Ақиқат пен аңыз. Әзілхан Нұршайықов

I
Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдің аяқ кезі болса да, астана
ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес
градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны
бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше
жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшендер көп
кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай
басатын болыпты.
Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар
айқын анғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов
көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.
Комсомол көшесінің киылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін,
үйлердін номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста
болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа карай бер деп
түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ак сырмен 117
деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.
Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды
әлдебір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жаткан
ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл
осындай болып, көңіл кобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін,
дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.
Сыртқы есіктен ішке кіріп, үшінші қабатқа көтерілдім. Мен іздеп келген 6-пәтер
баспалдақтың сол жақ түкпірінде екен. Есіктің коңырауын іздеп, алғашында таба
алмадым. Аныктап қайтадан қарасам, есіктің топса жақ жақтауында көзге көрінер-көрінбес
боп, түймедей ғана коңырау кнопкасы тұр екен. Ішке хабар жіберіп, ақырын соны бастым.
Содан соң дәл келдім бе екен деп ойлап сағатыма қарасам - он болыпты.
Ішкі жақтан сөйлеп жүрген әйел даусы естілді. Маған есік ашуға келе жатқан кісі
болар деп, сәл шегініңкіреп тұрдым. Бірақ есік ашылмады. Мен кнопканы қайта бастым.
Осы кезде есіктің дәл ар жағынан шылдыр ете қалған қоңырау үнін естідім. Сонда ғана
басыма алғашында қоңырауды қатгы баспадым ба екен деген ой келді. Өйткені мұның
алдында дәл мұндай боп жақыннан шыққан қоңырау дауысын естімеген сияқты едім.
Әлде үйдің үшінші қабатына көтерілгенге жүрек алкынып, үй иесі қалай қарсы алар екен
деген сасқалақпен аңғармай қалдым ба, оны өзім де білмеймін.
... 1943 жылдың жазында біздің құрамамыз - 100-Дербес атқыштар бригадасы 2-
Балтық майданыньщ бір шетінен екінші шетіне ауыстырылды. Атап айтқанда Великие
Луки қаласының түбінен Ловать өзенінің жағасына барып жайғастық. Жорықпен жолда
кетіп бара жатқанымда менің қолыма «Знамя» журналының сол жылғы 5-номері тиді. Сол
журналда Александр Бек деген автордың «Панфиловшылар алғы шепте» атты повесінің
басы жария-
ланған екен. Мен онда Бек дегеннің кім екенін білмейтінмін, ондай жазушы барын да
естімеген болатынмын. Бірақ Панфилов дивизиясын, одан шыққан 28 батыр есімдерін,
Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаров сол дивизияның түлектері екенін жақсы
білетінмін. Сондықтан болар, мен бұл повестен бас алмадым. Күндіз тоқтай қалғанда
күннің жарығымен, түнде қонған жерде ай сәулесімен оқыдым. Оқыған тарауларды жол-
жөнекей жауынгер серіктеріме баяндап та отырдым. Содан соң, алғы шепке сол
журналдың 6-номері және келді. Панфиловшылар туралы повестің жалғасын түнде, ай
қараңғы болғандықтан, зеңбірек касына келіп отырып, аккумулятордың жарығымен
оқыдым. Повесть те бітті,
аккумулятордың да жарығы таусылды. Әрине, менің мұным тәртіп бұзғандық, тіпті қылмыс
еді.
Менің зеңбірегімнің жарығы таусылғанын взвод командирі лейтенант Полянңев ертеңінде-
ақ білді. Ол білген жоқ еді, мен өзім айттым. Зеңбірегімнің жарығын түнде кітап оқимын
деп тауысып алдым дедім.
Полянцев өте ашуланшақ кісі еді. Бірден айғайды салып, сыбап алды. Мен сені қазір атып
тастаймын деді. Бірақ атқан жоқ. Погонымды, мылтығымды, белбеуімді сыпырып алып,
үш тәулікке гауптвахтыға айдатты. Кылша мойным талша деп, қару кезенген солдаттың
алдына түсіп, желбегей шинелім салпандап, дивизион штабының қасындағы гауптвахтыға
қарай сапар шектік. Бұл бір көрмеген құқайым еді, оны да көретін болдым деп ойладым
ішімнен.
Позициядан шыға бере алдымыздан біздің батареяға қарай салт атпен келе жатқан
дивизион командирі майор Сахонь кездесті.
Майор Сахоньды біз генерал Панфиловтан кем көрмеуші едік. Тілі сақаулау болғанымен,
өте байсалды, ақылды кісі еді. Карамағындағы артиллеристерді офицерден бастап, әрбір
солдатына дейін білетін. Мен, айдауда келе жатсам да, екі қолымды жамбасыма
жапсыра ұстап, аяғымды көтере сермеп, дік-дік басып, мойнымды командир жакка бұрып,
салт атгы Сахоньның қасынан сәлем беріп өттім. Майор мені таныды да, атының тізгінін
тартты.
- Қане, тоқтандар, - деді артымда маған мылтық кезеп келе жаткан айдаушы
солдатқа.
Майор атының басын бұрып, қасыма өзі келді де:
- Аға сержант, қайда жол тартып барасың? - деді.
- Гауптвахтыға, жолдас майор.
- Не үшін?
- Зеңбірек аккумуляторын шығындап түнде кітап оқығаным үшін.
- Ол дұрыс болмаған екен.
- Кінәлімін, жолдас майор.
- Қандай кітап еді?
- Панфиловшылар туралы.
- Ұнады ма?
- Өте ұнады, жолдас майор.
- Момышұлының, оның басқа да жерлестерінің ерлігіне сүйсіндің бе?
- Сүйсінгенде қандай, жолдас майор!
- Мен де сүйсіндім. Ал сен ол кітаптың мазмұнын жолдаста- рыңа айтып бердің бе?
- Дәл солай, жолдас майор. Бүкіл батареяға баяндап бердім.
- Онда жігіт екенсің, аға сержант, - деді майор маған ат үстінен сығырая карап. - Сені
гауптвахтыға кім жіберді?
- Взвод командирі лейтенант Полянцев, жолдас майор.
- Ендеше мен сенен ол жазаны алып тастадым. Казір қайт та, взводыңа барып, өз
міндетіңе кіріс. Лейтенант Полянцевқа менің осы бұйрығымды айт.
Біз батареядан қырық-елу метр ғана алыстаған едік. Айдаушы солдат өз бетімен кетті де,
мен старшинаға барып погонымды, белбеуімді, наганымды алдым. Пилоткамның қызыл
жұлдызын қайта қадап басыма кидім де, асықпай аяндап, орман шетінде жауынгерлермен
сабак өткізіп жаткан взвод командиріне карай беттедім. Лейтенант мені көре сала
орнынан ұшып тұрып, бакырып коя берді.
- Сен неге сенделіп жүрсің әлі күнге дейін? - деп ақырды.
- Сенделгенім жоқ, түп-түзу келе жатырмын, жолдас лейтенант.
Оның аузы жыбыр-жыбыр ете түсті. Бұл оның мені әке-шешемнен сықпыртканы.
- Менің саған гауптвахтыға бар дегенім қайда?
- Орта жолдан қайтып келдім, - жолдас лейтенант.
- Кім право берді саған гауптвахтыға бармай кайтып келуге? Бұл үшін мен сенің көзіңе
көк шыбынды үймелетермін әлі.
Осылай деп ол қасында тұрған сержантқа бұйрық берді:
- Омарбаев, қазір мынаның белбеуін шешіп, погонын сыпыр да, дивизиондағы
гауптвахтыға айдап бар.
Мұқан Омарбаев амалсыз орнынан тұрып, аяғын сылбыр басып маған карай аяндады.
Мен оған «асықпа» дегендей белгі бердім де:
- Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас лейтенант, - дедім Полянцевқа қарап тік тұра калып.
- Үніңді өшір. Рұқсат етпеймін, - деді ол.
- Рұксат етпесеңіз, онда мен рұксатсыз баяндауға мәжбүр боламын...
- Өшір үнінді...
- Қазір, жолдас лейтенант. Сіздің бүйрығыңызды дивизион командирі майор Сахонь
жолдас бұзды, - дедім мен. - Майор осыны сізге айт және Полянцев жолдас дереу маған
келсін деді.
- Қайда майор? Сен бағанадан бері неге айтпай тұрсың ол кісінің шақырғанын?
- Айтайын деп едім, сіз маған сөйлеуге рұқсат бермедіңіз ғой, жолдас лейтенант.
Лейтенант пилоткасын түзеп киіп, қос бармағын белбеуіне сұқты. Гимнастеркасының
бырысканын артына қарай жиырды.
- Қайда жолдас майор?
- Позицияда.
Лейтенант орман шетіндегі зеңбіректер тұрған жерге қарай тұра кеп жүгірді. Барды да
майорға өзінің шақырту бойынша келгенін айтып рапорт берді. Майор мен лейтенанттың
барлық сөздері бізге анық естіліп тұрды.
- Зеңбірек командирін не үшін тұтқындадыңыз, жолдас лейтенант? - деп сұрады
майор.
- Түнде кітап оқимын деп зеңбірек шамын тауысқаны үшін, жолдас майор.
- Неге сүйеніп тұтқындадыныз?
- Уставқа сүйеніп, жолдас майор. Устав бойынша тәртіп бұзған жауынгерді үш тәулікке
дейін гауптвахтыға отырғызуға правом бар ғой.
- Әрине бар. Бірақ Уставтағы правоны дұрыстап пайдалана білу керек, жолдас
лейтенант. Ол сержант бір зеңбіректің отын өшіргенімен, сол оқыған кітабы арқылы
батареяның бар жауынгерінің жүрегіне от жақты. Уставта осы да есептелген. Сіз оны
ескермегенсіз. Өзіңіз батальон командирі Момышұлы туралы кітапты оқыдыңыз ба?
- Жок, жолдас майор.
- Ендеше, оны оқымағаныңыз үшін, мен сізді үш тәулікке үй тұтқыны етіп қамасам
қалай болар еді? Бұл да менің уставтық правом ғой. Сонда сіз ол кітапты оқып шығарсыз
деп ойлаймын.
- Кұп, жолдас майор, үш тәулікке үй тұтқыны болуға. Бірақ ана кітапты қайдан
аламын?
Оны өзіңіз тұтқындаған сержанттан сұраңыз... Мен сізге арест жарияламаймын,
лейтенант. Бірак бұл есіңізде болсын.
Осыдан кейін «Знамя» журналының мендегі екі номері қолдан-қолға көшті. Каршадайынан
батырлар жырын жаттап өскен қазак балалары бұл повесті өлеңдей жаттап алдық.
«Фамилиясы жоқ адаммен»-батальон командирі Бауыржан Момышұлымен біз майданда
осылай танысқан едік. Оның ерлігіне, батылдығына, тапқырлығына, сонымен бірге
адамгершілік асыл қасиеттеріне сүйсіндік. Егер өтірік жазсаң алдымен сол қолынды, одан
соң оң қолынды шауып тастаймын деп, қылышын жарқ еткізіп қынабынан суырып алып,
жазушыға серт қойған сәті әрқашанда жадымызда жүрді. Оның Боранбаев есімді корқақты
жазалағанын да жөн көрдік. Оның Бозжанов, Рахимов сияқты серіктерін де
өзімізге үлгі тұттық. Командирлеріміз Бауыржандай қатаң, қаһарман болуға тырысты. Біз,
солдаттар, Бауыржандай батыр, батыл болуға ұмтылдық. Бәріміз де Момышұлын бір
көрсек, тілдессек-ау деп арман еттік. Бірақ мен Бауыржанмен соғыста кездесе алмадым.
Ал онымен соғыс біткеннен соң 18 жыл кейін, онда да тек телефон аркылы ғана
тілдесуіме тура келді.
Момышұлы әскерден босап, Алматыға келгенде мен Павлодарда кызметте
болатынмын. «Бауыржан отставкаға шығыпты», «Бауыржан пәленшеге былай депті»
деген сияқты ұзынқұлақ хабарларды естігеніміз болмаса, көпке дейін онымен жүздесу сәті
түспеді. Алайда мен киын күндерде пір тұтқан адамым болғандықтан жүрегімдегі оған
деген сонау солдат кезеңнің ыстық сезімін суытпай сақтап жүрдім. Оның үстіне
Момышұлының «Біздің семья», «Жауынгердің тұлғасы», «Москва үшін шайқас» атты
кітаптары бірінің соңынан бірі шығып, менің оған деген сүйіспеншілігімді бұрынғыдан да
арттыра түсті. Момышұлын бұрын командир ретінде кұрметтесем, енді жазушы ретінде
және жақсы көре түстім.
1961 жылы мен Алматыға ауыстым. Сол жылдың жазында Қазақстанның 40
жылдығын тойлау белгіленді де, соған арнап газетіміздің мерекелік қосымша номерін
шығармақ болдық. Мерекелік номерге басқа авторлармен бірге Момышұлының да
мақаласы жоспарланды. Редактордың орынбасары ретінде қосымша номерге жетекшілік
ету маған жүктелген-ді. Мақаласын ұйымдастыратын авторларды редакция
қызметкерлеріне бөле келгенде жұрттың бәрі Бауыржаннан кашқалақтап, онымен
байланыс жасаудан тайсалақтай берді. Мен оның себебін түсінбедім.
- Ол кісімен сөйлесу қиын, - деді партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі ақын
Құрманғали Ұябаев, - көңілі түспесе ұрсып тастайды, сөйлеспей қояды. Жігіттер
сондықтан батпай отыр. Ол кісімен өзіңіз сөйлескеніңіз дұрыс.
Акыры Бауыржанның үйіне менің телефон соғуыма тура келді. Ар жақтан трубканы
әйел алды. Әйелмен сәлемдескеннен кейін мен Баукең үйде ме деп сұрадым.
- Үйде. Бұл қайдан? - Мен қайдан екенін айттым. Әйел «казір» деп трубканы тастап
кетіп калды.
- Мен тындап тұрмын, - деді бір кезде еркек дауысы трубканы жарып жібере жаздай
гүр ете түсіп.
- Сәлеметсіз бе, Бауке.
- Сәлемет.
- Бұл «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясынан ғой, - дедім мен шапшаңдата
сөйлеп, әскери адам жіті, қысқа, нак сөйлегенді ұнататын болар деген оймен. Содан соң
лауазымым мен фамилиямды айттым да, бірден бұйымтайға кірістім. - Мерекелік номерге
сіздің мақалаңызды жоспарлап едік. Соған...
- Тоқта, фамилияң кім сенің? - деді Бауыржан менің жоғарыда айтқандарыма мән
берместен.
Мен фамилиямды қайталап айттым.
- Мен ондай адамды білмеймін, - деді Бауыржан сөзін нығыздай сөйлеп. - Мен сізбен
сөйлеспеймін...
Бұл күнге дейін мен газет атынан сөйлескен кісіге мұндай жауап берген адамды
кездестірген жоқ едім. Аудан, облыс, өлке басшыларымен емін-еркін сөйлесіп, тілек-
тапсырмамызды бірден айта беретінбіз. Үлкенді-кішілі журналистермен сөйлеспейтін,
олар-
дың өтінішін орындаудан бас тартатын ешкім болмайтын. Момышұлы мандайдан тарс
еткізіп, екі сөзге келместен, трубканы ілді де тастады.
Абыржып, аң-таң болып мен қалдым. Ақыры: жазушы ағайындардың жазғанын ғана
окып, атағына алыстан сүйсініп жүре беру керек екен-ау. Оларды көрсем, білсем,
тілдессем деу бекершілік екен ғой. Қайта солардың мінез-кұлқын, жеке өмірін білмей-ақ
қоюдың өзі абзал шығар деп түйгенмін де қойғанмын.
Әрине, Момышұлы жоғарыда аталған мақаланы бізге жазып беріп, ол қосымша
арнаулы номерде жарияланды да. Менімен сөйлеспегені үшін Бауыржан артынан ғапу да
өтінді. Дегенмен, жүрегім сол жолы май ішкендей шайлыққан мен осыдан кейін
Момышұлына жоламайтын да, жуымайтын да едім. Аман-сау, абыройлы болуына сырттан
тілектес көптің бірі болып жүре беретінмін. Мінеки, бүгін келіп мен сол адамның есігін өзім
қағып тұрмын.
- Әй, ашсаңшы, - деп гүр ете калған зор дауыс естілді менің коңырауымнан кейін.
«Бұл мықтының өзі болды» дедім ішімнен.
Есік ашылды. Үстіне аяғының басына түсе сүйретілген гүлді көк халат киген сұңғак бойлы,
сымбатты әйел карсы алды. Бұл - Бауыржанның жұбайы Кәмәш. Батырдың әйеліне бас
идім де, кіруге рұқсат сұрадым.
- Кіріңіз.
Кірсем, есіктің дәл қарсысында кухня бар екен. Соның төрінде таңертеңгі шай үстелінің
басында, ескі әскери кительді иығына желбегей жамылған, үстіне қайырма жағалы,
омырауы ашық, сарғыш түсті кейлек, жолақты жұқа шалбар, аяғына жасыл тапочка киген
Бауыржан отыр екен. Үстел басында еңсесін тік ұстап, еті қашқан иегін сәл көтере түсіп,
сырттан кірген кім екен деп, есікке тесірейе қарап отырған ол бір сәт маған шығыңқылау
бет сүйегін, суалыңқылау ұртын, салбыраңқы мұртын, кісіге тайсалмай тіке қарайтын,
қарағанда жанарынан ұсақ-ұсақ ине шашырап жатқандай боп көрінетін сәл қысықтау көзін,
қара жартастай қасқиып тік жажан мандайды шимайлаған жол-жол әжімдерін әлдебір
шебер қол гранитке айқындай қашап, айнытпай түсірген аса бір сұсты, сол сұстылығымен
тартымды көрінетін тас мүсінге ұксап кетті.
Табалдырықтан атгағаннан кейін мен оң қолымды кеудеме басып:
- Бауке, сәлеметсіз бе? - дедім.
Бауыржан үндемеді. «Бәлей, бүлдірдім-ау. Ассалаумағалейкум деп айтпағаныма
кырсығып отыр ма?» - деп мен де үнсіз тұрып қалдым. Бауыржан өзіне сәлемді қазақша
бермеген адамдарды үйінен қуып шығады екен деп естігенім болатын. Және ондайда
бірден: «Кругом! Шагом марш!» деп айтады екен депте еститінмін.
Маған да солай етер ме екен деп қатты қысылып тұрдым.
Осы арада Бауыржанның тілшілерді қабылдауына байланысты жұрт аңыз етіп
айтатын екі оқиға ойыма сап ете қалды. Бірде Момышұлына радиодан магнитофонын
арқалап тілші келеді. Тілші шашын әйелше қоя берген жас жігіт екен.
- Әй, сен кімсің? - дейді Бауыржан оны көрген бойда.
- Радиожурналистпін, ағай. Сізбен сөйлесейін деп келіп едім.
- Өзің әйелмісің, еркекпісің, мен сонынды айт деп тұрмын саған.
- Еркекпін, ағай.
- Кругом! - дейді Баукең оған ежірейіп. Сасқан жігіт ұршықша айналып кейін бұрылып,
есікке қарап тұрады. - Сен еркек болсаң, онда шашынды еркекше алдырып кел. Марш!
Жігіт салы суға кетіп кеңсесіне қайтады. Қыскартайын десе шашын қимайды,
қысқартпайын десе - тапсырма қинайды. Сөйтіп жүргенде бір күн өте шығады. Ертеңінде
оны бастығы шакыртады.
- Момышұлымен әңгіме дайын ба? - деп сұрайды бастық.
- Жок.
- Неге?
- Шашыңды еркекше алдырып келмесең, сенімен сөйлеспеймін деп куып шықты.
- Шашынды неге алдырмайсың?
- Кимаймын.
Бастық ашуланады.
- Ол материал программада тұр. Шашың тұрғай басынды алдырсаң да бүгін материал
осында болсын! - деп бұйырады ол жігітке.
Жігіт амалсыздан шаштаразға барып шашын жұқарттырады. Содан соң Бауыржанға
қайтадан барады.
Екінші аңызда Бауыржан Кубадан келгенде бастығы Момышұлынан интервью әкел
дегенде бір журналистің «Мені Бауыржанға жұмсағанша тордағы арыстанның жалынан бір
сипап қайт деп бұйырыңыз» дегені айтылатын.
Осы екі оқиға есіме түскенде менің одан сайын берекем қаша бастады.
- Мұнда кел, - деді Бауыржан даусын жылытпастан маған тесірейе қараған күйі. Әлі де
қуып шығар, шыкпасына көзім жетпей сақтана басып қасына барғанымда Бауыржан қолын
ұсынды.
- Аман-есенбісің?
- Шүкір, Бауке.
- Отыр,-деп менің арт жағымдағы бос орындықты нұсқады

VI
Он үшінші номерлі штурмовикпен Талгат тапсырма орындай бастады.
Бірнеше жауынгерлік сапар сәтті аяқгалды. Бір күні Талғаттар «Демьян қапшығына»
түскен жау шебін ойсырата бомбалап, өз аэродромына қайтып келе жатты. Жолда оларға
жаудың
бірнеше истребителі тап берді. Совет штурмовиктері жан сауғалап, жер бауырлай ұшуға
мәжбүр болды.
Бір истребитель Биғелдиновтың соңынан түсті. Пулеметтен бытырлатып атып келеді.
Штурмовиктің жан-жағы жау оғынан шұрқ-шұрқ болды. Оған қарай совет самолетінен оқ
атылмады. Осыған карап жау ұшқышы штурмовикте атқыш-радист жоқ
екенін білді де, енді мен мұны жетектеп әкетейін деп ойлады. Талғаттың самолетімен
қатарласа беріп ол: «Кері бұрыл, менің алдыма түс!» дегендей ым жасады. Бұл
бұйрығымды қалайда орындайсың дегендей, ыржиып күлген болды. Талғат басын
шайқап, сұқ саусағын алға созды. Бұл оның: керек болса өзің түс, мен сенің алдыңа түсе
алмаймын дегені еді.
Фашист ұшқыш қатуланып, машинасын кері бұра бастады. Самолеттің
шапшандығын тежеу үшін салақтатып доңғалағын шығарып жіберді. Сөйтіп ол Талғаттың
артынан келіп, асықпай жәукемдемекші болды. Талғат осы кезде штурмовикті шұғыл
бұрып, бүйірден кері қарай өтіп бара жатқан истребительді нысанаға алып, оқты төгіп-
төгіп жіберді. Жау истребителінен бұрқ етіп қара түтін будақтады. Сол түтінді шұбатып
барып, ол біздің жерге қонды. Талғат қатты зақымданған самолетін әрең басқарып,
аэродромға қарай тартты.
Бұрын шабуылды тек истребительдер ғана жасайды. Штурмовиктер олардан
жер бауырлай қашып, құтылуға тырысуы керек деп есептелуші еді. Авиацияда
қалыптасқан бұл қағиданы Талғат бірінші боп бұзды. Ол штурмовикпен истребительге
шабуыл жасады. Жасағанда оны жеңіп, жерге түсірді. Бірақ мұны Талғат ешкімге айтып
жатпады. Бұл сапарда бірнеше жауынгер серіктерінен айрылып қайғырып қайтқан ол
жаудың бір самолетін құлаттым деп мақтану парықсыздык болар деп білді.
Ертеңіне оны полк командирі шақырды.
- Кеше кешке он үшінші номерлі машинамен тапсырмадан қайтқан сіз бе?
- Мен, - деді Талғат.
- Жолда жау истребителін құлаттыңыз ба?
- Құлаттым.
- Оны неге айтпадыңыз, сержант?
- Олар біздің бес самолетімізді құлатып кетті. Ал мен олардың бір самолетін
бүлдірдім деп мақтанғым келмеді, жолдас полковник.
- Сіз қандай жауды құлатқаныңызды білесіз бе?
- Жоқ.
- Ол Европа аспанында жүз сегіз самолет атып түсірген фашистердің ең
атақты ұшқыштарының бірі екен.
- Ол жүз сегіз самолет атып түсіргенімен, менің құлатканым бір-ақ
самолет қой, жолдас полковник.
- Сізге армия қолбасшысының атынан және өз атымнан алғыс
жариялаймын.
- Совет Одағына қызмет етемін!..
Міне, Талғат айтқан сегіз ерліктің ең алдымен есіме түскені осы еді.
Автор. Бигелдиновпен бір рет әңгімелескенім бар еді, Бауке, - дедім
Бауыржан бұрқ еткізіп аузынан түтін шығарған кезде. - Бір блокнот етіп жазып та
алғанмын. Ол кезде көзі тірі Совет Одағының Батырларымен әңгімелесіп, олар жайында
көркем очерктер жазсам, «Біздің батырларымыз» деген атпен жеке кітап етіп жарияласам
деген ойым болушы еді. Кезінде Ұлы Отан соғысына байланысты көптеген кітаптар жинап,
оларды оқып та жүрдім. Мәселен, Талғатпен әңгімеден кейін оның майдан қолбасшысы
Совет Одағының Маршалы И.С.Коневтың «Майдан қолбасшысының жазбалары» деген
кітабын оқып, оның 5-ші әуе армиясының қолбасшысы генерал С.К.Горюнов пен І-ші
штурм авиациясы корпусының командирі генерал В.Г.Рязановтың аттары аталған
жерлеріне «Б.Т.» деп белгілер соғып отырдым. Бигелдинов қызмет еткен 144-ші штурм
авиациясы полкы генерал Рязановтың корпусына қарайтын да, ал ол корпус генерал
Горюнов армиясы-
ның құрамына кіретін. «Б.Т.» белгісі «Бигелдинов Талғат» дегенім, оның ерлік
соқпақтарының сүресін осы тұстардан іздеймін дегенім болатын. Ішінде талай
солдаттардың, генералдардың, бір рет батыр атағын алған ерлердің де аттары аталатын
Отан соғысының жанды документі бұл тамаша кітаптан Совет Одағының Батыры атағын
екі рет алған Бигелдинов есімін кездестіре алмай, әттеген-ай, ақсақал 1945 жылы
Москвада болған Жеңіс парадында өзінің қасында І-Украина майданының жеңімпаз туын
желбірете көтеріп
өткен Талғатты есінен шығарып алған екен-ау деп, алғашында ептеп өкініп те қалғанмын.
Бірақ майданда атақты адамдар көп, оның бәрін бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес қой деп,
өзімді өзім және жұбатқанмын. Бірақ мен тірі батырлармен тілдесіп жазсам деген ол
кітапты
жазбадым. Өйткені уақытында оның жөн екен деген ешкім болмады. Оның керісінше,
әркімдер: оларды іздеп әуре болып қайтесін, одан да ойдан алып роман жазбайсың ба
десті. Ақыры мен ол ойымнан ажырап қалдым. Айтқанды ғана істеп, айтпағанға аяқ
баспау деген әдет біздін жазушыларда да бар ғой. Баспаның жоспарына ілінген нәрсенді
ғана іс етуге дағдыланып алдық емес пе?
Бауыржан. Ол сенің табансыздығың. Ойға алған ісіңді орындаудың
қиындығынан қашып, оңай іске ұмтыла берсең, оған өзіңнен басқа ешкім де кінәлі емес.
Понятно тебе? Онда менің шаруам жоқ.
Бұл сөзді бекер бастаған екенмін деп ойладым да, мен тезірек ол әңгімеден
аулақ кетуге тырыстым.
Автор. Талғат ең алғашында Калинин майданында болған екен. Старая Русса
мен Демьянскідегі дұшпанды бомбалап, жердегі сіздерге ол көктен көмектескен керінеді.
Бауыржан. Білемін. Ал сен оның біздің әскерлер Берлинге такағанда жападан-
жалғыз Берлинге ұшып барғанын білесің бе? - «Білемін» десем, тағы бір пәлеге қалармын
деп қауіптендім де, «білмеймін» дедім. - Білмесең ол фашистер соғыс бастағаннан кейінгі
төрт жыл ішінде Германия астанасына кірген бірінші совет адамы, бірінші қазақ!
Талғаттың Берлинге сондағы сапары бірі иіріліп, бірі басын қақшитып аспанға көтеріп, бірі
тілін қайраған қанжардай жалақтатып, бықып жатқан ордалы жыланның ордасына жалаң
аяқ жүгіріп кіріп, олардың былқылдаған мұздай суық денесін тұла бойың түршіге
табаныңмен таптап өте шығумен пара-пар. Бір жылан шағып қалса, шаруаң бітті емес пе?
- Бауыржан
мұрты тікірейе, бажырайып маған карады. Мен басымды изедім. Ол орнынан тұрып,
этажеркаға қолын созды. - Білмесең мына кітаптың мына жерін оқы қазір! - Бауыржан
бетін ашып, қолыма ұстатқан кітаптың сыртына қарасам, Талғат Бигелдиновтың
«Аспандағы айқастар» деген кітабы екен. Бұл кітапты бұрын оқығанмын деп айтуға
батылым бармады да, Баукеңнің көрсеткен жерінен бастап, күбірлеп оқи бастадым. -
Дауысынды шығарып оқы! - деді ол қатаң үнмен.
Мен кітаптың 108-бетінің басынан бастап, дауыстап оқуға кірістім.
VII
«Майдан шеті Берлинге жүз алпыс километр қалған. Біздің полк шағын бір
қаланың қасына орналасқан-ды. Гитлершілердің бекінісін бұзуға жер бетіндегі
әскерлерімізге көмектесіп, біз шабуылға күн сайын ұшып тұрдық.
Бірде таңертең полкқа генерал Рязанов келе қалды. Кешікпей оған мені
шақырды. Кіріп келіп баяндадым. Корпус командирі менімен амандасқан соң, «отыр» деді.
- Планшетіңізді көрсетіңізші, - деді генерал.
Планшетімді ашып, картаны көрсеттім. Рязанов қарап отырды да:
- Е, картаңыз жетпейді екен, - деді.
- Неге жетпейді? Майдан шетінен әрі елу километрге әбден жетеді.
- Жетпей жүрер.
Генерал маған барлай қарады да, полк штабының бастығы подполковник
Ивановқа:
- Капитан Бигелдиновтың планшетін алыңыз да, тағы да бір парақ
жапсырыңызшы, - деді.
Штаб бастығы бұл бұйрықты орындап болғанға дейін корпус командирі
самолеттің жайын, өз көңіл күйімді сұрастырды. Мұның не қажеті бар екен деп түсіне
алмай отырмын. Сол екі арада планшетім қолыма тиді де, онда енді Берлиннің картасы
пайда
болғанын көрдім.
- Луккенвальде жағынан Берлинге барасыз, - деді генерал әр сөзін сараптап,
салмақтай сөйлеп. - Қаланың батысында көпір бар. Соны тексеріңіз. Одан әрі - Потсдам.
Онда не болып жатқанын көргейсіз. Сонсоң үйге қайтыңыз. Үшудың биіктігі елу-сексен
метрден аспасын. Міндет түсінікті ме?
Міндет түсінікті еді. Мені ойға қалдырып отырған ұшудың өлшеулі биіктігі ғана.
