Қыз бен Жігіт

Бойымда бабалардың қаны барда,
Қазаққа құдай берген әні бар да.
Сұлу көрсем соқтықпай тұра алмаймын
Өмірдің қыз болмаса мәні бар ма?
Бастадым бір тақырып,
қайдасыңдар?
Айтыстың "Қыз-Жігітсіз" сәні бар ма?

Таныстырсам өзімді сөз дайында
Айтысты осылай бір бастайында
Атым-Абай,Абай ата шәкіртімін
Танысуға арғы атамды козғайында
Дәл қазір айтысуға бар ма адам
Іздеп жүрмін айтысар сұлу мадам
Қазақтың сөз таласар қызы қызы қайда?
Мен өзі жасадым ба дұрыс қадам
Мына бала қайтеді, қоймайды кеп,
"Ақын қыздар аз екен" - ойлайды деп.
Астарлы сөз маржанын іздеп жүрген
Бұл қыздар құнтсыз сөзге тоймайды тек!

"Қош келдің" деп қояйын өзіңе, інім,
Тақпайын өнерге сын, сөзіңе мін.
Айтысқа келдің екен, алысқа шап,
Білесің, талай сынның кезігерін.

Әпкеңнің айып көрме сынағанын,
Жауап қып айтсаң болды сұрағанын.
Әзіл-айтыс енгізген әдебиетке
Танисың ба інісін ғұламаның?
Тауып айттың, тағамыңда тұз бар екен
Сырда сұлу айтысар қыз бар екен
Дегенмен таңғалмаңдар бұлай болса
Сахарада дәл қазір мұз бар екен

Ақын қыздың керемет сөзін айтшы
Сырдың сұлу қызының көзін айтшы
Сұрағың киын болды-ау жас ақынға
Жауап таба алмадым өзің айтшы