқыға түспеу керек. Адал, арам, жан, жансыз дос деген категорияларға бөліп қоятын сіздің өміріңіз "мой мир@мэйл.ру" емес қой. Біздің пікір сізге жұғым да болмайды, сіздің жүрегіңіз ғой ДОС болатын. (адал болуы керек, ақ, қара болуы керек, ашық болсын, анандай таңда, мынандай таңда деп жататын ақылдар миға қонбайтын нәрсе)...
Дос алдымен адал болу керек
Кімнің қандай дос екенін уақыт қана көрсетеді.
Досты сен мен, ол сені табуы керек. Өзің жақсы болсаң, өздері-ақ саған қарай тартылады.
_
братан, дос деген аз ғой нағыз дос деген
бұл омірде шынайы достық жоқтың қасы.бәрі сенің қалтаңа қарайды.әйтеубір досың болғаны абзал.менің де жан досым бар.сырымды айтамын,бірге жүремін.әрине оғанда қатты сеніп кетпеймін.менімше ең жақын досың анаң немесе әпкең ағаң.бір қаннан жаратылғаннан кейін оның саған бір бүйрегі бұрылып тұрады.
мен достарыма қандаймын, олар да маған сондай, сол себепті мынадай сөздерді айтуға менде еш себеп жоқ:
бұл омірде шынайы достық жоқтың қасы.бәрі сенің қалтаңа қарайды
Түу тегі дүниеге қара бұлт төндіріп.... "нағыз дос жоқ! бәрі қалтаңа қарайды" деп шорт кесіп тастайтындай пряяям өмір сүріп тастаған жоқпын. Жақын деп санайтын достарым бар, бәрі жақсы! Өзіңе байланысты емес пе? Егер қалтаның қалыңдығына қарайды десең, онда өзің де сондай болғаның! :? Біреуге күмәнмен қарамас бұрын, адам өзін біліп алу керек қой. Өзің жақсы болсаң, достан кенде болмайсың ;)