Саяхат кезіндегі қызықтар

Бәріміз алыс жолға шығып көрген шығармыз. Қандай қызықты оқиғаларды бастан кешірдіңіз? Солар жайлы әңгімелесейік.

Мен Алакөлге барғанда, қанша уақытта жететінімізді білмеген едім. 9 сағ шамасында деп ойлап, автобуста отырғам. Солай 17 сағатта әрен жеттім. Жейтін тамағым мен ішетін суым бітіп, не істерімді білмей, аң-таң болып, үйге қайтқым келіп кетті...
Ұзақ жолға автобуспен шыққан сондай жаман. Не істеріңді білмей кетесің ғой. Түнде, жарайды, әйтеуір, бір көз іліп аласың. Күндіз ше? Мазаң кетеді :shock:
Керсінше,саяхаттағанды қатты ұнатам. Мәскеуге барғанымызда қайтар жолда рейсіміз бөгеліп әуежайда әбден аралағанымыз есімде, біреулер көрпешелерін төсеніп еденге ұйықтап та жатыр...
Астанадан қайтар жолда бір ерлі-зайыпты адамдармен бір купеге түстік, апай ішіп алған күйеуіне түні бойы ұрсып қайтты, сол сөздерді ешқашан ұмытпайтын шығармын)
[youtube:3hktobht]http://www.youtube.com/watch?v=jhFqSlvbKAM[/youtube:3hktobht]
Бәріміз алыс жолға шығып көрген шығармыз. Қандай қызықты оқиғаларды бастан кешірдіңіз? Солар жайлы әңгімелесейік.

Мен Алакөлге барғанда, қанша уақытта жететінімізді білмеген едім. 9 сағ шамасында деп ойлап, автобуста отырғам. Солай 17 сағатта әрен жеттім. Жейтін тамағым мен ішетін суым бітіп, не істерімді білмей, аң-таң болып, үйге қайтқым келіп кетті...

Қай жағынан бардыңыз, Үшаралдағы Алакөлге ары кеткенде 12 сағатта барады, ал Мақаншы жағы болса 14-15 сағат емес пе?