Барлауға сан рет шығып жүріп, биіктік туралы ешқашан сөз болған емес-ті. Әдетте
жағдайға қарай өзім қалаған биіктікте ұша беретінмін. Енді болса...
- Сізді биіктік жөніндегі нұсқау ғой ойландырып отырған, - деді менің
көкейімді тани қойған генерал. - Таңырқамай-ақ қойыңыз. Бұл жолғы сапарыңыз өте қиын
болғалы тұрғандықтан ұшуыңызға ең қауіпсіз осы биіктік.
Иә, бұл бір қиын сапар екені рас көрінеді. Жау ордасына жалғыз өзім жүз
алпыс километр ұшып баруым керек. Және мұның өзі тапа тал түсте. Берлинді зенитті
артиллерия қызғыштай қорғап тұрғанын өзім жақсы білемін. Әрі түнде, әрі өте жоғары
биіктікте ұшқан бомбардировщиктердің де аман қайтқаңдары кемде-кем.
- Рұқсат етсеңіз, бір өтінішім бар еді, - дедім картаны жиып алған соң генералға қарап.
- Айтыңыз өтінішіңізді.
- Атқышсыз ұшуыма рұқсат етсеңіз.
- Неге?
- Үшу сапары өте қауіпті. Мен... - деп бөгеліп қалдым, - жолдасымның
өміріне қатер тенбесе екен дегендіктен айтып тұрмын.
- Мұндай көңілсіз ойлардың керегі не! - Рязанов қасыма келіп, қолын
иығыма артты. - Бәрі ойдағыдай аяқталады. Командование барлаудың нәтижесін күтеді.
Атқыш жөніне келсек, оны өз қалауыңыз білсін. Ал, жолыңыз болсын, капитан.
«Ильюшин» міне, әуеге көтеріліп те кетті. Төменде не көргенімді команда
пунктіне түгел үздіксіз баяндап келемін. Луккенвальде артымда қалды, Берлинге дейін
енді жиырма километрден аспайды.
Ойда жоқта тап алдымнан аэродром, онда самсап тұрған истребительдер
көрдім. Мәссаған!
Дереу қырын бұрылдым да, газды аямай беріп, қауіпті өңірден қаша
жөнелдім. Ағашы селдір орманның арасымен бірде жерге тие жаздап төмен, біресе
жоғары ұшып келемін. Аэродромнан аулақ кетейін деген жалғыз ғана ой бар басымда.
Неміс истребительдерінің әуеге екеуі ғана кетерілсе болды, мені оп-оңай жоқ қылады.
Сәті түсіп, әйтеуір, аэродромдағылардың көздеріне шалынбай кеттім.
Команда пунктіне едәуір мезет жауап бере алмадым да, ондағылардың мазасы кете
бастапты.
- Он үшінші, неге үндемейсіз? Он үшінші, неге үндемейсіз? - деген
үрейлі дауыс естіледі шлемофоннан.
Аэродромнан ұзап алған соң, байланысымды қайтадан бастап,
истребительдер жайын екі сөзбен хабарладым. Сөйтсем, бір жарым сағаттан кейін біздің
полктан екі эскадрилья келіп атака жасап, аэродром құртылыпты, самолеттер сол тұрған
орнында өртеліпті.
Берлиннің шет аймақтары көрінді. Бірнеше минут өткен соң орталық көшелер
үстімен ұшып келемін. Төменде қаптаған адамдар, машиналар. Скверлерде, алаңдар мен
сау тұрған үйлерде орнатулы жүздеген зениткалар. Иә, генералдың биіктік туралы
айтқаны дұрыс екен. Бес жүз - алты жүз метрге көтерілейінші, зенитчиктердің қағып
тастайтыны даусыз. Мына қалпымда «Ильюшин» зу етіп үстерінен өте шыққанша
олардың мойындарын
бұрып та үлгере алмайтындары анық.
Міне, көпірге де келдім. Оның үстінен төрт катар шұбап танктер,
бронетранспортерлер, жаяу әскер тиеген автомашиналар өтіп барады. Мұны команда
пунктіне хабарладым да, атака жасауға рұқсат алдым.
- Атака жасаушы болма! Қой оны! - деген қатаң дауыс естілді.
Шынында да атака жасасам өзімнің мерт болуым мүмкін еді. Жаяу әскерлер
сасқалақтамай қимылдады дегенше самолетті мылтықтың өзімен-ақ атып түсіре алады.
Өзің осындай барлауда жүргенде ондай тәуекелге бару орынсыз болар еді.
Бұрылып алдым да, Потсдамға тарттым. Менің келу сапарым немістерге
ойыншық көрінбеген болуы керек, Потсдам шетіне жете бергенде алдымнан кұлшына
атқылаған зениткалардың кәріне тап болдым. Жалт бұрылып, екінші жағынан енуіме тура
келді. Зениткалар мұнда да гүрсілдете қоя берді. Сонда мен үйге құр алақан қайтпақпын
ба? Жоқ, мен мұнда тектен текке ұшып келгемін жоқ.
Сәл жоғары көтерілдім де, артиллерия шебіне шүйіле құлдырап келген
бойда бомбалар тастап, зеңбірек пен пулеметтен оқ жаудырдым. Батареяның үні өшті.
Сол саңылаудан өте ұшып, Потсдам үстін бір айналып, артиллерия шептерін фотосуретке
түсірдім де, зениткаларға қайтадан атака жасап, арыздасып-қоштасып жатқан Гитлер
Германиясы астанасының төңірегінен сытылып шыға бердім.
Енді үйге қайтуыма болады. Берлинге қарап ұшқандағы ізіммен оралып
келемін. Тек аэродромды алыстан орағытып өттім. Оны біздің жігіттердің тып-типыл
еткенінен хабарым жоқ қой менің.
Майдан шетінен өттім. Енді көкіректі кере дем алуға да болады.
Орындығымның арқалығына шалқая кетіп, бір секундтай көзімді жұмдым. Сонсоң сағатқа
қарадым да, өз көзіме өзім сенбедім: барлау сапары көп болса 20-25 минутқа ғана
созылған
секілді еді, әуеде мен ұшып жүргелі бақандай екі сағат болыпты.
Аэродромға келіп, жерге қонуым сол екен, достарымның он шақтысы
жапырласа жүгіріп келіп, мені кабинадан суырып алды. Ұшқыштар, механиктер, атқыштар
мені аспанға лақтырып жүр. Әлдене күйге ұшырайды деп, достарымның зәре-құты
қалмаған екен.
Команда пунктіне қарай келемін. Генерал Рязанов сонда болатын. Мен ұшып
жүрген уақыттың бәрінде де ол радистің қасында отырыпты. Баяндадым. Генерал
құшақтап, бетімнен сүйді.
- Саған алғыс айтамын, Бигелдинов, - деді менімен тұңғыш рет «сен» деп
сөйлесіп. - Командование атынан алғыс айтамын! Одақтастар авиациясынан күндіз
Берлин үстіне алғаш ұшып барған сенің самолетің екеніне мақтануыңа болады!..»
Бауыржан. Жоқ, мұны жалғыз Бигелдинов қана емес, мына біз, біздің
болашақ барлық ұрпақтарымыз мақтаныш етеді! Бигелдинов Ұлы Отан соғысыңда қазақ
халқы ерлігінің ең жоғарғы нүктесі! «Еріне қарап елін, тасына қарап тауын таны» деген.
Біздің
еліміздің ерлігін ерекше танытқан халқымыздың ардагер ұлы ол. Совет Одағында ұлдары
екі рет ер атағын алған ұлт көп емес. Біз сол аздың біріміз! Сенбесең жан-жағыңдағы
көршілес республикаларға көз салып, саусағыңмен санап көр. Ендеше ол - біздің ұлттық
мақтанышымыз! Әскери әуе академиясын қазақтан тұңғыш бітірген сұңқарымыз да сол!
Мен саған 207 рет ұрысқа кірдім дедім. Бірақ мен неше рет ұрысқа кірсем де, табанымды
тіреп жерде жүрмін ғой. Жердің адамға әр бұтасы болысады. Жер - қазсаң қорғаның
болып және шыға келеді. Ал Талғат 320 рет әуе жорығына шығып, бес жүз сағаттай
аспанда болған. Сол сапарлар кезінде жаудың орасан көп танк, автомашиналарын
бомбалап құртып,
жүздеген жаяу әскерінің күлін көкке ұшырған. Жау самолетін жәукемдеу штурмовиктердің
шаруасы емес, истребительдердің сыбағасы. Ал Талғат штурмовикпен жүріп жаудың жеті
самолетін және жер жастандырды. Ал аспанда болған сол бес жүз сағаттың әр секунды,
компастың тіліндей қалтылдап, өлім мен өмір сызығының екі шетін кезек жанап, безек
қақты емес пе? Сонымен бірге ол екі рет оқ тиіп өртенген самолеттен жерге қарғыды.
Бірінде он бес күн бойы жау жайлаған жерде аш жүріп, ағаш кеміріп, аяқтан әл кеткенде
төрт тағандап ілгері ұмтылып, ерлікпен өз полкына келіп қосылды. Қоршауда қалған
батальон мен жалғыз кісінің арасы жер мен көктей. Көптің аты көп: біріне бірі сүйеу,
демеу,
күш, куат қой. Жалғыз адамның жағдайы басқаша. Олай болса нағыз ер деп, ердің де ері
деп сол Талғаттарды айтуымыз керек! Кеше, соғыстан бұрын, «Егер соғыс болса, егер жау
қаптаса» деп ән айтушы едік қой. Сол сияқты, жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, ертең
Отанға қауіп төнсе лек-легімен жауға аттанған қазақтардың ерлік туына есімі ұран болып
жазылатын ерлердің бірі Бигелдинов! Ендеше ондай ерді кұрметтей білуіміз керек! Бүгінгі
батырды қадірлеу ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау. Понятно тебе, - деп Бауыржан зірк
етіп сөзін аяқтады.
VIII
Бауыржанның әйелі тағы да есік ашып, ішке кірді. Біздің әңгімемізге бөгет
болғысы келмегеңдей, аяғының ұшымен басып келді де, Баукеңнің қасына бір буда газет
әкеп тастап, қайтадан шығып кетті. Тегі бүгінгі почта болуы керек. Ең үстінде жатқан
«Правдаға» көзім түсті де, Баукеңнің «Правда» редакциясында болып, жарты сағат сөз
сейлегені есіме түсті.
Бірде біздің жазушыларымыздың бірі Латвиядан қайтып келе жатып,
Москваға соғады. «Бухарест» қонақ үйінен орын таба алмай тұрған оған сонда жатқан
Момышұлы кездеседі.
- Жеңгең ауруханада еді. Қысылып тұрсаң менің номеріме жайғасып, оның
орнына жат, - дейді Баукең.
Бұл февральдің орта тұсы болса керек. Жазушы Бауыржанның қасында он
шақты күн жатып, одан көп әңгімелер естиді.
22 февраль күні таңертең телефон шылдырайды. Баукеңнің қасындағы
қоңсы жазушы трубканы көтерсе:
- Бұл «Правда» редакциясынан ғой. Бізге Момышұлы жолдас керек еді, -
деп ар жақтан жұмсақ үнді ер адам үн қатады. Ол трубканы Бауыржанға береді.
Баукең трубканы алып тыңдап тұрады да: «Қашан, қай сағатқа, қанша
минутқа?» деген екі-үш сұрақ қояды да: «Правдашылар үшін оны істеуге болады, Паша»
деп трубканы жабады.
Ертелетіп телефон соккан адам Жамбылдың бұрынғы аудармашысы, 8-ші
гвардиялық дивизияның «Отан үшін» газетінің алғашқы редакторы, ол кездегі «Правда»
газетінің қызметкері Павел Кузнецов екен. Правдистер ертең, 23 февральда Момышұлы
бізге келіп жарты сағат әңгіме айтып берсе екен деп өтініпті. Сағат бірде алты жүз адам
«Правданың» актовый залында күтіп отырмақ екен. Бірге таман көлік жібереміз депті.
Содан кейін Бауыржан іштей толғанып, ойланумен болады. Көршісімен
арадағы бұрынғы әңгіменің бәрі қалады. Баукең бөлмеде арлы-берлі жүріп, ертең
сөйлейтін сезін толғата бастайды. Ешқандай жазу жазбайды.
Ертеңінде сағат он екі жарымда Баукең атақты «қара көбелек» галстугін
тағып, шытырдай боп киінеді. Сөйтеді де, бірге он минут қалғанда бөлмеден шығып
кетеді.
Біраз уакыттан кейін Бауыржан қайтадан бөлмеге келіп, шешіне бастайды.
Қоңсы жазушы сағатына қараса бірден қырық минут кетіпті. Тегі көлік келмеген болар,
Баукең содан соң қырсығып қайтып келген шығар деп ойлайды да:
- Бауке, «Правдаға» бардыңыз ба, бармадыңыз ба? - деп сұрайды.
- Бардым.
- Кездесу болмады ма?
- Болды.
- Тіпті тез ғой.
- Правдашылар деген тәртіпті халық қой. Мен барсам актовый зал лық толып
отыр екен. «Москва түбіндегі қорғаныс ұрыстары және оның Ұлы Отан соғысы тарихында
алатын орны» деген тақырыпта жиырма минут сөз сөйледім. Правдашылар менің сөзімді
Бөліп, үш рет қол шапалақтады. Менің сөзімнен кейін: Сіздің ордендеріңіз көп дейді ғой,
оның бәрін қай жерге тағасыз? - деген сұрақ қойылды. Мен оған: Отан берген, халық
сыйлаған наградаларым өте көп. Оларды, басқа да совет қолбасшылары сияқты,
кителімнің екі өңіріне қадаймын. Сыймағандарын арқама тағамын, алқа етіп мойныма
асып аламын! - деп жауап бердім. Жұрт ду күліп, тағы да қол соқты.
Автор. Осы оқиға рас па, Бауке?
Бауыржан. Ы-ы-ың...,- деп алдымен сәл ыңылдап алды.- Рас. Бірақ онда екі
сұрақ қойылған болатын.
Автор. Екіншісі қандай еді?
IX
Бауыржан. Екінші сұраққа көбірек жауап беруге тура келді. Бір журналист
әйел: «Панфиловтың аузынан шыққан қандай қанатты сөздерді білесіз және оның қандай
жағдайға шығарылғанын айта аласыз ба?» деді. Мен оған: Панфилов өте дана адам еді.
Ол кісінің аузынан шыққан нақыл сөздер орасан көп. Сізге мен соның қапелімде есіме
түскендерін ғана айтайын,- деп, бір-екі деп номерлеп, мына сөздерді айтып бердім.
1. Дүние толастамай мен шинелімді шешпеймін. Болашақ ұрпақтың
өмірі мен өнері, бақыты мен байлығы - осы сұр шинельдің ішінде.
- Бұл генерал-майор Панфиловтың 1941 жылы августа, дивизиясын
майданға бастап шығып бара жатқанда Алматы вокзалының перронында тұрып айтқаны.
2. Байыптап істелген батылдық - әскери таланттың туысы.
- Бұл артполктың командирі полковник Кургановтың бір батыл ісіне
сүйсініп айтқан сөзі.
3. Кішкентай табыс - үлкен жеңіске үміттендіреді. Ол солдаттың жауды
жасқауға және жаныштауға деген сезімін тудырады.
- Бұл дивизия ең алғаш Крестцы деревнясы маңында бекініс жасағанда
жау тылына барлаушылар жіберіп, оларды жауға жанастырып үйрету жөнінде полк
командирі полковник Шехтманға берген кеңесі.
4. Шеп құрдың - шатыр тіктің. Шатырыңды жел ұшырып кетпеу үшін
қазығыңды мықтап кақ.
- Бұл дивизия 1941 жылы 7 октябрьде Волоколамск түбінде тосқауылға
тұрған кезде айтқаны.
5. Фашистер жегенді, одан соң ішкенді жақсы көреді. Ендеше анау
консерв-гранатты танктың табанына жемге беріңдер де, ал өртенгіш сұйық затты сусынға
ұсыныңдар. Шақырылмаған қонаққа бұдан артық сыйлық болмайды. Жақсы солдат жан
сауғаламайды. Ол ақылмен, айламен, ынтамен соғысады. Фашист болат қораптың ішінде
ғана батыр. Сыртындағы қабығын сыдырып тастасаң, сары үрпек балапанның өзі болады
да қалады. Содан соң танкты табаға айналдырып, оларды шыжылдатып шығару
сендердің қолдарыңда.
- Бұл генерал Панфиловтың Москва түбінде дұшпанды қарсы алар
алдында жау танкіне тоқпақ граната мен жанғыш затты қалай лақтыруды өз қолымен
көрсетіп, алғы шептегі жауынгерлерге айтқан ақылы.
6. Мергенге қырағы көзбен қоса, қыңқ етпес төзім керек. Көз - көреді,
төзім - жеңеді.
- Бұл дивизияның атақты мергені Төлеуғали Әбдібековке берген кеңесі.
Генерал Панфиловтан ақыл алған бұл батыр қазақ 397 фашистің көзін жойып, 1944 жылы
22 февральда ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Оның ТВ-2916 номерлі мергендік
винтовка-
сы қазір Қазақстанның Орталық музейінде сақтаулы тұр.
7. Әскери карта - ардақты документ. Ол - тарихтың, ұлы шайқастар
тарихының тамшысы. Карта - мыңдаған адамдардың өмірі мен өлімінің өмірбаяны, шешен
шежіресі.
- Бұл Волоколамск қорғаныс шебінде тұрған кезде генералдың картасын
абайсызда жыртып алған штаб бастығының көмекшісі Колокольниковке ренжіп айтқан
сөзі.
8. Беліне байлаған котелогы жок солдатты қарусыз солдат деп
есептеу керек.
- Бір жолы генерал кухнядан жапырлай ас ішіп жатқан солдаттардың
қасына келеді. Олардың біреуі ас ішсе, екіншісі жолдасының котелогіне телміріп қарап
отырғанын көреді. Сұрастыра келсе, телміріп отырғандар бөлімге жаңадан келген
жауынгерлер болып шығады, олар жолдасының котелогы босауын күтеді. Бұған катты
кейіген генерал полк командирі Капровты шақырып алып, дереу полкта котелок жасатуға
бұйрық береді. Капров генералға полкта котелок жасаттыратын лайықты материал жоқ
екенін айтып, ақталады.
- Материал деген мынау емес пе? - деп генерал сол маңда шашылып
жатқан мырышталған темірден жасалған патрон қораптарын нұсқайды. - Осыдан үш
күннің ішінде алты жүз котелок жасаттырыңыз және бірінші біткен котелокты маған алып
келіңіз.
Полковник Капров бұл бұйрықты орындап, жасатқан котелоктарының біреуін
генералға алып барып көрсетеді. Генерал котелоктың ішіне ыстық су құйдырып,
сақылдатып қайнаттырады да, оны төктіртіп тастайды.
Содан кейін таза су қайнаттырып, оған өз қолымен шай салып, Капров екеуі
сол котелоктан шай ішеді. Жоғарыдағы сөзді генерал сонда айтады.
9. Тезімділік - солдаттың төтенше қаруы.
10. Сен менің қызымсың, ал солдаттар - ұлым. Әр солдаты ағаңдай
көріп, оларды ажалдан арашалай біл, Валюша.
- Бұл екі сөз генералдың медсанбатта медсестра боп қызмет істеп
жүрген өз қызы Валентина Ивановнаға ұрыс арасында бір кездескенде айтқан өсиеті.
11. Солдатты сыбап боқтай беру сардарлықтың белгісі емес. Солдат
сыйлаған сардар ғана қадірлі командир.
- Бұл генералдың Афанасьев деген майорға ренжіп айтқаны.
12. Ауыр ұрыс кезінде полктарда болғым келеді. Ауырып жатқан баланы
әкесі мандайынан сипаса, ол едәуір әлденіп қалады. Ал ұрыстағы солдат аурумен емес,
ажалмен айқасады. Командирі қасында болса, солдат ешкашан да ажалға әл бермейді.
- Бұл генералдың Волоколамск ұрыстары кезінде алғы шептегі
бөлімдердің бірінде комиссар Мұхамедияровқа айтқан сыры.
13. Біздің дивизияның жауынгерлері тоңса, жау танктерін өртеп, соның
отына жылынады. От өшіп бара жатса, олар тамыздыққа тағы да танк әкеп салады.
- Бұл генералдың Дубосеково оқиғасынан кейін аязды күні қолын отқа
жылытып отырып, дивизия комиссары Егоровқа айтқан сөзі.
14. Немістер біздің дивизияны «тағы дивизия» деп атайтын көрінеді. Ол
біздің адамдарымыздың тағылығынан емес, олардың тағыларды таяқтай білетіндігінен
болса керек.
- Бұл генералдың өз қызы Валентина Панфиловамен ең соңғы кезде
айтқан әңгімесінен.
15. Жауға жақын тұрсаң, оның жанын шығарасың. Алысқа көз жеткенмен,
қол жетпейді. Жауды көз көргенімен, қол ғана тұншықтыра алады. Ендеше комаңдир мен
штаб бастығы артта емес, алда, ұрыстың ұрымтал жерінде отыруы керек. Сонда ғана көз
жеткенге қол да жететін болады.
- Бұл генералдың дивизия штабының бастығы полковник Серебряковқа
штабты жау оғының астында тұрған Гусеново селосынан кейін көшіру туралы ұсынысына
айтқан жауабы.
16. Гвардияшы болу - қиын іс; совет гвардияшылары қиындықтың бәрін де
жеңеді! Жеңіске жол ашады! Жеңісті қолымен жасайды! Совет гвардиясы атағын алу,
совет гвардияшыларын басқару - аса зор абырой!
- Бұл 1941 жылы 18 ноябрьде «Правданың» әскери тілшісі Михаил
Калашников генералдың Гусеноводағы штабын іздеп келіп, «Правда» газетінің 316-шы
дивизияға 8-ші гвардиялық дивизия атағы берілгені және оның жауынгерлік Қызыл Ту
орденімен наградталғаны туралы Указ басылған номерін әкеп бергенде айтқаны.
17. Өлді деген осы!..
- Бұл генерал Панфиловтың өлер алдындағы соңғы сөзі. Иван
Васильевич қырық бірінші жылы 18 ноябрьде Гусеново селосында оққа ұшты. Бірақ ол
өмірін немістерге арзанға берген жоқ. Панфиловтың көзінің тірі кезінде оның дивизиясы
жаудың 30 000 солдатын өлтіріп, 170 танкін өртеген болатын. Генерал Панфиловтың
жаудан ала жатқан «жастығы», міне, осындай болатын!
Осы кезде залдағы журналистер тағы да ду қол соқты. Қол соғу
тоқталғаннан кейін мен былай деп сөзімді аяқтадым:
- Генерал Панфиловтың бұл ақыл, нақыл сөздері - біздің дивизияның
тарихы. Әңгімемнің соңында менің сіздерге ол кісінің тағы бір сөзін айтқым келіп тұр.
Бірде Панфилов санбаттың аспазы Сергеев деген солдатқа былай деген еді:
- Аш солдатты маса да сүзіп құлатып кетеді. Адамдарды аш қылмай,
уақытында ауқаттандыру - аспаздың ең ұлы ерлігі!
Генерал айтқандай, маса сүзіп құлатып кетпеуі үшін, менің сіздерді түскі
тамаққа босатқым келіп тұр. Тындағандарыңызға рақмет.
Жұрт тағы да күліп, қол соғып жатты. Мені алғашында правдашыларға
таныстырып, сөз берген Павел Кузнецов журналистер атынан рақмет айтты. Мен ешқайда
бұрылмастан редакциядан шықтым да, есік алдында әзір тұрған машинаға мініп, қонақ
үйге
келдім.
X
Автор. Генералдың өзіңіз тікелей естіген ғибрат сөздерінен айтпаған екенсіз
ғой.
Бауыржан. Генералдың біздің батальонның окоптарын аралағандағы бір
сөзін айтайын деп едім, айтпадым. Өйткені правдашыларды да аяу керек қой. Оларға
түскі демалысқа берілгені бір сағат қана уакыт. Оның жартысын мен жеп қойдым. Біздің
батальон Лама өзенінің жағасында тұрған кезде генерал келіп, шебімізді, бекініс
орындарымызды өз көзімен көріп қайтты. Ұзын ордың ішінде біреулер темекі тартып,
біреулер хат жазып, енді біреулер мылтықтарын тазалап отыр екен. Генерал келгенде
бәрі де орындарынан ұшып тұрды. Бір жауынгер мылтығын тазалап болып, енді ғана
затворын орнына салғалы жатыр екен. Генералды көргенде сасқалақтап қалған ол
орнынан тұра бергенде затворын қолынан түсіріп алды.
- Халдарыңыз қалай, балаларым, - деді генерал жігіттермен
сәлемдескеннен кейін. - Жауды қарсы алуға әзірсіздер ме?
- Әзірміз.
- Дайынбыз, жолдас генерал.
Генерал жаңағы затворын жерге түсіріп алған жауынгердің жанына келді.
- Сіз генералды көргенде сонша сасқалақтадыңыз, ал жау кеп қалғанда
қайтесіз? - деді ол жауынгерге жұмсақ үнмен.
- Сасқалақтағаным - генералымды сыйлағаным, генералды сыйласам -
жаудан жасқанбағаным ғой, жолдас генерал, - деп жауап берді солдат.
- Бәле, рақмет, - деді генерал күлімдеп. - Мені сыйлағандарың жаудан
жасқанбаңдар.
- Жасқанбаймыз.
- Жасқануды қойдық қой, жолдас генерал, - десті жауынгерлер жамырай
үн қатып.
Генерал жаңағы жауынгерге қайта бұрылды.
- Мынау қолыңыздағының аты не, жолдас жауынгер? - деді генерал
алдымен солдатгың қолындағы винтовканы, одан соң затворды алып, орнына салып
жатып.
- Винтовка, жолдас генерал.
- Сіздің солай жауап береріңізді біліп едім, - деді генерал мылтықтың
тұмсығын жоғары көтере мушканы сығалай көздеп жатып. Содан кейін шаппаны шырт
еткізе саусағымен тартып қалды. - Винтовка деген не?
- Қару, жолдас генерал.
- Бұл тек қару ғана емес, сіздің тағдырыныз, жолдас жауынгер. Сіз мұны
күтіп ұстасаңыз, мен сіздің винтовкаңыз таза емес деп тұрғамын жок, тілін ұқсаңыз - қай
бөлшегі қай жерінде болатынын, қалай көздесеңіз оқты дұшпанның қай жеріне
тигізетініңізді бес саусағыңыздай білсеңіз - жауды жеңесіз, мұратыңызға жетесіз. Ал оны
білмесеңіз, мынандай тамаша қаруды дұрыстап қолдана алмасаңыз - онда фашист сізді
өлтіреді. Тағдыр деген сол. Винтовка солдаттың тағдыр қосқан жары деген нақыл бар.
Үйде әйеліңіз бар ма еді?
- Жоқ, жолдас генерал, әлі үйленгенім жоқ.
- Үйленесіз, - деді генерал оған сенімді түрде. - Сізді болашақ
жарыңызбен жалғастыратын осы винтовка, балам. Міне, тағдыр деген осы. Енді ұқтыңыз
ба?- деп генерал солдаттың винтовкасын қайтарып берді.
- Ұқтым, жолдас генерал! -деп солдат күлім қақты. -Түсінікті.
- Түсінікті болса, мені тойыңызға шақырасыз ба? - деді генерал
жауынгерге қайтадан мойын бұрып.
- Шақырамын, жолдас генерал.
- Онда аты-жөніңіз кім, қай жерденсіз?
- Қызыл әскер Темірхан Уашев, Жамбыл облысының Қордай
ауданынанмын, жолдас генерал.
- Темірхан ба, Тамерлан ба? - деді генерал көзін сығырайта күлімдеп.
- Темірхан, жолдас генерал.
- А, солай ма, - деді генерал ерніндегі күлкісін жиып, сәл иегін көтере
түсіп, байсалды үнмен. Генералдың әлдебір әзіл айтқысы кеп, ол ойын үзіп тастаған
тәрізденді. - Онда былай уәделесейік, Темірхан. Сіздің Қордай ауданының орталығы
Георгиевка мен біздің Фрунзенің арасы бір-ақ аттам жер. Сіз жеңіспен елге қайтып, ата-
анаңыз келін түсіргенде, мені тойға шақыратын болдыңыз. Ал мен міндетті түрде келемін!
Сонда Сіздің тойыңыз, Чеховтың әңгімесіндегідей, генерал қатысқан той болады. Келістік
қой осыған? - деп генерал солдатқа қолын ұсынды.
- Құп, жолдас генерал,-деп, солдат мылтығын шапшаң иығына іле
салып, генералдың алақанын қос қолымен алып, ілтипатпен қысты.
- Жолдас Момышұлы,- деді одан соң генерал маған қарай бұрылып, -
енді маған танкпен қалай күресетіндеріңізді көрсетіңіз. - Осылай деп генерал ілгері
қозғалды. Өзіне құрмет керсетіп, тартқан сымдай тік тұрған жауынгерлерге басын изеп:
- Ал, балаларым, мықты болындар! - деді.
Автор. Әңгімеңізге рақмет, Бауке.
Бауыржан. Саған да.
I
Автор. Енді 1943 жылдың Сіздің өміріңізге қатысты жағын әңгіме етейік,
Бауке.
Бауыржан. Мақұл. Сөйтіп біздің 3-ші екпінді армияның екпінді тобы жаумен
Великие Луки, Невель шайқастарын жүргізді. Бұл кезде армияның үш дивизиясы - біреуі
біздің 8-ші гвардиялық дивизия, үш бригадасы, екі танк батальоны Холм түбінде
қорғаныста қалды дедім ғой. Қорғаныстағы бұл топқа Ловать өзенін бойлай тартылған
бекініс шебінен Торопецке қарай дұшпанды өткізбеу, сөйтіп оларды алдымен Великие
Лукиге, одан кейін Невельге шабуыл жасап жатқан әскерлердің желкесіне шығармау
міндеті жүктелді. Бұл міндетті біз де айтарлыктай етіп орындадық. Немістер шебімізді
бұзбақ болып, бірнеше рет әрекет етті. Әсіресе, Великие Лукиден айрылғаннан кейін,
ауылға күнде шауып маза бермейтін күшігін алдырған қасқырдай боп, аласұрды. Бірақ біз
қасқырды тұмсықтан соғып, тілін салақтатып кейін қайтарып отырдық.
1943 жылдың апрелінде біздің 2-ші гвардиялық атқыштар корпусы Калинин
майданынан Солтүстік-батыс майданының қарамағына ауыстырылды. Енді біз 3-ші екпінді
армияның құрамынан шығып, генерал-лейтенант В.А.Юшкевич басқаратын 22-ші
армияның қол астына қарадық. Бірақ басқа майданға ауысып, басқа армияның құрамына
кіргенімізбен корпусқа, дивизияға жүктелетін міндет бұрынғы күйінде қалды.
Автор. Сіздін өмірбаяныңызға байланысты барлық документтермен
танысқаннан кейін, Бауке, мен мынадай қорытындыға келдім. Қазақтардың тіршілігінде ең
ауыр жыл қоян жылы деп есептелсе, сіздің тағдырыңыздағы бір қоян 1943 жыл ма деп
қалдым.
