Қандай кітап оқып жатырсыздар? / Что читаем?
Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" романын оқып жатырмын. Соны оқып тауыса алмай жүрмін. Интернетке уақыт табылады да, кітапқа неге уақыт табылмайтынын...
Эрнест Хэминугейдің шығармалар жинағын оқып жатырмын: "Қош бол, майданды" оқып бітірдім, енді "Шал мен теңізді" оқу үстіндемін)
Наталья Нестерованың "Мені естімейсің" ("Ты не слышишь меня") кітабын бітірдім. Жеңіл, қарапайым тілмен жазылған кітап екен. Бір оқиғаны қыз бен жігіттің екеуі қалай қабылдайтыны жеке-жеке айтылады. Дегенмен жазушының адам көңіліндегі ойды дөп басатын қасиеті бар екені байқалады. Кейіпкерді оқып отырып: "Мынау тура мен ғой!" деп ойлап, сүйсініп қаласың. Автордың өзі суретші әрі ұстаз екен. Рас, жазушылық шеберлік тұрғысынан қарағанда, Виктория Токаревадан кейін біраз жұтаң болып қалады. Бірақ О Генри сияқты оқиғаны мүлде ойламаған желімен бітіру шеберлігі қызықтырды. Бір сенбі-жексенбіде әсіресе, қыздарға оқып шығуға кеңес беремін.
Өткен аптада Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романы бітірдім. Қазір Әбдіжәмил Нұрпеисовтың "Сең" романның бірінші кітаптың қайта оқи бастадым, өйткені қатты ұнап тұр. ия, бәлкім, біле шығарсыздар, "Сең" романның екінші кітабін қайда оқуға болады? Бұл кітаптың шығуын естідім, бірақ таба алмай жүрмін. Немен бітеді екен...қызық.
Мұқағали Мақатаевтың "Жылап қайттым өмірдің базарынан" атты өлеңдер жинағын оқып жатырмын. Өлеңдерін бірінен соң бірін оқи бергің келеді. Мұқағали ақынды өзім үшін ашып отырмын...
Легенда о "Nomenclatura" мен "Думай и Богатей" деген кітаптарды оқып жүрмін.
Мен Мұхтар Мағауиннің Шыңғысханын оқып жүрмін
uw kitap birden okip w tilde )))) el bain koldaimingo)))))))))))
Оливия Уэдслидің "Честная игра" деген романын оқып жүрмін...
Тұрсын Жұртбайдың "Дулыға" деген еңбегін.
Армандо Техада Гомасты оқып жүрм