Сіздің өміріңізде ұялы телефонның алатын орны қандай?

Ұялы телефон деген ұғымды білмейтіндер қатары бүгінде жоқ болар. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ұялы телефонның құлағында ойнайды. Арамызда "Ұялы телефонсыз қалай өмір сүруге болады" дейтіндер қатары да баршылық. Менің сұрағым келгені:: Сіздің өміріңізде ұялы телефонның алар орны қаншалықты? Ұялы телефон сіздің қандай қажеттіліктеріңізді өтейді? Не үшін пайдаланасыз? Ұялы телефонсыз өмір сүре алмаймын дегендерге айтарыңыз бар ма? Ой бөлісіңіз...

Жек көрем сол телефонды... Тастай салғым келед

неге??? куткен адамыңыз телефон соқпай жатыр ма???

Жоға)) Күніге біреулер телефон шалад, анау-мынау шаруаларды айтад...

al men telefondi Alixan degen jigitime bola ustaimin! sonimen soilesip jagdayin biluge gana. ato onwa kajet emes!!!)))
Міне бақытты жан) телефон емес рация болды десеңізші)
Байланыс үшін қажет қой... Алыстағы ата-анамен, дос-жаранмен. Кейде комп-та интернетім бітіп қалса, агенттке кірем телефонмен
оййййййййй! қазір техниканың заманы болғасын,біреуі болмаса өзіңді кемтар жандай сезінесін. әсіресе ұялы телефонсыз. мен өзім бір емес бірнеше рет жоғалтып алғанымда қатты қиналғанмын. қатты тәуелдімін ұялы телефонға. ол қазір әлгі пәкеттердегі "3 в 1" деген шәй,кофелер секілді "10 в1" (оданда көппе) сияқты құралғой.
Жұмысыма байланысты әзірше телефонсыз болмайын деп тұр, соның өзінде кейде үйде ұмытып кетсем сол күйі телефонсыз жүре берем.
Телефон ауыстырып жатсам, әбден іш-құрылысын зерттеп, ойындарында рекорд қоймайынша қолымнан түспеуі мүмкін, одан кейін жатады әр жерде анда-санда шырылдап. Нөмірімді жиі ауыстырамын, сондықтан көп шырылдай да бермейді. Бір нөмірім барлық таныстарыма жетем дегенше мен тағы ауыстырып жіберетінмін. Бірақ, туыстарым АУЫСТЫРМА дегелі бір жыл болды бір нөмір ұстап жүргелі, әзірше болады екен ұстай тұруға... Сол, телефон аса байлаулымын дей алмаймын, бірақ мүлде сызып та тастай алмаймын, белгілі бір орын алатыны анық өмірімнен, атқарып жатқан міндеттері де көп-ақ. Заманына қарай адамы, бүкіл әлемде бар дүние неге менде де болмасқа....
үлкен орын алады, олсыз ештеме бітіре алмаймын.
Сөндіріп тастаған күні бәрі қоңырау шалғыш болып алады :D
20 минут сайын ойыма кіріп, өзін есіме салып тұратын ғашығым ғой :idea: