Таза қалалардың қатарына Қазақстан қалалары кіре алады ма?

2012 жылдың қаңтар айында әлемнің таза қалаларының анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Әлемнің 221 қаласы зерттелінген болатын. Таза қалалардың қатарын анықтаған кезде ауаның ластану дәрежесі, канализациялық жүйенің ахуалы, қоқыс қалдықтарының болмауы, ауыз суының таза болуы сияқты факторлар тексерілді. Сондай-ақ, экологиялық ахуалы жақсы әрі таза қалаларда тұратын халықтың мәдениеттілігі, этикалық тәрбиесі, тұрмыс деңгейі ескерілген.

Өкінішке орай, біздің еліміздің қалалары таза қалалардың қатарына енбеген. Қалай ойлайсыздар, біздің қалалар "таза қалалардың" қатарына ену үшін не істеу қажет? Біз оған ықпал ете аламыз ба?

Қолға алу керек, әркім өзінің артынан шашпай жүрсе де жетер еді...
Қолға алу керек, әркім өзінің артынан шашпай жүрсе де жетер еді...


керемет ұсыныс. бәрі өзімізден басталады. бірақ, жай ғана мысалдың өзі, шаша салмасақ жынданып кететіндей болып тұрамыз ғой
Тарихы бай Алматымыздың кіруге мүлдем үміті жоқ екені өкінішті!
Орал Қаласы ТМД бойынша ең таза және гүлденген қала жөнінен 1ші орынды иемденген еді осыдан 5-6 жыл бұрын. Қытайдың Пекин қаласы кезінде әлемдегі ең лас қала болып саналған. Кейін үкімет тал көбірек егіп, вилоспед көбейтіп қаланы таза қалаға айналдырған, келешек Алматы таза қала болуға мүмкіндігі зор. Метро ұзара берсе, жол айрық жолдар жылдан жылға көбейіп жатыр, тал көбірек егіліп жатыр.
Өткенде мамам Алматыға қыдырып келген, көлікте көшеге қарап отырып "Алматы негізі өте таза қала ғой, біздің Шымкентке қарағанда" деп қалды) Сосын күліп Алматы әлемнің ең лас қалаларының қатарына кіреді десем таңғалды) Көктебедегі түтінді көріп ойланып қалды ау деймін) Сол себепті, Алматы да таза қалаға айналады деп сенгім келеді
Кейде қоқыс тастайтын ұяшықтардың аз қойылғандығына ашуым келеді, қоқысты көрінген жерге тастама дейді, енді орнына тастайтын жер қоймай ма?
Тараз қаласы өте таза қала болып саналады, және де басқа да Қазақстан қалалары тазалықты жақсы сақтайды деп ойлаймын
Әй, қайдан, жақында кірмейтін сияқтымыз ғой