Автобус жүргізушілері

Автобуспен жүрмегелі көп болды. Меніңше, автобус жүргізушілерін жұмысқа алмас бұрын психологиялық тапсырмалар беріп, олардың денсаулығын, біліктілігін тексеру керек. Менің әкем жас кезінде ( ол кезде кеңес заманы) автобус айдаған. Оның айтуы бойынша, оларды жұмысқа алмас бұрын, олар қиын тапсырмалар орындаған, бірқатар сынақтардан өткен. Сондай-ақ, олар белгілі бір форма киген, рейске отырмас бұрын медициналық тексеруден өткен. Қозғалыс басталғанда өзін таныстырған, жолаушылармен сәлемдескен. Міне, нағыз автобус жүргізушісі! Меніңше, бізге осындай талаптар ауадай қажет.

Автобус жургізушілерін планга емес зарплатка отыргызу керек! Сол кезде бундай келенсіздіктердін барі жогалады! 90 пайызга!
Автобус жүргізушілерін жұмысқа алар алдында, оларға қойылатын талаптар жайлы білгім кеп отыр. Бар ма ондай талаптар? Автобусты лық толтырып тастап, Шумахер секілді жүйткіп келеді, жол жүру ережелерін бұзып отырып. Оған қоса, темекіні бұрқыратып шегетіндері де бар.Қашанға шейін жүреміз автобустарда бұқтырылған майшабақ құсап? Алып-қосарыңыз болса, ортаға ойыңызды салсаңыз. Бұл проблеманы бірге шешейік.


Басқа жақтарды қайдам, біздің қалада жүргізушілер автобусты қатты айдамайды. Жүргізушілердің бәрі ақ көйлек киіп, галстук тағып отырады. Түсетін аялдамаң туралы сұрасаң, жақсылап түсіндіріп береді. Айтпақшы, бізде ешқандай автобустарда "контролер" деген атымен жоқ. Жол ақысын жүргізушіге береміз де, алдыңғы есіктен шығамыз.
Автобус жүргізушілері деймісіз??? Ой мен қазір ухелеп қалай жазарымды білмей отырмын, әрине автобус жүргізушілері адал, мейірімді, жақсы адамдар болуы өте орынды. Бірақ өкінішке орай ондай автобус жүргізушілерді табу қиынның қиынысы 5пайызға бағалап айта аламын, әрине мен өзім экономика саласында қызмет атқарамын, сондықтан есептеп 5 пайызға шығардым. Дегенменде, осындай автобус жүргізушісі болу (жоғары да айтқанымдай) адамның өз сана-сезімінде ғой, солай емеспе достар....???
Иә, әдепті, жоғары білімді, мәдениетті адам автобус айдауға бара қоймас. Ол сәйкесінше жеңілдеу жұмыс іздейді ғой.
79 маршруттың бір жүргізушісі сондай мәдениетті көрінді. Жолаушылармен қалжыңдасып, көңіл-күйімізді көтеріп отырды. Микрафонымен аялдама аттарын хабарлағанда тек қазақ тілінде хабарлап отырды.Сүйсініп кеттім :)
Алматыда екі этажды автобустар жүре ме?
Алматыда екі этажды автобустар жүре ме?

Арайлым, негізі жүрмейді. Тек бір этажды :)
кондукторлар қарапайым автобустарға адамдартды тыққыштап, екі этажды етіп болды ғой



:lol:
Алматыда екі этажды автобустар жүре ме?

Арайлым, негізі жүрмейді. Тек бір этажды :)



Қостанайда екі этажды автобустар болған соң, Алматы секілді үлкен қалада да бар шығар деп ойлағам. Негізі, екі этажды автобустың екінші этажына мінсең, жүргізушісі жоқ автобуспен келе жатқандай болып, бәріне биіктен қарап отырасың.. Және 2 этажды автобустар 18 нөмірлі маршруттарға ғана берілген. 10 шақтысы бар-ау деймін қалада.