Қазақша әндер мен сөздері

Осы жерде қазақша әндердің сөздерімен бөлісейік.

Үлкен рахмет!
Қазақстандағы әншілерден қай әнші ұнайды? қай топтар?қай әншіні халық қатты жақсы көреді. Мысалы мен үшін Қайрат Нұртас, топтардан Жігіттер, Меломен ұнайды
Талантты әншілер жетттттеді ғой, Қайрат Нұртасты керемет демес ем бірақ...ортанқол әнші, ренжімеңіз. Маған Арай тобы соңғы кезде ұнаааааап жүр, сосын Заман, Мэломен, Музарт жақсы топтар. Нұржан Керменбаев та жақсы жұмыстар жасап жүр. Кешью жақсы, бірақ кейбір ұнамай қалатын жерлері бар. Осыдан екі жыл бұрын Еркін Мәуленге басым кетівед қазір жоғалып кетті. Айқын жақсы әнші, тек әндерінің сөздеріне мән бермейд. Әли Оқаповтың әндерінің сөзі в общеееем быт шыт! Ерке Есмаханның "Айша бибі" деген жақсы әнін ғана білем. "Керімсал" деген әдемі топ шығыпты. Апош Сарбаз деген орындаушының "Тәп тәттісің" деген әнін ұнаттым. Жасстар, Қыран, Брилюкс, Индиго, Аюми деген топтар мен Жанбол бірдеме бірдеме деген жаңа әншілерді қабылдай алмадым дыыым!!! Осы жылы назарымды аудартқан әншілерді айтқаным ғой.
Мен сөзін тыңдамайм, әуенін тыңдайм
Бағлан Әбдірайымовтың орындауындағы бұл әнді тыңдап болып, ойланбау мүмкін емес!

Өкініш

Бес мезгіл сәті бақыттың
Бағалап жатыр оны кім?
Ысырап болған уақыттың
Толтырам қалай орынын?

Күнәһар болу кімге оңай?
Имансыз жаннан тән азды.
Керіліп жатқан күндер-ай
Елемей таңғы намазды.

Жабылар жәннат есігі
Болмаса бөгет, еш тыйым.
Қаза боп кеткен бесіні
Күндердің құны бес тиын.

Сау басым дауға ілікті,
Шашылмас жерде шашылдым.
Асыр сап босқа жүріппін
Уақытында асырдың.

Ертерек мұны білгенде
Құламас едім жыраға.
Күн батып, ақшам кіргенде
Мен батып жүрдім күнәға.

Білмеймін кімге қырсығып
Шайтанға жүрдім сыңар боп.
Құптанда қылмай құлшылық
Қызыққа жүрдім құмар боп.

Нәпсімді ерте жеңбестен.
Ойланбай жүрдім секіріп.
Ораза айы келгенде
Тойғаннан жүрдім кекіріп.

Той тойлап таңды таңға ұрып
Дертімнің таппай бір емін.
Қадір түнінде қаңғырып
Қадірсіз болып жүр едім.

Түгендеп барлық жоғымды
Әлекпен жүрдім әрдайым.
Тау-тасқа талай соғылды
Сәждеден қашқан маңдайым
!

Жүректе қазір маза жоқ,
Кеш ұқтым сөзін Құдайдың.
Намазы кеткен қаз боп
Күндерім үшін жылаймын.

Алдымда жатқан көлденең
Нәпсісін жиған батырмын.
Өлімге барар жолменен
Өмірде жүріп жатырмын!
Бейбіт Сейдуәлиева "Жез киік"

Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім,
Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің.
Жез марал жүреді екен арасында
Мыңдаған бетпақтағы киіктердің.

Жез киік, біздің жаққа қалай келдің?
Жолымды тіке кесіп жанай бердің.
Адамның көздеріндей екі-ай көзің
Япырым-ау, дәтім шыдап қалай көрдім?

Дәл саған құрмап еді торды ешкім,
Ғайыптан душар болдың сорлы ______ (?)
Мен-дағы сертшіл едім далада өскен
Сен-дағы жалтармадың, жолды кестің.

Асықпа, көрейінші жөндеп қана,
Кетпесін жаңа тиген меңдеп жара.
Ет кесіп өз етімнен берсем-дағы
Жөніңе жіберейін емдеп қана.

_____ (?) қоя бердім ұстамадым,
Қасымда қал демедім, қыстамадым.
Тілеймін суық жақтан есен қайтып
Жылы құм мекеніне қыстағанын.

Сұлуды адам жаны қимайды екен,
Беймезгіл еске түсіп қинайды екен.
Жез киік, сені аңсаған кездерімде
Бір өзім кең далаға сыймай кетем!
Тоқтар Серік "Ерке қыз"

Әлі есімде кішкентай ең бүлдіршін
Жүрген тыңдап мұғалімнің үлгісін.
Қарағым-ай бойжеткен боп қалыпсың
Уақыт неге жүйрік екен кім білсін.

Жүрсің бе әлі балалықты пір тұтып?
Жүрегім де менің оны жүр күтіп.
Дәл бастым ба, адастым ба білмеймін
Әлде сені алам ба екен үркітіп?

Ол кездері тәтті қыз ең, ерке едің
Ерке қыз-ау өзегімді өртедің
Қанша алдыңда белең жатыр белгісіз
Кім біледі өміріңнің ертеңін?

Қандай бақыт сені бүгін көргенім
Неге жаным жатырқадың, келмедің
Сенбей тұрмын шыныменен өзіме
Сол баяғы бүлдіршін қыз сен бе едің?
Қайрат Нұртас "Жалғыз"

Біз екеуміз көкте самғадық
Әнге бөлеп айналаны.
Кешір жүрек бола бермейді
Адамдардың ойлағаны.

Сағыныштан күзгі бақтардан
Сені іздермін жалғыз.
Сен есіме түскен шақтарда
Селдетермін жалғыз.
Сендей сірә болмас ақ қарда
Сендей адам жалғыз.

Махаббатың салдық өрнегін
Қимастықпен қарай-қарай.
Тулаған қан, жарты жүрекпен
Өмір сүрем қалай, қалай?

Бір күндері мен де ұмытармын
Күндер өтер күрең.
Арман еді мені адастырған
Қол жетпесін білем.
Бақыт Кенебаева "Сағынба мені"

Өзіңнен алыс кеткелі қашан,
Өкінбе, күнім, өкпелі болсаң.
Қосылу менен айырылысудың
Бәрін жасар ем өткелі болсам.

Сағынба мені, сағынба мені
Жастықтың ескен жанымда лебі.
Тағдырдың бізден талабы солай
Сабылма жаным, сағынба сен мені.

Өшірмей таңға түндердің шамын,
Сезіммен еккен гүлдерді сағын.
Мені көрерсің, өткізген бірге
Қайта келмейтін күндерді сағым!
МузАРТ "Ақ қайың" (Алғашқы орындаушысы Бейбіт Сейдуәлиева)

Ақ қайыңым, тұрушы едің керіліп
Торғын шашың тобығыңа төгіліп.
Қайда кеткен сол қуаныш, сол үміт?
Енді бүгін еңсең түскен егіліп.

Ақ қайыңым, көктем едің, гүл едің
Еркешім ең еркелеп кеп жүр едің.
Енді бүгін неге сонша жүдедің?
Менің-дағы мұңға толы жүрегім.

Ақ қайыңым, аңсарым ең, әнім ең
Арайланып атқан алтын таңым ең
Адасып қап бақытымның бәрінен
Аңсап жүрмін алаңдаумен әлі мен.