Мен өзім таңдағанмын, ата-анам еш кеңес бермеді. Сенің шешімін деген. Сол дұрыс деп ойлаймын. Өз мамандығыма оқып шыққаныма өкінбеймін.
09.07.2012, 13:53:14
Маған үйдегілер дәрігер боласың деп талап қойған. Мен амал жоқ келістім. Кейін ынтамның жоқтығын білген мамам: "Өмір сүретін, оқитын сен,өзің қалағаныңды таңда",-деді.
Маған үйдегілер дәрігер боласың деп талап қойған. Мен амал жоқ келістім. Кейін ынтамның жоқтығын білген мамам: "Өмір сүретін, оқитын сен,өзің қалағаныңды таңда",-деді.
мамандық таңдау демекші, бүгін мамандықтарын таңдап енді соны оқуға келген балмұздақтарды көрдім. Обшага алуға кеп тұр. Қарап-қарап бір-екеуін заметкаға алып, осылармен танысады екенбіз ғой деп қойдым ішімнен.
Өмір қайта айналып келсе "ләм" деместен ата-анам нұсқаған жаққа кете берер едім, "өзімнің шешімім дұрыс" деп жүріп, мамандық таңдауда оңбай қателескен адаммын мен... Ал сол қызыл дипломым қазір менің аквариумым сияқты: өкінейін десем - суда жүзген балықтаймын, өкінбейін десем - тар, тынысым тарылып кетті...
ииааа Ғазиза, Ленин бырат бекерге айтпаған. Шынында да көп кітаптарды оқу нәтижесінде адамға түрлі ойлар келеді екен. Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың "жан жүйесі және өнер таңдау" атты еңбегіненде совет алуға болады. Мамандық таңдаудан қателеспеу керек, кейін өкінішке қалмас үшін. Өйткені жастық шақ қайта айналып келмейді...
мен де дәрігер бола жаздағам
сіз қателеспесеңіз екен!,,