Бойымда бабалардың қаны барда,
Қазаққа құдай берген әні бар да.
Сұлу көрсем соқтықпай тұра алмаймын
Өмірдің қыз болмаса мәні бар ма?
Бастадым бір тақырып,
қайдасыңдар?
Айтыстың "Қыз-Жігітсіз" сәні бар ма?
Қымызды ішіп, қызға сөз айтпай ма әркім
Бұл жерде бағым жанар менің бәлкім.
"Нар идірген" аңызындай, шал болған соң
Уа, Маха конкурстан өтпей қалдың.
Үн қатпады, айтысқа шықпағаны
Қадірін көксақалдың ұқпағаны.
Суреттеде кетіпті сырт айналып
Шалменен айтысуды құптамады.
Ағасы батаңды бер, мен көрейін
Бетім қайтып көрмеп еді қыздан әлі.
Алла жазса бөктеріп тақымына
Бұл ініңнің естілер салған әні.
Қара шалдың зарымен.
О-о-ой, дүние-ай!
Айтыс іздеп Мәссагетке кіріп едім,
Армандап сұлу қызды жүріп едім.
Қайтейін арманыма жете алмастан
Бұл жерден кетіп барам бүгін енді.
Топырлап жас ақындар кірмегесін
Көрігін айтысымның үрмегесін.
Құдай-ау ақын қыздар қалмаған ба
Мейіргүл жалғыз өзі кімге жетсін?!
О-о-оу, қыздар-ай!
Ақын қыз жазылмапты-ау маңдайыма
Тәңірім өлең салған таңдайына.
Шахмұрат Мейіргүлді меншіктеп-ап
Оның да жуытпайды маңайына.
Танытса жылы қабақ келер едім
Жырымның жаһұттарын өрер едім.
Жүрегін жолықтырса жүрегіммен
Дариға-ай, жалынымды көрер еді.
О-о-оу, жалған-ай!
Өкініп қайтем енді болған жайға
Байқаймын бұл жерде енді қыз болмайды
Түрімнің қыз қызықпас жамандығын
Өсекші өлең шіркін жұртқа жайды.
Қалайша несібемнен құр қалайын
Жүнжімей өз-өзімді қолға алайын.
Амал не шабыт іздеп Мәссағанның
Мен барып кемпірлерін жағалайын.
Тыпыршып тұра алмаушы ем қыз дегенде.
"Қыз керек пе?"-деп, ұсынсаң өз-өзіңді
Жаяйын құшағымды сізге мен де.
Білгенінше бұл жерде жазар әркім,
Құдай-ау, оған несін ызаландың?
Мен мұзбалақ, құтқармас түлкі көрсе
Қыранға бәрі "жемтік" қызарғанның!
Жетіп кепсің салып-ап "жемтікті" алға,
Бұл ісің дұрыс емес жөнді ұққанға.
Кедергі жасап отсың "Қыз-Жігітке"
Танысып, оңашалап отқан жаңа.
Алпыс екі айлаңа сеніп отсаң
Аунатармын өзіңді аппақ қарға.
Айтпақшы жазуың да "айбақ-сайбақ"
Немене жанарыңда кемдік бар ма?
Сыйлайық қыз-жігіттің сезімдерін
Қалдырып оңашаға, бөгет болмай.
Баратсаң шыдай алмай шабыт керіп
Тосайын басқа беттен кел қалқатай!
Өлең құрар өрең бар
Дегенменен қазақта
Тең теңімен деген бар...
Өлең де бар жүректе,өрен де бар,
Қайсарлықпен қоса және зәрем де бар,
Ысырып тастайтындай емес едім,
Ағасы болсам дағы дәмем де бар.
Тең-теңімен , ал тезек қабыменен,
Деп айтып, үрки қалдың нағып менен?
Айтыста, жалпы сайтта бәрі тең ғой,
Сөз таба алмай қалам ба деп, жазып па ең.
