Махаббат туралы

Сен мына-жанарымнын ішіндесін
Жанардын білесін гой кішірмесін
Ішіне жанарыннын сакта мені
Біреулер коленкесін тусірмесін


Сен мына тілімдесiн,унімдесін
Білесін гой тілімнін булінбесін
Сен мені уніне кос,тіліне тут
Унім ошіп, ушкір тіл тілінбесін!
Сен мына-менін алып басымдасын
Білесін ешкім де оны басынбасын
Сен мені оз басынмен бiрге корга
Біреулер зулымдыгын асырмасын!

Сен менін миымдасын
Білесін,миым жатка буйырмасын
Миыннын бір жеріне жасыр мені
Киылсын омір солай...Киылгасын!

Ең ұнайтын өлең:

Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға
Мен болмасам, болмайын сол аман ба?
О, Тәңірім неткен жан қайрылмайтын?
Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам
Бір алтын оның әр тал шашы маған
Сағынайын, таусыла сағынайын
Сағыныштан жаралған ғашық адам...
өмірдің ең жақсысы да махаббат ең жаманы да махаббат қой. Махаббат туралы өзім осыны айта аламын
Мына әлемге керек ауа, керек күз.
Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.
Мені біреу сүйсе деп ем, жай ғана,
Мені біреу сүйсе деп ем себепсіз.
Сүйсе деп ем қыңыр, қисық қалпыммен,
Салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.
Сұп-суық деп ойлайды екен оны да,
Тым сезімтал жұбай болар қар кіммен.
Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,
Және көңіл көтерген соң кешқұрым.
Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі,
Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.
Күн егерде не болады күлмесе,
Бәрімізді жан қалмайды Күн десе.
Түнге ғашық адамдарға таңғалма
Түнді неге сүйетінін білмесе.
Кетер едім құс боп ұшып дерексіз,
Кете алмадым жан секілді керексіз.
Мен біреуді сүйсем екен жай ғана,
Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!

Неге бұлай?
Неге жүрміз көңілсіз?
Жаным менің жылап жатыр, тек үнсіз.
Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз,
Кетем бе деп қапаланам өмірсіз.

Жасырамын назым менен өкпемді,
Бүгінімді, болашақты, өткенді.
Не қыламын шуағы жоқ көктемді?
Құрағы жоқ не қыламын көк белді?

Тұрағы жоқ не қыламын арманды,
Арман қуған ақ көңілім алданды.
Ояу жүріп өткізем деп таңдарды,
Артыма тек шұбатылған шаң қалды....

Білмейсің ғой, сезбейсің ғой мені сен,
Ойдағымды енді кіммен бөлісем?

Жүрегің тастан ба алде мұзданба еді
Әлде менен жақын бір жан барма еді
Көңілімді суыттың үнсіз қалып
Мен жұмбаққа айналсам қызғанба енді

Қызғанба енді біреумен билесемде
Шақыра ғой басканы биге сенде
Мен жүрейін жанында жат біреудің
Өлең оқып берейін сүймесемде

Ішімнен ондай ешкім жоқ десемде
Басқа жанды бақытты етпесемде
Қайғыдан қалай аман жүр екен деп
Қайран қалам қасірет шекпесем де

Кетер болсан тезірек ұмыт бәрін
Көз алдыңда түрмасын қылықтарым
Ұмыт бәрін жиямын деп әуре болма
Таңғажайып сәулесін сынықтарын

Кездерді ұмыт бөлмеде сыймай күлген
Кездерді ұмыт ерекше сыйлай білген
Өкпелеймін сені осылай сүйгендіктен
Шынымды айтсам мен сені ешкімгеде қимайды екем.....

Шәмілау Шәмші қайда, Шәмші қайда?
Шәмшіге айт тағыда бір таңдандырсын
Жандандырсын жүректі, жандандырсын
Мәңгі өлмейтін Махаббатым айта жүрсін
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын

Бүгін және Махаббат қарамады
Қарамады жанымды жаралады
Шәміл білесің бе?
Шын Махаббат сол қарамаудан жаралады

Мейлі ол қарамасын түсінбесін
Осылай асқақ болып кішірмесін
Бастан ауып бара жатқан тал тұсында
Тағдырым көлеңкесін түсірмесін.

