Жек көремін!

[color=#0000FF:n99ye76g]Жалпы жек көретін нәрселерім жоқ деп айтқым келеді. Бірақ, өмір болғасын ақ пен қара араласпаса болмайды. Сонымен менің жек көретіндерім: Жазмыштың жазғанына қарсы тұра алмайтын адам болмысы; Тәкаппарлық; . Топастық, таяздық; Баянсыз махаббат...т.б. Ал сен нені жек көресің? [/color:n99ye76g]

"Фараби Арыстанбеков" мен өзімді жек көрем...өзім өзгенің бәрін жақсы көрем...
өзіңді не үшін жек көресің? :roll:
Автобусқа 80 тенге болғанын жек көремін
Автобусқа 80 тенге болғанын жек көремін

ой, мен де. Бүгін қимай-қимай әрең қосып бердім 50 теңгеме бақандай 30теңге)(((
енді жүз теңге демесін... қасқаа ))
Ой дәл түстіңіз менін ...қосатыным:кинотеатрда тамақ,поп-корн жеп отыратындарды жек көру емес ұнатпау шыгар унатпаймын,кондукторлардың өте таяздығы жеккөрініштіти 50тг. үшін проезднойы бар пенсиянерлерді жеп коя жаздайтыны,1 созбен толықтай мәдениетсіздігі ұнамайды.Оған қоса қазақтардың жалқаулығын және бітпейтін бөлінүшіліктерін жек көремін.Адамзаттың мейiрiмiсiздігі,қыз-жігіттің арсыздығы,ұятсыздығы,намыссыз болып бара жатқандығы ұнатпаимын...

Попкорның жазығы не? Қалған атап кеткен "тармақтарға" әбден қосыламын

Попкорынның жазағы жок, бірақ дұрыстап шашпай-төкпей жесе жаксы ғой. Кино соңында қарасан кейібірінің отырған жері попкорыннан көрінбейді. Ол да бір азық, бір тілім нанның зорға тауып жүрген адамдар үшін. Қазақта обал, ысырап деген сөз бар. Бірақ оны обалсынып жатқан адамды көрмейсің аяқтарымен таптап жүре береді...

Қазіргі ұлдардың бірін-бірі бетінен сүйіп амандасатыны ұнамайды,
маған да бұл тірлік ерсі көрінеді жігіт жігітті сүю деген не бәле өзі?

Мен де сыныптастарыма бұл сөзді 100 рет айтқан шығармын, тіпті намыстарына да тидім (қызтекесіңдер ме деп), былқ етпейді, қайта өзіңе жауап қайтарып сендер де сөйтіп амандасасыңдар дейді. :evil:

Ер балалар д беттерінен сүйіп амандасады?? Шын айтайын бірінші рет естіп тұрмын. ОНдайды көрмеппін. :o

алматыға келсең неше түрліні көресің :)
бір-бірінің беттерінен сүйіп амандасатын ер балаларды өзім көрмеппін, білмеймін :roll:
Келе жатып, тыныш тұрған ағаштың жапырағын жұдырықпен салып қоятын жігіттерді түсінбеймін
Менің ең ұнатпайтыным көкірек адамдарды. Жек көрем деп айта алмаймын, себебі бәріміз де періште емес пендеміз...
Менің ең ұнатпайтыным көкірек адамдарды. Жек көрем деп айта алмаймын, себебі бәріміз де періште емес пендеміз...

Періште көкте ғана дейсіз ғой. Мен де көкіректерді жақтырмаймын. Ол жандардың алысқа бармайтынына көзім жеткен