Сіз күтуге даярсыз ба? Ең көп дегенде қанша уақыт?

Адам өмірде көптеген жағдаймен кездеседі. Өзге жанды жанды күтіп, тосу хақында әңгіме болмақ... Мысалы, кейде бір кездесуге шақырған досыңды күтсең, бірде жылдар бойы өз сүйіктіңді келіп қалар, әлі ақ арамыз дұрысталып кетер дейсің... Ал сіздер ше? Қанша уақыт күтуге даярсыз? Қанша уақытқа төзіміңіз жетеді?

Күту дейсіз бе? Менің Оны күткеніме 2120 күндей болды. Бұдан әріге енді төзімім жете ме, білмеймін.....
Күту! Жо-жоқ! Мен үшін емес, бәлкім кемшілігімнің бірі де осы шығар. Мен күте білмейді екем. Бірақ өзім үнемі, үнемі, үнемі барар жеріме кешігемін де жүремін, бір шүкіршілік ететінім жұмысыма кешікпеймін!
5 жылдан артық уақыт күттіңіз бе?! Сізге ақыл айтайын деген ойым жоқ, бірақ, егер бүл "күтуіңіз" махаббатқа байланысты болса, одан әрі күтудің қажеті жоқ, алтын уақытыңызды күтумен құр босқа өткізіп алмаңыз. Ал егер басқалай нәрсе болса онда ештеңе айта алмаймын. Бәлкім, бір жұмыс орны, бәлкім бір ....... ? Жеке өзім бір адамды 2 жылдан аса уақыт күттім. КЕЛМЕДІ! Енді оны күтудің мәнісі жоқ екенін түсіндім. Ұмытылмайды емес, ұмытылады ол адам, ол адамның орнын басқа адам басады. Бірақ... Бірақ жүрегіңізде ерекше боп қалары анық!

иә... мына жазбадан білерсіз... http://massaget.kz/blog/3690
Өмірдің заңы сондай, ұзаққа айырылыссаңыз, араларыңыз суып кетеді.
мен күттім күттім, бірақ бәрібір келмеді мағам...
Бауырым, саған "Жаздың 500 күні" деген фильмді көруге кеңес беремін ;)
мен жек коремін күткенді! бірак кутуге тұрарлықтай адам болса ол мен омірімнін сонына дейін кутуге дайынмын!
Бауырым, саған "Жаздың 500 күні" деген фильмді көруге кеңес беремін ;)

Керемет фильм)
Алдын ала хабарласып ескертпеген болса, көп күтпеймін!Әдетте, өзім кешігіп жүрем