Шыныменен саған сөзді салатындай,
Сайттағы әзіл шындық боп қалатындай,
Шошынып, тек қатарымен сөйлесетін,
Бұл қылық жатпас сендей дара ақынға-ай
Иә, шын, сөзден мүмкін тосылуың,
Махамбет жеңіле қоймас осы бүгін.
Жасымды кішірейтіп жазсам егер,
Болмас па ед сенің менен шошынуың.
Бұл жерде бағым жанар менің бәлкім.
"Нар идірген" аңызындай, шал болған соң
Уа, Маха конкурстан өтпей қалдың.
Үн қатпады, айтысқа шықпағаны
Қадірін көксақалдың ұқпағаны.
Суреттеде кетіпті сырт айналып
Шалменен айтысуды құптамады.
Ағасы батаңды бер, мен көрейін
Бетім қайтып көрмеп еді қыздан әлі.
Алла жазса бөктеріп тақымына
Бұл ініңнің естілер салған әні.
Ортамыздағы дара қыз.
Қыз көріп жүрген ел кезіп,
Аватарға қараңыз.
Байқа десең, байқайық
Жастықтың әнін айтайық.
Қол ұстасып екеуміз
Жыр елін кезіп қайтайық.
Армысың ақын Тоғжан қарындасым.
Аманба елің жұртың, дені-басың.
Сөзбенен ақыл айттын сен ағаңа,
Сөзден кеміс кетіпті бір ағаңда.
Түсінгенен ол ағаң үнсіз қалды,
Өлең жырға құмартқан ақын жаны.
Біздер сұңқар көгінде қалықтаған,
Сіздер аққу айдында дамылдаған.
Мейіргүлден аулақ жүр жүгермегім.
Аваторда Аңызсың ел білетін,
Замандасқа балайын жөн білтін.
Мейіргүл біздің бақтың бәйшешегі,
Тектілік қайда кеткен беу кешегі?
Сөзіңді естімейін енді қайта,
Мейіргүл қоңыраттың телімдісі!
О-о-ой, дүние-ай!
Айтыс іздеп Мәссагетке кіріп едім,
Армандап сұлу қызды жүріп едім.
Қайтейін арманыма жете алмастан
Бұл жерден кетіп барам бүгін енді.
Топырлап жас ақындар кірмегесін
Көрігін айтысымның үрмегесін.
Құдай-ау ақын қыздар қалмаған ба
Мейіргүл жалғыз өзі кімге жетсін?!
О-о-оу, қыздар-ай!
Ақын қыз жазылмапты-ау маңдайыма
Тәңірім өлең салған таңдайына.
Шахмұрат Мейіргүлді меншіктеп-ап
Оның да жуытпайды маңайына.
Танытса жылы қабақ келер едім
Жырымның жаһұттарын өрер едім.
Жүрегін жолықтырса жүрегіммен
Дариға-ай, жалынымды көрер еді.
О-о-оу, жалған-ай!
Өкініп қайтем енді болған жайға
Байқаймын бұл жерде енді қыз болмайды
Түрімнің қыз қызықпас жамандығын
Өсекші өлең шіркін жұртқа жайды.
Қалайша несібемнен құр қалайын
Жүнжімей өз-өзімді қолға алайын.
Амал не шабыт іздеп Мәссағанның
Мен барып кемпірлерін жағалайын.
Үміттің соңғы тауын үгіттіңіз.
Біз ғана Мейіргүлден үміттіміз,
Мейіргүлмен жалғанған үмітіміз...
Массағанның білемін кемпірлерін,
Қаусаған тістерімен тас кемірген.
Байқағын тірі барып өлі қайтпа,
Азан айтып келем деп, жоқтау айтпа!
Көк жүзінде қалықтар қыран едің,
Ту ұстап жауға шабар ұлан едің.
Өкінішпен өтпесін жас ғұмырың,
Қайтесің Массағанның сен кемпірін?!
Біздерге жөн сураспау жарамайды.
Асаудай жылқыдай еркінбісіз,
Болғансыз ба, әлде кімге басы байлы?