Опера тыңдағанды ұнатасыз ба?
Кейбір жандар опера тыңдамайды. Терең түсіне бермейтіндіктен болар, оны "айқай салумен" шатастырып жатады. Өз басым, операны қатты сүйемін. Себебі, театрда өскен баламын.
Ең алғаш рет "Біржан-Сара" операсын тыңдаған едім. Өте ұнады.
Ал сүйікті операларым "Аида", "Травиата" және "Қыз Жібек".
Сіз опера тыңдағанды ұнатасыз ба?
опера тіліне үйрену керек ед
"Жарғанат" операсы ұнайды.
"Қыз Жібек" операсына барғым келіп жүр. Көп болды тыңдамағалы
Ассалаумағалейкүм! Шыны керек, операға барып көрмеппін. Көңілім театрға байланып қалған, сірә. Операға жетектеп апаратын адам болмаса, онда аяқ баспайтын секілдімін. Мәселен, теледидардан оркестрлік ансамбльдердің шығармашылық кештерін көргенде, еш әсер алмайтынмын. Бірақ Қазбек Сағидолда бауырым "Құрманғазы" оркестріне тегін билет әкеп беріп, барып көргенімде, керемет әсер алып, катарсис болдым. Бәлкім, операға да апаратын адам болса, барып әсерленер ме едім. Билетін, әрине, өзім сатып алам ғой!
"Травиата" операсын тыңдап қайттым жақында
Ана жолы "Біржан-Сара" операсын тыңдадым, атақты "Астана Опера" актерларының орындауында) өте ұнады, енді ылғи барып тұрамын деп едім, қол тимей жүр. Жақында "Абай" жаңа нұсқада ұсынылады дегенді жарнама оқыдым, бұйырса, соған баратын шығармын
мен смокинг киіп барып қасыа қызымды ертіп барғым келеді. Бағасы қанша болады?
Кеше "Абай" операсының жаңа қойылымына бардым, Италияның иісі аңқиды))) жалпы көруге кеңес берер едім
Опера керемет қой
Бала күнімде мынаусы несі деп ойайтынмын, ал қазір бір тыңдауға ынтық боламын да тұрамын...