Шетелден әкелінетін базарлықтар
Таныс, дос, жақындардың бірі шетелге кетсе, міндетті түрде, естелік ретінде базарлық әкеледі. Өз басым, біреу шетелге кетіп бара жатса, маған жақсы кітап, сол елдің ақшасын не жақсы музыкалық диск әкеліп берші деп өтінемін. Сондай-ақ, мен сол елдің тәтті тағамдарынан ауыз тигенді ұнатамын. Әсіресе, шығыс тәттілері. Біздің елде де сатылады ғой, тек дәмі бір түрлі болып шығады. Әсіресе, рахат-лукум мен пахлаваның дәмі бөлек болады.
Ал сіз шетелден келген жандардан қандай сый алғанды ұнатасыз?
шын кқңілден алып келсе болды
Маған ағылшынша кітаптар алып келіп берсе екен дим, өйткені ол жақта ол арзан болады
Көбіне иіс сулар аламыз