Бауыржан. Ол не деген сөз?
Автор. Төрт жыл соғыста күн сайын, сағат сайын, тіпті минут сайын
тебеңізден төніп тұрған қауіп пен қатерді айтпаймын, Бауке. 1943 жылы бір генерал
қолына жарық алып Сіздің соңыңызға түскен екен.
Бауыржан. Кімді айтасың?
Автор. 8-ші гвардиялық дивизияның Серебряковтан кейінгі командирі
генерал -майор Ч-ны айтамын.
Бауыржан. Ым-м-м!..
Автор. Бір жеріңіз ауырып отыр ма?
Бауыржан. Жоқ, айта бер.
Автор. Панфилов дивизиясы жайында «Красная звезда» газетінде ең
алдымен хабар жазған, артынан 28 батырдың ізіне түсіп, олардың кім екенін анықтап
очерк жариялаған, содан кейін де өмір бойы сол дивизиямен байланысын үзбеген
Александр
Кривицкийдің «Не забуду вовек» деген кітабында «Генерал Ч-мен әңгіме» деген тарау бар
екенін өзіңіз білесіз. Ол тарауда жазушы Москва түбіндегі шайқастан кейін бірсыпыра
уақыт өткен соң Калинин облысының жерінде, «батпақ пен орманның ортасында» тұрған
8-ші гвардиялық дивизияны іздеп барып, оның соңғы командирлерінің бірі генерал Ч-мен
қалай кездескенін былай баяндайды:
«Генерал Ч-мен кездесу көңілсіз болды. Жол бойы Панфилов туралы босқа
ойлап, Корнейчуктың «Майдан» пьесасын тектен-текке есіме алмаппын. Генерал Ч. (атын
айтпай отырған себебім ол дивизияға ұзақ командир бола алған жоқ және оның армиядан
кетіп қалғанына да талай жыл болды) барып тұрған горловшылдың өзі болып шықты.
Өзінің қандай дивизияға басшы болғанын, қолына таяқ емес, қылшылдаған әскери қару
ұстап отырғанын түсінбейтін болса керек. Ол дивизияның ұлттық ерекшелігін де
ұғынбапты. Адамдардың бұрынғы жауынгерлік еңбектерін қадірлеуді қойыпты.
Дивизияның дәстүрін бағаламайтын болыпты. Сөз арасында мен Панфиловты аузыма
алып едім, оның түсі
біржолата бұзылып кетті».
Кривицкий кітабындағы генерал Ч-ның кім екеніне бұрын мен мән бермеген едім.
Жақында генерал Ч-ның Сіздің үстіңізден жазған қағаздарын оқыдым. Әрине, ол жоғарыға
жолдаған жауынгерлік мінездеме түрінде болып келеді. Сондықтан ол алдымен
Момышұлының партия мен Отанға адал берілген азамат екендігін, саяси-моральдық
жағынан беріктігін, тәртіптілігін тәптіштеп айтып алады. Содан кейін бір-екі ауыр кінәні
оның мойнына арта салады да, ең соңында Момышұлы полк командирі болуға лайық
адам деп шыға келеді.
Әрине, бұл Капров пен Мұхамедияровтың, Панфилов пен Егоровтың,
Чистяков пен Егоровтың, Серебряков пен Лобовтың, Галицкий мен Литвиновтың Сізге
берген бұрынғы, соңғы мінездемелеріне мүлде қарама-қайшы.
Бауыржан. Ер шекіспей бекіспейді, есер шетінеспей кетіспейді. Ер басқа,
есер басқа. Екеуіміздің қайсынымыз ер, қайсынымыз есер екенімізді кім білсін. Әйтеуір бір
жолы аттай тебісіп, айғырдай шайнасып қалғанымыз рас.
Автор. Әйтеуір, бір жақсысы сегіз айдың ішінде Сіздің үстіңізден Ч. жазған
бесінші мінездемені 22-ші армияның командашысы Юшкевич пен Соғыс советінің мүшесі
Катков екеуі бекітпей тастапты.
Бауыржан. Рас, солай болды. 1943 жылдың 15 ноябріндегі ұрыста мен тағы
да жараландым. Сен маған қалай соғысқаныңды, ұрыс картиналарын айтпа. Оны
Александр Бек пен Бауыржан Момышұлы жазды, мен оларға тоқталмаймын деп едің ғой.
Автор. Иә, Бауке. Менің мақсатым Сіздің өміріңіздің ұзын-ырғасын қағазға
түсіру. Соғыс суреттерін сіздерден, Бек екеуіңізден артық етіп жеткізе алмайтын
болғандықтан, оған соқпау.
Бауыржан. Бір жарым айдай госпитальда жаттым.
Автор. Сөйтіп Сіздің қоян жылыңыз жаралануыңызбен аяқталды ғой ақыры.
Бауыржан. Иә. Госпитальдан шыққаннан кейін маған екі айлық демалыс
берілді. Декабрьдің соңғы күндерінде мен Алматыға келдім.
Автор. Мен Сіздің ол келгеніңізді архивтен алдырып, «Советтік Қазақстан»
киножурналының 1944 жылғы бірінші номерінің лентасынан көрдім, Бауке. Журнал
басталғанда Сіз бір жұпыны бөлмеде, қалың дәптердің бетіне сыпылдатып орысша жазып
жаттыңыз. Мен ол бөлме өзіңіз документтеріңізде үй әдірісім: Алматы қаласы, Фурманов
көшесі, 94, квартира 22 деп көрсететін пәтеріңіз болар деп ойладым. Бір кезде Сіз
басыңызды көтеріп, көрермендерге тіке қарап, 1944 жаңа жылмен құттыктап сөз
сөйледіңіз. Көзіңіз шүңірейген, жағыңыз суалыңқы, арық екенсіз. Бірақ дауысыңыз жігерлі,
қимылыңыз өте ширақ екен. Сөзіңіздің басында 28 гвардияшы панфиловшылар жайында
айта келіп, генерал Панфилов туралы тебірене толғанып сыр шерттіңіз. Егер мен өзіміздің
генерал туралы жаза қалсам, онда бұл шығармамды мынадай тарауларға бөлер едім:
парасатты генерал, логикалы генерал, кең толғамды генерал, әдіс-айлалы генерал,
қажырлы генерал, саспайтын салқын қанды генерал, кішіпейіл генерал, дегеніне жетпей
тынбайтын генерал дер едім дедіңіз. 1941 жылы Москва түбінде бір гвардияшының
гитлершіл алты қарақшыға
қарсы тұрғанын айттыңыз. Соғыстағы солдаттың баласын, әйелін, әке-шешесін
сағынатынын, жолдастары қаза болғанда көзінен жас шығып жылайтынын айта келіп
сөзіңізді былай деп бітірдіңіз:
- Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақытқа жетейік, майдандағы
қымбатты жолдастар! Мен қазір әзірше сіздердің араңызда емеспін, мен қиырдағы туған
елім Қазақстандамын. Мен жерлестерім - қазақстандықтарды сіздердің атыңыздан жаңа
жылмен - 1944 жылда құттықтаймын.
Сіздің сол құттықтау сөзіңіз «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская
правданың» сол 1944 жылғы 1 январь күнгі номерлерінде басылыпты.
III
Бауыржан. Сол келген жолымда мені Екінші Алматының темір жол
вокзалында Қазақстан Жазушылар одағының председателі Сәбит Мұқанов бастаған бір
топ жазушылар және басқа да беделді, белгілі деген өнер қайраткерлері қарсы алды. Аты
аңызға айналған үлкен жазушымен тұңғыш дидарласуым осылай басталды. Сол жолы
Сәбең үйіне шақырды. Бұл қонақасыда қазақ әдебиеті мен өнерінің, мәдениетінің белгілі
қайраткерлері де бірге болды. Тап сол күні Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит
Мүсірепов, өзімнің кластас досым, сонау 1928 жылдары Шымкентте бірге оқыған
жолдасым Әбділда Тәжібаев, Әлжаппар Әбішев сиякты қазақтың қадірлі қалам
қайраткерлерімен, Күләш пен Қанабек Байсейітовтар сияқты өнер ардагерлерімен тұңғыш
рет Сәбең дастарқанының басында дидарластым. (Әбділда, Әлжаппар, Ғабиден үшеуі
майданға келіп қайтқан болатын.) Осы
сапарымда Сәбең қазақтың жақсылары мен жайсаңдарын танып-білуіме, сыйлас болуыма
көп себін тигізді. Сәбеңнің арқасында сол жолы ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевпен де
мәжілістес, пікірлес болып қайттым. Сол екеуінің ұйымдастыруымен Ғылым
академиясында отыз алты сағат лекция оқуыма да тура келді.
Автор. Жаңағы журналда өзіңіз айтқан адамдардың барлығы да түсіпті.
Айтылмағандардан генералдың жұбайы Мария Ивановна Панфилова мен ақын Иса
Байзақовты да көзім шалып қалды. Одан кейінгі бір кадрда өз қол астыңызда болған саяси
жетекші, ержүрек азамат Жолтай Бозжановтың үйіне барғаныңыз бейнеленіпті.
Жолтайдың туған ағасы Нұрмұхамед Бозжановтың балалы-шағалы үлкен семьясының
ортасында әңгіме шертіп отырсыз. Тегі Жолтай жайында баяндап отырған боларсыз деп
ойладым. Енді бір кадрда Сіз «Эмка» қара машинасымен 28 панфиловшылар атындағы
парктің алдына келіп тоқтадыңыз да, парк ішінде сапқа тізіліп тұрған қалың әскермен
сәлемдестіңіз. Әскерлерді
аралап көріп, оларға арнап сөз сөйледіңіз. Журнал осымен аяқталады екен.
Сол жолы Сізбен жүздескен адамдардың ішінен Қазақ ССР-інің халық артисі
Серке Қожамқұловпен сөйлесіп, сол кісінің естелігін жазып алып едім, Бауке. Соны оқып
берсем қайтеді Сізге?
Бауыржан. Оқығын.
Автор. Серағаң былай деді: «1943 жылдың аяғында Бауыржан майданнан
келді. Март айына дейін Алматыда болды. Екі жерде - Академияда және театрда лекция
оқыды. Волоколамскіде болғанын, қоршауда қалғанын айтты. Панфилов туралы көп
айтты. Генералдың адамгершілігі туралы айтқанда бүкіл зал тебіреніп отырды. Оны туған
әке, ағамыздай көрдік деді. Ол біздің бойымыздағы ерлікті жанып отыратын еді деді.
Мынау менің қойын дәптерім, соғыс басталғаннан бергі көрген-білгенімді осыған жазып
келемін.
Осыны аманат етіп Сізге тапсырамын, Қанеке, - деп дәптерін Қаныш Сәтбаевқа берді...
Бауыржан. Рас. Соғыста жазғандарымның бәрін Сәтбаевтың сейфына тастап
кеттім деп бұрын саған айтқан болатынмын.
Автор. Айтқансыз, Бауке.
Бауыржан. Ары қарай оқи бергін.
Автор. Бұрын жұрт лекция үстінде кіріп-шыға беруші еді. Бауыржан
өйттірмеді. Лекцияға бір минут қалғанда ол ешкімді кіргізбейді екен. Үлкен-кішіңе
қарамайды, есікті жаптырып тастайды. Сондықтан оның әр лекциясына 15-20 минут ерте
барып отыратын болдық. Біздің театрдан Бауыржан «Ақан сері», «Еңлік-Кебек», «Намыс
гвардиясын» көрді. Бірақ спектакльден кейін ешқандай талдау, әңгіме болған жоқ. Жұрт
оны кезектесіп, театрдан кейін қолма-қол үйіне қонаққа әкетіп отырды. Кешкі, түнгі
уақыттары шақырылудан босаған жоқ. Лекция оқығанда, кейбір қонақтарда болғанда
айтқан сөздері,
ойлары, ерлік тұлғасы есімде қалды. Қазір Бауыржан туралы сөз бола қалса, мен
алдымен қырық үш-қырық төртінші жылғы Бауыржанды көз алдыма елестетемін.
Бауыржан сөзді өте тауып сөйлейді екен. Әттең, арасына «встаты» мен «молчаты» кіріп
кетеді. Өз басым сонысын сөлекеттеу көрдім. Бауыржанды ең алғаш көргенім жайында
есімдегілер осы ғана».
Бауыржан. Ым-м-м...
Автор. Екі ай демалысыңыз біткеннен кейін Алматыдан бірден майданға
қайттыңыз ба, Бауке?
Бауыржан. Екі айдан асыңқырап қайттым. Жолда Жуалыға соқтым. Одан
бұрын, енді бірер күнде қайтамын деп әзірленіп жүргенімде бір күні Сәбит:
- Әй, Бауыржан, мен бір білместік істеп алыппын, кешір, ұят-ай, ұят
болды, - деді сол үйден түстік ішіп отырғанымызда.
- Не боп калды, Сәке?
- Біз бүгін кешке карай Жамбыл қарттың ауылына барып келейік.
Жәкеңнің алдын көріп, сәлем беріп қайтқаның орынды болады.
- Жарайды.
Сол күні кешке Ұзынағашқа бардық. Жамбылдың үйіне кіріп, бір бөлмесінде
жантайып жатқан жұдырықтай ақсақалға сәлем бердік.
- Тәте, баяғы Ғазіреті Ғали сияқты, майданда жауды жайпап жүрген
Бауыржан деген батыр балаңыз осы, - деді Сәбит Жамбылдың құлағына дауыстап. -
Талай немісті қырып салған нағыз ердің ері. Соғыстан келіп еді, енді соғысына қайта
кеткелі жатыр. Сізге сәлем беріп, батаңызды алып кетемін деп келді.
Жамбыл менің бетіме сығырая қарады. Оның сынап отырғанын байқап, мен
де қабағымды түйіп, оған ежірейе қалдым. Содан соң Жамбыл Сәбитке қарай мойнын
бұрды да:
- Мына қызынды... түсі тым суық екен, батыр болса болар! - деді.
Сәбит оған қарық болып күліп жатыр. Менде үн жоқ. Жамбыл күлместен
маған қайта қарады.
- Батыр болсаң сен Өтеген мен Сұраншыдан күштімісің, соны айтшы,-
деді.
Мен ойланбастан жауап бердім.
- Өтеген қаптап келе жаткан өрт сияқты да, Сұраншы сарқырап аққан су
сияқты батыр болатын. Дүниеде от пен судан күшті жоқ. Мен ол екеуінің ешқайсысына да
пар келе алмаймын. Мен - оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жәке, - дедім.
Жәкеңнің өлеңінде өзі айтатын «борға малған» сақалы шошаң-шошаң етіп
қалды. Ол атамыздың күлгені екен. Енді көзі шырадай жайнап, жылы ұшқын шашып, тағы
да Сәбитке қарады.
- Әй, Балуан, мынауыңның түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар
екен, қоныңдар, - деді. Жәкең Сәбитті мол денесіне байланысты ылғи осылай, Балуан
Шолақ деп атайды екен. Жамбыл «Балуан Шолақ!» десе, Сәбит: «Ау, тәте»деп жауап
береді.
Біз жайғаса бастадық. Сырт киімдерімізді шешініп жатқанымызда шалдың
сақалы, су бетіне секірген ақ қайрандай болып, бір жарқ ете қалған еді. Енді жайланып
отыра бергенімізде ай мүйізді ақ қошқардың үстіне салт мінген біреу, шабуылға шығатын
кавалеристей екпіндетіп келіп, табалдырық алдына тоқтай қалды да:
- Әумин, - деп алақанын жайды.
Малдас құрып отырған Жөкең мойнын бұрды да:
- Әй, Балуан Шолақ, өзің жасаушы ма едің, әлде батырың беруші ме еді
батаны? - деді.
- Ойбай, тәте, өзіңіз жасаңыз, - деді Сәбит. Жамбыл алақанын жайды
да:
Батырдың жолы болсын!
Самсаған қолы болсын!
Түсі де суық екен,
Ісі де долы болсын, аллаәкпар! - деп бетін сипады.
Ақ қошқар ауыз үйде сойылып жатты. Бір кезде ішек-қарын аршыған
әйелдердің де дыбысы естіле бастады. Олардың үстіне сырт жақтан мұрнынан міңгірлей
сөйлеп тағы біреу келді.
- Екінтіде елге сүйкімді қонақ келеді деуші еді. Бір қадірлі қонақ келген-
ау тегі... Ойбай-ай, шарбысын-ай ақтарылып жатқан. Тура бір тегене май түсіпті ғой... Өй,
мыналарың Жәкемнің ең сыйлы қонаққа соямын деп жүрген ай мүйізді аққошқары ғой,
қарақтарым-ау. Кім келгенін айтсаңдаршы өздерің!..
Осылай деп есіктен төртбақ денелі жалпақ бет біреу кіріп келді.
Келді де:
- Ой, айналайын, жүрген жері құт Сәбитімнің өзі екен ғой. Әйтпесе Жәкем ай
мүйізді ақ қошкарды кімге союшы еді? Өзім де біліп едім-ау! - деп қос қолдап келіп
Сәбиттің алақанын алды. Содан соң бұрылып маған қарады да:
- Мына литенант жігіт кім? - деді Сәбитке. «Лейтенанттың» да бір әрпін
қымқырып жіберді деп ойладым ішімнен.
- Ой, Ғали, қара бассын сені, - деді Сәбит. - Лейтенант емес, полковник
Бауыржан Момышұлы ғой.
- Ойбай, калқам, атыңа қанықпын. Тек мынау жұлдызға ғана шорқақпын.
Келші бері бетіңнен сүйейін, - деп бетімнен сүйді.
Сөйтсем ол Жамбылдың сол кездегі әдеби хатшысы атақты ақын Ғали Орманов екен.
Ауыл адамдары жиналып, солармен әңгімелесіп, Жәкеңнің соғыс, майдан
жайындағы әр түрлі сұрақтарына жауап беріп, ұзақ отырдық. Түннің бір кезінде алдымызға
ет келді.
- Ал, балуан, ал,батыр, сыбағаларыңа қол созындар, - деді Жамбыл
табақты нұсқап.
Сәбит пен Ғали етті шеңгелдеп асай бастады. Мен табаққа қол созбай
отырып қалдым.
- Делбе болған жылқыдай, мына қызталағың неғып отыр ет жемей, -
деді Жамбыл Сәбитке, сақалын шошаң еткізе, мені иегімен нұсқап.
- Әй, Бауыржан, неге жемейсің, бөгіп қалғанбысың! - деп Сәбит табаққа
қайтадан қол соза бастады.
- Жемеймін! - дедім мен қатаң үнмен.
Сәбит табақтан қолын тартып алып, менің бетіме қарады.
- Әй, Бауыржан, саған не болды? - деді ол үні одан сайын қарлыға
шығып.
- Мен мұнда сыбаға жеу үшін келгенім жоқ, - дедім Сәбитке даусымды
қаттырақ шығарып. - Сыбағаны немістерді жеңгеннен кейін жеймін. Ал мұнда ұлы
Жамбылдың, соғыстағы бар солдаттың ұлы әкесінің сарқытын ішуге келдім. Ол үшін
Жәкең анау тұздыққа сақалын батырып ұрттасын да, қалғанын табақтың үстіне құйсын...
Мен етті сонда ғана жеймін. Және барлық солдаттарға Жәкеңнің сарқытын ішкенімді
айтып барамын!
- Әй, мынауың дұрыс екен! - деп Сәбит қарқылдап кеп күлді.
Содан кейін Жамбылдың құлағына еңкейіп, менің сөздерімнің бірін
қалдырмай айтып берді.
- Бұл қызталақтың мұнысы да жөн екен, - деп Жамбыл басын изеп, анадай
тұрған тұздыққа қарай қолын созды. - Бірақ сақалымды батыратын мен суға еңкейген теке
емеспін, мұртымды тигізейін. Мына батырыңа түсіндіріп айт.
Жәкең осылай деп Сәбитке қарап, қутыңдап иек қақты. Қарт ақынның бұл
тапқырлығына біз қыран күлкіге баттық.
Сөйтіп Жәкеңнің жүзін көріп, қолынан дәм татып, төрінде жатып, қонақ болып
аттандым. Ертеңінде поезға мініп, майданға қарай бет түзедім.
Автор. Сіз Ұзынағаштан аттанып кеткен күні Ғали ақын өзіңізге арнап
«Полковник» деген өлең шығарды. Әрине, оны майданға аттанарда Сіз ести алған
жоқсыз. Бәлкім, кейін де оқымаған боларсыз.
Бауыржан. Жоқ.
Автор. Онда мен ол өленді оқып берейін.
Бауыржан. Оқығын.
Автор.
Кеңесіп көп отырдым полковникпен,
Бұлдырап еске түсті өткен-кеткен.
Қадалып қабағына көп қарадым,
Тұрғандай тұрпатында қазақ біткен.
Бірде тік, бірде сынық, бірде катты,
Жайдары көңілі түссе махаббатты.
Жалғанның жазы, қысы қабағында,
Батырын кім сүймесін бұл сымбатты!
Тарынса табиғаты бір-ақ уыс,
Өткендей тал бойынан аңғардым күш.
Тік өскен туған жерге қара емендей,
Халкымның қалағаны сондай туыс!
Қоштастым құрмет етіп полковникпен,
Қазақтың бір ұлысың үміт еткен.
«Бауыржан!» десе барлық үлкен-кіші
Елеңдеп құлақ түріп, көзін тіккен.
Бауыржан. Ракмет. Алматыдан қайттым дедім ғой. Жолда Жуалыға соғып,
Момынқұл көкемнің орнына құран оқытып аттандым.
IV
Автор. Сіздің туған жеріңізді көріп қайту үшін жетпіс үшінші жылдың
январында мен де Жуалыға бардым, Бауке. Момынқұл көкеңіздің баласы Әбділда ауылда
жоқ екен. Бурныйдың басынан Әтін, Рақымжан Орынбаевтар деген туыстарыңызды
таптырып алдым. Әтінді Сіз ертіп апарып, отыз төртінші жылы Шымкенттегі өзіңіз оқыған
қазіргі Сыпатаев атындағы мектепке түсірген екенсіз. Әтін мен Рақымжан екеуі кезектесіп
отырып, маған Сіз туралы есте қалғандарын айтып берді.
Бауыржан. Қандай?
Автор. Қырық төртінші жылдың басында, Алматыдан соғысқа қайтып бара
жатқан жолында Бауыржан көкем ауылға келді, - деді Рақымжан. - Бауыржан көкем келер
алдында ауданнан атты кісілер келіп, көкемнің келетінін хабарлады. Қайтыс болған
Момынқұл атамның үйінде қой сойылып, бауырсақ пісіріліп жатты. Көкемдер Бурныйдан
шығардың алдында ауылдағы еркек кіндікті дегендердің бәрін Момынқұл атамның үйінің
қасына шақырды. Соғыстан келген 3-4 мүгедек, он-он үш жастағы он шақты ауыл
балалары - барлығымыз он бес шақты еркек жиналдық. Балалардың қолына бір-бір таяқ
ұстатып, Момынқұл атамның үйін жағалай сыртқа қойғызды да, соғыстан келген ағалар
келген кісілердің аттарын ұстайтын болып, соған әзірленіп түрды. Әйелдер жиналып іште
отырды. Бір кезде 5-6 салт атты шығып, «Ой, бауырымдап!» ауылға қарай шапты.
Алдымен Бауыржан көкем келді. Сыртта тұрған бәрімізбен көрісіп ішке кірді.
Бауыржан көкем не істесе, басқалар да соны істеп жатты. Іштерінде бір орыс
кісі бар екен. Ол да бізбен құшақтасып жатқанда мен күліп жібердім.
Біраздан кейін Бауыржан көкем сыртқа шығып, таяққа сүйеніп тұрған бізге
келді де:
- Қарақтарым, таяқтарынды тастап, енді ойнай беріндер, - деді.
Біз қуанып кеттік. Таяқтарымызды тастай сала, бірімізді біріміз итере
топырлап үйге кірдік. Келген кісілер төр алдында, қаптаған ауыл әйелдерінің ортасында
отыр екен. Есіктен кіре бере Бауыржан көкемнің сөйлеп отырғанын естіп, жым бола
қалдық. Бауыржан көкем үй ішіндегілермен көрісіп болып, енді майданнан келгендерге
көңіл айтып отыр екен.
- Аюбай, - деді ол солардың біріне қарай бұрылып, - Отан соғысында
сен де бір аяғыңнан айрылыпсың. Аяғыңның арт жақсылығын берсін, бауырым. Ауылдың
нардай тракторист азаматы едің. Енді міне, ақсақ боп шоқандап қалғанынды көргенде ішім
удай ашыды. Жарайды, мойыма. Біріміз аяғымызды, біріміз қолымызды берсек те, біріміз
жанымызды қисақ та, Отанды аман сақтап қалсақ болды ғой. Сақталады Отан! Бәріңнің де
жақындарың жауды жеңіп келеді. Бірақ кімнің қандай күйде келетінін білмеймін.
- Рас.
- Рас.
- Айтқаның келсін!
- Қандай боп келсе де кеудесінде құр жаны болса болды, - десіп
әйелдер дабырласып кетті.
Бауыржан. Ал, Әтін не айтты?
Автор. Әтін Сізден сегіз жас кіші екен. Ол кісі ертерек кезден бір деталь
айтып берді. Сіз ауаткомде секретарь боп жүрген уақытта сатушы боп жүрген Ыстықұлов
Оспан деген ағайындарыңыз істі болып, сасқанынан Сізге барыпты.
- Мені соттайтын болды, көмектес, - депті Оспан Сізге.
- Неге соттайды? - деп сұрапсыз Сіз.
- Ақша кем дейді.
- Қайда кетті?
- Бірсыпырасын жаратып қойып едім.
- Онда маған ақылдастың ба?
- Жоқ.
- Ендеше менің саған беретін көмегім жоқ, - деп Сіз туысыңызды
кабинеттен қуып жіберген екенсіз.
Әтін осыны айтты.
Бауыржан. Ә, ол оқиға менің есімнен шығып кеткен екен.
Автор. Содан кейін мен шана жектіріп, Сіздің ескі ауылдың жұртына
бардым. Қар қалың боп түседі екен. Пар ат омбылап, әрең жеттік. Әр жерлерден
бұрқыраған бу шығып жатты. Ол Мыңбұлақ, Кеңбұлак, Әділбұлақ, Момышбұлақ деген
қыста қатпайтын жылы бұлақтар екен. Сол бұлақтардан басталатын кең жазық Ақсай,
Көксай, Тобышақты сайы дейтін сайлармен ұштасып қырғыз Алатауына тіреледі екен.
Қырғыз Алатауының Ма-
нас шоқысы үнемі мен мұндалап, көз алдыңда тұрады. Ежелден Манас шоқысының ар
жағын қырғыздар, бер жағын қазақтар жайлайтын болса керек. Соғыстың ауыр
жылдарында бұл екі ел осы сайлар арқылы жалғасып, бір-біріне азық-түлік жағынан үзбей
көмектесіп отырыпты.
Осы үлкен жазықта соғыстан бұрын «Талапты», «Қайрат», «Орақ-Балға»
деген шағын-шағын колхоздар болыпты. Қазір ол колхоздардың орны үлкен қорыққа
айналдырылып, Карл Маркс атындағы совхозға қарайтын болыпты.
Біз Момышбұлақтың басына келдік. Әтін мен Рақымжан қатар салынған
Момыш пен Момынқұл үйлерінің орнын көрсетті. Мен оларға:
- Баукең отыз үшінші жылы алғаш әскерден қайтқанда боранды күні кеште осы үйдің
терезесіне келген. Қарт әке баласын танып, қоңылтаяқ етікті аяғына сұға салып, қораға
жүгіріп шығып есік ашқан. Қарт әке кақаған аязға қарамастан баласын бауырына
басып, емірене құшақтап тұрып қалған. Сол кезде мына үйге хабар жетіп, Баукеңнің
Момынқұл көкесі мен Сарагүл жеңгесі бірін-бірі жетектей жүгіріп, осы үйге келген,- дедім.
- Рас. Сіз солай деп жаздыңыз. Біз оны «Жұлдыз» бен «Жалыннан»
оқыдық, - деді Әтін мен Рақымжан қабаттаса сөйлеп. - Міне, бұл сол үйлердің орны.
- Момыш атам бұлағының басы жайқ алған тал болушы еді, - деді
Рақымжан содан соң. - Соның бәрін, жарықтық, ерінбей- жалықпай жалғыз өзі отырғызған
екен. Біз, кішкентай балалар жүгіріп келіп:
- Ата, ат берші,- деуші едік.
- Қандайы керек: жорғасы ма, жүйрігі ме? - деуші еді атам күліп.
Біріміз «жорғасын», біріміз «жүйрігін» сұрайтынбыз. Атам бізге бір-бір шыбық
кесіп беретін. Момыш атам менің тоғыз жасымда дүниеден қайтты. Ол кісінің бізге
ұрыспай, бір-бір ат мінгізіп жіберетінін осы күнге дейін ұмытпаймын. Сол талдың бәрін
жұрт соғыс кезінде күрекке сапқа, отынға кесіп әкетті...
Сіздің туып-өскен, балалық шағыңызды өткерген жерді көріп, мен қатты
қуанып едім, Бауке. Бірақ сол күні бойыма суық тигізіп алыппын. Қатты ауырып, ертеңінде
Шымкент ауруханасына түстім. Онда он бес күн жатып, Алматыға келдім. Үйге келген соң
дәрігер тағы да бір ай қозғалтпастан және жатқызып қойды.
Бауыржан. Өй, сен өзің менің ауылыма барамын деп бейнет көріп, қиналып
қалған екенсің ғой. Неге айтпадың бұрын?
Автор. Оның несін айтамын. Жалғыз бір жолғы ауырған ғана емес, Сізбен
сөйлесемін деп, ауырғаннан кем қиналмаған күндер де болды ғой, Бауке. Қиналмасаң -
кітап туа ма?
Бауыржан. Ол сенің жұмысың.
Автор. Ал, Бауке, енді Жуалыдан шығып, соғысқа қарай бет қоймайсыз ба?
Бауыржан. Қойдым. Жолда Москваға соғып, Отан Қорғау Комиссариатына
кірсем, менің К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары Әскери Академияның жанындағы
«Выстрел» деп аталатын білім жетілдіру курсына қабылданғаным туралы бұйрық шыққан
екен. Бейбіт кезде мерзімі бір жылдык бұл курстың оқуы соғыс кезінде алты айға
қысқартылған болатын. Оку 3 майда басталады екен. Оған дейін мен ГУК-тың
қарамағында қалып, сонда бір ай қызмет істедім.
Автор. ГУК дегеніңіз не, Бауке?
Бауыржан. Кадрлар бас басқармасы, Қорғаныс министрлігіне қарайды.
Майдың 3-інен октябрьдің 23-іне дейін сол курста оқыдым. Онда қалай оқып, не
бітіргенімді мына документтен оқып, керек болса көшіріп ал. Сен ылғи мені сөйлете
бергенше, документтерге сөз берсеңші. Документтер де мен ғой.
