Махаббат туралы

Сен мына-жанарымнын ішіндесін
Жанардын білесін гой кішірмесін
Ішіне жанарыннын сакта мені
Біреулер коленкесін тусірмесін


Сен мына тілімдесiн,унімдесін
Білесін гой тілімнін булінбесін
Сен мені уніне кос,тіліне тут
Унім ошіп, ушкір тіл тілінбесін!
Сен мына-менін алып басымдасын
Білесін ешкім де оны басынбасын
Сен мені оз басынмен бiрге корга
Біреулер зулымдыгын асырмасын!

Сен менін миымдасын
Білесін,миым жатка буйырмасын
Миыннын бір жеріне жасыр мені
Киылсын омір солай...Киылгасын!

Керемет!
Мұқаң ҰЛЫ ақын ғой!
Мұқаң ҰЛЫ ақын ғой!

келісем
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға
Махаббат жалған десе бұл ғаламда,
Махаббат болмаса егер, дала кезіп,
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма?

Махаббат теңеу емес өлеңдегі
Емес ол аңыз болған ел ермегі.
Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді.

Ғасырлар дәуірінен озғанда өлең
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген.
Жыр кені ұлы Абайдың жүрегінде
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.

Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды.
АЯлап, шын қадірлеп көрмегендер
Қызыл гүл солғанынан қорықпайды.
Махаббат туралы не айтуға болады..бақытты болсын!
Махаббат па? Махаббат таппай жүр мені әлі...
"махаббат жоқ деп жүрген ауыздың
айтары да, айтпағы да - жауыздық"
жанарымның тамшысы - сен...
Осылай бақыт табамын,
Арқамда - адал парызым, жақұт жанарым!
Мен саған ғашық шағала, өмір-теңізім!
Маған да махаббат сыйла, уақыт қарағым!!! (авторы есімде жоқ екен)