"оң қолың бергенін сол қолың білмесін" деп жатады ғой, яғни, тек бір Алланың разылығы үшін жасасаңыз - бастысы сол. Ал, біреудің жасағанын айту - ол да сауапты іс меніңше. Біріншіден, адамның мерейі өседі, қазақ айтады ғой "жақсылығын айт - нұры тасысын" деп. Екіншіден, "Алла разы болсын" деген алғыс алады. Үшіншіден, өзгелерге үлгі болады.
Қайырымдылық деген негізі жақсы дүние. Бірақ, оны кейбіреулер пиарға, бизнеске, саудаға айналдырғанын аңғарып келемін. Бұл, менің ойымша, дұрыс емес. Қайырымдылық жасадың ба, болды, бітті, ол туралы, сүйінші сұрап, сөз қозғама. Тек өзгелерді қайырымдылық жасауға шақыр.
Көп қой ондай ақжүректі жандар. Олардың амандығын тілейік