V
Баукең осылай деп темекі тартуға кетті. Мен асыкпай отырып, ол кісі
берген документті түгелдей көшіріп алдым.
«К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары
Әскери Академияның білім жетілдіру
курсының тыңдаушысы полковник
Момышұлы БАУЫРЖАНҒА
1944 жылдың майынан октябріне дейінге уақытқа
АНЫҚТАМА
Жалпы және әскери білімі жеткілікті. Әскер түрлерінің тактика-техникалық
қасиеттерін білуі ойдағыдай және бұл жөніндегі емтиханды толық қанағаттанарлық етіп
тапсырды.
Жағдайды дұрыс бағалай біледі, жағдайга сәйкес тиянақты қорытынды
жасай алады. Көбінесе дұрыс шешім қабылдайды және қабылдаған шешімін нақпа-нақ әрі
айқын етіп айтып бере алады. Басқару, бірлесе қимылдау және жабдықтау мәселелерін
барынша жеткілікті біледі. Тактикалық міндеттерді шешу қабілетіне жақсы бағалар
қойылды. Штаб документтерін толтыруды біршама біледі. Қайсарлық қабілеті бар.
Сабаққа ұқыпты.
Тәртіпті, ұстамды. Дивизия командирінің орынбасары қызметіне
тағайындауға болады.
Курс бастығы
23.10.1944 ж. генерал-майор
ЖЕМАЙТИС.
Келісемін.
Академия бастығының орынбасары
генерал-лейтенант
МОРДВИНОВ.
25 октябрь
1944ж.»
Бауыржан. Енді мына документті оқы.
Автор. Мұнда былай деп жазылыпты, Бауке:
«КУӘЛІК
Бұл куәлік полковник Момышұлы Бауыржанға берілді. Себебі ол 1944
жылы октябрьде К.Е.Ворошилов атындағы Жоғары Әскери Академия жанындағы білім
жетілдіру курсын жақсы деген бағамен бітіріп шықты.
Негіз: НКО ГУК-тың 1944 жылғы 28 октябръдегі № 03582 бұйрығы.
Академия бастығының
орынбасары генерал-лейтенант
В. МОРДВИНОВ
Оқу бөлімінің бастығы генерал-майор
Н. БЕЛЯЕВ
Аяғына академияның мөрі басылыпты. Штемпілде: «1944 ж. 3 ноябрь, №
7/25» деген белгі бар.
Бауыржан. Ұқтың ба?
Автор. Ұқтым. Академия Сізді дивизия командирінің орынбасары етіп
жоғарылатуға болады деді.
Бауыржан. Ендеше мен содан кейін І-Балтық майданы Соғыс советінің
қарамағына келдім де, дивизия командирі болып тағайындалдым. Оны менің «Жұлдызда»
жариялаған «Өмірімнің бір саласы» деген естелігімнен оқып алғын.
Автор. Ол естелігіңізді мен алып келдім, Бауке. Соны өз аузыңыздан маған
айтып берсеңіз қайтеді?
Бауыржан. Немене, сауатың жетпей ме?
Автор. Әңгіме онда емес, Бауке. Оның кейбір жерлерін өз аузыңыздан
анықтап алайын деп едім... Мінеки, журнал.
Мен Бауыржанға журналды ұсындым. Ол маған мұрты жыбырлап, тесірейе
қарады да, журналды алып, оң жағына тастай салды.
Содан кейін онда жазылғанның мазмұнын ауызша баяндай бастады.
VI
Автор. Енді әрі қарай айта беріңіз.
Бауыржан. Бір күні мені күтпеген жерден майданның штабына шақыртты. Ол
кезде майданның командашысы армия генералы Иван Христофорович Баграмян
болатын. 6-шы армияның командашысы генерал-полковник Иван Михайлович Чистяков
еді.
Мен кіргенде Чистяковтың қасында авиацияның бір маршалы отыр екен.
- Ең алдымен тамақтанып алайық, содан соң мен майдан командашысына
таныстырамын, - деді генерал-полковник Чистяков салған жерден. Жасыратын ештеңе
жок, жүз грамнан тастап алып, тамаққа кірістік. Сол кезде майданда үлкен шайқас болып
жатыр екен. Шайкасқа Жоғарғы Командование Ставкасының өкілі болып Совет Одағының
Маршалы Василевский келіпті. Ара қазы ретінде Совет Одағының Маршалы Жуков та
келген екен. Жуковты соғыстан бұрын, Ерекше Киев әскери округында қызметте болған
кезімде бір-ер рет алыстан көргенмін. Ал Василевский бұрын кермеген кісім болатын.
Ас үстіндегі әңгімесін тез аяқтап, Чистяков орнынан тұрды.
- Ал мен кеттім.
Шайкастың сәті түспей жатқан кез еді. Соған елдің бәрі қатулы. Бірсыпыра
уакыт өтті. Мен өзімді ішке шақырған бұйрық күтіп отырмын.
Автор. Сол күтіп отырған кезіңізде не ойладыңыз, Бауке?
Бауыржан. Майдан қолбасшысы туралы өзімнің білетінімді, Чистяковтың
генерал Баграмян туралы айтқандарын есіме алдым. Баграмян бұрын да көрген кісім ғой.
Соғыстан бұрын, Қиыр Шығыстан Ерекше Киев әскери округының қарамағына қызметке
келгенде полковник Баграмянның қабылдауында болғанмын. Енді генерал Баграмянның
қабылдауына келіп тұрмын. Одан бері бірсыпыра уақыт өтті. Баграмян бұл уақыт ішінде
еліміздің көрнекті қолбасыларының қатарына қосылды. Бұл штабта отырып өскен генерал
емес, от пен өрттің ішінде жүріп, өзінің батылдығымен, батырлығымен өрлеген өрен
болатын.
Мен бұрын Баграмянның қарамағында соғыста болғамын жоқ. Сондықтан
оны жақыннан жақсы білмейтінмін. Бірақ генерал Чистяков оның адамгершілік қасиеттері,
инициативаны бағалай білетіндігі, қол астындағы адамдарға сеніммен қарайтындығы
жайында жылы-жылы лебіздер айтқан. Командашы мен командарм арасында Елгава
окиғасынан кейін өзгеше бір сыйластық сезім орнағанын да аңғарғанмын. Ол оқиға былай
болған екен.
Өткен август пен сентябрьдің алғашкы жартысында фашистер өз күштерін
қайта топтап, Елгаваға қарай сел болып лап қойған. Сөйтіп олардың майдан шебін бұзып
кету қаупі туған. І-Балтық майданының басшылары бұл жайды қалай тоқтатудың қамын
ой-
лап, қатты толғана бастаған. Осы кезде Даугавпилс бағытында тұрған 6-шы гвардиялық
армияның командашысы генерал Чистяков генерал Баграмянға телефон соғып, өз
армиясының бағытындағы жаудың жайбарақат екендігін, әзірге қозғала қоятын ниеті
жоқтығын баяндай келіп, былай дейді:
- Жолдас командашы, менің участогымды сол жақ көршінің күшімен
тығындап, менің армиямды Елгава түбіне жұмсауынызға болар еді... деп ойлаймын. Ол
жақта өте қиын болып жатыр ғой.
- Олай етуге болады, - дейді Баграмян сәл ойланғаннан кейін. - Бірақ
Даугавпилс бағытының жауапкершілігі сіздің мойныңыздан алынбайды.
- Мұнда бір корпусымды қалдырамын, бұл бағытқа да жауап беремін,
жолдас командашы.
- Сонда сіз қарсыңызда жатқан дұшпанға армияның алғы шептен
шыққанын сездірмей, қайда баратыныңызды байқатпай кете аласыз ба, жолда оны
ешкімнің көзіне түсірмей, тығыз түрде Елгава түбіне жеткізе аласыз ба?
- Жеткіземіз, жолдас командашы.
Бұл Чистяков тарапынан жасалған аса батыл әрі өте жауапты ұсыныс еді.
Чистяков Баграмянға берген уәдесін мүлтіксіз орындап, жауып тұрған жауынға, жердің
мидай батпағына қарамастан армиясын үш күннің ішінде 150 километр жердегі Елгава
ауданына жеткізіп үлгіреді. Армия келіп орналаса сала жаудың 150 танкі, 60 өздігінен
жүретін зеңбірек, 50 бронетранспортерімен шайқаска түседі. Сөйтіп генерал Я.Г.
Крейзердің
51-ші армиясымен қанаттаса шеп құрған генерал И.М.Чистяковтың 6-шы гвардиялық
армиясы дұшпанның қиян-кескі шабуылдарын тойтарып, І-Балтық майданының шебін
бұздырмай сақтап қалады.
Бұл әңгімені Чистяков бағана ас үстінде айтқан еді. Содан кейін ол
орнынан тұрып:
- Демек, Иван Христофорович менің өзін ұятқа қалдырмайтыныма сенеді.
Сені маған командир етіп бекітіп береді. Ал мен кеттім, - деп еніп кеткен болатын.
Мен генерал Чистяковтың ерлігіне, ал Баграмянның ол ұсынысты
ерлікпен қолдай білген батылдығына іштей сүйсіне отырып, батылды батыл, батырды
батыр осылай қолдауы тиіс қой деп ойлағанмын.
Осындай әр түрлі ойлармен отырдым. Өзім 8-ші гвардиялық дивизиядан шығып, 9-шы
гвардиялық дивизияға командир болғалы келіп отырғанымды да ойладым.
Бір кезде есіктен генерал-полковник Чистяков көрінді де:
- Жолдас полковник, келіңіз, - деп мені шақырды.
Ішке кірдім. Жасы әлі елуге жетпеген армия генералы Баграмян қасқа басы
жалтырап, төр жақтағы столда отыр екен. Алдындағы папкаға зер сала үңіліп қалыпты.
Тегі менің личное деломды көріп отырған болар деп ойладым. Баграмян иықтанып,
бұрынғы
полковник кезіндегісінен сәл толыса түскендей боп көрінді.
Оң жақтағы ұзын столда екі маршал катар отыр. Олар алдарындағы кіші
картаға үңіліп, одан кейін кең бөлменің бір жақ қабырғасын түгелдей жауып тұрған үлкен
топографиялық картаға ойлана кезек көз салып қояды.
Бұрынғы командашым болғандықтан ба, менің назарым бірден Жуковке
ауды. Жуков маған бұрынғы қалпынан көп өзгермеген тәрізденді. Бұл да елуге тақаған кісі.
Бірақ түр-тұлғасынан ешқандай егделік сезілмейді.
Картадан бас көтеруі, мойын бұрысы ширақтық пен шапшаңдық танытады.
Ал Василевский болса, құрыштан құйылғандай болып, нық отыр.
- Жолдас маршал, майдан командашысымен тілдесуге рұқсат етіңіз, -
деп генерал-полковник Чистяков маршал Василевскийге бұрылды. Василевскийді өте
мәдениетті адам деп еститінмін.
Чистяковке жайдары қарап, сыпайы ізет білдірді.
- Тілдесіңіз, тілдесіңіз, - деді.
Чистяков денесін майдан командашысына қарай бұрды.
- Жолдас майдан командашысы, сізге полковник Момышұлын
таныстыруға рұқсат етіңіз, - деді ол Баграмянға.
Баграмян қағазға қарап отырған күйі басын изеді. «Өзім де оқып жатырмын»
дегендей ишара білдірді.
- Полковниктің фамилиясы қалай дедіңіз? - деді Жуков Чистяковке қарай
еңсеріле бұрылып.
- Мо-мыш-ұлы, - деп Чистяков менің фамилиямды буынға бөліп,
анықтай айтты. - Бауыржан Момышұлы, жолдас маршал.
- Естіген сияқтымын, - деп Жуков сәл ойланғандай болды.
- Дәл айтасыз, жолдас маршал, - деді Чистяков әлденені тезірек айтып
қалуға тырысқандай асыға сейлеп. Жолдас Момышұлы өткен жылы «Знамя» журналында
басылған панфиловшылар туралы кітаптың қаһарманы. Онда батальон командирі, аға
лейтенант кезі баяндалған. Қазір полковник.
- Көріп тұрмын полковник екенін, - деді Жуков орнынан тұрып.- Мен
полковник соғыстың қаһарманы ма десем, кітаптың қаһарманы ма еді?
Жуковтың бұл сөзінен оның не кұптағанын, не кінәлағанын түсіну қиын еді.
Әрине, мен кінәлау деп түсіндім.
- Екеуі де, жолдас маршал, - деп бұған да Чистяков жауап берді.
Жуков Василевский отырған стол мен Баграмян отырған столдың
арасында ерсілі-қарсылы жүре бастады. Маршалдың жаңағы не құптау, не кінәлау екені
белгісіз сұрағына өзім жауап беруді жөн көрдім.
- Жолдас маршал, бір ауыз жауап беруге рұқсат етіңіз, - дедім Жуков
Василевскийдің столынан кері бұрылып, Баграмян столына қарай аялдаған кезде
найзадай тік тұрған қалпымда.
Жуков тоқтай қалып, менің бетіме тіке қарады. Менің бойым маршалдың
бойынан биіктеу екен. Ол сәл иегін көтерді де:
- Рұқсат, айт, - деді.
- Соғыстың да, кітаптың да қаһарманы болайын деп ойлаған жоқ едім,
жолдас маршал. Отанымыздың басына түскен тарихи жағдай мәжбүр етті. Алдымен
соғыс, сонан соң барып «Соғыс және бейбітшілік» болғаны жөн де шығар. Олай
болмағанына мен емес, соғыстан қалмай шеру тартып келе жатқан әдебиет кінәлі.
Осылай деп Жуковке басымды идім.
Жуков «қарай гөр» дегендей, басын шайқады да, қайтадан жүріп кетті.
Маған жауап берген жоқ.
- Георгий Константинович, - деді Баграмян орнынан тұрып, Жуковке
бұрыла, - Кавказ халықтарында «қыранның шамасы шаңқылдаған үнінен танылады»
деген мақал бар. Полковниктің ұшқан ұясы біздің Ерекше Киев әскери округы екен.
- Қашан? - деп Жуков маған иек қақты.
- Сіз командашы боп тұрған кезде, жолдас маршал, 1940-41 жылдары, соғысқа дейін.
- Қай дивизияда?
- 24-ші атқыштар дивизиясының 406-шы аткыштар полкында,
Житомир қаласында, жолдас маршал.
Маршал сәл ойланып, әлденелерді есіне түсіргендей болды.
- Кім болдыңыз?
- Полк штабы бастығының бірінші көмекшісі.
- Одан кейін?
- Одан кейін генерал Панфиловтың дивизиясында батальон,
полк командирі болдым, жолдас маршал.
- Полковникті генерал Чистяков біле ме?
Жуков Баграмян мен Чистяковке кезек көз тастады.
- Білемін, жолдас маршал, - деді Чистяков алға ұмсынып. -
Полковник Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизиядағы менің ең өжет, батыл, білгір
командирлерімнің бірі болды.
- Полковник дивизияға лайық деп сенесіз бе?
- Сенемін, жолдас маршал.
- Білсеңдер, сенсеңдер бекітпейсіндер ме? - деп жайлап қана айтты да,
Жуков кейін бұрылып, Василевскийге қарай аяңдады.
- Бекітуге тура келеді, - деп Баграмян қайтадан орнына отыра бастады.
- Полковник жолдас, - деді осы кезде маршал Василевский маған қарай
мойын бұрып. - Карта бойынша біз бір операция жүргізіп жатырмыз. Картаға жақындап,
жақсылап тыңдап алыңыз. Міне, жау мына жерде. Оның күші бізден басымырақтау, бәрі
де картада көрсетілген. Оның есесіне бір корпус резервіміз бар. Міне. Бірақ бұл
қашығырақта жатыр. Әңгіме осы корпус жайында. Сіздің пікіріңіз қандай? Жағдайды
мұқият сараптап, өз
ойыңызды айтыңыз.
Мен картаның алдында біраз ойланып тұрдым да:
- Баяндауға рұқсат етіңіз, - деп маршалға бұрылдым.
- Айта беріңіз, жолдас полковник, - деп маршал қозғала түсіп, тындауға
ыңғай білдірді.
Жағдайдың бәрін айтып болдым да:
- Меніңше осы корпустан дәнеңе шықпайды, оны қозғаудың керегі жоқ, -
дедім.
- Неге? - деді Баграмян сәл алға ұмсынып.
- Жер алыс, қар қалың, жол ауыр, жолдас командашы. Корпус босқа
ысырап болады. Оның есесіне...
- Біз оның бәрін де есептедік қой, полковник, - деп Баграмян басын
шайқады.
Менің пікірім командашының ойымен үйлеспегенін сонда ғана білдім. Ал
айтылған сөз - атылған оқ. Мен қолбасылардың бұған дейін өзара пікір алысып, жаңағы
корпус туралы ойларын сарапқа салып отырғанын білгемін жоқ. Бірақ білсем де, мен
кімнің
алдында болса да, тек қана өз ойымды айтар едім.
- Жолдас командашы, мен маршалға полковниктің пікірін ғана баяндап
тұрмын, - дедім сәл басымды иіп. Осы арада Баграмянның да өз пікірінен қайтпайтын
қайсарлығы ойыма сап ете қалды. Соны тілге тиек етуге тырыстым. - Егер, мен
жаңылмасам, II-гвардиялық армияның командашысы генерал Баграмян да Курск шайқасы
алдында Батыс майданы мен Брянск майданының екі бірдей командашысының пікірімен
келіспей, өз жоспарын Ставка алдында дәлелдеп, қабылдаттырған жоқ па еді?
Ол оқиға былай болатын. Курск шайқасына әзірлік жүріп жатқан. Батыс
майданының қарамағындағы генерал Баграмянның армиясы мен Брянск майданындағы
генерал Беловтың армиясы жаудың Орел тобына қатарласа соққы жасап, одан кейін
шырқап
ілгері кетуі керек.
Бұл жоба Баграмянға ұнамады. Ол қанаттас екі армия бірден шырқап ілгері
кетпей, алдымен Орелдың солтүстік желкесіндегі жаудың шағындау тобын қоршауға
алып, құртуы керек деген қорытындыға келді. Сонда жаудың қорғаныс шебі едәуір
үңірейіп қалады. Ол қуысты бітеу немістерге оңайға түспейді.
Батыс майданының командашысы генерал Соколовский де, Брянск
майданының командашысы генерал Рейтер де Баграмянның жоспарын қабылдамады.
Шайқас басталардан бұрын Бас штабта мәжіліс өтті. Оған майдандар мен
армиялардың командашылары шақырылды. Генерал Баграмян өз жоспарын мұнда да
айтады. Командашылар мұнда да оған қарсы шығады. Одан кейін Ставка мәжілісі болып,
онда Орел операциясының жоспары бекітілмек болады. Майдан командашыларының
операцияға байланысты ойларын айтып, Бас штаб бастығының орынбасары А. Антонов
баяндама жасайды. Мәжілісті Сталин басқарады. Бас қолбасшы ешқандай ескертпе
жасамайды. Тек майдандардың өзара байланысы жайында бірнеше сұрақ қана қояды.
Сөйтіп мәжіліс бітуге айналады. Карталар жинала бастайды. Осы кезде Сталин кенеттен:
- Бас штабтың шешіміне бәріңіз де келісесіздер ме? Бәлкім, бұл
мәселеге қатысты басқаша ұсыныстарыңыз болар? - деп сұрады.
Сонда Баграмян орнынан тұрып, өз жоспарын айтады. Генерал Рейтер
тағы да оған қарсы шығады. Сталин екеуінің де сөзін тыңдап болып, Баграмянның
ұсынысын орынды деп табады. Сөйтіп оның жобасы ешбір өзгеріссіз қабылданады.
Мен осыған ишара едім. Баграмян күлімсіреді де:
- Сіз қателескен жоқсыз. Солай болғаны рас, - деп басын изеді. - Бірақ
мен сіздің ойыңызды ұқтым, полковник, - командашы маған зілсіз сұқ саусағын безеді. -
Баграмянның өз пікірі болса, менің де өз пікірім бар. Баграмян қыңыр болса, мен де
қыңырмын деп тұрсыз ғой.
- Тіпті де олай емес, жолдас командашы, - дедім мен иегімді көтеріп,-
командирдің қайсарлығы, табандылығы деген де терминдер бар ғой...
- Жолдас полковник, операцияны аяқтаңыз, - деді маршал Василевский
салмақты үнмен.- Сөзіңізді жалғастырыңыз.
Мен алыстағы корпустың көмегінсіз-ак, жақындағы дивизиялардың маневрі
арқылы жағдайдан шығу мүмкіндігін айттым.
- Полковник жолдасқа енді кімнің қандай сұрағы бар? - деді маршал
Василевский мен сөзімді аяктағаннан кейін.
Бағанадан бері екі қолын артына ұстап, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы үнсіз
жүрген Жуков аласа бойлы шағын денесін ықшам қозғап, қасыма келді.
- Сен маған ренжіп қалдың ба? - деді маған тіке қарап.
- Полковниктің маршалға ренжуі ағаттық болады, - дедім мен.
Маршал Жуков ішек-сілесі қата күлді де, иығымнан алақанымен түйіп
жіберді. Тегеуріні қатты екен. Шайқалып барып, қайта түзелдім.
- Енеңді ұрайын, сен мені қатырдың, - деді содан соң.
Маршал Василевский орнынан қозғала түсіп:
- Жолдас полковник, сізге рұқсат, бара беріңіз, - деді.
Мен шығып кеттім. Іштен хабар күтіп, ауыз бөлмеде біраз отырдым.
Қадірлі командашыны өкпелетіп алдым-ау деп ойладым. Адамға жақсы көретінімді жеткізе
алмайтын орашолақтығыма өкіндім. Бірақ жұрттың бәрі жақсы көргенін жалбақтап
білдіруге міндетті емес шығар деп өзімді өзім және жұбаттым.
Бірақ Баграмян көңіліне ештеңе алмаған екен. Оны артынан білдім.
Соғыстан кейін, маған Бас штаб академиясына оқуға бару туралы қағаз толтырылғанда
Иван Христофорович: академияға сондай полковниктерімізді жіберуіміз керек деп, бірден
қол қо-
йыпты.
Сонымен біраздан кейін іштен Чистяков шықты. Орнымнан атып тұрып,
бірден қабағына қарадым. Көңілді екен.
- Сен 9-шы гвардиялық дивизияның командирі болып тағайындалдың, - деді ол бірден. -
Комаңдашы қол қойды. Екі маршал батасын берді. Құттықтаймын! - Генерал-полковник
құшырлана қолымды қысты.- Бірақ, - деді одан кейін түсін суытып, - үлкендердің алдында
байқап сөйлеу керек, енеңді ұрайын. Сен бастықтарға жақпай қала ма деп жаным
мұрнымның ұшына келді. Командашымен атаңның басына сөз таластырасың ба? Әйтеуір,
ол кісі шамданған жоқ. Әйтпесе күйіп кететін едің. Ұқтың ба?
Мен үндемедім. Үндемегенім: өтер іс өтті, өкінгенмен пайда жоқ. Генерал
бетіме алара қарады да, енді даусын жұмсарта сөйледі.
- Іштен телефон соқтым. Қазір саған машина келеді. Бар да дивизияны
қабылда және оның әкесі бола біл. Дивизия қазір қатты шайқас үстінде. Тез жет.
- Құп, жолдас генерал, - дедім мен оң қолымды шекеме көтеріп, -
дивизияны қабылдауға және оған әке болуға!
- Жөнел.
Сөйтіп мен дивизия командирі болдым.
Автор. Рақмет, Бауке. Бұл арада Сіздің дивизия командирі болдым
дегеніңізге ешкім таласа алмайды. Өйткені Сіз онда Баграмян штабынан 9-шы гвардиялық
дивизия командирінің орынбасарлығына тағайындалып, бірақ дивизия командирінің
лауазымын арқалап шықтыңыз. Бұйрықта солай делінген: орынбасар болып
тағайындалсын, командирдің міндетін атқарсын деп көрсетілген. Бұл 1945 жылдың 21
январы болатын, Бауке.
Бауыржан. Рас.
Автор. Ал Сіз өзіңізге жүктелген дивизия командирі міндетін ойдағыдай
атқарыпсыз, Бауке. Ол туралы тиісті документ бар.
Бауыржан. Қандай?
Автор. Мынадай.
«Гвардия полковнигі Момышұлы Бауыржанды 9-шы
гвардиялық қызылтулы атқыштар дивизиясының
командирі лауазымына бекіту туралы
ҰСЫНЫС
Бұл лауазымның міндетін 1945 жылдың 25 январынан бері атқарып келеді,
батыл, өжет, тактикалық жағынан сауатты, ұрыс үстінде әскерлердің өзара байланысын
ептілікпен ұйымдастыра біледі, ұрысты жақсы басқарады, тәртіпті. Өзіне де, өзгелерге де
талап қойғыш, бағыныштыларының арасында абыройлы. Саяси ой-өрісі кең. Моральдық
жағынан берік. Партия ісіне берілген.
Әскерлерге ойдағыдай басшылығы, Прибалтикадағы неміс группировкасын
жою жөніндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Қызыл Ту орденімен
наградтауға ұсынылды.
Қорытынды: атқарып келе жатқан лауазымына лайық. Момышұлын
дивизия командирі лауазымына бекіту туралы ұсыныс енгіземін:
2-ші гвардиялық атқыштар корпусының командирі Совет Одағының Батыры гв. генерал-
майоры БАКСОВ.
8 март 1945 ж.»
Бауыржан. Рақмет.
VІІ
Автор. Осы ұсынысқа қоса берілген жауынгерлік мінездемеге корпус
командирі Баксовтан кейін өздерінің ризалықтарын генерал-полковник Чистяков пен
армия Соғыс советінің мүшесі Совет Одағының Батыры гвардия генерал-майоры Абрамов
қол қойған.
Ол екеуінен төменірек: «Дивизия командирі лауазымына лайық» деп жазып
2-ші Балтық майданының командашысы Совет Одағының Маршалы Говоров пен Соғыс
советінің мүшесі генерал-лейтенант В.Богаткин деген кісі қол қойыпты.
Міне, осыдан кейін Сізге АГ-00 001 сериялы № 52. 374 куәлік берілді. Ол
куәлікте Қорғаныс Халық Комиссарының 1945 жылы 28 марттағы 0115 санды бұйрығы
бойынша Сіздің штатты лауазымыңыз 9-шы гвардиялық Қызылтулы атқыштар
дивизиясының командирі екендігі көрсетілген. Сонымен бірге «Москваны қорғағаны үшін»
медалімен, Қызыл Ту орденімен наградталғаныңыз, Оңтүстік Қазақстан облысының
Жуалы ауданында туғаныңыз, әйеліңіздің аты-жөні Мұканова Жамал және Бақытжан
деген ұлыңыз бен Шолпан деген қызыңыз бар екендігі айтылған. «Куәлік иесінің өз қолы»
деген жерге «Б.Момышұлы» деп латын әріптерімен қол қойыпсыз. Бір қызық жері Сіз өз
куәліктеріңіздің бәріне де осылай латынша қол қойып отырғансыз. Бұл документтің бірінші
бетіне де, соңғы бетіне де 2-ші гвардиялық атқыштар корпусының командирі Совет
Одағының Батыры генерал-майор Баксов қол қойған. Менде бұл куәліктің де фото
көшірмесі бар. Осы рас па, Бауке?
Бауыржан. Рас.
Автор. Осы арада тағы бір анықтап алатын мәселе боп тұр, Бауке.
Бауыржан. Қандай?
Автор. Жаңылмасам Сіздің қызмет тізімдеріңіздің бірінен қырық төртінші
жылдың аяғында, академияның алты айлық курсын бітіргеннен кейін, 2-ші Балтық
майданының қарамағына жіберілді дегенді көзім шалған сияқты еді. Ол кезде 2-ші Балтық
майданының командашысы А. И. Еременко болатын. Сонда Сіз қалай 1 -ші Балтық
майданының командашысы Баграмянның штабынан, Василевский мен Жуковтың
ортасынан бір-ақ шықтыңыз?
Әлде генерал-полковник Чистяков Сіздің 2-ші Балтық майданының резервінде
жатқаныңызды біліп, Сізге сенгендіктен, басшылық орны бос тұрған 9-шы гвардиялық
дивизияға командир етуге шакыртты ма? Бұл үшін, әрине, армия командашысы майдан
ко-
мандашысымен ақылдасады. Ал Баграмянның Сізді Ставканың екі Балтық майданындағы
өкілі Василевский арқылы шақырттырып алуы мүмкін ғой.
Бауыржан. Иә, солай.
Автор. Оған дейін генерал-полковник Чистяковпен кездескен бе едіңіз?
Бауыржан. Иә, кездескенбіз. Немене сен бір сұрақты қайта-қайта қоя бересің.
Сенбей отырсың ба өзің?
Автор. Неге сенбейін, Бауке. Анықтап алайын деп жатқаным ғой. Москвада 2-
ші Балтық майданына барамын деп өзіңіз тілек білдіріп пе едіңіз?
Бауыржан. Иә.
Автор. Неге?
Бауыржан. Алыста жүрген адам үйіне қайтуы тиіс пе, жоқ айдалаға қаңғып
кетуі керек пе?
Автор. Әрине, үйіне қайтқаны жөн.
Бауыржан. Ендеше бұл да сол. Сол кезде генерал-полковник Казаков
басқаратын 10-шы армия 2-ші Балтық майданының қарамағында болатын. 8-ші
гвардиялық Панфилов дивизиясы сол армия құрамында жүрді. Ол менің туған үйім емес
пе?
Автор. Рас. Сонда бармақ ойыңыз болып па еді?
Бауыржан. Иә. Дивизиямды, жігіттерімді сағындым. Онда мен екі полкта
қызмет істедім ғой. Соның қайсысы бос болса, бұрынғы орныма баруға да бейіл едім.
Бірақ жолда генерал-полковник Чистяков кездесті де, ол мені өз армиясына шақыртып
алды. Жақсы ұстаз жаман шәкіртін де ұмытпайды екен.
Автор. Сіз жаман шәкірт болған жоқсыз ғой, Бауке.
Бауыржан. Сөздің сірәғысы емес пе?
Автор. Ұстаздарыңыздан ұмытқандарыңыз бар ма?
Бауыржан. Шәкірт үшін ұстаздың жаманы жоқ. Олардың бәрі де есімде.
Солардың ішінде ең алдымен ойыма оралатыны Панфилов пен Чистяков. Чистяков маған
үш рет ұстаз болған кісі. Ал бір шәкірттің бір ұстаздан бастауыш кластарда, орта мектепте
және жоғары оқу орнында сабақ алуы өмірде өте сирек кездесетін оқиға.
Автор. Ол кісімен байланысыңыз қандай?
Бауыржан. Қарт адамдардың арасында байланыс бәсеңдеу болады.
Москваға барғанда - соғамын, сәлем беремін. Былтыр Иван Михайлович Чистяков
Алматыға келді. Үйіме шақырып қонақ еттім.
Автор. Сізді жақсы көрген командирлеріңіздің бірі генерал-майор Баксов па
деп ойладым, Бауке.
