Адамның әр кезі
Сәлем, замандас-достар! Баршамызға әдемі шығармаларымен таныс Ғабит Мүсіреповты қайта оқып бастаған едім. Қысқа жазбаларының арасынан адамның әр кезі туралы жазғаны біраз ой салды. Ол былай деп жазыпты:
"...14-17 жастағы қыз - періште
14-17 жастағы ер бала - ...
17-20 қыз бала - елес
20-25-қыз - ..." Міне, бары осы ғана! Бірақ, көп нүктелер, саған талай сыр жүктелер, демекші кей кезеңдерді сол нүктелермен ғана қайырғаны қызықтырды. Іштей мен қалай ашықтар едім деп ойландым. Сіз де ойланып көріңізші, көп нүктелердің орнына қандай балама қояр едіңіз? Және неге 17-20 жастағы ер баланы жазбастан, қайтадан қыздарға өтті екен? Сіздерден ойлы, зерделі жауаптар күтемін
Уақыт созбай күйеуге шығып кетсем болар еді...
ал мен 1-2 жаста болғым келед