Сіздің ұғымыңыздағы "сұлулық"...

Тоғызыншы қыркүйек...Бүгін сұлулық күні екен! Бар әлемді өзіне табындырған сұлулық хақында ой бөлісейік. Сіз үшін сұлулық деген не нәрсе? Сұлу болу үшін қандай қасиеттер керек? Жалпы "Сұлулық бетте емес, жүректе" деген сөзбен келісесіз бе?

Мен бұл айтылған сөзбен келісемін. Жүзің сұлу болып жан дүниең мүлде лас дүниелерге бай болса, ойың теріс болса, беттегі сұлулықты не істемексіз? Жаны сұлу адам өзінің көркіне сай қылық көрсетіп, жүрген ортасын құрметтеп, ойы мұнтаздай таза болып, істеген әр тірлігі ақылға сай мейрімге мол болса сол адамды сұлу деп атау құба-құп деп есептеймін.Ал табиғаттың берген сұлулығын лас тірлікпен ластамай адал жолмен жүрейік!
жоқ алдымен сыртқы келбет сұлу болу керек деп есептеймін
Осыдан аз уақыт бұрын Айжаннын пікірін бір ортада айтқаным бар еді, сонда көпшілік: дәл осындай пікірді өзінің келбетіне сенбейтін, сұлу емес адамдар ғана айтады деген. Содан бері әлі ойланып жүрмін, кімдікі бұрыс, кімдікі дұрыс?
Жан сұлулығы бірінші орында. Аузы түзу, көзі тартымды болғанменен ол адамның ішкі сыры тұнған құпия, адамгершіліг ақсап қалған. Ал сыртқы келбеті керемет әдемі болмаса да, жаны таза, рухы мықты адам болуы мүмкін. Сондықтан да, жан сұлулығы мен үшін аса маңызды
Жан сұлулығын жасай алмайсың, қалыптастырасың. Ал бет сұлуылығына салондар көмек ете алады :roll:
Жан сұлулығын жасай алмайсың, қалыптастырасың. Ал бет сұлуылығына салондар көмек ете алады :roll:

Олай деп айта алмас едім. Сұлулық салоны жасап бергенмен ол мәңгі емес. Бір күні түседі де қалады
Әдемі болмасаңдар Пластикалық хирургия жасатыңдар! Сол кезде Әдемі, көрікті боласыңдар! Шын мәнінде ҚЫЗДАР ақылды болса болды, сол қыз түрсіз-ақ ТАРТЫМДЫ дер едім! :mrgreen:
Адамның сыртқы келбеті де,ішкі жан дүниесіде сұлу болу керек!
Сұлу жігітті немесе қызды көремін де тамсанамын, алайда араласып жүрген соң мінезі ойымды түбегейлі өзгертіп жіберетін сәттері болады... сол кезде адам сұлу емес, оның мінезі көркем болатынына көзім жетеді