Бауыржан. Баксов ер көңілді, өжет, өткір кісі еді. Тәртіптілікті, тиянақтылықты
ұнататын. Бұлтаң-сұлтаңы жок, тура мінезді нағыз орыс адамы болатын.
Автор. Оны айтып отырған себебім Баксов Сізге алты-жеті жақсы
мінездемелер жазыпты.
Бауыржан. Онысына рақмет.
Автор. Өзіңізді екі рет Қызыл Ту орденіне ұсыныпты: 2 мартта және 16
майда. Сіз 1945 жылы 6 июньде 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталдыңыз. Бұл
Баксовтың сол ұсынысының нәтижесі болуға тиіс.
Бауыржан. Әрине.
Автор. Бір қызығы Сіз тек 6 июньде ғана наградталып отырыпсыз. Ең бірінші
рет Қызыл Ту ордені 1942 жылы 6 июньде беріліпті. «Москваны қорғағаны үшін» медалін
де 1944 жылы 6 июньде алыпсыз.
Бауыржан. Кездейсоқ көп сәйкестіктің бірі болар.
Автор. Сіздің батальон басқарған, полк командирі болған кездердегі
жауынгерлік іс, еңбектеріңізден азды-көпті хабардармыз, Бауке. Енді 9-шы гвардиялық
дивизияның басшысы болған кезіңізден қысқаша да болса дерек айтпайсыз ба?
Бауыржан. 1944 жылдың екінші жартысынан бастап 1, 2, 3- Балтық және 3-
Белорусь майдандары әскерлерінің иығына Балтық республикаларының жерін жаудан
босату, бұл үшін ең алдымен жау шебін бұзып, Балтық жағалауына шығу, сөйтіп Балтық
пен Шығыс Пруссия арасындағы күре тамырды талқандап, немістің «Солтүстік» армиялар
тобын Германиядан бөліп ұстау міндеті жүктелді. Дұшпанның 16 және 18-армияларына
соққы бере отырып, жаз бойы бұл майдандар осы міндетті сатылап орындаумен болды.
Оңтүстік Литваға (Вильнюс, Каунас, Неман жағалауы) Черняховский бет қойды. Курляндия
мен Ригаға қарай Баграмян құлаш сермеді. Еременко Резекнеге бағыт ұстады. Сөйтіп
Вильнюс, Шауляй, Елгава, Двинск, Резекне алынды. 3-ші Балтық майданының армиялары
Остров пен Псковты, Ленинград майданының әскерлері Нарваны азат етті. Сөйтіп бұл
майдандар біртіндеп күз бойы алға баса берді. Рига босатылды. Октябрьдің екінші
жартысында 3-ші Балтық майданы ажыратылды. 1945 жылы январьдың басында қалған
екі Балтық майданы шабуылды тоқтатып, аз уақытқа табан тіреп бекіністе болды. 1-ші
Балтық майданының қарамағындағы 9-шы гвардиялық дивизияға мен осы кезде келдім.
Бұл майдандар мен армиялар штабтарында алдағы шайқас-шабуылдардың жоба-
жоспарлары үсті-үстіне талқыланып жатқан қарбалас, қызу шақ еді.
Олай болатын себебі мынадай. Қырық бірінші жылы немістердің біздің
Отанымыздың жеріне үш топқа бөлініп кіргенін білесің. Олар: «Солтүстік», «Орталық»
және «Оңтүстік» армиялар топтары деп аталды ғой. Біздің әскерлердің соққысы
салдарынан
оның екеуі, әсіресе «Оңтүстік» армиялар тобы тоз-тоз болып, бірнеше рет қайта
жасақталды. Тек «Солтүстік» армиялар тобы ғана үш жыл бойына қаймағы бұзылмаған
қалпында тұрды. Балтық майдандары әскерлерінің 1944 жылғы жазғы, күзгі тегеурінді
қимылдарынан кейін бұл да өзінің бұрынғы белсенді оперативтік-стратегиялық бірлестік
қалпынан айрылды. Бұрын Балтық жеріне бауырын төсей созылып жатқан «Солтүстік»
армиялар тобы, енді таяқ тиген жыландай жиырылып, шиыршықталып, «Курляндия»
армиялар тобы деп аталып, түбекке тығылды. Бұл топта отыздан аса дивизия болды.
1944 жылы 5 сентябрьде Финляндияның бізбен соғысты тоқтатуына байланысты,
Финляндиядағы неміс әскерлері де «Курляндия» тобына келіп құйылып жатты.
Сөйтіп, тар түбекке иін тіресе тығыздалып топталған жау жан аямай қарсылық
көрсетті. Жабайы шошқалар емен ағашының түбін тұмсығымен қопарып, қалай ойран-
асыр қылса, немістер де Курляндия түбегін сондай етіп, окоппен ойып, траншеямен
тілімдеді. Ордың әр он бес метрінен автомат пен винтовканың тұмсықтары қылтиып, әр
сексен метр жерде қылғына қылқиып пулеметтер тұрды.
Орлардың алдына, 30-40 метрдей жерден, темір тікенекті сым темірлер
тартылып, артына, 15-20 метрге, бүйінің ініндей үңірейе блиндаждар тізілген. Бұл - жау
бекінісінің бірінші линиясы болса, содан жүз-екі жүз метрдей қашықтықтан дәл осындай
екінші линия тартылған. Екінші линияның арты танк өте алмайтын жалпақ та терең
орлармен қоршалып, артиллериямен тығындалған.
Мұның бәрі бірінші рубеж аталады. Одан бес-алты километрдей кейінде дәл
осындай құрылыс, құралдары бар екінші рубеж басталады. Одан кейін үшінші рубеж
келеді. «Солтүстік» армиялар тобының командашысы генерал-полковник Шернер осы
линия, рубеждегі солдаттардан бір-бірлеп отырып, өлсем де орнымнан шегінбеймін деген
қолхат алған.
Олай болатын себебі Совет Одағының жеріне басып кірген кезде Гитлер өз
күшінің сол қанатын Курляндия арқылы Ленинградқа төкті. Ленинградқа блокада жасады.
- Егер Курляндия біздің уысымызда тұратын болса, Россия үшін
Европаға жол жабық. Курляндия - Россияның Балтық теңізіндегі форпосты саналатын
Ленинградты алатын плацдарм. Ол - Ленинградтың тажалы, одан соң Россияның
Европалық бөліміне сілтелетін найза. Сондықтан Курляндияға тез табан тіреп, оны
қаһарман қамалға айналдыруымыз керек, - деп өзінің стратегиялық нұсқауын берді. Қырық
төртінші жылы Совет Армиясының Балтық майдандары әскерлерінің жойқын шабуылы
басталып, Гитлер армиясы амалсыздан кейін шегіне бастады. Осы кезде Гитлер:
- Қайткен күнде де Курляндиядан айрылмау керек. Орыстар Балтық
жағалауына шыға алмайтын болсын! Әйтпесе Финляндия, Швеция, Норвегия, Польша,
Дания қолдан кетеді. Шығыс Пруссия қатал соққыға ұшырайды. Одан кейін бүкіл
империяға қатер төнеді, - деп және бажылдады.- Күшті қорғаныс шебін жасап, қайткенде
де Курляндиядан айрылмау керек! - деп бұйырды.
Міне, біз олардың осындай қорғаныс шебін бұзып барып, «Курляндия» тобын
қоршауға алуға тиіс едік. Біздің қолымызға өткен елді пункттерді қайтарып алу үшін
фашистердің күніне қырық рет қарсы шабуыл жасаған кездері болды. Күніне төрт рет
емес,
қырық рет қарсы шабуыл! Түсінесің бе жағдайдың қандай қиын болғанын?
Автор. Түсінемін, Бауке. 2-ші Балтық майданының командашысы А.И.
Еременконың жазбаларында да Сіздің бұл айтқаныңызды растайтын сөздер бар.
Бауыржан. Оның үстіне Балтық жағалауының ауа райы өте құбылмалы ғой.
Бірде жауын, бірде тұман болып, ілгері басқан аяқты кейін кетірген кездер де аз болған
жоқ. Маршалдар мен генералдардың күйіп-пісіп, ызаланатын себептері де сол. Осындай
қиын-қыстау кезеңде менің 9-шы гвардиялық дивизияға басшы болуыма тура келді.
Дивизияда жеті полк бар еді. Олардың төртеуі орденді полк. Орынбасарым
өзіміздің Қазалының балықшы орыстарының ұрпағы, Совет Одағының Батыры гвардия
полковнигі Геннадий Фадеевич Шляпин деген жігіт. Ол қазақша судай жүйрік екен. Саяси
жұмыс жөніндегі орынбасарым қарт большевик, Саратов обкомының бұрынғы секретары
гвардия полковнигі Иван Михайлович Коньков деген кісі. Шляпин кейін мені аға, оны
ақсақал деп атайтын. Мен дивизияның жеті полкымен, олардың командир,
жауынгерлерімен жете танысқаннан кейін, біраз күннен соң біздің корпус шабуылға
шықты.
Курляндия - орманды, батпақты өлке. Онда аяқты, тұсаулы аттай, кібіртіктеп қана
басасың. Жүгіре алмайсың, тартпа шалшық аяғыңнан алып, аттаған сайын сүріндіреді.
Сондықтан да біздің майдандарымыз аршындап ілгері баса алмай, жау шебін кеміріп
мүжіп келе жатқан болатын.
Біздің дивизияға Латыш ССР-інің Приекуле станциясын жаудан азат ету
міндеті жүктелді. Оны картадан қараймын десең, Лиепая қаласының шығыс жағынан ізде.
Литва ССР-інің шекарасына жақын жерде. Дивизия алғашқы күні жаудың жоғарыда
айтылған үш қатар бекінісін бұзып, станңияны алды. Одан кейін екі күнде тағы да сегіз
километр алға басты. Содан соң тағы он күн соғысып, ол он күнде он жеті километр ілгері
жылжыдық. Жаудан он бес елді пунктті азат еттік. Олардан есімде қалғаны Жабали,
Усайтюгворс, Видсмунка, Усайты деген деревнялар. Жиырма шақты күнде не бары
жиырма бес шақырым жерге жылжыдық. Соның өзі Курляндия жағдайында аса зор жеңіс
болып есептелді. Дивизиямыз жаудың жиырма бес зеңбірегін, бес минометін, қырық бес
пулеметін, отыз бес танкін жойып, мыңға тарта неміс солдаттары мен офицерлерін
құртты. Бұл цифрларды мен саған өз жанымнан шығарып айтып отырғамын жоқ.
Корпустың сол кездегі ресми документтерінде осылай жазылған болатын.
Автор. Рас, Бауке. Ол документтердің кейбір көшірмелерін мен өз көзіммен
көріп оқыдым.
IX
Бауыржан. Осыдан кейін дивизия екінші эшелонға демалысқа шығарылды. 6-
шы гвардиялық армияның қолбасшысы Совет Одағының Батыры, генерал-полковник
Иван Михайлович Чистяковтың өзі келіп құттықтады.
Осыдан кейін ғенерал-полковник біздің дивизияның 120 жауынгері мен
офицеріне өз қолымен награда тапсырды.
Автор. Ол бір ауыр ұрыстар болған екен, Бауке. Өзгесін айтпағанда отыз бес
танкті ойрандау осал іс емес қой! Ол күндерде қысылған, сасқан сәттеріңіз болды ма?
Бауыржан. Неге болмасын. Қысылуды сұрасаң, күніне әлденеше рет
қысылдық қой. Сасқан сәттер де болды.
Алғашқы күні, жаудың екі түбегін тартып алып, үшіншісіне ұмтыла
бергенімізде, фашистер танктерін тасалап бізге қарай дүрсе қоя берді. Алғы шеп
абыржып барып, кейін толқыды. Мен де дивизиямның алғы тізбектерін екшелеп келе
жатыр едім.
Командирі қасында тақау жүрсе, жауынгердің жаудан беті қайтпайды. Зеңбіректер бір елі
қалмасын деп Шляпинге қатты тапсырып қойғанмын. Өйткені зеңбірек ерткен жаяу әскер
танктен тайсалмайды.
Қалай дегенмен де, алғы шеп кейін лықығанда мен едәуір сасқалақтап
қалдым. Бірақ адам бойында жасырын жатқан неше түрлі күш-қасиеттер бар ғой.
Солардың бірі қайрат пен жігер.
Қайрат - қамал бұзады. Шляпин жігерлі жігіт еді. Танктерді көргенде ол да бар
зеңбіректен атқылап берді. Кейін толқыған жігіттерді тоқтату үшін мен қылышымды жарқ
еткізіп қынабынан суырып алдым да:
- Қайда барасындар, менің қырандарым, алға! - деп алға қарай ұмтылдым.
Дивизия командирін көргеннен кейін жауынгерлер кейін бұрылып, «Ура!» деп
қайтадан жауға қарай лап қойды. Дүние тарс-тұрс, гүрс- гүрс болды да кетті. Жау танктері
де лаулай бастады. Жігітгер жанына кеп қалғанын шоқпар гранатпен соғып, «КС-пен»
өртеп, жайрата женелді.
Біз, алғашында кейін серпілген жігіттерді өкшелей қуып, екпіндеп келіп қалған
бір топ неміспен қоян-қолтық келіп, найзаласа жұлқысып кеп кеттік. Менің дәл қарсы
алдыма бір арғымақтай офицер кісінеп келіп қалған екен. Баяғы Сибирьде жүргенде
үйренген ат үстінен шыбық шабатын әдісіме салып, қыл мойынды қиғаштай тартып кеп
жіберіп едім, офицер жұлындай ұшып түсті.
- Алға, қырандарым, - деп тағы да қарлыға айқайлап, ілгері жүгірдім.
Қырандарым, таудан төңкерілген судай ағындап, менен озып, айналамнан алға қарай
ағылып жатты. Қираған танктердің біріне тақап қалғанымда люктен шығуға тырбанып
жатқан жау офицерін көзім және шалып қалды. Оны маузермен көздей басып кеп салдым
да, домалатып танктың алдына сұлаттым. Осы кезде артымнан біреу келіп қапсыра
құшақтай алды. Жалт қарасам, орынбасарым Геннадий Фадеевич Шляпин екен.
- Ағатай, Сізге не болды? - деді ол қазақшалап. - Кейін қайтыңыз.
Сөйтсем ол менің жаяу әскерді бастап, атакаға жүгіргенімді көріп, олжа
транспортерге міне салып, соңымнан қуып келіпті. «Ағатайлап» жалынып, транспортерге
отырғызып, мені кейінірекке алып шықты.
Ол күні мен қылыш сілтеп, маузерден атып, жеке өзім жаудың екі офицерін
жойдым. Ал менің дивизиямның жауынгерлері жиырма танкты өртеп, көптеген дұшпанды
жер жастандырды.
Автор. Дәл осы ұрыстарға байланысты 2-ші гвардиялық корпустың командирі
Совет Одағының Батыры, гвардия генерал-майоры Баксов мынадай мінездеме жазған
екен, Бауке. Орысшасы өте әдемі. Аудармастан сол қалпында оқиын: «Гвардии полковник
Момышулы умелым руководством войсками, личным примером героизма, мужества и
отваги, проявленные в бою, воодушевлял бойцов и офицеров на выполнение задач,
поставленных перед дивизией, в результате чего противнику нанесены значительные
потери в живой силе и технике». Осылай депті, Бауке.
Бауыржан. Бұл документтерді ерінбей іздеп, тауып алғаныңа рақмет!
Автор. «Ақиқат пен аңыздың» журналға шыққан тарауларында мен Сіздің
көзіңізге жас алған бір тұсты айтқан едім. Ұмытпасам Сіздің алғашқы ұстазыңыз
помкомвзвода Николай Рединнің өлген жерінде болуы керек. Соны оқыған жазушы
жігіттердің біреуі: сенің мұның өтірік. Момышұлы жыламайды деп маған кінә тақты. Сол
сияқты, соғыстың соңғы кездерінде жылаған сәттеріңіз болды ма?
Бауыржан. Момышұлын адам емес, ағаш деп ойлайтын ол неғылған
жазушы?
Содан кейін ыңылдап отырып, өз өлеңімен жауап берді:
«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен»,
Менде де ой бар, сезім бар жан тербеткен.
Жүрегім менің қиыршық тас емес қой,
Қайғыларым бар мені де еңіреткен...
Болды, қарағым. Бір рет тағы да еңіреп тұрып жыладым. Басынан айтайын.
Біз жаңағы айтылған Приекуле түбінде басталған ұрыстан кейін екінші
эшелонда бір жарым айдай болдық. Бұл кезде біз Ленинград майданының, маршал
Говоровтың қарамағында болатынбыз.
Бір күні мені армияның Соғыс советінің кеңесіне шақырды.
- Өзіңіз білесіз, кеше, 2 майда Берлин құлады, - деді командашы. - Ал
Курляндияда немістің жарты миллиондай әскері бар. Оларға бағыну туралы ультиматум
қойылды. Бірақ хабар жоқ. Олар айтқанға көнбесе күш көрсетіп бағындыруымыз керек. Ал
соғыстың бұл соңғы күндерінде, бәлкім, соңғы сағаттарында екі жақтан да қан төгілмегені-
ақ жақсы болар еді. Бірақ олар қойған шартты қабылдамаса, біз шабуылға шығамыз.
Сіздің дивизия сол шабуылшы топқа кіреді.
Генерал-полковник Чистяковтың бұл бұйрығын алып, мен дивизияға келдім.
Коньков пен Шляпинге жайды айтып, дивизияны орнынан көтердік.
- Бауыржан, қарағым, - деді жолда келе жатып Иван Михайлович Коньков, -
бәлкім, немістер ақылына келер, қаруларын тастап, қол көтерер. Бәлкім, бұл біздің
немістермен ең соңғы ұрысымыз болар. Өзің де сақ бол, өзгелерді де сақтауға тырыс.
Приекуледегідей қызбаланып, ілгері ұмтылма. Кейінірекке жайғас.
- Оны жағдай көрсетеді ғой, ақсақал, - дедім мен.
Бірақ менің командалық пунктім артқа емес, алға, жаудан жүз елу метрдей
жерге орналастырылды. Жау айтқанға көнбей, бұрқыратып оқ боратып тұрды. Бір кезде
радист екеуіміз жатқан шұңқырға біреу домалап кеп құлады. Иван Михайлович Коньков
екен.
- Сізге не болды? - дедім.
- Сіз осында жатыр деген соң әдейі келдім,-деді ол. - Ағалық ақылымды
беріп, басу айтып, қасыңызда болайын дедім.
Осы кезде біздің самолеттер келіп, төбеден оқ атып, ұсақ бомбалар
тастады. Жаумен ара жақын, жүз елу метр ғана болғандықтан, олардың оғы ауытқып өз
үстімізге де ақтарылып жатты.
- Соғыстың соңғы сағатында мыналар қайтеді, ей, - деп Коньков атып
тұрып, біздің ұшқыштарға қарап колын сермеп, жұдырығын түйді. Сол сәтте ол радист
екеуіміздің үстімізге қайтадан құлап түсті.
- Иван Михайлович, не болды? - деп мен оның басын сүйей бердім.
- Бауыржан! Комдив! - деді ол сөздерін үзіп-үзіп әрең сөйлеп. - Соғыстың
соңғы сағатының құрбаны мен-ақ болайын... Өзгелер аман болсын...
Осылай деп ол көзін мәңгіге жұмды. Радист солдат екеуіміз қосыла
еңкілдеп жылап жібердік.
Дүние тып-тыныш бола қалды. Үрейленіп, окоптың кенересіне көз жібердік.
Немістер ақ ту көтеріп, шұбырып бізге қарай келе жатты.
Олар бізге көп қорлық көрсетті. Бірақ біз тұтқындарды қорламадық. «Таспен
атқанды аспен ат» деген. Мен немістің жиырма жеті генералының алдына халқымыздың
ақ дастарқанын жайып, қонақасы бердім. Енді елімізге тиіссеңдер дәм ұрсын! - дедім.
- Найн, найн! - деп олар бастарын шайқап, көздерін жыпылықтатты.
Арий қанды зиялы генералдар алдарындағы асты аш қасқырдай түтіп, жеп жатты.
Соғыс осылай бітті.
I
Автор. Ал, Бауке, сонымен соғысты бітірдік.
Бауыржан. Бітірдік.
Автор. Енді қайда барамыз?
Бауыржан. Сен сержантсың ғой?
Автор. Иә.
Бауыржан. Онда әскерден босап, ауылыңа қайт. Алматыға барып, КазГУ-ге
оқуға түсесің бе - ерік өзіңде. Ал мен полковникпін. Маған демобилизация жоқ. Менің
дивизиямда қала беруіме немесе әскери академияға оқуға кетуіме болады.
Автор. Соғыс біте сала академияға түстіңіз бе?
Бауыржан. Жоқ. 1945 жылы 9 майда соғыс біткеннен кейін сентябрьге дейін
Балтық әскери округында сол 9-шы дивизияның командирі болып тұрдым. Содан кейін
Москваға, ГУК-тың қарамағына шақырылдым. Қырық алтыншы жылдың январынан бастап
К. Е. Ворошилов атындағы I дәрежелі Суворов орденді Жоғары Әскери Академияның
тыңдаушысы болдым. Академияда қалай оқығаным керек болса, оны мына дипломнан қа-
рап, көшіріп алғын.
Баукең ұсынған дипломды қолыма алып қарасам, қатырманың бірінші
бетіне СССР Гербінің суреті салынған да, екінші бетіне былай деп жазылған екен:
«ДИПЛОМ
Б № 256421
Осыны ұсынушы полковник Момышүлы Бауыржан 1946 жылы түсіп, 1948
жылы К.Е.Ворошилов атындағы I дәрежелі Суворов орденді Жоғары Әскери Академияның
толық курсын бітірді. Мемлекеттік Емтихан Комиссиясының 1948 жылғы 14 февральдағы
шешімі бойынша Академияны жақсы деген дипломмен аяқтады деп саналады.
Мемлекетгік Емтихан Комиссиясының председателі Совет Одағының Маршалы
ГОВОРОВ.
Академия бастығы, армия генералы
М.ЗАХАРОВ.
Москва қаласы. 1948 ж.
Тіркеу № 66».
Говоров пен Захаров екеуі де дипломға қол қойған, сол жақ бұрыштан
академияның мөрі басылған.
Одан кейін дипломның қосымшасын алып қарап едім, тізіліп тұрған бестік
бағаларға көзім түсті. Асығыс түрде мен оларды да дәптеріме көшірдім.
Бұған да генерал Захаровтың қолы қойылып, академияның мөрі басылған.
Автор. Академияны үздік бітірген екенсіз, Бауке.
Бауыржан. Қырық алтыншы жылы қабылданған жаяу әскердің жауынгерлік
уставына менің ұсыныстарым кірді. Академияны бітіргенімде маған тоғыз мың сом (ескі
ақшамен) сыйлық берілді.
II
Автор. Сол академияда оқыған кезіңізден бірер деталь айтып бермейсіз бе,
Бауке? Қанша адам оқыдыңыздар? Қалай оқыдыңыздар? Оқытушыларыңыз қандай
адамдар еді деген сияқты.
Бауыржан. Мен, сенің алдыңа қойған мақсатыңа сәйкес, өмірімнің әрбір
кезеңін қыска-қысқа ғана баяндап келе жатырмын, қарағым. Ал оның әр кезеңінің жеке
детальдарын қуалай берсек, онда әңгімеміз ұзаққа кетеді. Екеуімізге де уақыт керек емес
пе?
Автор. Оныңыз рас қой. Дегенмен осы тұсқа Сіздің характеріңізді ашатын бір
деталь керек-ақ сияқты.
Бауыржан. Айтайын. Қырық алтыншы жылы академияның бірінші курсында 125
адам болдық. Алғашқы курсты аяқтағанымызда академия бастығы армия генералы
Захаров бес тындаушыға алғыс жариялады. Мен сол бестің бірі болдым. Бірінші курста
тек қана беске оқыдым.
Оқытушыларымыздың бірі Макаров деген генерал еді. Оперативтік өнерден
сабақ беретін. Макаров бұрынғы музыкант екен. Музыканы тастап келіп, артынан дивизия,
одан соң корпус командирі болыпты. Ол кісінің бұрынғы музыкант екенін біз кездейсоқ
білдік. Ол былай болды.
Академияның бірінші курсын аяқтарда біз Кавказға маневрға бардық. Мен
корпус командирінің, Макаров армия командашысының міндетін атқардық. Маневр
ойдағыдай өтті. Кавказдан қайтарда мен қазақтың меймандостығын жасап, генералға
ресторанда қонақасы бердім. Бірге барған жолдастарды тегіс шақырдым. Ресторанға
алдын ала тілек айтып, қазақтың ұлттық тағамдарынан қуырдақ, бесбармақ жасаттырған
едім. Ас жеп, Кавказдың
шырын шараптарын ішіп, көңілденіп отырдық.
Бір кезде оркестр ойнап, екі-үш белгілі ән-күйді нашар орындады. Генерал
Макаров басын шайқап орнынан тұрды да, эстрадаға қарай аяңдады. Біз ол кісі көңілі
сүйетін бір әнді орындауды өтінгелі бара жатқан болар деп ойладық. Ол оркестр
дирижерінің қасына барды да:
- Сіз рұқсат етсеңіз, мен пультке шығып, бес минут оркестрді басқарар едім, -
деді.
Дирижер басын изеп, қолындағы таяқшаны генералға беріп, пульттен түсе
бастады. Ресторандағы басқа жұрт та, біз де таң болып қалдық. Басқа жұрт мына
генералдың есі дұрыс па деген шығар іштерінен. Ал біз генералдың мұнысы несі деп
ойлап, қысылып отырдық.
Генерал пультке шықты. Зал мен оркестрге естірте:
- Огинскийдің «Полонезі», - деді де, таяқшаны жоғары көтерді.
Генерал Макаров таяқшасын сермеп кеп қалғанда оркестр, әскер атындай, лыпи
жөнелді. Оркестрдің толқынды, ырғақты үні ресторанды тербеп қоя берді. Барлық жұрт
орындарынан тұрып, екі-екіден қалай билеп кеткендерін білмей қалды.
«Полонез» аяқталғаннан кейін елдің бәрі эстрадаға қарай бұрылып, ду қол
шапалақтады. Оркестрдегілер табандарынан тік тұрып, олар да алақандары қызарғанша
қол соқты. Содан кейін қолына флейта ұстаған бір музыкант алға шығып, генералдың
қасына келді де:
- Біз Сізді алғашында мас генерал екен деп едік. Сіз пайғамбар екенсіз, - деп
Макаровтың қолын алды.
Бұл кісі менің академиядағы ең жақсы көретін ұстаздарымның бірі болды. Ол
кісінің сабақтарынан да ылғи бес алып жүрдім. Бірақ, бірінші курстан кейін генерал
Макаров басқа қызметке ауысып кетті де, екінші курста оның орнына басқа оқытушы
келді.
Неге екенін білмеймін, ол мені ұнатпады. Бағаны ылғи төмендетіп қоятын
болды. Мен оған үнемі беске жауап беремін. Ол төрт немесе үштен сәл жоғарырақ дейді.
Солай деп журналға белгі соғады. Мұнысына менің бірге оқитын жолдастарым наразы
бола бастады.
Бір күні маған Захаров шақырып жатыр десті. Совет Одағының Батыры армия
генералы Матвей Васильевич Захаров біздің Бас штаб академиясының бастығы ғой.
Бардым. Баян еттім.
- Бұл қалай, жолдас Момышұлы, - деді генерал алдындағы табельге
үңіліп. - Сіздің оқудағы қарқыныңыз соғыстағыдай болмай жатыр ғой. Сіз бен біз жаман
соғыспаған сияқты емес пе едік?
Захаровтың олай дейтін жөні бар еді. Өйткені ол кісі қырық екінші жылдың
январынан қырық үшінші жылдың апреліне дейін біздің Калинин майданы штабының
бастығы болған.
- Дәл солай, жолдас генерал, - дедім мен, - Калинин майданында
қандай қайрат жұмсасам, қазір де сондай қажырмен оқып жатырмын.
- Онда мына оқытушының сабағынан неге төртке түсіп қалғансыз? Бұрын
Макаровтан ылғи бес алып келген едіңіз ғой.
- Оқуым да, ұғуым да, жауап беруім де былтырғыдай, жолдас генерал.
- Мен Сізді түсінбей тұрмын, жолдас Момышұлы.
- Мен де Сізді түсініп тұрғаным жоқ, жолдас генерал. Менің міндетім
тырысу, тырбану, тыңғылықты жауап беру болса, ол міндетімді ойдағыдай орындап
келемін.
- Тіфу, енеңді ұрайын, - деді генерал күліп, - мен саған, былтырғыдай,
биыл, екінші курсты бітіргенде де алғыс жарияласам деп жатырмын да.
- Ниетіңізге рақмет, жолдас генерал. Сізден алар алғысымның алдына
тосқауыл тұрғызылып жатса мен не істеймін, - дедім алақанымды жайып.
Осымен әңгіме біткен болатын.
Бір күні әлгі оқытушы бізден жазбаша жұмыс алды. Бір тақырып берді де, соған
сыпаттама жазғызды. Ал мен желдірте сүйкектетпей, жай жазатын кісімін. Ойланып-
толғануым көбірек болды. Бейнені, кимылды көзге суреттей етіп айқын елестететін
теңеулер іздеймін, сөздердің сирек қолданылатын синонимдерін табуға тырысамын. Өстіп
отырып мен тақырыптың төрттен үшін сыпаттап болған кезде уақыт бітті деп, барлық
жұмысты бір минуттың ішінде жинатып алды. Аяқталмаған жұмысымды мен де апарып
генералдың қолына бердім.
III
Үш күннен кейін оқытушы қайтадан аудиторияға кірді. Портфелін ашып, алдына
біздің дәптерлерімізді қатарлап қойып сәл отырды да, оларды үстінен бір-бірлеп алып,
иелеріне үлестіре бастады. Бәленше төрт, бәленше бес деп жатыр. Үш алған ешкім жоқ.
Бір кезде ол:
- Полковник Момышұлы, - деді маңғаздана иегін көтеріп.
- Мен, жолдас генерал, - деп орнымнан атып тұрдым.
- Сізге екі қойдым. Тақырыпқа сыпаттама жасамапсыз, - деді ол.
Жұрт аң-таң боп қалды.
- Ғапу етіңіз, жолдас генерал, - дедім мен. - Тақырыпқа сыпаттама
жасалған, бірақ аякталмаған. Аяқтауға уақыт жетпеді.
- Мен Сіздің басыңызда не барын білмеймін. Менің білетінім мына
жазғаныңыз ғана, - деп ол менің дәптерімді столдың шетіне тастады. Мен орнымнан
қозғалмадым.
- Полковник Момышұлы, дәптеріңізді алыңыз, - деді генерал даусын
қатайтып.
- Ондай баға қойылған дәптерді мен алмаймын, жолдас генерал, -
дедім.
- Менің қолымнан алмасаңыз бұл дәптерді генерал Захаровтың қолынан
алатын боларсыз, - деп менің дәптерімді қайтадан портфеліне салып қойды.
- Ризамын, - деп орныма отырдым.
Әрине, бұл өмірі екілік баға алмаған мен үшін де, академия үшінде ЧП еді.
Ертеңінде тағы да генерал Захаровтың кабинетіне шақырылдым.
Захаровтың қасында әлгі оқытушы отыр екен. Менің үстімнен арыз айтып отырғаны айқын
болды.
- Ай-яй-ай! - деді генерал Захаров алдындағы қағазынан басын көтеріп. -
Бұл қалай, жолдас Момышұлы? Оқып отырсам жазған жұмысыңызда бір мін жоқ. Мен
сізге өзіңіздің келіп тоқтаған тұсыңызға дейінгіні айтып отырмын. Не бір грамматикалык, не
бір синтаксистік қате көрінбейді. Осылай ғой, жолдас генерал,- деп ол оқытушыға қарай
мойнын бұрды. Оқытушы басын изеді. Захаров содан кейін барып сөзін қайтадан
жалғады.
- Бұл сауаттылық жағы. Ал жазған жұмысыңыздың техникасына келсек, онда
да мін жоқ. Міндет, сыпаттау, дәлелдеу - бәрі де жеткілікті. Орыс тілін қандай жақсы
білесіз. Бұл жөнінен біздің көптеген генералдарымыздың Сізге қызығуына болады. Солай
бола тұрса да, Момышұлы жолдас Сіздің бұл жұмысыңыз аяқталмай қалған. Сондықтан
Сізге оқытушы екілік баға қойған. Осының аяғына жарты бет резюме жазсаңыз бітіп жатыр
еді. Онда Сізге бұл жұмысыңыз үшін бес қойылатын еді. Осылай ғой? - деп Захаров тағы
да оқытушыға қарай бұрылды. Ол тағы да басын изеді. Содан соң Захаров алдарында тік
тұрған маған қарай бұрылды.
- Неге өйтпедіңіз? Өкінішті болған, жолдас Момышұлы. Өте өкінішті!
- Уақыт жетпеді, жолдас армия генералы, - дедім мен екі қолымды
жамбасыма жапсыра, иегімді сәл көтере ұстап.
- Өзгелерге жеткен уақыт Сізге қалай жетпеді? - деп ол тағы да басын
шайқады.
- Бұл сұрағыңызға жауап берерден бұрын оқытушыға үш сұрақ қоюға
рұксат беруіңізді сұраймын, жолдас армия генералы, - дедім мен тағы да нық-нық сөйлеп.
- Беріңіз, беріңіз, - деді Захаров.
Мен енді оқытушыға қарай сәл қиыстай бұрылып тұрдым да, былай дедім:
- Жолдас генерал, бірінші сұрағым мынадай: академия тындаушысы
шығарма жазарда алдына неше мақсат коюға тиіс?
- Мұндай сұрақ болмайды, жолдас Момышұлы, - деді оқытушы маған
мысқылдай жауап беріп. - Тындаушының алдында жалғыз ғана мақсат тұрады. Ол
тақырыпты қалай да жақсы жазып шығу мақсаты. Түсінікті ме Сізге?
- Ал мен шығарма жазарда алдыма үш түрлі мақсат қоямын, жолдас
генерал. Ол, біріншіден - әскери, екіншіден - ғылыми, үшіншіден - әдеби болуы керек. Осы
үшеуінің басы қосылмаса, мен оны шығарма деп есептемеймін.
Осы кезде Захаровтың менің сұрағым мен жауабыма зер салып, ойлана
бастағанын аңғардым.
- Екінші сұрағым мынадай, жолдас генерал, - дедім оқытушыға қадала
қарап, - Сіз орыстың «страх» («үрей»), «смелость» («батылдық») деген екі сөзі бар екенін
білесіз, әрине. Ал осы екі сөздің нешеден синонимі бар екенін білесіз бе?
- Сіз менен емтихан алайын деп пе едіңіз? - деді ол қызарақтап.
- Оныңыз артық сөз, жолдас генерал. Менің айтайын деп тұрғаным осы
екі сөздің біреуінің сегіз, екіншісінің тоғыз түрлі синонимі бар.
Сол синонимдердің бәрін есіме түсіре отырып, мен өз шығармамда «үрей»,
«батылдық» деген сөздерді еш жерде екі реттен қайталағамын жоқ.
- Полковник, сол екі сөздің синонимдерін жеке-жеке атап шығыңызшы, -
деді Захаров маған.
- Құп, жолдас армия генералы,-дедім мен академия бастығына қарай
бұрылып. - «Страх» сөзінің синонимдері мынадай: «боязнь», «жуть», «испуг», «опасение»,
«оторопь», «робость», «трепет» және «ужас». - Генерал Захаров мен әр синонимді атаған
сайын бір саусағын бүгіп отырды. Оның бір қолының бес саусағы тегіс жұмылып, екінші
қолында жұмылмаған екі-ақ саусақ қалды.
Мен сәл тыныс жасадым да, содан кейін екінші сөздің синонимдерін таратуға
кірістім. - Ал «смелый» сөзінің баламасы болып мына сөздер саналады, жолдас генерал:
«бесстрашный», «безбоязненный», «храбрый», «неустрашимый», «отважный»,
«доблестный», «бестрепетный», «удалой», «лихой». Енді қандай сөздердікін айтайын,
жолдас генерал?
- «Армия» деген сөздікін айтыңызшы.
- Ол көп емес, жолдас генерал: «войско», «рать» және «воинство» деген
үш-ақ сөз.
- Онда «наказание» деген сөздікін айтыңыз.
- «Кара», «казнь», «возмездие», жолдас генерал. Бұлар синонимі
аз сөздер. Синонимі көп сөздерді сұраңыз, жолдас генерал.
- Жетеді, - деді Захаров күліп. - Мен Сізді автомат па деп қалдым.
- Олай емес, жолдас генерал, мен әскери академияның
тындаушысымын.
- Мақтарлық іс, жолдас полковник. Енді Сіздің жаңағы айтқан екі сөзді
қалай қолданғаныңызды тексеріп көрейік. - Осылай деп Захаров алдында жатқан
дәптердің беттерін ақтарып, әр бетке байыптап көз жүгірте бастады. - Рас, қайталанбаған
екен, - деді
ол біраздан кейін дәптердің соңғы бетін жауып. - Жок, тоқтаңыз, енді мына екі жұмысты
қарайық. Мен Сіздің жұмысыңызбен салыстыру үшін терт пен бес қойылған екі жұмысты
қоса алдырғанмын.
Генерал Захаров осылай деп, алдында жатқан екі дәптерді бірінен соң
бірін ақтарып қарап, қызыл қарындашпен керекті сөзінің астын сызып жатты. Содан кейін
оларды санап, бір қағазға түртіп алды да, басын көтерді.
- Дұрыс айтасыз, жолдас полковник, - деді ол екеуімізге кезек қарап
қойып.- «Үрей» деген сөз мына жұмыста 10 рет, мына дәптерде 13 рет қайталанған.
Генералға тағы да сұрағыңыз бар ма?
- Соңғы сұрағым мынадай, - дедім тағы да оқытушыға қадалып.- Осы біз
академияның тындаушысымыз ба, әлде бастауыш мектептің шәкіртіміз бе?
- Оны білмегеніңіз өкінішті екен, - деді ол күңк етіп.
- Олай дейтінім, егер біз класта мұғалімнің аузынан шыққанды қағазға
көшіріп, жат жазу жазып отырған бала-шаға емес, өзіміздің соғыста алған тәжірибемізді
баяндап беруге тиіс егде адамдар болсақ, онда бізге шәкіртше қараудың қажеті не? Біздің
бұл жазып отырғандарымыз Отан соғысында өз басымыздан кешкен тәжірибе. Ертең Бас
штабқа осы жазылғандардың бәрі, қиыршық алтын іспеттес, қажет дүние. Бас
штабтағылар осы қиыршықтардың бәрін қорытып, кесек алтынға айналдырады. Мен өзім
осылай деп ойлаймын. Егер олай болса, онда кеше Сіз маған екі қоймай-ақ, «жолдас
Момышұлы, резюме жазып үлгірмеген екенсіз, соны жазып аяқтап беріңіз» деп
жұмысымды өзіме қайырып, артынан маған бес емес, үш қойсаңыз да риза болатын едім
ғой.
Менің Сізге басқа сұрағым жоқ. Мен өзімді Сіздің алдыңызда кінәлы деп
есептеймін. Кеше қасыңызға барып дәптерімді алмағаныма кешірім сұраймын.
Осыдан кейін мен Захаровқа қарай қайтадан бұрылып тұрдым.
IV
- Ол дәптерді алмағаныңыз дұрыс болған, жолдас Момышұлы, - деді
Захаров ойлана отырып. - Дегенмен, Сіз менің бағанағы сұрағыма жауап беріңізші.
Жұртқа жеткен уақыт Сізге қалай жетпей қалды?
- Оның мынадай себебі бар, жолдас армия генералы, - дедім мен. -
Өзге жұрттың ойлау процесі бір сатылы да, менікі екі сатылы. Бар әңгіме осында.
- Мұны қалай түсінуге болады?
- Өйткені мен ойды алдымен қазақша ойлаймын. Одан кейін оны
орысшаға аударамын. Содан соң барып қағазға түсіремін. Бұл орыс емес ұлт өкілдерінің
бәрінің табиғатына тән қасиет. Өзге жолдастарым мен сияқты екі рет ойланып, әуреленіп
жатпайды. Міне, оның себебі осында, жолдас армия генералы.
Захаров көзін сығырайта түсіп, тағы да ойланып қалды. Содан кейін оң
жағындағы оқытушыға бұрылып:
- Сіз қалай деп ойлайсыз? - деді.
- Жолдас генерал, ол маған емес, программаға байланысты ғой, - деді
оқытушы.
- Программа не үшін жасалады?
- Ол түсінікті ғой, жолдас генерал, - деп шыжалақтай бастады. - Бірақ
әрбір полковниктің айтқаны бойынша программаны өзгерте беруге де болмайды...
- Жоқ, - деп Захаров оның сөзін бөліп жіберді. - Сіздің мұныңыз
ұстаздыққа жатпайды. - Осылай деді де Захаров оң жағындағы телефондардың біреуінің
трубкасын көтерді. - Озеровпысың? Мен Захаров қой. - Окытушының шені мен фами-
лиясын атап, - сөгіс жариялау туралы бұйрық жазып әкел. Қазір,- деді.
Осылай деп ол трубканы жапты. Озеров академияның кадрлар бөлімінің
бастығы еді. Оқытушыға қарасам, оның түсі боп-боз боп кетіпті. Судан шыққан балыққа
ұқсап, қайта-қайта тілін жаландатып, ернін жалай береді.
Генерал Захаров алдында жаткан менің жазба жұмысыма «2» деп қойылған
баға мен оқытушының фамилиясын қызыл қарындашпен айқыш-ұйқыш екі сызды да,
жаңадан «4» деген баға қойды.
Одан төменірекке: «Академия бастығы Совет Одағының Батыры армия
генералы» деген сөздер ойылған штемпілін басты да, оның астынан «М.Захаров» деп
иректете қол қойып, дәптерімді өзіме қайтарып берді.
- Сіз боссыз, - деді ол осыдан кейін.
Мен ұршықтай үйіріліп, кейін бұрылдым да, аяғымды дік-дік басып,
генералдың кабинетінен шықтым. Жарай ма осы деталь?
Автор. Жарайды, Бауке. Сөйтіп Сіз академияны бітіріп, ақшалай сыйлық
алдыңыз?
Бауыржан. Иә, Академияны жүз жиырма бес адам бітірді. Соның
жиырмасына сыйлық берілді. Академияны тек қана беспен бітіргендерге он үш мың
сомнан сыйлық тиді. Менің беске 0,39 балым жетпей қалды. Соның бәрі жаңағы
оқытушының қырсығынан болды.
Таза төрт, төрт жарымға бітіргендер бәйгеге ілінген жоқ. Солардың ішінен
жалпы балым 4,61 болғандықтан мені тандап алып, тоғыз мың сомдық екінші сыйлыққа
қосты.
Автор. Оқып жүрген кездегі айлық стипендияларыңыз қанша еді, Бауке?
Бауыржан. Әркімдікі әр түрлі. Менін стипендиям дивизия командирінің
жалақысы болатын.
Автор. Мұндай стипендиямен өмір сүруге болады екен, Бауке. Ол жылдарда
КазГУ-дің студенті болып, мен де стипендиямен өмір сүрдім. Ал енді Сіздің
сыйлығыңызды жумаймыз ба, Бауке?
Бауыржан. Әрине, көп ақша. Тоғыз мың сом шытырлап қалтама түскеннен
кейін мұны қайда жұмсаймын деп ойладым. Ақыры мынадай қорытындыға келдім. Бас
штабтың академиясын бітірген бірінші қазақ мен болармын. Ендеше мен осы құрметке
арнап халықтың тойын жасайын дедім.
Сол кезде Москвада СССР Жоғарғы Советінің сессиясы өтіп жатқан еді. Қазақстан
депутаттары орналаскан «Армения» мейманханасына барып, Қалыбек Қуанышбаев пен
Мәлік Ғабдуллинді тауып алдым. Екеуі де депутат болатын. Осылай да осылай,
академияны бітірдім. Үкімет сыйлық берді. Мен де қазақтың бір ұлымын ғой. Ендеше
әскери академияны менімен бірге халқымыз да қоса бітірді деп есептеймін. Осы қуанышқа
арнап, қазақша той жасайық. Өздерің елден келген депутаттардан жиырма шақты адам
жинаңдар. Қарсыдағы ресторанға барып отырайық дедім оларға. Олар келісті. Сол арада
Құрманбек Жандарбеков келе қалды. Жиырмадан аса адам боп жиналып, қарсыдағы
ресторанға барып отырдық.
- Екі тізгін, бір шылбыр Сіздің қолда, жолдас депутат, - дедім
Қаллекейге. - Ас алдыртыңыз. Тойды бастаңыз.
Қаллекей келістіріп заказ берді. Кемелдендіріп тойды жүргізді. Академияны
бітіру тойы осылай өз сәнімен аяқталды.
V
Бауыржан. Ол кезде үкіметтің арнаулы нұсқауы бойынша, академияны
беспен бітіргендерге үш түрлі, төртпен бітіргендерге екі түрлі қызмет ұсынылатын. Не
үштің, не екінің таңдаған біреуіне баруға міндеттісің. Ал мен жоғарыдағы оқытушының
кеселінен үштің емес, екінің бірін ғана таңдауға тиісті болдым.
Академияны бітіргеннен кейін бізді ГУК-тың қарамағына жіберді. ГУК-тың
бастығы армия генералы Филипп Иванович Голиков маған алдымен Кавказға бригада
командирі болып баруды ұсынды.
- Мен дивизия командирімін. Оның үстіне академия бітірдім. Бригада
командирі болып бармаймын, - дедім Голиковке.
Соғысты бітіріп, академияны тауысып, кеудеге нан пісіп жүрген кез еді ғой ол,
қарағым. Генералға тура осылай дедім.
- Бара беріңіз. Сіздің пікіріңізді жоғарыға хабарлаймыз, - деді генерал.
Мен тайтаңдап жүре бердім. Сонымен он күн өтті. Мені тағы Голиковке
шақырды.
- Бригада командирі болып бармасаңыз, - деді бұл жолы генерал,- онда
корпус штабының бастығы болып барыңыз.
Бұл үлкен кызмет еді. Жаман ағаң ақылсыздык жасады, қарағым. Жарайды, рақмет
деудің орнына Голиковке:
- Мен сап командирімін. Ешқашанда штабта отырған емеспін, - дедім.
Голиков бетіме қарап отырды да:
- Жолдас полковник, Сіз асқақтықтың сазайын тартасыз. Бара беріңіз, -
деді.
Ағат кеткенімді артынан білдім. Бірақ қайта барып, генералдан кешірім
сұрауға өрлік мойын бұрғызбады. Орынсыз өрлік адамды өкіндірмей қоймайды ғой,
қарағым. Партия мен үкімет мені оқытты. Академия бітіртті. Менің лауазым тандамай,
жіберген жерге жүре беруім-ақ жөн еді. Кеше, Москва түбінде өліп кетсем қайтетін едім.
Өлгендерден жаным артық па еді? Қайтесің, пендеміз ғой. Пенде болған соң кемшіліктен
кім құтылмақ. «Семіздікті қой ғана көгереді» деген даналық сөзді халық тегін айтпаған ғой.
Менің өмірімде жіберген ең үлкен қателігім осы болды. Өзгесінің бәрі түкке тұрмайды. -
Бауыржан сәл ойланып, үнсіз отырып қалды. Содан кейін сөзін қайтадан жалғады. - Осы
қатемді ойласам күні бүгінге дейін екі бетім дуылдап қоя береді. Адамгершілік, азаматтық
арым өзімді өмір бойы осы үшін айыптаумен келеді.
Өмірінің қатесін ешкім де өз аузынан айтып бермейді. Өйткені оны
мойындау қиын, өзгеге мөлдіретіп айтып беру одан да ауыр. Мен саған имандай сырымды
айтып отырмын, қарағым. Оның себебі менің дұрысымды көрген жұрт бұрысымды да
білсін. Бір адамның өмірі мың адамға сабақ. Жас ұрпақ менің де жақсымнан үйреніп,
жаманымнан жиренсін.
Осыдан кейін Баукең ыңылдап, Сәкеннің «Тау ішінде» дейтін әніне
ұқсастау әуенмен мынадай бір шумак өлең айтты:
Атағым жер жүзіне дүрілдеген,
Бір кезде Бауыржан ем гүрілдеген.
Айрылып атақтан да, шатақтан да,
Бұл күнде шал болдық қой дірілдеген.
Автор. Бауке, осының үшінші жолын өзгертсеңіз қайтеді?
Бауыржан. Не деп?
Автор. Мәселен, «Тіс түсіп, тізе қақсап, буын босап» десе де болар еді.
Бауыржан. Себеп?
Автор. «Ердің аты, ғалымның хаты өлмейді» деген бар емес пе? Ендеше
Сіздің атағыңыз ешқашанда өшпеуге тиіс. Тарих Сізді ұмытпас болар, Бауке.
Бауыржан. Сонда қалай болып шығады?
Автор. Былай:
Атағым жер жүзіне дүрілдеген,
Бір кезде Бауыржан ем гүрілдеген.
Тіс түсіп, тізе қақсап, буын босап,
Бұл күнде шал болдық қой дірілдеген.
Бауыржан. О да жөн екен. - Содан соң Баукең танауы жалпая рақаттанып
күліп алды. - Оның да рас. Солай-ақ болсын.
Автор. Академияны бітіріп алып, алшандап Москвада жүре береміз бе,
Бауке? Кетпейміз бе бір жаққа жолдама алып?
Бауыржан. Оның рас. Академияны бітірген менен басқа жүз жиырма төрт
адам тегіс қызметке кетті. Сопайып мен жалғыз қалдым. ГУК-тың қарамағында алты ай
жаттым. Генерал Голиков ақылы кіргенде шақыртарсың деп, өзінің орынбасары
Свиридовқа тапсырып қойса керек. Бір күні мені генерал-майор Свиридов шақыртты.
Бардым.
- Зеріктіңіз бе, жолдас полковник? - деп сұрады ол.
- Зеріктім.
- Бәріне өзіңіз кінәлісіз, - деді генерал Свиридов. - Біз Сізді алғашында
бригада командирі етіп тағайындайық деп едік. Бейбіт уақытта бригада командирі деген
әскердегі үлкен қызметтердің бірі. Бригада командирі лауазымындағы адамға генерал-
майор
атағы беріледі. Бірақ Сіз оны түсінбедіңіз. Одан сон корпус штабының бастығы етуге
ұйғарып едік. Оған да риза болмадыңыз. Қазір басқа бос орын жоқ. Сондықтан уақытша
бригада командирінің орынбасары боп барасыз. Міне, жолдама.
- Құп! - деп қолды шекеге қойып, аяқты сарт еткізуден басқа ештеңе
қалмады маған. Үлкен өзендерде пароход жүзіп келе жатқанда арнаулы адам судың
терендігін үнемі өлшеп отырады. Өйтпесе пароход қайырлап, бөгеліп қалады. Немесе
оның винтіне зақым келіп, істен шығады. Алған жүгін тиісті жеріне уакытында жеткізе
алмайды. Адам да пароход сияқты. Ол да өзінің алдын үнемі оймен өлшеп отыруы керек.
Ойланбаған орға жығылады, опық жейді. Оған өзіңнің өр көкіректігің, өзімшілдігің ғана
кінәлі. Бұл сенің ақылсыздығыңнан істелетін іс емес. Ақыл да ойлағанды ұнатады.
Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.
Алдымен Алматыға, үйге соғып, содан Сібірге аттандым.
Автор. Алматыда кімге соқтыңыз?
Бауыржан. Кімге болушы еді - әйелім Жамал, ұлым Бақытжан бар емес пе?
Соларға соқтым.
Автор. Оларды өзіңізбен бірге алып кетпедіңіз бе?
Бауыржан. Жоқ. Жағдай келмеді. Алматыдай емес, Сібірдің жері суық қой.
Сібірдің суығын көтере алмай, өзім де өлесі болып жүрдім. Кішкентай Бақытжанға суық
тигізіп алармын деп қорықтым. Оның үстіне уақытша кетіп бара жатқандықтан оларды
жылы орнынан қозғамайын деп ойладым.
VI
Автор. Бауке, басқа жора-жолдас, ұстаз-командир, бастық генералдарыңыз
туралы толық айттыңыз. Енді әйелдеріңіз, өзіңізге өмір серік болған жеңгейлер жайында
бірдеңе демейсіз бе?
Бауыржан. Бұл сұраққа жауап бермейін деп мен саған былтыр айтқанмын.
Немене биыл тағы сол сұрақты қоңырсытып отырсың?.. Ал, қай әйелге қалай үйленгенін,
неге ажырасқанын саған қандай ақымақ еркек айтып береді деп ойлайсың. Әйелді
қорлаған
еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені, әйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын
ешкімге де қорлатпайды. Өйткені, әйел - киелі халық. Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір
атпай кетпейді... Менің көзім осыған жетті. Сенің іздеп отырғаның осы сөз ғой. Понятно
тебе?.. Мен соғыста етегіме намаз оқып жүргемін жоқ. Сен өзің оқыдың ба?
Автор. Оқыдым, Бауке. Менің намазым қаза болған емес.
...Қырық төртінші жылдың күзі көз алдыма елестеді. Бірінші Брест атқыштар
дивизиясының делегациясы Алматыға келді. Мен делегацияның жетекшісі едім. Қасымда
Тәкен Майшынов, Қабыш Мусин деген екі серігім бар. Үшеуіміз де жиырма екі жастамыз.
Біз Варшава түбінде тұрған дивизиядан Қазақстан үкіметіне хат әкелдік. Делегациямызды
Халық Комиссарлары Советі председателінің орынбасары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
қабылдады. Қазақтың үлкен жазушысы Сәбит Мұқанов үшеуімізді үйіне шақырып, қонақ
етті. Біраз күннен кейін Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Халық
Комиссарлары Советінің дивизияға жолдаған хатын алып, майданға қайттық. Жолда
Қызыл-
ордаға түсіп, сол жерден дивизияға арналған сәлем-сауқат ала кететін болдық.
Қызылорда обкомында бізді облыс басшылары Рақымбай Төлебаев, Медеу
Аталықов деген кісілер жылы шыраймен қарсы алды.
- Сіздің дивизияға қазақ халқының сәлемдемесі деп бір вагон күріш, бір
вагон балық бермекші едік. Соны дайындап, вагонға тиеу үшін біраз күн осында
бөгелулеріңізге тура келеді, - деді Төлебаев. - Ертең жетінші ноябрь - Октябрь мейрамы.
Біздің Шиелі дейтін ауданымызда ауданаралық той өтеді. Шиелі биыл Отанға күрішті көп
беріп отырған аудан. Соған жапсарлас үш-төрт ауданның халқы жиналып, Октябрь тойын
тойлайды. Сіздерді сол тойға қатысып, екі-үш күн елде аунап-қунап қайтсын деп отырмыз.
Бір паровоз бір вагонды сүйреп, түні бойы жүріп, таңертең бізді Шиеліге
жеткізді. Бізді вокзал басында салт атқа мінген жиырма қыз қарсы алды. Біз вагоннан
шыға бергенде жиырма қыз ат үстінде тұрып домбыра тартты - күй атасы «Саржайлауды»
аңыратты. Менің көзіме жас үйіріліп, қозғалмастан тұрып қалдым. Екі жолдасым
арсаландап, қыздарға қарай жүгірейін деп еді, ым қағып оларды да тоқтатып тастадым.
Күй біткеннен кейін қыздар тегіс аттан түсті де, домбыраларын кеуделеріне қысып, бізге
иіліп
сәлем берді. Осы кезде жолдастарым қыздарға қарай тұра кеп жүгірді. Олардың
жетектерінде бізге әкелген бос аттары бар екен. Біз сол аттарға мініп, қыздарға ілесіп, той
болатын жерге келдік.
Той бір төбенің басында басталды. Қалың жұрт төбенің басынан етекке
дейін керней жерде жайғасты. Ең төменде, оларға қарсы қарап, үстел басындағы
президиум мүшелері сияқтанып, он бес шақты адам ат үстінде отырдық. Шиелі
аупарткомының секретары Ғизат Жүгірәлин деген кісі алға шығып, күрішші қауымды
Октябрь мерекесімен құттықтады. Майдан жеңісіне қысқаша шолу жасады. Елдің майдан
үшін істеп жатқан ерлік еңбегін айтты. Бұл ұлы мейрамда біздің ортамызға майдангерлер
келіп отыр. Енді сол балаларыңыздың лебіздерін тындаңыздар деп аупартком секретары
сөзді маған берді.
Атымды тебініп, енді мен алға шықтым.
Алдымен халыққа өзіміздің Бірінші Брест атқыштар дивизиясынан
келгенімізді, ол дивизиядағылардың дені бұрын өзім құрамында болған жүзінші
бригаданың жауынгерлері мен командирлері екенін айттым. Жүзінші бригададан Мәншүк
Мәметова сияқты Совет Одағының Батыры шыққанын баяндадым. Тағы басқа ерлерді
атадым. Қазір дивизиямыздың Польша жерінде жауды батысқа қарай қуалап бара
жатқанын білдіре келіп, дивизиядағы осы Қызылорда облысының бір ақын жігіті маған
былай деп өтініш айтқан еді дей келіп, мынадай бір шумақ өлең оқыдым:
Болсын десең дұшпаннан күші басым,
Жұқсын десең бойыма ішкен асым,-
Сырдарияның суынан әдейі арнап,
Бір тамшысын ала кел, кұрбыласым!
- Біз ол өтінішті орындайтын болдық, - дедім сөзімнің соңында. -
Сіздің облыс біздің дивизияға Сырдарияның суына өскен бір вагон күріш пен
Сырдарияның суынан ұсталған бір вагон балық беретін болды. Сіздерге мың мәртебе
рақмет, Сыр елінің
халқы. Біз сіздерге жауды жеңіп қайтамыз деп серт береміз.
Менен кейін алға мойны құрықтай құла мінген, басында пұшпақ бөркі,
мойнында гармоны бар, қара мұртты, елудің жуан ортасындағы қызыл шырайлы кісі
барды. Ол кісінің әуезді әсем үні гармонмен бірдей шықты. Ақын алдымен жиналған
жұртты мерекемен құттықтап алып, содан кейін халыққа осы келген үш жігіт өздеріңнің
балаларың. Бұлар солардың қасынан келді. Бұлар өз балаларыңның сәлемін әкелді.
Ертең осы үшеуіндей боп олар да жеңіспен елге келеді. Сонда қозыдай маңырасып,
қойдай шуласып табысасындар. Осы балалардың ізі өз балаларыңа салған жол болсын.
Бұл ерлердің жортқанда жолы болсын! - деп өлеңмен тілек батасын берді. Бүкіл халық
егіліп отырып, «әумин!» деп ақынды қостады.
Ол кісі халық ақыны Нартай Бекежанов екен. Ол Нартай ақынды бірінші
рет көруім еді. Ақындығына, ақылдылығына, әншілігіне қатты разы болып, кетер-кеткенше
мен ол кісінің қасынан қалмадым. Жолдастарым «Қыз куу», «Көкпар тарту», «Теңге алу»
ойындарына қатысып, олар да мәз-мейрам болды.
Мереке өткеннен кейін аупарткомның өтініші бойынша колхоздарды
араладық. Бізбен көрісіп, кездесуге жиналған жұртқа Тәкен жаяу әскер жайын, Кабыш
барлаушылық тәжірибесін баяндайды. Мен артиллерист достарымның ерлігін айтамын.
Нартай ақын өзінің әуезді үнімен ән-өлең шырқайды. Жеңіс жақын деп жұртқа жігер
береміз. Содан кейін аудандық комсомол комитетінің секретары Әсия бастаған қыздар
концерт көрсетеді. Олардың көпшілігі бізді Шиелі басында домбырамен қарсы алған
қыздар. Шиелі қыздары шетінен ақын, әнші, домбырашы екен. Солдаттардың сөзін естіп,
қыздардың өнерін көргенде, еңселерін жұмыс басқан жұрт едәуір желпініп қалысады.
Үшінші күні түнде Шиеліге қайттық. Ай сүттей жарық еді. Көп салт атты
болып, қатар түзеп, көсілте аяңдап келеміз. Мен аупартком секретары мен ақынның
ортасында едім. Оның ар жағында колхоз председателі келе жатты. Қыздар артқы лекте
болатын. Тәкен мен Кабыш солардың ортасында.
Бір кезде артта келе жаткан Қабыш:
- Жүр, Тәкен, тағы да шабайык, - деді.
- Әсия, Базаркүл, жүріңдер кеттік, - деді Тәкен. Жастар бір бүйірге қарай
дүрсілдетіп шаба кеп жөнелді.
- Қыздар, құлап қалмандар, - деп айқайлайды олардың соңынан колхоз
председателі. Оны ешкім тындаған жоқ. Көп аттың тұяғы дүңк-дүңк естіледі. Ол түнгі дала
жүрегінің дүрсілі іспеттенеді. Біраздан кейін жастар көзге көрінбей, тұяқ дүрсілі естілмей
жым-жылас жоқ болды да кетті.
- Қабыш пен Тәкенде тыным жок,-дедім мен осы кезде қасымдағы
жолдастарымды сөзге шақырып. - Елге жеткелі екеуі енесінің айналасында күлте
құйрығын көкке тігіп алып шапқылаған құлындай құлдырап жүр.
- Шіркін, туған жерге не жетсін, еркелегендері ғой, - деді ақын.
- Рас, көп қыздың ортасында көлге сүңгіген үйректей боп жүр өздері, -
деді колхоз председателі. Аупартком секретары үндеген жоқ.
- Қарағым, бүгін бұл үшеуінен осы елдің аяры жоқ, - деді құла жорғаның
үстінде шайқалып келе жатқан ақын. - Мінген атыңның бір терлеп, қиналғанына қарамай,
мынау балалармен қосылып, сен де бір көсіле шауып, сергіп алсаңшы.
