Өзіңіз жасаған ең романтикалық іс әрекетіңіз

Өзімді супер романтик санасамда, романтикалық іс-әрекет жасап көрмеппін. Бірақ, жақында бір кісінің туған күніне тосын сыйға осындай бір идея керек боп тұр, не ұсына алар едіңіз? :roll:

Туған күні екенін "ұмытып кетіп", тіпті болмашы нәрсеге бола "ұрысып қалып", "айтқанын қылмай, тілегін орындамай" біраз алаңдатып барып, кенеттен "ТУҒАН КҮНІҢМЕН" десе - бұл да романтика ғой, иә?

иа, бірақ қыздар мұндай романтиканың онша қабылдай алмайды деп ойлаймын
Иә, ол бар
Бір досым қызына үйленуге ұсыныс жасау үшін үлкен кардонға свечкаларды жабыстырып жүрек жасапты да ортасына гүл қойып сүйем сені деген шар қыстырып есігінің алдына тастап кетіпті
бұл сұраққа ұлдар жауап берсе, игі болар еді :roll:
Жақында осы массагеттің екі қолданушысының туған күнінде екі романтикалық іс әрекеттің куәсі болдық қой бәріміз. Бірі, Айжан Табын ханымның жігіті алыс мемлекетте оқып жатса сүйіктісіне гүл жіберіпті, екіншісі Айкона Н-нің жігіті де қазақстанның бір алыс қаласынан тікелей гүл салып жіберіпті. "Қыздар үшін гүлден артық сыйлық жоқ" деген сөз рас па деп қаласың. Бастысы, не сыйлағаныңда емес, қалай сыйлағаныңда екен!
бир идея - шоколадты алып сал еритип суйиктиниздин атын жазыныз да тоназыткышта катырыныз, сосын кагазын кайтадан жауып, оган сыйланыз :) . менин жумыстас кызыма жигити туган кунинде улкен машинамен келип оны жумыстын алдына куни бойына койды, машинанын сырты туган кунинмен жаным деп кыздын фотосымен адемиленген... романтика дер едим шыныменде
бир идея - шоколадты алып сал еритип суйиктиниздин атын жазыныз да тоназыткышта катырыныз, сосын кагазын кайтадан жауып, оган сыйланыз :) . менин жумыстас кызыма жигити туган кунинде улкен машинамен келип оны жумыстын алдына куни бойына койды, машинанын сырты туган кунинмен жаным деп кыздын фотосымен адемиленген... романтика дер едим шыныменде

Уау керемет қо мынау
Романтикама білмеймін, былайда жасап көріңіз, тосын сый жасағыңыз келген адамның бір күнің суретке түсіріңіз. Сол суреттерді әдемілеп, монтаж немесе видео жасап жіберіңіз, мүмкін оған қызық боп қалар.
мен романтиканы ұната қоймаймын,,,,романтикалық кеш ұйымдастырып біреу жасаса кірерге тесік таппай ұяламын...неге екенін өзімде блмейм...бірақ мен өзімнің жақын құрбымның туған кұнінде үйіне таң атпастан барып,тез шық деп звондап,трубканы қоя салдым,ол не болды деп алып ұшып келгенде,,,мен бір құшақ гүл мен шарды,тортты ұстап тұрдым ...оның қуанышында шек жоқ...ол былтыр ал биыл қандайын жасайм ойлану керек :roll:
ахахах, романтиктер жиналып капты го мұнда :lol: