Шетелден әкелінетін базарлықтар

Таныс, дос, жақындардың бірі шетелге кетсе, міндетті түрде, естелік ретінде базарлық әкеледі. Өз басым, біреу шетелге кетіп бара жатса, маған жақсы кітап, сол елдің ақшасын не жақсы музыкалық диск әкеліп берші деп өтінемін. Сондай-ақ, мен сол елдің тәтті тағамдарынан ауыз тигенді ұнатамын. Әсіресе, шығыс тәттілері. Біздің елде де сатылады ғой, тек дәмі бір түрлі болып шығады. Әсіресе, рахат-лукум мен пахлаваның дәмі бөлек болады.

Ал сіз шетелден келген жандардан қандай сый алғанды ұнатасыз? ;)

айПад :D

Таныстарыңыз әкеліп беремін десе, маған да әкеп берсін деп айта салыңызшы :mrgreen:
шетелден сол елдің символын әкелсе.
Экзотикалық жемістерін әкелу де жақсы вариант.
дюти фридан әтірлер)
маған кітап болса жетер еді
магнит - классика
маған кітап болса жетер еді

Маған да
әпкем жақында Барселонаға барып келді, сондай әдемі ракушкалар әкеліп берген еді, қарай бергің келеді))))
әпкем жақында Барселонаға барып келді, сондай әдемі ракушкалар әкеліп берген еді, қарай бергің келеді))))

Маған да Испаниядан ракушкалар әкеліп беріп еді. Жоғалтып алдым ғой(((
әдетте шет елден "по заказу" алып келеді ғой)