Жұмыс? Отбасы?

Қазірде әйелдердің қоғамдағы орны ер кісілерден кем емес. Солармен қатар жұмыс істеп, ақша табамыз. Алайда отбасың болса ше? Отбасылық қарым-қатынасты құрбан етіп, жұмыс істеген дұрыс па? Әлде күйеуіңнің тапқанына риза болып, үйде бәліштер пісіріп отыру керек пе?

Бір жеңгемнің сөзі есіме түсіп отыр: "Ағаң (күйеуін айтады) жұмыстан шаршап келеді, оған тамағын пісіруін пісіремін-ау, алдында зыр жүгіріп жүруге тырысамын. Бірақ, жұмыс істемеген соң, өзіңе қарауды қояды екенсің, әлемде не болып жатқанынан да мақұрым, төрт қабырғада күніңді өткізесің. Кәдімгідей қарайып қаласың. Жастардың тілімен айтқанда, артта қалып, отсталый болып қалады екенсің. Сондықтан тезірек жұмысқа шықсам деп жүрмін"
Егер күйеуімнің тапқан ақшасы отбасымызды толықтай қамтамасыз етуге жетер болса, міндетті түрде өзім сүйген іспен айналысатын едім... Үй шаруасы мен мансап жолын қатар алып жүретін жар болғым келеді :)