ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Сол үшін жұмбақтықты калап едім
Бөгет болмас айтысқа жұмбақ тегім
Гуглдің танығаны жақсы емес пе?
Әлдебір алаяқтық қылмап па едің? )

Басыңдағы бәлеңді білгендейсің
Біреуден қашып-пысып жүргендейсің ;)
Басыңдағы бәлеңді білгендейсің
Біреуден қашып-пысып жүргендейсің

Ешкімнің ала жібін аттамаппын
Жөнсіздікті жай құбылыс деп білгейсің...

Сәуірдің сезіледі жылы лебі
Әзіл күні қайдан келді? Кім біледі?
Сәуірдің сезіледі жылы лебі
Әзіл күні қайдан келді? Кім біледі?
Осы сайттан көз жазып қалма, Атсыз,
Қара да тұр, Массагет білгізеді )

Күлкі күні келеді, алдау күні,
Өмірлерді күлкімен жалғау күні :D
Күлкі күні келеді, алдау күні,
Өмірлерді күлкімен жалғау күні

"Жырласу өзіңменен абырой маған"
Жөнсіздің шығып жатыр қолдау үні

Жымиып Қайым-баққа сән бересің
Жырлатып жөнсіздерге дем бересің...
Жымиып Қайым-баққа сән бересің
Жырлатып жөнсіздерге дем бересің...
Өзің де өлең деген қазынаны
"Шабыт" деген тұлпарға өңгересің.

Оу
Бүгінгі жұрт өз-өзін Жөнсіз дейді,
Есімі жоқ, елі жоқ, жерсіз дейді...
Мейіргүл сізді текке ұға алмадым,
Өзіңмен егіз еді ізгі арманым.
Жөнсіз келіп жосықсыз сөз айтыпты,
Болған жайға ұқпадым кім айыпты?
Құрайық жырды атқан таң сияқты,
Қалмайық будақталған шаң сияқты
Жөнсіздің аты жөнсіз болғанымен
Жүрегі ақ, сөзі түзу жан сияқты...
Өлең деген өрнекпен қиысып ем,
Сен де арлы өлкеге сыйысып ең.
Ешқандай жөнсіз жағдай болмады ғой
Тек "Атың жоқ" деп өзім тиісіп ем.
Жауап өлең айтамын қарқындыға,
Шахмұрат бәле іздеп алқынды ма?
Тағы бір екі жолды кім жазады?
Қайымның бұзбайықшы шартын мына :!:

Байқалды біршама жайт сөзіңізден
Қайымды мен жалғайын өзің үзген
Сұлу сөз өрнектелер кестелесең,
Пішенде жиналады дестелесең.
Сөз пайымын түсінер бұрымды деп,
Ұрлана ақтарып ем сырымды кеп.
"Жөнсіз" саған сөз салды сырдақтатып,
Өзегімді өрт шалды мұны аңғарып.
Ғашықтықтың дертінен кеселдендім,
Жат қолына кеткендей есем менің.
Жүрегімді ұғынып үн қатшы сен,
Жылап жатқан жүректі жұбатшы сен.
Оу
Бүгінгі жұрт өз-өзін Жөнсіз дейді,
Есімі жоқ, елі жоқ, жерсіз дейді...

Неге жұрт жағадан ап жүргізбейді?
Неге жұрт жөнсіздіктен сын іздейді?

Жай қойдым Жөнсіз деген лақап атты,
Жаймайын деп өзім жайлы ақпаратты.
Байқалды біршама жайт сөзіңізден
Қайымды мен жалғайын өзің үзген

Шахмұрат, еш ниет жоқ ұрлап алу,,
Інжуден тұңғиықтан көзің сүзген

Менікі - жырлатуды байқамақ қой,
Көзді ашып, миымды шайқамақ қой...