Махаббат адамға бір-ақ рет беріле ме?

Кеше курстас бір жігітпен келе жатқанбыз, күткен автобусымызға үлгере алмай қалдық, сонда ол: "Өтіп кеткен екі нәрсеге өкінудің, қажеті жоқ, біріншісі - махаббат, екіншісі - автобус, екеуі де қайтып айналып келеді". Сол сәттен бері терең ойға баттым. Автобус жарайды, ал махаббат қайта айналып келе ме? Сіздер қалай ойлайсыздар жалпы осы нағыз махаббат өмірде бір-ақ рет беріле ме, әлде ол да автобус сияқты қайта айналып келе ме?

бір жерден окығаным бар: "бір ғұмыр үшін бір ғана сүйіспеншілік тым аздық етеді" деп...бірақ өзіңді бір адамға ғана арнағанға не жетсін!!!
бір жерден окығаным бар: "бір ғұмыр үшін бір ғана сүйіспеншілік тым аздық етеді" деп...бірақ өзіңді бір адамға ғана арнағанға не жетсін!!!

шынымен, бір ғана адамның сүйіспеншілігі үшін ғой бәрі !
келеді махаббат
білмеймін, бұрынғыдай, алғашқысындай болмайды дейді бір адам, соған қосылам-ау. Өшіп жанып, ессіз махаббат бір рет қана болатын шығар.
Қойш, сол махаббатты))))))))
махаббатсыз өмір бос, сүймейтінмен көңіл қос...
Мен де бар бір махаббат
мылқау бірақ...
махаббат қайдан болсын, егер азаннан-кешке дейін үйде отырсаң. Ол дед мороз емес қой :lol: :lol: :lol:
махаббет келеді,бірақ алғашқыдай болмайды :(
менің ойымша, махаббат қайтадан келеді. Алғашқы махаббат жүрегіңде "алғашқы" болып қалады.Одан жіберген қателіктерінен сабақ алып, өмірлік махаббатына дайындалатын сияқтысын....