Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртасты көбіне ешкім ұнатпайтыны белгілі. Дегенмен өнеріне ешкім мін таға алмайтын секілді. Жалпы Қайраттың қандай әнін ұнатасыз, немесе клипін. Жақында концерт беріпті, көрермендер өте көп болыпты. Яғни әнін тыңдайтындар көп. Мысалы маған соңғы әндері Телефон, Бара алмадым, Өкініш, Ол сен емес, т.с.с. Ал Сізге???

Мына бір әзілкештің "дұрыс айтасыз" деп айтқаны біртүрлі екен. Бәрін тайдырып жіберді ғой
негізі Қайраттың танымалдығы өзін өте көөөөөөөөөп "жасырын" жарнамалағаны. мысалға, телефонга гудок орнынан казкша ауен кояйын деп тындап карасан усынылган ауендердын 10-ынын 9-ы кайраттыкы. ол жане менынше "пираттермен" де куреспейды))) кобейте берсын, тарата берсын андерын))) тегын жарнама)) кез келген киоск кез келген базарда аялдама кайратты андеры)) мыне танымалдыгынын секреты тек осы гана)))

Білесіз бе, осыдан 2-3 жыл бұрын Активтің Симфония қызметінде қазақша әндер мүлде тұрмайтын. 2010да ше?
Қазір тыңдасаң ылғи сол Қайрат Нұртастың айтатын әндері екен. Соған таңқалдым.
Қайраттың өзі қандай екенін білмедім,бірақ өлеңдерін құлығыңмен емес жүрегіңмен тыңдайсың!!!
Қайрат Нұртас маған ұнамайды.Фонаттары ренжімесін Қайрат шындығын айтқанда "көз алдау" әнші. Фонаграмманы қосып қойып, жалған күліп халыққа шығыды ғой. :D

Қайдағы фонограмма қазір оның өзінің консерттері көбейіп кеттіғой соның барін жанды дауыспен айтып жүрғой оған күмәнің болмасын! осы ҚАЗАҚТАРДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ЕҢ ЖАМАН ҚАСИЕТ-КӨРЕАЛМАУШЫҚ осы қасиетті қашан кояды екенсіңдер

:D ха ха Басқасы болсада, Қайратты көреалмадың дегенге келіспеймін, Қайрат қайда, мен қайда? :mrgreen: Қайраттың фонаграммамен айтатыны өтірік емес қой.
Көреламаушылық қасиет тек Қазақта ғана бар екен басқа халықта жоқ деп өз ұлтыңды солай етіп көрсеткіңіз келеме сонда Абай Камал? Көреалмаушылық қасиет барлық халықтың арасында ниеті тар адамдарда бар, олар заманмен бірге жүре береді. Көрші Өзбекстан елінде талай жұлдыздар көреалмаушылықтың құрбаны болып жатыр. Мысалы Шахзода деген әншіні парновидеоға түсіріп соткаларға таратып жіберді, видеодағы кім біледі кім екен әйтеуір сол әншіге айнымайды екен, Севинч деген әншініде дәл солай соткаларға таратып жіберді, одан кейін Супер Келін фильміндегі Келін рольін ойнаған суйкімді актрисаныда Режиссермен төсектес етіп көрсетіп интернетке жария еткен, осындай жағыдай Ресейде де көп. Алла Пугачева София Ротарудың атақ абыройын халық алдында өзінен абыройлы болғаны үшін, Нағыз Әйел болып жүргені үшін көре алмайды және қудалаған талай Ресейден, Владислав Листевте көреалмаушылықтың құрбаны. Бұл 2 ғана мысалы Ресейдегі. Айта берсе барлық елде бар , Қазақ іші тар халық деген түсініктен арылған жөн.
Кейде шынымен ойлап қоям қазаққа да Қайрат сияқты адм керек шығар деп :) Кино түсірсе түсірсін, журнал шығара берсін, мп3 концерттер берсін...біздің неміз кетіп барады? Білгенін істесін, бастысы сүйіп тыңдайтын тыңдармандары бар оның ;)
маған Алматы түні деген әні ұнайды
Бірнеше күн болды қайтарда бір автобуспен келіп жүрмін және ылғи бір ән қойып қояды бар дауысқа салып: Юра Шатунов орындайтын «Седая ночь» әнінің қазақша нұсқасы, былай, тыңдасам, Қайратқа келетін сияқты, шынымен Қайрат айтып жүр ме сонда?! )))
Ел аузында Қайрат Нұртас. Әр аттап басқан қадамы пиарға ұласып жатыр. :)
Расымен де бұл оқиға оған аса жаман әсерін тигізді деп ойламаймын. Керсінше, танымалдылыққа жетелей түскендей болды ғой! 20-30 жылдан кейінгілерге Қайрат осышалықты атақты болған деп айтып отыратын шығармыз. Ал әндері эстрададан гөрі тойға жақындығына қарамастан кез келген жастағы жанкүйерлері бар. Жанкүйерлерінің кешегі әрекетін оған "табынушылықпен" түсіндіруге болатын шығар...