Қазақша әндер мен сөздері

Осы жерде қазақша әндердің сөздерімен бөлісейік.

Сағынышым қонды алыс
Жүрек толы толғаныс
Өзгермейді өкенің
Өзгермейді болған іс
Талай рет сезінген қымбат болар өзіңнен
Ешкімім жоқ ешкімім

Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім

Бақытым боп тұр ма едің
Мәңгі қатар жүрмедің
Сенсіз жерде қуанып
Сенсіз жерде күлмедім
Айналайын көзіңнен
Артық туған өзіңнен
Бір жан жоғын білмедім

Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім

Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім

Шықтым талай жолға алыс
Кьңілде көп толғаныс
Өзгергенмен тіршілік
Өзгермейді болған іс
Жүрдемесін жанымыз
Саған деген сағыныш
Қазір маған қорғаныш

Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім

Көктем көңіл бүр жарғанда
Дауысыңды естідім
Кешіре алсаң бұл жалғанда
Кешір мені кеш күнім
МузАРТ - Еркеле (жаңа ән. 2013)

Қиялымның көгіндегі,
Қалықтаған аққу-әнімсің!
Арманымның төріндегі
Алаулаған бақыт таңымсың!
Тілегіммен жылытайын,
Көңіліңді күйге бөлесін!
Сені қалай ұмытайын?
Көз алдыма күнде келесің!

Қайырмасы:
Еркеле, еркеле,
Кеште де, ерте де,
Жүрегім өртене сағынайын!
Еркеле, еркеле,
Елітіп еркіңе,
Көз тоймай көркіңе жалындайын!

Өзге жанды сезінем бе
Елес ару сенің өзіңдей?
Сұлулыққа кезігем бе
Мөлдіреген сенің көзіңдей?
Сен құлпырған гүлсің, еркем,
Сезім бақта жайнағансың ба?
Күндей күліп жүрсің, еркем,
Махаббаттың қай қаласында?

егер әнді тыңдағыңыз келсе сілтемеге басыңыз!
Саят Медеуов "Мұңайма, қалқам"

Бәрі де бәрі ерке шақтардың есте еді,
Сыйланды кімге орамалыңыз кестелі?
Кездесе қалсақ мәдениетіміз жоғары
Амал не, қалқам, "Сіз"-іміз "Сен"-ге көшпеді.

Қайырмасы:
Жасыл бағымды сырлаушы еді таң нұры,
Албырт сезімнің басылар емес жаңбыры.
Қабырғалардың қаланар сәті - бұйрық та,
Сөгіліп кетіп құлайтын кезі - тағдыры.

Кеудеме толған тәтті үмітімді тербеймін,
Өзімді кейде басқа жан болып тергеймін.
Сізбенен бірдей көйлек киетін қыздар көп
Айта аласыз ба, соларды неге көрмеймін?

Қайырмасы

Өртеніп іштей, мұңайма, қалқам, мұңайма,
Мұңайған жандар бақытын оңай құрай ма?
Адамдар неге аспанға қолын созады?
Қараңыз, әне, телміріп жерге тұр ай да...

Қайырмасы
Төреғали «Алып кетемін»

Көргенде сені оралды ойлар санама жүздеген,
Сары уайымға салына бердім сары ала күзде мен.
Сенімге лайық сезіміменен баурап алатын
Келінге лайық ару екенсің мамама іздеген.

Арманда қалай қалып кетемін,
Жете алмай саған, жарық мекенім,
Қайтсем де сені алып кетемін тылсым елінен.
Бағыма балап, еркелетейін,
Жаныма жалау, желкен етейін,
Бар өміріңді көркем етейін, жүрші менімен!

Баураған жанды өзіңмен өткен есімде алғаш күн,
Лаулаған мәңгі сезімнің отын өшіре алмаспын.
Ғашықтығымды айта алмай саған арманда кетсем
Жасықтығымды жазғырып өтіп, кешіре алмаспын.
Роза Әлқожа «Жылатқаның не еткенің?»

Ей, оқтаулы ақ берен,
Сен ұшқан құсқа епті едің,
Торыңа түстім – ойнадың,
Сен тойғанша сайрадың.
Өткен соң жұрттың өткелін,
Сендей бұлбұл көп дедің,
Көлімді тастап теңізге
Ұша алмаймын, жоқ дедің.
Алдымды Аллам біледі
Өзіме аян өткенім.
Болмысы бөтен құс едім,
Теңім-ау, сен де текті едің.
Кінәлі сезім сонан соң
Кеш гүлдеген көктемім.
Уыстап беріп уыңды
Ұнатқаның не еткенің?
Жарда тұрған тағдырды
Құлатқаның не еткенің?
Жұбату үшін келдім деп
Жылатқаның не еткенің?

