Өзіңіз жасаған ең романтикалық іс әрекетіңіз

Өзімді супер романтик санасамда, романтикалық іс-әрекет жасап көрмеппін. Бірақ, жақында бір кісінің туған күніне тосын сыйға осындай бір идея керек боп тұр, не ұсына алар едіңіз? :roll:

Романтика деген жақсы ғой )))

Жақсы ғой жақсы :lol:
Өзімді романтик деп айта алмаймын, бірақ адамның романтикалық әрекеті белгілі адамға, жағдайға және көңіл күйге байланысты сияқты. Маған жақын адамым мынадай сыйлық жасады: ол кезде универде оқитынмын, сабақ кешке бітті, қыс кезі. Қайтайын деп корридорға шықсақ менің атым және тегім жазылған қағаздардан нұсқауыштар жасалыпты, қызық көріп қасымда болғандардың бәрі артымнан ерді. 1 қабатта нұсқау қағаздары бітті, 11ер бала 11 раушан букеттерін беріп, әр айдың атын атап маған ұсынды, ең соңынан менің сол кездегі жүріп жүрген адамын 12-букетті ұсынып, бір жылдық кішкентай датамызбен құттықтап, сезімін жеткізіп, ары қарай достарымен дайындаған кешке алып кетті. Ал мен болсам ол датаны ұмытып та қалыптым, мұндай романтикалық нәрсе күтпегем, бірақ сол кез өте ұнады. жақсы естеліктердің бірі болып есімде қалды.

Алып қашуға жақсы идея екен!!! :idea: