Қандай кітап оқып жатырсыздар? / Что читаем?

Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" романын оқып жатырмын. Соны оқып тауыса алмай жүрмін. Интернетке уақыт табылады да, кітапқа неге уақыт табылмайтынын... :roll:

шынымды айтсам орысша кітап оқысам тез жалығам ...себебі оқып отырып тусінбеген жерімді мамамнан сурайм,сосын қайта оқим ішім пысып кетет...бірақ Абай жолы 1-томын бастадым ....күнде 10-20 кейде 30-40 бет оқып журем....оқып отырып басым аурып кетет ... :roll:
айтыңыздаршы алма ағашы ма әйтеубір алма деген аты бар.сол әңгімеде соғыз кезіндегі жас балалар туралы екен.сол шығарманың авторы және аты қандай,білесіздер ме?
Оливер Твистті ағылшын тілінде оқып бітірдім. Енді Ұлы Гэтсбиді де ағылшын тілінде оқиын деп жатырмын. Жазға оқуға берген кітаптары ғой, апайдың) Тізімде 20-30шақты кітап бар((
О Генридің әңгімелер жинағын оқып жатырмын.
айтыңыздаршы алма ағашы ма әйтеубір алма деген аты бар.сол әңгімеде соғыз кезіндегі жас балалар туралы екен.сол шығарманың авторы және аты қандай,білесіздер ме?


Жабай алманы айтып отырған боларсыз. Тамаша шығарма!
Қазір ағылшындық жазушы Адам Джексонның "Десять секретов здоровья" атты кітабын оқудамын. Орыс тілінде болғаныменде, тамаша кітап. Шынайы денсаулықтың құпиясына қол жету арқылы бақытты ғұмыр кешудің кілтіне қол жеткізесіздер. :!:
Алексей Иванов "Географ глобус пропил" кітабын оқып жатырмын. География пәнінен сабақ беретін ер мұғалім Служкиннің өмірі туралы айтылады.
Қазір Орхан Кемальдың "Тәлкекке түскен тағдыр "романын оқып жатырмын.
Ақбота Мусабекқызының соңғы блогынан кейін қандай кітап болды екен сонша деп Лира Қоныстың "Құлпынай қосылған балмұздағын" іздеп, оқыдым. Қазір Дулат Исабековтың "Дерменесін" бітіріп, "Тіршілігін" оқып жатырмын ;) Повесьтері керім екен.
Кеше Жаклин Сандтың "Мадам Флер" романын оқуды бастадым. Өзі кішкентай 300 беттік кітап екен, бір кеште ортасына дейін оқып тастадым. Кітап мен сияқты шытырман оқиғаларды, атыс-шабысты сүйетіндерге арналған. Өнертапқыш Анри Жиффар дирижабль ойлап тапқанын біреу білсе, біреу білмес. Сол кісі кітапта дәл сол өмірдегі атымен басты қаһарманның бірі ретінде көрінген. Өнертапқыш күнара ішіне қоқан-лоққы жазылған біртүрлі хаттар ала бастайды. (О Генридің "Қызылтерілер көсемі" атты әңгімесіндегі екі адамның Эбенезер Дорсеттің баласын үңгірге апарып, оған қоқан-лоққыға толы хат жазатын жері есіме түсті. Бірақ бұл роман оқиғасы әлдеқайда қатыгез. Әсіресе, оқ атылған тұста... ) Бірақ өзі қанша мән бермеуге тырысса да, оның ақсүйек досы бұл хатқа бей-жай қарай алмайды. Соңында аңдып отырып, кезекті хатты әкеліп, өнертапқыштың үйінің жанына тастай берген адамды көріп, қатты таңырқайды! Ар жағын айтпаймын )))