Мен үшін уайым шекпедің,
Сезімнен мықты деп пе едің?
Жағасын тістеп шыдадым,
Төзімнің киіп шекпенін.
Өзіңмен өтті көп керім
Жарқ еткен жасын сәттерім.
Уақыт емші жазылар
Орынын ала өкпенің.
Өткенді қалдым парақтап
Бітірмей кеткен мектебім.
Махаббат мағынасын,
Таба алмай кезіп жүрмін.
Сен мені сағынасың,
Мен оны сезіп жүрмін
Айдарбек Рысбек орындайды.
Оралмы Махаббатым менің
Бақтар іздедім сені сүйгенім
Бір жүрген айлы түндерім
Аяулым кұлім, көзің кайда?
Есімнен кетпей елесің
Жолыңда тоссам әрдайым
Сәулем-ау кашан келесің?

На-ууу-уу
Толқыған теңіз аралды
На-ууу-уу
Арқалап сені жағады
На-ууу-уу
Толқыннан шашып мөлдірің
Оралшы Махаббатым менің (Оралшы махаббатым менің )
Айдарбек Рысбек – Нагыз махаббат


саған арнап жаздым достық хат
түрлі сезім толы жастық шақ
бірде әкең жібермейді,
бірде шешең жібермейді
айтшы, оның несі махаббат?
айтшы, оның несі махаббат?
айтшы, оның несі махаббат?

үй жағыңның маңын жағалап
терезеңе жаймен сығалап
жүрем күнде сені тосып,
үйден шыққан жаннан шошып
айтшы, оның несі махаббат?
айтшы, оның несі махаббат?
айтшы, оның несі махаббат?

Жүрегімнің сырын арқалап
тосудамын жолыңа қарап
ал сен болсаң менсінбейсін
көлік мініп келсін дейсін
айтшы, оның несі махаббат?
айтшы, оның несі махаббат?
айтшы, оның несі махаббат?

жақпадым-ау жаным саған-ақ
қарамадың мені бағалап
енді мен де қарамаймын
жақсы қызды бағалаймын
міне, осы нағыз махаббат!
міне, осы нағыз махаббат!
міне, осы нағыз махаббат!
Музарт – Сен келерсің


Сен келерсің бір күні
Маған қымбат сый қылып
Жер бетінде күлкіні
Жанарыңа сыйдырып
Таң да арайлы атқанда
Бәлкім түсте, кешқұрым
Оттай жанған шақтарда
Құштарлықты кеш күнім.

Қайырмасы:
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні...

Сенсіз жалғыз жабықтым,
Бақыт жүзін жасырып.
Түндер есік қағып тұр,
Жұлдыздары шашылып.
Арманға асық ғаламда,
Үміт алдай қарады.
Саған ғашық санамда,
Сәуле қалмай барады.


Музарт - Ол көктем оралмайды...

Кездескен белесіннен, шықпайсын сен есімнен
Уақыт та жылжып жатыр, аяулы елісінмен
Аялап гулдерінді, бақытты күндерімді
Есіме жия аламын, уздіккен тундерінді

ммм.....
Гулім сезем, сол бір өзен арнасына толалмайды,
Өткен күндер, айлы тундер көңілдерден жоғалмайды.
Бұл жалғанда ешбір ару, дәл өзіндей болалмайды,
Құстар қайтар, әнім қайтар, ол көктем оралмайды.

Кезгенде бұл ақырды, көнілде сұрақ тұрды
Бізбенен жаңбыр өгеш, қосылып жылап тұрды
Еркелеп күлімдеген, жайнаған гүлім деп ем
екеуіміз қоштасарда, саусагын дірілдеген...

Гулім сезем, сол бір өзен арнасына толалмайды,
Өткен күндер, айлы тундер көңілдерден жоғалмайды.
Бұл жалғанда ешбір ару, дәл өзіндей болалмайды,
Құстар қайтар, әнім қайтар, ол көктем оралмайды.
Бағлан Әбдірайымов «Іздеймін»

Гүл құлпырған көктемде,
Көз жүгіртіп көк белге,
Елеңдеймін сен бе деп, жаным,
Жаным, көк көлге
Аққу ән салып жеткенде.

Арманым менің, нұрлы әнім менің,
Сен менің аңсаған ардағым едің.
Арман, арман, арман, арман-ай...


Мінің жоқ сұлу көркіңде,
Көз жазып қалдым бір күнде.
Кездескенде өзіңмен, жаным,
Жаным, мүмкін бе
Қайта оралу сол күнге.

Көрінуші едің керім боп,
Сүйсінуші еді елің көп.
Қандай жігіт жүр екен, жаным,
Жаным, теңің боп?
Қай елде жүрсің келін боп?