Осылай деп ақын артқы қатарда келе жатқан әнші қыздарды нұсқады.
Мен күліп, басымды шайқадым.
- Әлде атқа шаба алмаушы ма едің?
- Атқа шабамын ғой, бірақ айға шаба алмаймын, - дедім тағы да
күлімсіреп.
Ақын жорға ырғағымен қайтадан теңселіп, біраз үнсіз отырды да:
- Ай аяғыңның астында жатса ше? - деді менің бетіме тіке қарап.
- Айды таптауға болмайды ғой, аға, онда айналып өтемін.
Ақын тағы үнсіз қалып, шоқша сақалын разылықпен сипады.
- Оның жөн екен, бауырым, - деді содан соң. - Менікі өзің сонау алыстан,
өлім мен оттың ішінен келіп, астыңа жүйрік ат тигенде тақымың нәумез болмасын деген
ғой жай. Сенікі жөн. Әйтпесе осы күні, - ақын оң жағындағы председательге бір қарап
қойды, - көп азаматтар көзіне жылқы баласы көрінсе болды, соған бұт артып, шаба
жөнелетінді шығарды ғой. Қолына түскені жас жабағы ма, үйретілмеген тай, құнажын
байтал ма - шаруасы жоқ. Жас жылқының қолы түсіп қалады-ау, обал-ау деп ешкім
ойламайды. Осы соғыстың кесірінен жылқы да жуасып кеткен бе, әйтеуір көне береді.
Осылай деп ол атын бір қамшылап қойды. Құла жорға мойнын құрықтай
созып, тайпала түсіп ілгері ұмтылды. Біз көп уақыт үнсіз келе жаттық.
Бір кезде арт жағымыздан қалың дүрсіл қайта естілді. Менің жолдастарым
мен қыздар екен.
- Басеке, ұрысып жатқан жоқсыз ба?-деді Кабыш екі танауы делдеңдеп.
Мен үндемедім.
- Е, бастықтарың неге ұрсады? - деді колхоз председателі жігіттерге
қарай жамбастай бұрылып. - Әскерде увольнительный деген бір жапырақ қағаз болады.
Сендер оның орнына бір-бір қыз жетектеп кеттіңдер емес пе? Ондай увольнительныйы
бар солдатқа кім ұрсады?
- Сіз ол қалжақты қойыңыз, - деді тік мінез Қабыш.
- Е, қойдым, қойдым. Қоймағанда, - деп председатель күңкілдеп атының
белін қайыстыра қайтадан түзеліп отырды. Жұрт үнсіз қалды.
- Немене, армансыз шаптындар ма, жігіттер? - дедім мен ол үнсіздікті
бұзу үшін.
- Шаптық, шаптық, - деді Тәкен мен Қабыш жарыса жауап қатып.
Сөйтіп біз алпыс тонна күріш, қырық тонна балық алып, Қызылордадан
майданға аттандық. Соғыста жалғыздарынан айрылған шерлі әкелер, мұңды аналар,
күйеулерінен «қара қағаз» алған қаралы келіншектер, қайғылы қара көз қыздар, ардагер
Нартай ақын, соғыстың ауыртпалығына қарамастан қайыспай еңбек етіп, майданға жан
аямай болысып жатқан еңбекші жұрт - ер халық ерекше ұмытылмастай боп көңілімізде
қалды. Осы себептен бе, маған Қызылорда өзге облыстардан гөрі ыстық көрінуші еді...
Баукең жаңа соғыс кезінде сен етегіңе намаз оқып жүрдің бе дегенде осы
оқиға ойыма түсті.
- Оқыдым, Бауке, менің намазым қаза болған емес, - дедім өзіме
бажырая қарап отырған Бауыржанға берген жауабымды қайталап.
Бауыржан. Оқысаң оқи бер. Мен өтірік айта алмаймын. Сен оқыған болсаң -
сен мен емессің, мен - сен емеспін. Екеуіміздің жағдайымыз да екі басқа болды.
Сондықтан екеуіміздің арамыз жер мен көктей... Қазір де солай! Түсінікті ме саған? Мен
отыз екіме дейін періште болдым: арақ ішпедім, әйелге қиянат жасамадым. Неменеге
күлесің, ей? Мен саған күлкі үшін айтып отыр деймісің.
Құдай мені мінез жағынан сыйымсыз ғып жаратқан. Әйелдеріме мен
сондықтан сыймадым. Ал сыйған әйелім менің мандайыма сыймады. Қараңғы үйге қамап,
қалтырақтатып жарық дүниеге жалғыз тастап кетті. Жұқарған, жұртқа керексіз болған
кезіңде жалғыз қалған жаман екен. Қартайғанда қасыңнан атақ, қалтаңнан акша қашады.
Одан соң абырой зытып, қайқандап қадір жөнеледі...
Адамды бұзатын не? Тағы да сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел
демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Түсінікті ме?
Түсінікті болса сол: қартайғанда адам соқа басы сорайып, жалғыз қалады. Өйткені қыз
күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атак, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде,
қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Енді сенің кешегі
қалың жауға қарсы қылыштай сермейтін дивизияң да, бүкіл дүниені дүбірлеткен атағың
да, қара басынды қалың елге сыйлатқан абыройың да сол! Адам боп сүрген аз дәуреніңді
- елу жас па, жүз бе, бәрі бір оның - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де
сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айрылып, жалғыз
қалғаның одан да қиын! Понятно тебе? Мұны еркектер ойлауы керек! Шал болып,
шандырға айналып, шашы шашылып, тілі валидол татып кеткен еркектің ештеңеге
шамасы да келмейді. Оның мұндай қасиетті ойды ойларлық қабілеті де қалмайды. Алған
жарға адал болуды жас бастан ойлау керек.
Сен ішіңнен күліп отырған боларсың: бұл мәселеде Бауыржан өнеге айтқан
соң не сорым деп. Жоқ, күлме. Мен өз өмірімнен қорытқан тәжірибемді айтып отырмын.
Егер менің өмірім өзгеге үлгі болуға жараса, онда одан алатын екінші сабақ осы, қарағым.
Менің бұл жөніндегі қателігімді де кейінгілер қайталамаса екен деп тілеймін!.. Енді бітті
бұл тақырып... Болды...
VII
Автор. Ал, Бауке, бригадада қанша болдыңыз?
Бауыржан. Бір жылдай...
Автор. Иә. Содан тура бір жылдан кейін Сіз тыл және жабдықтау әскери
академиясының жалпы тактика мен оперативтік өнер кафедрасына аға оқытушы болып
тағайындалыпсыз.
Бауьржан. Рас. Артынан маған қатардағы ординарный профессор атағы
берілді.
Автор. Сіздің өміріңіз екі саладан тұрады ғой, Бауке. Бірі - командирлік,
екіншісі - жазушылық. Осы екінші жолға қалай түстіңіз? Кімнің, ненің тікелей әсері болды.
Бауыржан. Ондай әсерлер кеп қой, қарағым. Мен қаршадайымнан қазақ
фольклорының тұнығын кешіп өстім. Есейе келе Абайды оқыдым. Сәкен, Сәбит, Бейімбет,
Ілияс кітаптарын қолтықтап жүріп ер жеттім. Қазақ әдебиетінің шалқар көлін шағала боп
шарықтаған мен, бір кезде Ленинградқа, банк қызметкерлерінің оқуына бардым.
Ленинградта мен онердің ғажайып сарайына кірдім, орыс әдебиетінің ғаламат теңізіне
сүңгідім. Әрине, мен ол кезде ақын немесе жазушы боламын деп ойлағаным жоқ. Қолбасы
болу да менің үш ұйықтасам түсіме кірмеген жай. Мен тек қана банк қызметкері боламын
дедім. Бірақ жасында оқығандарың өзіңе елеусіз боп жадыңа сіңе береді екен.
Содан кейін мен тіршілік теңізін кештім. Ұлы Отан соғысы сияқты өмірдің ұлы
мұхитынан өттім. Кітаптан оқығандарым сияқты, өмірден көргендерім де құпия қазына
болып жүрегімнің бір түкпіріне жинала берсе керек. Оның үстіне Бас штабтың
академиясында оқыған жылдар мені жазушылыққа мүлде жақындатып кетті. Әсіресе
әскери жазушы болуыма академияның әсері тиді. Онда әскери адамдардың әр түрлі
жағдайдағы психологиясын сыпаттау үшін жазылған толып жатқан жұмыстар менің
болашақта жазушы болуыма астыртын әсер етті. Мінеки, менің жазушы болуыма игі
ықпал етіп, әсерін тигізген төрт фактор осы. Олар: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, өмір
және әскери академия.
VIII
Бригададан босап, Сочиге демалысқа кетіп бара жатқан бетім еді. Жаңағы
айтқандарымды ойлап, өткен-кеткен өміріме көз жібере толғанып отырған шағымда
номерімнің телефоны шылдыр ете қалды. Трубканы алып едім, ар жактан
қырылдаңқыраған
бір дауыс келді.
- Әй, сен, Бауыржанбысың? - деді дауыс. Бірден таныдым - Сәбит
Мұқанов.
- Ассалаумағалайкүм, Сәбе.
- Уәликім сәлем. Ал жалғызбысың, әлде қасында «шатағың» бар ма?
- Жалғызбын, Сәбе.
- Жалғыз болсаң менің номеріме кел. Мен күтем сені.
Сәбең Алматыдан келіп, мен жатқан «Москва» мейманханасына түскен
екен. Мені сыртымнан көріп қалып, администратордан кіріп, номерімді сұрап алып
телефон соғыпты. Бұрын мен академияда оқып жүрген кездерде де Москваға келген
сайын мені осылай телефонмен іздеп тауып алатын. Бардым. Мәкең жеңгей қасында
екен. Сәбеңнен ел жайын сұрап, әдебиет туралы әңгімелестік. Мен оған «Сибирь»,
«Доктор» деген екі өлеңімді оқып бердім.
- Әй, Бауыржан, сен мына өлеңдерді текке қор қылып жүрсің, - деді
содан соң Сәбең,- Бұларды қалай да жариялатып жарыққа шығарту керек. Сонан соң
кешегі өткен жер жүзілік қырғын соғыстың сыры мен сыпатын қазақта сенен басқа жақсы
танып-біліп, түсінетін адам кемде-кем. Сондықтан сол жайды қағаз бетіне түсіріп халқыңа,
ел-жұртыңа, замандастарың мен туыстарыңа, болашақ ұрпаққа пайдасы тиетіндей кітап
етіп жазып беру - азаматтық міндетің.
Жаңа сен кімнің әсері болды деп сұрадың ғой. Сәбеңнің осы сөзінің маған
тікелей әсері болды. Сол сөз мені қабағат рухтандырды. Содан кейін Сәбең екеуіміз
Москваны аралап жүріп, тағы да көп әңгімелестік. Жоғарыда бір жерде Сәбитпен
ресторанға
барғанымды айтып едім ғой. Ол дәл осы күннің кешінде болатын.
Мен 1971 жылы жазда, Қазақтың М.О.Әуезов атындағы академиялық драма
театрында Бауыржан Момышұлының алпыс жасқа толғаны атап өтілген қалалық жиында
Сәбит Мұқановтың мінбеге келген сәтін көз алдыма елестеттім.
- Мен Бауыржан елу жасқа толғанда шығарған өлеңімді оқимын, - деді
Сәбең көзілдірігін киіп жатып, тек өзіне ғана тән мәңгі қарлығыңқы үнімен. Содан кейін ол
ақ саусағын шошайта залға қарай қолын сермеп қалды. - Мен бір айтпаймын, ал
айтқанымнан қайтпаймын. Бауыржанға елуінде не тілесем, алпысында да соны тілеймін.
Жұрт ду күлді. Сәбең сонда мына өлеңін оқыған еді:
«Советтің саналы ер еркегі» деп,
«Жігіттің қыз қызығар көркемі» деп,
Бауыржан Момышұлы жер жүзінде
Тарапты барлық елге ертегі боп.
Барсам да қай континент, қай аралға,
Заманнан аз хабары бар адамда
Білмейтін Бауыржанды жан көргем жок,
Мен бұған куанам да, таңданам да.
Айтайын ең алдымен куанышты:
Қазақта ұл туғанмен талай күшті,
Жер жүзін тамсандырып Бауыржандай
Есімі қайсысының хатка түсті?
Ауылдың қалды көбі аумағында...
Бауыржан «Катюшадай» лаулады да,
Өртеді фашистерді, сондыктан да
Таниды досы түгіл жау жағы да.
Батыста, жүрген ғылым тереңінде,
Ақылын, өжеттігін, өнерін де
Жыр етіп, Бауыржанның батырлығын
Таниды, бір-ақ шындык көлемінде.
Ежелден ертегішіл Шығыс - кәрі,
Шындықтан шыға шырқап, кетеді әрі:
Көреді қаһармандай тау көтерген,
Немесе, жер тітірткен Әзірет-Әлі.
Білсе егер екенімді менің қазақ:
«Сендерде ұл бар ғой, - деп, - сондай ғажап?»
Шуласып қамағанда қалың адам,
Жарылмай қуаныштан тұрам аз-ақ!
Айтайын танданудың енді жайын:
Ұшканын атақ-даңкы көрген сайын.
Келтірем көз алдыма Бауыржанды,
Кәдімгі жақсы адамды - қарапайым.
Білемін бұл жігітті ерте күннен:
Қаттыны нелер керім еріте білген.
Шықты бұл қылыш болып майрылмайтын,
Советтік Армияның мартенінен.
Шықты да жалаң қағып тұрды сапқа...
Отандық ұлы соғыс қызған шақта,
Ақылы, қимылымен, қайратымен,
Өзіне ие болды берген атқа.
Сол үшін Отан мен халқы сүйіп,
Атаса кететұғын денесі иіп,
Тарихқа кірді бұл да дәл Зоядай,
Немесе секілденіп - Мересьев.
Фашисті бұл батырлар қырып-жойды,
Азамат болды істері абыройлы.
Құрметпен, сондықтан да, Бауыржанға
Жатырмыз елу жаста...
«То есть» деп ,Сәбең қағаздан басын көтеріп алды да, сол жақ иығынан кері
бұрылып, сахна төріндегі үлкен етіп жазылған «60» деген цифрды нұсқап, «әне, әне» деді
де, бұл шумақтың төртінші жолын түзетіп қайтадан оқыды. Жұрт тағы да дүр сілкініп, ду
күліп қалды.
Жатырмыз алпыс жаста жасап тойды.
Шашуым осы-ақ болды тойға дайын.
Ел сүйген ерді мен де аймалайын!
Бауыржан, ата-анаңа алғыс айтып,
Советтен сені өсірген айналайын!
Осылай деп Сәбең басын көтерді де, құшағын кең жая мінбеден түсті.
Бауыржан да орнынан атып тұрды. Екеуінің құшағы сахна ортасында айқасты. Мол денелі
сабырлы Сәбең арқылы халық Бауыржандай батыр ұлын тағы да мейірлене құшағына
қысқан іспеттенді. Содан кейін Сәбең Бауыржанды балаша құлағынан тартып, сәл
еңкейтті де:
- Елің үшін! - деп мандайынан бір сүйді. Одан кейін тағы да
еңкейтті.
- Өзім үшін! - деп екінші рет сүйді.
- Ұрпақ үшін! - деп үшінші рет еңкейтіп және сүйді.
Зал күліп, дуылдап, шартылдата шапалақ соғумен болды. Көп адамның
көзіне жас үйіріліп, домаланған ыстық моншақтар ыршып түсіп жатты.
Автор. Шіркін, Сәбең-ай десеңші! Кімді рухтандырмады, кімге көмектеспеді.
Қазақтың өзінен кейінгі ақын-жазушыларына Сәбеңнен көп көмек көрсеткен ешкім жоқ
шығар. Әдебиетке келген бәріміз сол кісіге әкеміздей қарыздар едік-ау. Ол кісінің көшеде
тоқтай қалып «әй, халің қалай?» деп бір ауыз айтқан жылы сөзінің өзі не тұрушы еді?
Бауыржан. Сонымен академияда бес жыл сабақ бердім. Күні бүгінге дейін
Москва университеті мен Москваның әскери академиясында лекция оқыған санаулы ғана
қазақ бар. Бұл - мақтан емес, ақиқат. Түсінікті ме саған? - Мен басымды изедім. - Жаз,
түсінікті болса.
Әскери академияда сабақ беріп жүріп, мен жазушы болуды ойлана
бастадым.
Осы оймен Калинин қаласында жүріп (біздің академия сонда көшіп барған
болатын), орыс тілінде «Біздің семья» кітабын жазып шықтым. Ол кітаптың қайда, қашан
басылғанын айтқанмын саған.
Елу бесінші жылдың аяқ жағында, бір күні Москваға келіп, ГУК -ке кірдім.
Генерал Голиковтан мені армиядан босатып, запасқа шығаруды өтіндім.
- Енді отставкадағы полковник боламын. Бірақ отставкадағы азамат
болмаймын, жолдас генерал, - дедім.
- Армиядан кеткенде не істейсіз? - деді генерал танданып. - Сіз қырық
бесте екенсіз. Бұл нағыз офицердің жасы. Армияда әлі де бірсыпыра жыл қызмет
істеуіңізге болады ғой.
- Мен жұмысты тастамаймын, жолдас генерал. Енді әдебиет
майданында қызмет ететін боламын.
- Қай тілде жазбақсыз?
- Орыс тілінде.
- Жазушы болу үшін ең кемі әдебиет институтын бітіру керек қой,
полковник.
- Маған әдебиет институтының керегі жок, жолдас генерал. Менің
жазушы болуыма өзім өткен өмір университетінің сабақтары да жетеді.
- Бұл Сіздің үзілді-кесілді шешіміңіз бе, полковник?
- Дәл солай, жолдас генерал.
Осыдан бес жыл кейін, әскери жазушылардың Москвада болған кеңесінде
сөйлеген сөзінде сол кісі, армия генералы Филипп Иванович Голиковтың тап өзі:
«Момышұлының запискалары мемуар болғанмен, басқа мемуарлардан көп айырмасы
бар, ол көркемдік дәрежеге көтерілген, онда артық эпизод, керексіз кейіпкерлер деген жоқ.
Нағыз маңызды эпизодтар мен образдарды іріктеп алған» деді. Бұл сөзді естігенде мен
Голиковтың мақтағанына емес, Голиковке жазушы боламын деп берген уәдемді
орындағаныма қуандым. Әрине, Голиковтың армиядан жақында кеткен офицер не
тындыра қойды дейсің деп, менің кітабымды оқымай тастай салуына болатын еді. Оқып
шығып, әділ бағасын айтқан. Ол үшін генералға мың мәртебе рақмет. Содан кейін мен
өзімді отставкадағы адам емес, Совет Армиясының сапында жүрген жауынгер офицер
санатында сезіндім. Ол сөз маған туған анамдай боп кеткен армияның алыстағы ұлына
білдірген мейір-махаббаты тәрізді боп танылды. Бұл өзіңе сонша айтылған бір сыр ғой,
қарағым.
Содан кейін Голиков мені Бурденко атындағы бас әскери госпитальға жіберді.
Соның қасында жоғары әскери комиссия бар еді. Оның бастығы Доброхотов деген
контрадмирал болатын. Келсем Доброхотов шашы аппақ, өзі қап-қара, бірақ жылы жүзді,
өте бір биязы кісі екен. Сәлемдесіп, жөнімді айттым. Мені денсаулығыма байланысты
армиядан босатыңыз дедім.
Доброхотов мені орталық әскери комиссияға жіберді. Оның жеті комиссиясы
бар екен. Солардан өттім. Академияға мені әскерден босату туралы ВКК-ның қаулысын
әкеп бердім.
Екі күннен кейін академия бастығы шақырды.
- Денсаулығыңыз нашарласа курортқа жіберейік, - деді бастық.
- Курорттан бас тартамын. Мені әскерден босатуды сұраймын, - дедім.
Содан біраздан кейін бұйрық шықты. Онда полковник Бауыржан Момышұлы
денсаулығына байланысты, 59-статьяның «б» пунктіне сәйкес әскерден босатылсын және
оның әскери киім киіп жүруіне рұқсат етілсін деп көрсетілді. Бір басыма жеткілікті пенсия
тағайындалды.
Елу бесінші жылдың декабрінде барлық дос-жолдастарыммен,
академиямен, армиямен қоштасып, Алматыға қайтгым. Әрине, бұл айтарға ғана оңай.
Әйтпесе он бір ай - қызыл әскер, он төрт ай - взвод командирі, үш жыл төрт ай - рота
командирі, тоғыз ай - аткыштар полкы штабы бастығының орынбасары, бес ай -
республикалық военкоматтың аға нұскаушысы, бес ай - батальон командирі, екі ай - полк
командирінің орынбасары, сегіз ай - атқыштар полкының командирі, жеті ай - Бас штаб
әскери академиясының жанындағы білім жетілдіру курсының тындаушысы, үш ай -
дивизия командирінің орынбасары, алты ай - дивизия командирі, екі жыл екі ай - Бас штаб
әскери академиясының тыңдаушысы, екі жыл - бригада командирінің орынбасары, бес
жыл - әскери академияда ординарлық әскери профессор болған армиямен қоштасу оңай
іс емес, қарағым. Мен - армияға, армия - менің өміріме айналып кеткен еді ғой. Армиядан
босау маған қырық бес жасымда қайтадан туып, екінші бір өмірді жаңадан бастағанмен
парапар еді. Бірінші өмірімде менің Отанға сіңірген азды-көпті еңбегім, халықтан алған
атақ-абыройым бар еді. Екінші өмірімде ондай еңбек етіп, халықтан алғыс ала алам ба? -
деп толғандым.
Баукең сәл бөгеліп, тағы да «Қазақстан» темекісіне қол созды. Сидиған,
салалы, етсіз, арық саусақтарына көзім түсіп, тағы да оны ішімнен аяп кеттім. Басқа жұрт
сияқты, бұрын мен де Баукеңе мән бере бермейтінмін. Соғысқа кім қатыспады, кім
командир болмады деп ойлайтынмын. Өзімен етене араласып, ұзақ-ұзақ әңгімелескеннен
кейін Баукең маған басқа қырынан көрінді. Бұл кісі еліміздің атақты қолбасы,
генералдарымен қызметтес болып, олардың бұйрықтарын орындапты. Жуков,
Василевский, Рокоссовский, Баграмян, Говоров, Захаров сияқты маршалдармен ауызба-
ауыз тілдесіпті. Әскерде маршал түгіл генерал көрмеген маған алдымда отырған арық
шал бірте-бірте биіктеп асқар тауға айналып кеткен сияқты боп көрінді.
Ең алғаш әңгімелесе бастаған күндеріміздің бірінде, сөз арасында Баукең
маған «мен профессормын» деген еді.
- Не дейсіз? - деп мен қайталап сұрадым.
- Мен қатардағы әскери профессормын, - деді ол мұрты тікірейіп.
Мен Баукеңе жайлап қана жымиып қарадым. Оным: «Бауке, осы жерін
артығырақ сілтеп жіберген боларсыз» дегенім еді. Бауыржан менің шүбәланып
отырғанымды сезді де:
- Сенбесең қой, - деп ол әңгімені аяқтатпастан бірден үзіп тастады.
Артынан мен Момышұлы туралы көптеген документтермент істес болдым.
Документ пен Баукең айткан әңгімелер арасында алшақтық жоғына әбден көзім жетті.
Сөйтіп жүріп Баукеңнің қатардағы әскери профессор болғанын да анықтадым. Калинин
қаласындағы әскери академияда сабақ беріп жүргенінде Момышұлы тактикадан алты,
стратегиядан тоғыз еңбек жазады. Сол үшін аға оқытушылықтан ординарный профессор
дәрежесіне жоғарылайды. Бірақ бұл атақ академияда лекция окып жүрген кезінде
сақталады да, одан кетсең алынып қалады екен. Өйткені ол атақ сенің орныңа келген
екінші оқытушыға беріледі. 1956 жылдың бірінші январында Момышұлы жоғарыда аталған
академияның тізімінен шығарылған. Сол күннен бастап оның қатардағы әскери профессор
атағы да өшіп қалған. Жаңа Баукең армияда атқарған қызметтерін санамалап отырып, бес
жыл әскери академияда ординарлық әскери профессор болдым дегенде менің ойыма
алға-
шында осы сөзге сенбегенім түсіп, іштей ұялып отырдым. Оның аузынан әр түрлі
жағдайда айтылып кеткен үсақ-түйек дәлсіздіктерге түзету жасаған тұстарымды да артық
кердім. Өзіме берген деректерінің бәрі дұрыс болғандықтан Баукеңнің басқа жерлерде
айтқан сөздерінде не шаруам бар еді деп ойладым.
IX
Автор. Бауке, өткен жолғы әңгімелердің бірінде Калинин қаласындағы
әскери академияға сабақ беріп жүрген кезімде тактика мен стратегиядан еңбектер жазып
ординарный профессор атағын алдым деп едіңіз. Одан бұрынырақта жаяу әскердің
жауынгерлік уставына пікір қосқаныңызды білдіргенсіз. Осылардың қандай еңбектер
екенін ашып айтуға бола ма?
Бауыржан. Жоқ. Болмайды. - Осылай деп қатаң, тіке айтты да, Баукең ақ
мүштікті аузына апарып бір-екі сорды да, бұрқ еткізіп түтін шығарды. - Ұлттык табыс
дегеннің не екенін білесің ғой, - деді содан соң даусын бәсендете сөйлеп. Мен басымды
изедім.
- Білсең, - деді де Баукен енді орысша сөйлеп кетті: - Национальный
доход в СССР весь принадлежит трудящимся: одна часть его поступает трудящимся в
виде личных доходов, а другая - используется как общественный фонд накопления и
удовлетворения потребностей всего общества и составляет общественную
собственность. Понятно тебе? - Мен тағы да басымды изедім. Бірақ ішімнен: Баукеңнің
баяғыда банкте қызмет істегені есіне түсіп кетті ме, саяси экономияға кіріп кеткені несі деп
ойладым. - Ұқсаң осыны қазақшалағын. - Мен қағазға жазғанымды ауызша аударып, оқып
бердім. - Ұлттық табысқа СССР-де бүтіндей еңбекшілер ие: оның бір бөлігі еңбекшілер
қолына өзінің жеке табысы ретінде тиеді де, ал екіншісі жинақтаудың қоғамдық қоры
ретінде әрі бүкіл қоғамның керексінуін өтеуге пайдаланылады, сөйтіп ол қоғамдық
меншікке айналады. Осылай ма? - деді Баукең менің аудармамның дұрыс, қисығын
тексергендей сәл ойлана отырып. - Осылай болса, ол еңбектер, ұлттық табыстың екінші
бөлігі сияқты, мемлекет меншігіне жатады. Ол менің советтік қоғамның әскери ой
қазынасына қоскан өз үлесім. Оған мен ие емеспін. Бірақ мен социалистік мемлекетті
қорғаудың қоғамдық осы ғажап
меншігіне титтей де болса өз үлесімді қосқаныма разымын. Мақтанамын демеймін.
Түсінікті ме? Ал мен ұлттық табыстың бірінші бөлігі сияқты, өзімнің жеке табысым ретінде
бағаланатын әдеби еңбегіме толық иемін.
Ол осылай деп этажеркада тұрған өз кітаптарын иегімен нұсқады.
«Советтік қоғамның әскери ой қазынасына қосқан өз үлесім». Баукеңнің бұл
сөзі менің көз алдыма әбден сарғайып кеткен газет қиындысын елестетті.
Беттің жоғарғы жағындағы «Полковник Момышұлының әскери жазбалары»
деген үлкен заголовок көзіме оттай басылды. Әдеттегі етек мақаланың биіктігі елу жол
болады. Ал мынау жалпақ алты бағанның әрқайсысы ұсақ әріптермен терілген жетпіс
жолдан тұратын шіреме етек мақала екен. Аяғына: «А.Кривицкий» деп қол қойылған.
Макаланың бас жағында автор өзінің алдында қатырма мұқабалы көк дәптер
жатқанын, оның бірінші беті толған адрес екенін, адрестерге қарағанда дәптер иесінің дос,
туыстарының бәрі Алматы қаласында тұратындығын айта келіп, бұл орденді полковник
Бауыржан Момышұлының әскери жазбалары екенін, Момышұлының қазір Алматыда
командировкада жүргенін айтады.
Осыдан кейін автор көк дәптердің беттерін парақтап, ондағы жазуларды
оқуға кіріседі. Бірінші беттегі тайға таңба басқандай айқын, әсерлі, әлді сөздер бірден
оқушы назарын аударады.
«Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды».
«Отан үшін отқа түскін - күймейсің».
«Өлім арасында жүрсең де, өмірден үміт үзбегін».
Мінеки, көк дәптер иесінің алғашқы сөздері осылай басталады. 1942
жылдың декабрінде ол былай деп жазыпты:
«Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде-кім
өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе (ал әр ұлтта да мақтан тұтарлық жайлар бар),
ол барып тұрған азғын...»
Бауыржан менімен бір әңгімесінде: «Мен соғыс жылдарында «Красная
звезда» газетіне: «Кімде-кім өз ұлтын құрметтеп оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған
азғын» деп жазғанмын деген еді. Сонда Баукең осы «Полковник Бауыржан Момышұлының
әскери жазбаларын» айтқан екен-ау деп ойладым мен мақаланың тақырыбына қайта бір
көз жүгіртіп өтіп. Сонда Баукең бұл сөздерді көк дәптерге кай тұста, қандай жағдайда
жазды екен деген және бір ой келді. Дереу Баукеңнің қызмет тізімін алып қарадым. Қырық
екінші жылдың декабрі 8-ші гвардиялық дивизияның Калинин майданының кұрамында,
Холм қаласының түбінде тұрған кезі екен. Ол кезде Момышұлы полк командирі.
Төзімді кейін қойдым да, қайтадан сарғайған газет қиындысына үңілдім.
Мақала авторы көк дәптер сырын баяндауға қайтадан «кірісті».
Көк дәптердің иесі не жазса да, не туралы толғанса да оның ойы әскери
тақырыпқа, өзінің офицерлік мамандығына келіп тіреліп отырады. Міне, оның «Әскери
тәрбиенің мақсаттары» деген конспектісі. Мұнда ол «Әскери психологиядағы ұлттық
сәттер» деген жайға тереңдей үңіледі. Ол былай деп баяндайды:
«Жауынгерді жаужүрек етіп тәрбиелеуде халықтың өткендегі жауынгерлігі де,
оның ең мәртебелі ұлттық дәстүрі де маңызды екеніне менің өз тәжірибемде көзім жетті.
Жас адамды тәрбиелеудің негіздері. Үлкенді құрметтеу, борышын бұлжытпай
орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай орындау, заңға бағыну - жас
адамға қажет ізгілік белгілері осы. Мұны біз: Отанын, халқын, семьясын сүю деп те
атаймыз. Мұндай инабатты тәрбие алған адам - нағыз жауынгер. Оның қасиеті - адалдық,
арлылық, тәртіптілік.
