Тосын сыйлар

Туған күндер немесе мерекелер бола қалғанда жанымызға жақын адамдарға ерекше сый жасап, қуантқымыз келіп жатады. Сондай сыйлықтардың бірі -тосын сыйлар(сюрприз). Бүгінге дейін сізге қандай ерекше тосын сыйлар жасалды немесе сіз өзгелерге қандай тосын сый жасап көрдіңіз? Бөлісе отырыңыздар!

массагеттің қыздарының жағдайы жаман емес)))

:)
Ал бүгін бір торт алдық))))
Айта берсең көп қой. Көрші апайдың туған күні болған. Дәл сол күні таңертең ол Семейден келу керек болатын. Семейге кетпес бұрын бізге үйінің кілтін табыстап кеткен. Содан туған күннің алдында әпкемлеріммен бірге үлкен плакатқа игі тілектер жазып, оны әдемілеп безендірдік. Сосын оны залға іліп қойдық. Үлкен гүл алып, тағы бір сый алғанбыз оңан дәу лента жабыстырып, үстел үстіне қойдық. Залды шарлармен безендірдік. Сосын өзі үйімізге кеттік. Таңертең Айнуа (Айнұр ғой, мен Айнуа деймін) тәтем хабарласып тұр. "Қыздар, қатырыпсыңдар! Тосыннан болды" деп мәз мейрам болды. Қызы болса: "Біз басында, тіпті аса мән бермедік, кейін байқап қалдық" деп жатты.


Көрші апайларыңызды қатты жақсы көретін болдыңыздар ғой...

Иә, ол кісі біз бір-бірімізге туғанымыздай болып кеттік. "Бесіктес ағайыннан, есіктес көршің артық" деген осы
(Бірде үйде отырмыз, мен ол кезде 8 сыныптамын, ағам универде мұғалім, сіңлім төртінші сыныпта, інім ваще біріншіде, содан мен су төгіп алдым, кесеге тым көп құйып, ішіне еще қант салып, қысқасы тупить етіп отырғам, ағам, ФИЗИКА оқымағансың ба деп әзілдеп ұрысып жатыр, екі кішкентай тыңдап отыр. Сосын інім де шәйін төгіп алды, сіңлім "ФИЗИКА оқымаған ғой" деп қараааап отыр))))))))))

:lol: :lol: өлдім ғоой :D
:
(Бірде үйде отырмыз, мен ол кезде 8 сыныптамын, ағам универде мұғалім, сіңлім төртінші сыныпта, інім ваще біріншіде, содан мен су төгіп алдым, кесеге тым көп құйып, ішіне еще қант салып, қысқасы тупить етіп отырғам, ағам, ФИЗИКА оқымағансың ба деп әзілдеп ұрысып жатыр, екі кішкентай тыңдап отыр. Сосын інім де шәйін төгіп алды, сіңлім "ФИЗИКА оқымаған ғой" деп қараааап отыр))))))))))

:lol: :lol: өлдім ғоой :D


:lol: :lol: :lol: Бала тілі - бал
Өзім тосын сый жасағанды жақсы көремін. Қағаздан смайлик жасап, досымның бір көңілсіз отырған кезінде смайликті білдіртпей алдым да, бетіме тақадым. Ол маған қарады да, түсінбей қалды. Сосын әйтеуір күліп жіберді )))
Сыныптастарым туған күніме өздері кішігірім отырыс жасап берген...Бір қызығы мен оны біліп қойдым...Түңгі 12 де сыныптасым хабарласып, ертеңге караоке жалдадық, осындай-осындай болады, артынша осылай тосын сый жасаймыз...деп бәрін жайып салған соң, "Ой, е" саған хабарласып қойыппын ғой деп трубканы тастай салған....Ертесінде қолдарында попуғай бар, енді осыны ұшырып жіберсең, көресің деп үйіме келген.... :lol:
:ugeek: Достарың көп болған қандай жақсы