Көңілсіздік...

Кейде біреуге ренжиміз, бір нәрсе жанымызды жабырқатады, немесе жалғыздық, өкіну... Сондай сәттерде бәрінен арылу үшін немен айналысасыз. Мысалы мен, далаға шығып ұзақ уақыт ойланамын, көңілсіз музыка тыңдаймын, күнделік жазамын ... Ал сіз не істейсіз???

Автобустың терезесінен қарап отырам, ойланып... қазір автобусқа мінгім келіп отыр...
Құдайға шүкір Қайрат Нұртас деген әншіміз бар,көніл күйім болмаған жағдайда соны тыңдасам бір жаным жай тапқандай болады ,оған да мың да бір шүкір
Көңілсіз сәттерді жақсы көремін. Бір жұмысымды бітіріп тастаймын
көңілсіз сәттерімде ешкіммен сөйлеспеймін, өзіммен өзім жүремін. Күнделік жазамын және қолым талғанша Менде барі жақсы болады деген сөз тіркестерін қайталап жазамын. Қатты қамыққанда жылап алатын кездерімде болады : :)