Қазыр түн көктем түні маужырап тұр
Отырмын жазбай сызбай қалжырап тұр
Тереземнің алдында кәрі кайың
Көктей алмай бұтағы салбырап тұр

Ай қайран күндер, сайран күндер........
Махаббат деген қандай сезім, ол не десе?
Махаббат азбас байлық,
Тозбас қазына дер едім.Ал сезім лаулап жанған алау,жүрек сол алаудың ошағы, сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы дер едім.Мен өз басым кезінде махаббатқа сенбейтінмін. Өткінші сезім деп ойлайтынмын.Себебі сүйем деп айта тұра басқа адамға көз тастау бұл махаббат емес жай сезим.Өткінші жауын сияқты жауады да басылады, келесі жолы тағы жауады.Құрғақшылықта жауынды қалай тағатсыздана күтсең,махаббатты да дәл солай тосасың.Махаббатты үш санатқа бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі:бала махаббат- бұл кезде жүрегіңе бүкіл әлем сыйып кететіндей сезімде боласың.Жүрегің алабұртып соны іздейсің, көруге зар боласың.Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік,пәктік.
Екіншісі: шала махаббат -май шам тәрізді лаулап жанадыда уақыты келгенде өшеді,май шамда жанып бітеді.
Үшіншісі:шынайы махаббат-адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен. Жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен.Соған қарай алып ұшып,сені сенің махаббатың сол дегендей жетелейді де тұрады.Сен емес жүрегің онымен кездесуге ұмтылады екен.Ұнатасың,ғашық боласың. Тек сүйемін деген сөз ойыңа келмейді екен. Менде де солай болды.Ең алғаш оны жай ұнаттым жақсы көрдім.Бірақ сүйемін деп ойламадым, менің тағдырым дәл сол адам деп ойламаппын.Адамды бірден сүймеу менің шынайы маxаббатым бұл емес деп ойламау керек екен. Сезімің алғашқыдай болмайды екен.Мүлде басқа онсыз таңыңда атпайды,күніңде батпайды, онсыз бір күнің бір ғасырданда ұзақ көрінеді.Онсыз ас батпайды,жүрегің тек соны ойлайды,онсыз не ұйқы не күлкі жоқ, шөл далада жалғыз өзің сусыз, тамақсыз қалғандай сезімде боласың. Ойлайтын шығарсыңдар:"е, ол басында ғана солай, уақыт өте келе, бала болған кезде бәрі басылады деп" жоқ меніңде екі қызым бар, отбасы құрғанымызға төрт жылдың жүзі болды.Шынайы махаббат қаласаңда қаламасаңда өшпейді екен уақыттың да адамныңда қолында емес екен.Тек бір алланың қолындағы нәрсе. Мен жарымды жанымнан артық сүйем.Себебі ол алланың сыйы маңдайыма шыр етіп келгенде жазылған тағдырым.Қайда жүрсеңде тағдырдан қаша алмайсың. Оданда одан қашпай қабылда сені жүрегің жетелейді. Жүрегіңнің үніне үңіл ол сені алдамайды. Алла тағала тағдырыңды, шынайы махаббатыңды жазбай табуыңа жәрдемін берсін. Жүрек ешқашан алдамайды. Тек күт![color=#800040:3limj9io][color=#800040][color=#400040][/color:3limj9io][/color][/color]
Түүүф, түрін түстеп тастапсыз ғой... Жіліктеп... Оны әкеп "Білім" айдарында талқыға тастапсыз...
шынында махаббат деген не осы? жауабын білсеңіздер айтыңыздаршы
Оны айтып жеткізу қиын... Бастан кешіп көрмегесін :D
махаббат адамның ақыл-ой деңгейімен анықталады. Және бұл өзінді жоқ нәрсеге сендірумен бірдей. Алайда, өмірдің мәні осы жоқтан тұратын болып шықты...
Мен махаббат туралы айтпай-ақ қояйын. Махаббатың мен туралы айтсын )