Бойымда бабалардың қаны барда,
Қазаққа құдай берген әні бар да.
Сұлу көрсем соқтықпай тұра алмаймын
Өмірдің қыз болмаса мәні бар ма?
Бастадым бір тақырып,
қайдасыңдар?
Айтыстың "Қыз-Жігітсіз" сәні бар ма?
Аватардың аңызы
Шақырып өзі шаң үзді,
Қағып-ақ онда кетейін
Келіп тұрған мына қызды
Тақырыпты қозғайын
Ұзын сонар созбайын,
Амансың ба,шырағым,
Қыз дайын болса біз дайын
Оу,
Беріш ақын не дейді?
Дұрыс өрмей жыр лебін.
Сөздеріңді көрген соң
Не дерімді білмедім.
Оғаш қылық көрмеп ем,
Айтысқанда күнбе-күн.
Шамаңызға қарамай
Сақалыңа, ағатай,
Оралып құлап жүрмегін
Қызбенен айтысқаным оғаш па бұл,
Сен жассың, мен үлкендеу таласпадым,
Дегенімен,Мейіржан, есте болсын,
Бұл қарттың да қойнында қалаш барын
Сақалға сүріне әзір қоймаспын-ау,
Қайта сақалмен келед сені орап салғым.
Жамбыл да тоқсанында айтыспап па ед,
Сезбейсің бе қыздың бізге жарасарын.
Қазаққа құдай берген әні бар ма.
Сұлу көрсең соқтықпай тұра алмастай,
Арқаңда алты атаңның жыны барма?
Қазақтың құдай берген әні де бар.
Қазақтың өнер қонған бір ұлы едім
Еркекке тән қасиеттің бәрі де бар!
Бауырым тақырыпқа қарамайсың
Оңмен солды білмейтін шаладайсың.
Есімің Шахмұрат па Шара ма әлде?
Суретің де қарасам баладайсың.
Қыз болсаң айтысуға кірісе бер
Ұл болсаң тақырыпқа жарамайсың.
Қызтеке болсаң егер айып етпе
Олармен айтысуды қаламаймын!
Қолқаңның бар маңызы
Айт десеңіз, айтамыз.
Аватардың Аңызы
Келдік. Енді байқаңыз
Шырқауы бар өрдің де,
Биігі бар төрдің де.
Айтыс іздеп келдің бе?
Ару іздеп келдің бе?
Шақырып өзі шаң үзді,
Қағып-ақ онда кетейін
Келіп тұрған мына қызды
Тақырыпты қозғайын
Ұзын сонар созбайын,
Амансың ба,шырағым,
Қыз дайын болса біз дайын
Беріш ақын не дейді?
Дұрыс өрмей жыр лебін.
Сөздеріңді көрген соң
Не дерімді білмедім.
Оғаш қылық көрмеп ем,
Айтысқанда күнбе-күн.
Шамаңызға қарамай
Сақалыңа, ағатай,
Оралып құлап жүрмегін
Жан едім түсінетін сөздің құнын.
Жолыңа таласпаймын, тілекшіңмін
Ерітсін қыз жүрегін отты жырың.
Шабармыз кез келгенде жарысып бір
Әзірге сақалдымен алысып көр.
Күтейін кезегімді кеш келген соң
Таласпай ағамызға берейін жол.
Сен жассың, мен үлкендеу таласпадым,
Дегенімен,Мейіржан, есте болсын,
Бұл қарттың да қойнында қалаш барын
Сақалға сүріне әзір қоймаспын-ау,
Қайта сақалмен келед сені орап салғым.
Жамбыл да тоқсанында айтыспап па ед,
Сезбейсің бе қыздың бізге жарасарын.
Өлең құрар өрең бар
Дегенменен қазақта
Тең теңімен деген бар...
Дегеніме қарай қойсаң,
Не дейсің, атымды егер Абай қойсам?
Бұл есімнің әрібіне тұрмасам да,
Қазақпыз мінезі көркем, жаны жайсаң.