Қазақстаннан көшу

Қазақстаннан кім көшкісі келеді? Егер көшкіңіз келсе қай мемлекетке көшер едіңіз?

Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде сұлтан бол дейді!
Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде сұлтан бол дейді!

Иә, ол да бар
Қазақстаннан көшіп Қазақияға барсам ғой...
Қазақстаннан көшіп Қазақияға барсам ғой...

Фараби, ол қай жақ тағы?
Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.

Қазақстанда туылып, осында өмір сүріп жатқандығыма ризамын. көшу керек болса, араб елдерінің біріне кетер едім)))
Ал екінші жақтан қарасақ, көшу керек, көшу.
Адал еңбек ететін қарапайым қазаққа не жақсылық бар дейсің осы елде?

Адам тек өз елінде ғана еркін және бақытты болады . БАсқа елге барып қаражат жағынан қысылмай өмір сүргеніңмен бәрі-бір күнде көзіңе Қазақтар шоғырланып көрінбегесін адам жалтақ өмір сұресің бөтен ұлттардың арасында, бөтен мемлекетте. Қазақстанда тұрып қана бақытты боламыз барлығымыз. Шет елге көшіп кету деген еліңді менсінбей көшіп кету деген мағына. БАсқа ұлттар сиақты көп емеспіз, сондықтан басқа елге көшсеңіздер түбінде Қазақ болмайсыңдар, сол елдің халқына сіңіп сол елдің ұлтын көбейтесіңдер.
Өздеріңді ғана емес, балаларыңды да ойлаңдар. Өзге елде көзге шыққан сүйелдей боп жүрмесін...
Көшіп кеткендер туралы, расымен де, отанын менсінбей кеткендер деген ой туады менде. Бұлай емес те шығар, кім біледі. Мен де Стамбулға көшер едім, бір жаққа көшу керек боп бара жатса. Ал, бірақ, өз еліңе жетпейтін шығар өзге жер.
Құса боп кетермiн мен басқа елде ).
Қазақстаннан көшіп Қазақияға барсам ғой...

Фараби, ол қай жақ тағы?


өзім шығарып алған бір әлем да. Туған топырақтан әр асып кете алмаймын, топырақ болып қала бергім келеді...