Мектептегі қай пән сіз үшін маңыздырақ?

Мектептегі қай пән сіз үшін маңыздырақ?

Негізі ең кереметі сол дене шынықтыру, зато денің сау болады.
ал менің кішкентай кезімнен сүйікті пәнім Әдебиет. неге екенін білмейім қатты ұнайды 7,8-сыныптарда физикадан жақсы болдым. Артынан білмейім неге екенін онша қатты ұнамай кетті. Себебі 9 класстан бастап журналист болам деп жүрдім ғой. Бірақ айналамдағылардың ықпалымен физика таңдап жатырмын. Білгіштер айтып жатыр ғой физика таңдасан өлмейсің деп))))))))))) Қазір 11 класс... ҰБТ-дан жаман қорқып жүрмін)))))))) (аздап қуып кетсем кешірім сұраймын) :| :|
Географияны қатты жақсы көргем, әсіресе картадан ендік, бойлықтарды тапқан күшті. Әдебиет пен ағылшынды да сүйіп оқыдым. Ал биологияға жаман жыным келетін еді, түсініксіз, әрі қызық емес болатын мен үшін.
Қазір 9-сынып оқимын.Өз ойымша қазақ тілі мен алгебра.Бұл екі пән басқа пәндерге қарағанда маңыздырық.Ааааааааааааа..... сосын тарих бар екен ғой))))
Бәрі маңызды. Мектепте сызу ұнатпайтынмын. Қазір, күнде сызу кездеседі алдымнан амал жоқ өкініп жүріп үйреніп жүрмін
мен үшін тарих болған. Бәрі сол тарихтан басталады екен. Негізінен, мектепте бүкіл пәннің маңыздылығы бар ғой. Тек, анау, еңбек сабағы деген пәннің дымға керегі жоқ
Қазір ойлап қарасам, математика ең маңыздысы болыпты ғой және оны бізге оңайлатып түсіндіре алмаған мұғалімдер кінәлі сияқты. "Мастер обучения" сериалын қарап отырып, математика шындығында оңай екен ғой деген тұжырымға келдім. Кейін балаларымды осы әдіспен үйрететін боламын. Құдай қаласа!
Дене тәрбиесі
Қазір математика маңызды, себебі қандай мамандық иесі болсаңызда, матемтиканы білу керек, сосын кез келген жерге емтихан тапсырғанда математика болады. МАтематикадан қаша алмайсыз!
Al magan Geographia pani katty unaityn!Janede Beineleu oneri !osy eki sabaktan talai jarystarga katyskam! Geographianyn fizikalyk kartasyn jattap alatynbyz! Sosyn buryn Atajurt degen bagdarlama bolyp edigoi. sogan eliktep synyp iwinde jarysatynbyz!!!