Алғырлық пен тапқырлық жайында. Қазақтың дәстүрлі ақындар айтысында
күтпеген оқыс шешімдер болады. Жұрт алдына шығып айтысқа түсу қыздар мен жігіттерді
тапқырлыққа талпындырады, олардың ауыз әдебиетіне, музыкаға ықыласын арттырып,
зейінді болуға, ұғымталдыққа үйретеді. Ал ұрыс кезінде оқыс оқиғалар орасан көп
ұшырасады. Солдат неғұрлым зерек, тапқыр болса, ол небір қиын-қыстау жағдайдан жол
тауып, құтылып шығады.
Ұлттық спорт ойындары туралы. Бұл ойындар адамды батылдыққа,
икемділікке, орынды қызбалыққа, тәуекелшілдікке, қайсарлыққа, тіпті ары үшін жанын
садақа қылуға баулиды. Мен ауыздықпен алыскан сәйгүліктен қорыққан немесе атқа міне
алмайтын бауырларымды қазақ деп атауға намыстанар едім.
Халық тәжірибесінің алтын қазынасы біздің игілігімізге айналып, әскери
ісімізге қызмет етуі керек.
Панфилов - менің әскери әкем. Марқұм генералмен мен қазір де, ұрыс
алдында ақылдасамын. Ол менің орнымда болса қайтер еді деп ойлаймын.
Батырлық - табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін
өзінді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Мұндайда адам өз
достарымен тек игілікті ғана емес, сонымен бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою
арқылы өзін және отандастарын қауіпсіздендіруге тырысады, өзінің азаматтық ары мен
намысын ездіктен, масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін
ашып көрсете түседі.
Батылдық - есеппен қимылдауды тәуекелмен ұштастыру. Тәуекел есеппен
ақталады.
Ептілік - шапшаң ойланып шешім қабылдаудың және бұлшық еттердің
шапшаң ойға тәртіптілікпен бағынуының нәтижесі.
Ұшқырлық - батылдык пен ептілікті ұштастыра білу.
Бұйрық беру үшін бұйрыққа көне біл.
Жауынгер сымбатты болуы керек (қыздардан гөрі қызмет үшін). Жинақылық
пен тәртіптілік - солдат сымбатының алғы белгілері осы. Жауынгер сапта да, ұрыста да өз
міндетін ұғынып, нақты орындауы қажет. Солдат шеберлігінің ең жоғарғы сатысы осы.
Әскери мәдениетті меңгерген, адамдар мен оқиғаларды үнемі зерттеп отыруға қабілеті
бар, мемлекеттік тұрғыдан ойлай білетін командир ғана өз қызыл әскерлерін осындай
сапаға жеткізе алады. Командир адал, өзіне де, бағыныштыларға да қатал, әділ болуы
керек. Жауынгер командирді мемлекет өкілі деп есептеп, оның ары мен адалдығына
шексіз сенуі шарт. Мұндай солдатты мен сымбатты деп білемін, мұндай командирді -
офицер деп атаймын.
Офицер психолог, адам жанын сезгіш болуы қажет. Идеялық жағынан сауатты,
жан-жақты білімді болу - әрине, оның өз борышы. Шен алу мен шекпен жаңарту жағын ең
алдымен ойламай, өзінің әскери және саяси салада өсуі үшін күш салуы керек. Ал шен
мен лауазым офицердің жеке іскерлігіне берілген әділ баға есебінде өзінен-өзі келеді.
Міне, осындай. Полковниктің көк дәптеріндегі әскери жазбалар Момышұлының
мынадай сөздерімен аяқталады:
- Жерге теріңді төксең, жеміске кенелесің; халық үшін қаныңды төксең, абыройға
бөленесің!
Баукеңнің «Бұл менің қоғамдық әскери ойға қосқан өз үлесім» деген сөзінен
барып ойға түскен бұл қиындыны маған ақын Есет Әукебаев берген еді. Ол кезде
мотоатқыштар полкінің комсоргы болған Е. Әукебаев осы қиындыны отыз жылдан аса
уакыт жоғалтпастан сақтап келген.
- Туған әкенің хатын да бұлай сақтамас болар, - дедім мен ақынға.
Ақын жымиып күлді.
- Бұл Баукеңе деген сүйіспеншіліктен шығар, - деді ол. - Баукең
Панфилов - менің әскери әкем десе, Баукең бәріміздің мақтанышымыз болды.
Солдаттардан бастап, барлық офицерлер осылай есептеді.
- Сіз өзіңіздің «Батальон» деген өлеңіңізді осы мақаланы оқығаннан
кейін жаздыңыз ба?
- Жоқ. «Полковник Бауыржан Момышұлының әскери жазбалары» менің
Баукең жайындағы бірінші оқыған мақалам еді. Оны өлеңдей жаттап алдым. Офицер
қандай болуы керек, солдат қандай болуы керек екенін бағыныштыларыма да, басқаларға
да үнемі мақтанышпен айтып жүрдім. Менің бақытыма қарай бұдан кейін менің қолыма
Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабының алғашқы басылымының бір данасы
түсті. Бас алмастан оқыдым. «Батальон» өлеңін содан кейін бастадым. Алғашында он бір
буынмен жаздым. Одан кейін сегіз буын етіп қайта өңдедім. Маған жау қоршауын қайта-
кайта бұзып шыққан темір батальонның тегеурінін көрсететін өзгеше түр, ырғақ, екпін
керек болды. Таба алмадым. Содан кейін оны жылы бүркеп, қағаздарымның арасына
салып қойдым. 1956 жылы әскерден босап, «Социалистік Қазақстан» газетіне қызметке
орналастым. Сол жылдың күзінде Москваны неміс фашистерінен қорғаудың он бес
жылдығы болды да, редакция мені Бауыржан Момышұлына Москва шайқасы туралы
интервью әкелуге жұмсады. Баукеңмен сонда бірінші рет жүздесіп, тілдестім. Ол
кездесуден алған әсерімнің күштілігі сонша, Баукең туралы он жылдан аса бұрын бастаған
өлеңімді қайтадан қолыма алып, жаңадан жазып шықтым. Отан соғысына қатысқан әр
солдаттың жүрегінде өз Бауыржаннамасы - ардагер ағаға деген өз лебізі, ықыласы болды
емес пе? Менің Бауыржаннамам осы өлең.
Осылай әңгімесін аяқтаған Есет Әукебаев маған ақынға тән шабыт,
солдатқа тән сүйіспеншілікпен «Батальон» өлеңін оқып берді. Оның соңғы шумағы
мынадай еді:
Ұмытылмас со бір шайқас,
Өшпес халык жүрегінен.
Ол батырлық жыр таусылмас,
Туған елін сүйе білген.
Ол туралы әуел баста-ақ
Жырлар, жырлар - жазылды том.
Қарашы, әне, Баукең бастап,
Келе жатыр болаттай сом -
Батальон!
Батальон!
Бұдан кейін мен Баукеңнің басқа да әскери пікірлерін есіме түсіруге
тырыстым. Соғыс кезінде жұрт оны командир және көркем әдебиет қаһарманы деп қана
таныды. Қазіргі қауым әскери жазушы деп біледі. Сонымен бірге Баукең әскери тарихшы
да ғой. Бұған Баукеңнің «Жауынгердің тұлғасы», «Генерал Панфилов», «Олар менің
есімде», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса» кітаптары, әлі толық жинақталмаған
толып жатқан ғылыми мақалалары куә. Ал Баукеңнің бас кітабы «Москва үшін шайқасты»
алатын болсақ, оның өзі әрі көркем шығарма, әрі тарих. Әскери жазушы Бауыржанды
әскери тарихшы Бауыржаннан бөліп алу өте қиын. Баукеннің бойындағы бұл екі қасиет
біте қабысып кеткен. Қазақ әскери өнерінің тарихындағы ең алғашқы асыл мұра
Момышұлының кітаптарынан басталатыны хақ.
Қалай дегенмен де бұл арада менің ойыма ең алдымен «Куба әсерлері»
келді. Мұнда Баукең өзінің әскери ойларын көркем шығарманың қауызына тықпай,
тындаушыларға ауызекі баяндап берген. Ал тындаушылары кім еді десеңізші? Куба
армиясының солдаттары, офицерлері және оның генералитеті.
Ойлап қарасам Баукеңнің Куба сапарынан тек әскери адамдарға ғана тән
тактикалық толғаныстар танылады. Оның Бостандық аралы Кубаға баруының өзі тұтқиыл.
Әрине, Куба елінде өзінің атақты екенін Баукең білмеді емес, білді. Бас қаһарманы боп
табылатын А. Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы Кубада испан тіліне аударылып,
атыс позициясының басында пулеметшілерге оқпен қоса үлестірілгені, ол кітапты Куба
жастары, елдің интеллигенциясы жақсы білетіні, тіпті ол кітап Куба революңиясының
көсемі Фидель Кастроның күнбе-күн оқитын сүйікті кітаптарының бірі екені баспасөз
бетінен Баукеңе жақсы таныс болатын. Тіпті ол сол кезде Совет Армиясы Саяси Бас
басқармасының бастығы армия генералы Епишевке ГДР-дан келген мынандай хатты да
білетін:
«Аса құрметті жолдас армия генералы!
Осы айда Ұлттық Халық армиясының барлық қызметкерлері саяси сабақ
ретінде Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабын міндетті түрде оқып тауысуға
тиіс еді.
Империалистік агрессорлар қару жұмсай қалған жағдайда біздің
солдаттарымыз өз міндеттерін осы тамаша кітапта суреттелген Ұлы Отан соғысы кезіндегі
жағдайдай нақты білуі үшін бұл кітап жайында барлық топтарда семинарлар мен
әңгімелер өткізіледі.
Осыған байланысты мен Сізден Александр Бек жолдасқа, Бауыржан
Момышұлы жолдасқа, осы кітаптың тірі қалған тағы бірер қаһарманына бізге келіп, Ұлттық
Халық армиясы кызметкерлерінің Ұлы Отан соғысының сабақтары жайында әңгімелеріне
қатысуға менің шын жүректен шақыруымды жеткізуіңізді өтінемін.
Социалистік сәлеммен адмирал Фернер».
Берлинге Бек кетті де, Бауыржан бармай қалды. Оның есесіне ол ешбір
нөкерсіз, шақырусыз, ешкімге хабар салмастан мұхиттың ар жағындағы алыс Кубаға
жападан-жалғыз тартты да кетті. Шетел тұрғай, шеткері ауданға баруға да жүрексінесің.
Өзіңді тани ма, танымай ма, қалай қарсы алады деп қауіптенесің. Ал, алшаңдап
Алматыда жүрген Баукең аяқ астынан аспанға самғай көтеріліп, 1963 жылғы ноябрьдің
бесінде сонау Гавана аэропортынан бір-ақ шығады. Орны самолеттің алдыңғы жағында
болғандықтан, ол ең сонда шығушылардың бірі болады. Гавананың шілдедей шыжып
тұрған шағы болса керек. Костюмінің ішінен түйе жүн жемпір, сыртынан макинтош киген,
басында жылы сусар бөркі бар Баукең самолет есігіне қарай аяндайды. Сонда серіктерінің
бірі:
- Қап, бағана самолет ішінде шешініп, жеңіл киініп алмаған екенсіз.
Мына жер жанып тұр ғой, - дейді.
- Оқасы жоқ, ата-бабам жазғы шілдеде қабат-қабат тон киген қазақ
емеспін бе, - деп жауап берді Баукең.
Трапка табаны тиісімен Баукең оң қолын жоғары көтеріп, аэропорт басына
жиналған жұртқа ізет білдіреді. Содан кейін:
- Сәлем саған, қаһарман Куба! - деп қазақ тілінде саңқ етіп үн қатып,
қолын қылыштай бір сермеп тастайды.
Киген киімі, келбет-бейнесі, саңқ еткен үні аэродром басына жиналған
жұрттың назарын бірден аударады. Аэровокзалда Совет Одағынан келген туристердің
документтерін тексеріп отырған үш әскери адам Момышұлын танып, орындарынан тұрып,
ізет білдіреді.
- Компаньеро Коронел - жолдас полковник Момышұлы, біз Сіздің
жайыңызды кітаптан оқып білгенбіз, жауынгерлік істеріңізге әбден қанықпыз, - дейді.
Сөйтіп, Кубаға келген көп туристер ішінен жалғыз Момышұлы ғана танымал
болып шығады.
Міне, әскери тактика тәріздес осы қылық, жүріс-тұрыстан мен мұндалап
тұрған Бауыржан характері танылады. Ол характер Кубаның ол кездегі Қарулы күштер
министрі Рауль Кастро Руспен кездесу кезіндегі әзіл-қалжың түріндегі сайыстарда одан
сайын айқындала түседі. Ол тұстарда оқушы: апырай, Баукең бірдеңені бүлдіріп алмаса
жарар еді деп іштей сасқалақтап та отырады. Бірақ санасы биік, саясатта салиқалы
Баукеңнің өршеленген сайын өрісі кеңи береді.
Газеттерде Момышұлының интервьюі жарияланып, оның Кубаға келгені
жалпақ жұртқа мәлім болады. Сол кезде Баукең Бас штабқа шақырылады. Оның
басшыларының бірі коменданте Кауссе Қарулы күштер министрі Рауль Кастроның басқа
қаладан телефон соғып, Момышұлынан Куба мемлекетінің қонағы болып, бірнеше күн
қала тұруды өтінген сәлемін жеткізе отырып:
- Хабардар болмағандықтан аэродромда өзін ешкім қарсы алмағанына
полковник ренжіген жоқ па екен? - деп сұрайды.
- Мен мұнда өз бетіммен келген адаммын. Турист ретінде бізді халық
қарсы алды. Өте разымын. Ешбір өкпем жоқ,-дейді Баукең.
- Полковник тым кішіпейіл, жуас екен, - дейді коменданте Кауссе.
- «Жуастан жуан шығады» деген қазақ мақалы бар. Коменданте мені
ерте мақтамасын, артынан опық жеп жүрер, - деді Бауыржан.
Ал екі-үш сағат Рауль Кастроның қабылдауында болғанда Момышұлының
характері одан сайын айқындала түседі. Баукеңдер министр кабинетінің қабылдау
бөлмесіне келіп кіргенде іштен есік жаққа қарай дауыстап испанша айтылған бірер сөз
естіледі. Аудармашы Баукеңе министр Сізге кірсін деп жатыр дейді. Баукең ол сөзді
естімеген болып тұра береді. Бұлар қабылдау бөлмесінде тұрып қалғаннан кейін іштен 33-
34 жастағы жігіт шығып, Баукеңе қолын беріп, ішке кіріңіз деп кабинеттің есігін өзі ашады.
Бұл министр Рауль Кастроның өзі еді. Баукең сонда ғана кабинетке кіреді.
- Сіздің осында сөйлеген сөздеріңіздің тезистері жөнінде маған
хабарлаған еді, - дейді министр кабинетке кіріп жайғасқаннан кейін Баукеңе. - Бізге,
әсіресе, Сіздің достық туралы айтқан пікіріңіз ұнады.
- Коменданте, ол менің сөзім емес, менің халқымның сөзі, - дейді Бауыржан.
Бір сөздің ретінде Рауль Кастро:
- Біздің заманымызда дүние пиғылсыз болып отыр емес пе? - дейді
Бауыржанға.
- Мен Сізбен келіспеймін, коменданте, - дейді Бауыржан министрге. -
Дүние пиғылды-ақ. Пиғылсыздық жеке адамдардың қыңырлығынан, оларды шешелері
солай қатеден тапқан.
- Иә, Хауананың өзі де күнәкар ғой,- дейді Рауль күрсініп.
- Өзіміздің барлық күнәларымызды Хауанаға жаба бермейік,
коменданте, - дейді тағы да Бауыржан. - Ол - қасиетті. Ол бізді өмірге әкелді.
- Сіздің Момышұлы екеніңіз көрініп-ақ тұр, - дейді министр күліп. - Сізге
рақмет, коронел. Біз Сізбен оңашада біраз сайысып көрдік. Енді, рұксат етсеңіз, жұрт
алдында сайысайық. Үкімет қабылдауына келген адамдарды шақырайық. Біздің
әңгімелерімізді олар да тындасын.
- Солай болсын, - дейді Баукең міз бақпастан. - Мен ешқашан да құпия
соғысып көрген емеспін.
- Сіз сайыска шеберсіз ғой, мені аяйтын боларсыз, - дейді Рауль күліп.
- Жоқ. «Күш атасын танымайды», - дейді Баукең түсін суытып...
- Сіз мені өлтіріп кеттіңіз, - дейді министр Момышұлынан жеңілгенін
мойындап.
- Мен өзімнің жауларымды ғана өлтіретін едім, - дейді тағы да Баукең міз
бакпастан.
- Сіз әдебиетке қалай келдіңіз, коронел?
- Мен әдебиетке соғыстың буксирінде отырып келдім, коменданте.
Министр енді Баукеңнің өзінің творчествосы туралы, Александр Бекпен ара
қатынасы, Қазакстан хақында айтуды және әскери мәселелер жайында кеңес беруді
өтінеді.
Баукең мұндай өте көп мәселелер жайында сөйлеуге әзірленбегенін
айтады.
Сонда басқа генералдар да Баукеңе тілек білдіреді, Сізге арнайы әзірліктің керегі жоқ
көрінеді, қолма-қол айтқан сөздеріңіздің өзіне-ақ разы болар едік деседі. Сонда Баукең:
- Жарайды, мен жауға ешқашан берілген жоқ едім, достарыма берілдім,
міне, - деп екі қолын көтереді.
Мұның бәрі Баукеңнің характеріне байланысты сөз. Менің ойлап
отырғаным оның әскери тарихқа қажет пікірлері.
Ал осы пікірлерді Баукең Кубаның әскери-саяси училищесінде, әскери
академияда сөйлеген сөздерінде айтқан.
- Менің мамандығым әскери қызмет,-деп бастаған ол академиядағы
сөзін. - Біздің Конституциямызда: Отанды қорғау СССР-дің әрбір азаматтарының борышы
деп жазылған. Менің ұлтым қазақ, мен Совет Одағының азаматымын. Қазір елудің
ішіндемін.
Соның жиырма бес жылын армия қатарындағы қызметке бердім. Армияда қызмет ету
оңай емес, онымен ажырасу да оңай емес. Ұзақжылдық әскери еңбегімнің есесіне мен
запастағы полковник ретінде қайғысыз-қамсыз жата беруіме болар еді. Бірақ запастағы
азамат ретінде тып-тыныш жата беруіме арым төзбеді. Менің шығармаларым өз
басымның естеліктеріне, ерекше эпизодтардың ең елеулі көріністеріне негізделген.
Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан шығарылған адамдар да жоқ. Менің
тақырыптарымның түйіні мынадай:
1) СССР азаматы тұлғасындағы қазақтардың қалыптасу процесі.
2) Жауынгердің қалыптасуы және жауынгерлік характердің қалыптасуы.
Барлық кітаптарымда өз басымнан кешкен қателерімді де әңгімелеп отырамын. Ондағы
мақсатым менің қателерімді кейінгі толкын жастар қайталамасын дегендік.
Өлім деген сөзсіз нәрсе, бұлтару жоқ! Ол біреуге ерте, біреуге кеш келеді.
Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айрылудан қорқу керек. Өмірден
қайткенде көп алу дегеніміз - тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру - бұл
күрескердің ісі. Өмірдің қуанышы да көп алуында емес, басқаларға көп беруінде, білім мен
тәжірибеңді халыққа таратуыңда.
Мінеки, сөзін осылай бастаған Баукең енді әскери адамдардың әскери
тақырыпқа қойған сан алуан сұрақтарына жүйелеп жауап береді. Әскери трактат түріндегі
ол жауаптар мынадай:
Мен қайткенде де қоғамға пайдамды тигізсем, Совет Одағына ақырғы
демім біткенше еңбек етсем деп арман еттім.
Армия - азаматтық зор мектеп.
Менің армияда алға қойған міндетім Отанды жаудан қорғау еді, қорғадым;
жазушылық ісінде алға қойған мақсатым аға буынның ерлік істерінің үлгісін дәріптеу,
жастарды советтік патриотизм рухында тәрбиелеп, ерлікке үйрету еді, оны да орындап
келемін.
Жеке солдаттың тәжірибесі - жақсы мектеп. Ал бүтін взводтың тәжірибесі -
университет.
Менің өз кітабымның шекесіне жазатын эпиграфым мынадай:
«Бұл жазбаларымда мен тек жақсы тәжірибемді ғана ортаға салмақ
емеспін, өзімнің басымнан кешкен қателерімді де әңгіме етпекпін. Бауыржан Момышұлы».
Егер менің кітабымның елге берер жемісі болса, онда еңбегімнің өтелгені.
Кездесулерде менен Панфилов туралы көп сұрайды, қандай адам еді? -
дейді. Генерал Панфилов жауынгерлік еңбегі үлкен, әскери атағы жоғары бола тұра
кішіпейіл, ақжарқын, талап қойғыш та қамқор жан еді, нағыз орыстық, интернационалдық
мінездің адамы болатын.
Өзіне өзі сынмен қарау - оңай іс емес.
Өзінің қателерінен сабақ алу әркімнің қолынан келе бермейді.
Үлкен бастықтың оңдырмай сөккенінен адамды өз арының сөккені
әлдеқайда күшті.
Москва түбіндегі ұрыстардың бірінен соң өзімнің онша сәтті болмаған бір
шешімімді генерал Панфиловқа баян еттім. Уставтың кейбір тармақтарына негіздеп
қабылдаған ол шешімнің ойдағыдай боп шықпағанын айттым.
- Бірінші Петр алдымен былай деп жазған екен, - деді генерал маған
ойлана жауап қатып. - «Соқырдың қабырғаны сипалағаны сияқты, уставқа жабысып
қалма. Өйткені онда тәртіп жөні тізілген, ал мезет пен мезгіл, болар оқиға жазылмаған».
Содан кейін Бірінші Петр сәл ойланыпты да, артынша мына сөздерді қосыпты: «Кімде-кім
уставты орындамаса, қамшымен орындаттыру керек».
- Бірінші Петр жақсы айтқан, жолдас генерал, - дедім мен Панфиловтың
сөзін бөліп.
- Жақсы айтуын жақсы айтқан, - деді Панфилов. - Оған дау жоқ. Алайда,
ол Сізді қамшымен осқылар еді, ал менің өйтуіме Совет өкіметі рұқсат етпейді. Уставты
біледі екенсіз, оны қолданба демеймін. Бірақ оның тармақтарын орнымен қолданған жөн,
нақты жағдай не айтады, соны есепке алып, ретіне қарай қайрат жасау керек. Уставты
жаттанды қолдануға, әрпіне жабысып қалуға тыйым саламын.
Генерал Панфиловтың осы сөзін өмір бойы жадымда сақтап келемін.
Соғыс уақытындағы қиын-қыстау кездерде, одан кейін де сан рет генералды есіме алып,
оның маған ақыл айтқан сол сәтін көз алдыма келтірдім. Тіпті қазір, өзім қартайып,
генералдың жасынан асып кеткен шақта да, оны көз аддыма әкеліп, «ақылдасып»
аламын, содан кейін сабама түсемін. (Қарт кісілер ашушаң келеді ғой.)
Устав - бейбіт күнде заң, соғыста творчество. Ал творчество тек
ақылмен, терең оймен ғана жүзеге асады.
Бұйрық халық, Отан атынан беріледі, берілген соң оны орындаушы
адамның тағдырына айналады.
Әскерлер командир үшін емес, командирлер әскер үшін керек.
Командирлік өнердің басты міндеті - көптің көңілін ашар кілтті табу.
Соғысатан - адам, ал техника дегеніміз оның қолындағы күрес құралы.
Өзінің қолындағы техниканы, дастарқан үстінде қасықты жұмсағанындай, жақсы игеріп,
жұмсай алатын саналы, намыскер, инициативты, белсенді жауынгер - міне, нағыз
жауынгер тұлға осы.
Бейбіт күнде де, соғыста да әскерлердің саяси-моральдық факторының
шешуші маңызы бар.
Саяси бөлім - әскерлердің рухани штабы.
Ерлік істелмесе - ешкім де қалам тербемейді.
Армияда саяси жұмысты ұйымдастыру жауынгерлік әзірлікті
ұйымдастырудан әлдеқайда күрделі.
Ұрыста саяси жұмысты ұйымдастырудың жай-күйі командир шешімінің
белгілі бір буынын жасап алудан бір де кем емес.
Ұрыста командир шешімін саяси жағынан қамтамасыз ету - ұрысты
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуден бір де кем емес.
Қарулы күштер дегеніміз Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін
қорғауды, революцияның жеңістерін сақтап қалуды, мемлекеттік мүдделерді сақтауды
және халықтың жемісті бейбіт еңбегін қамтамасыз етуді көздейді, сол үшін жасақталады.
Әскери қызмет дегеніміз дені сау әрбір азаматтың асыл парызы,
ардақты борышы.
Кімде-кім әскери қызметтен жалтарса, ол патриот емес.
Армия өмірінің басты негізі - қатаң әскери тәртіп. Қатаң әскери тәртіп
саяси биік саналылыққа, патриоттық сезімге, әр жауынгердің өзінің әскери борышын терең
түсінуіне негізделеді.
Әрбір жауынгер тәртіпті болуға, өз қолындағы қарудың тетігін әбден
игеріп, сақтай білуге, өз білімін үнемі көтеруге, өзінің әскери коллективін құрмет тұтуға,
барлық істе өз жолдастарына көмектесуге, өз жолдастарын лайықсыз қадамдардан
сақтандыруға және өз командиріне сөзсіз бағынуға міндетті.
Әскери тәртіпті нығайтудың негізгі әдісі - сендіру, қосалқы әдісі -
көндіру. Командир көндіру әдісін тәртіпсізді тәрбиелеудің ең соңғы шарасы ретінде ғана
қолданады.
Командир өз бағыныштыларын ашумен емес, ақылмен тәрбиелеп
үйретуі тиіс.
Командир қара қылды қақ жарған әділ болуға, біреуді шектен тыс
мақтауға да немесе біреуді жазықсыз жазғыруға да бармауы керек.
Талап қою дегеніміз - заң, қаталдық дегеніміз - заңсыздық.
Қаталдык басқа да заңсыздықтар сияқты, жауынгерді қорлайды, езеді,
ызасын қоздырады.
Саяси саналылықтың, жауынгерлік дәстүр мен озат тәжірибенің,
тәртіпсіздікке төзбеушілік көзқарастың негізінде жауынгер намыскер адам болып
тәрбиеленіп, үйренуі керек.
Намыскер емес адам - ерлік жасауға қабілетсіз.
Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі.
Ешкім де генерал болып тумайды. Генералдар солдатгардан өсіп
шығады.
Ауыстыруға болмайтын адамдар жок.
Еш нәрсе нормадан не кем, не артық болмауы керек.
Соғыс жорығы - саяхат емес, ұрыс даласы - курорт емес.
Командирдің қасына оны үнемі қолдай беретін пір еріп жүрмейді. Оның
ойына, аспаннан сап етіп, ақыл түспейді. Ол мойнына өзінің барлық істерін сәттілікке сая
беретін бойтұмар тағып жүрмейді. Тіпті командирді устав ережелері де, оны қаншама
жатқа білгенмен, қолдай бермейді. Командир творчество адамы. Әр жағдай командирді
әртүрлі ойлатады, әр түрлі толқытады, әр арнадан, әр саладан оны іздендіреді. Бір
жағдайдағы келісімді нәрсе екінші жағдайда сәтсіздікке ұшырауы мүмкін...
«Уставта былай делінген екен, мен де солай істейін» деп устав әріптерін
талисман ретінде ұстаушылар шаблонистер. Уставты оқи білу өз алдына, оны ұғына,
астарына түсіне білу өз алдына.
Мінеки, Баукеңнің Кубада айтқан әскери ойларының ұзынырғасы
осындай. Революциялық Куба армиясының солдаттары мен командирлері бұл сөздерді
разылықпен, ілтипатпен тындады. Өзіміз үйренер өнеге деп қабылдады. Куба Үкіметі мен
Қарулы күштері генералитетінің совет полковнигі Бауыржан Момышұлының құрметіне
арналған қабылдау мәжілісінде сол кездегі Қарулы күштер министрі коменданте Рауль
Кастро былай деді:
- Құрметті коронел Момышұлы! Біз бұрын Сізді Александр Бектің кітабы
және өз кітаптарыңыз бойынша білуші едік. Енді өзіңізді көріп, өз аузыңыздан сөзіңізді
естіп отырмыз. Сіздің көп бейнет кешкен тәжірибеңіз біздер үшін, жас жауынгерлер үшін
(Сіз, әрине, біздің жастығымызды мойындамай, жаспыз деп айтып қалғанымыз үшін
сөксеңіз де) айнымас қағида болды және бола да береді. Біз Сізбен өз жерімізде,
Американың азат аралында кездескенімізге қуаныштымыз. Сіз әскери адам, жазушы,
ғалым
ретінде біздің ортақ ісімізге көп пайдаңызды тигізе аласыз. Сіздің біздің елге келуіңіз біз
үшін ерекше көрініс болып табылады. Сіз өзіңіздің халықтардың патриоттық және достық
әдебиетінің әлемінде істеп жатқан игілікті еңбектеріңізбен қолыңыздың бос еместігіне
қарамай, біздің елге келуге мүмкіндік таптыңыз... Елімізде болған аз уақыттың ішінде Сіз
үлкен саяси жұмыс жүргізіп, бізге өз тәжірибеңізді айтып бердіңіз, өзіңіздің жіберген
қателеріңіз болса, оны да алға салдыңыз. Мұның бәрі біз үшін өте бағалы, коронел! Біздің
республикамыздың ішкі және сыртқы жағдайы қазіргі уақытта өте күрделі болып отыр. Сіз,
әрине, көре білетін адам, әскери және қоғамдық қайраткер болғандықтан мұны өзіңіз де
аңғармай өткен жоқсыз. Біз жалпыға бірдей міндетті әскери тәртіп туралы заңның
жобасын бүкіл халықтың талкылауына беріп отырмыз. Мен Фидельдің тапсырмасы
бойынша Москвада болғанымда, біздің елші арқылы Сіз жөнінде анықтама алып та көрген
едім. Кейіннен біздің елші хабар етті: Сіз аман-есен, Алматыда тұрады, кітап жазады
дегенді айтты. Содан кейін тиісті каналдар аркылы Сіздің бізге келуіңіздіьөтінген едік... Сіз
өзіңіздің келетініңізді күн ілгері білдірмегеннен кейін біз, тиісті түрде, лайықты қарсы
алуды ұйымдастыра алмадық. Бұл үшін мен Сізден ғапу өтінемін... Сіз риза болсаңыз,
коронел, біз ризамыз. Бұл қабылдаудың өзі де біздің премьер-министрдің - Фидель
Кастроның арнайы нұсқауы бойынша өткізіліп отыр. Өзіңіз көріп отырғандай мұнда
министрлер және біздің Қарулы күштердің әскер түрлерінің бас командашылары отыр.
Фидельдің өзі шұғыл жұмыспен тездетіп Ориентаға кетті. Маған Сіздің алдыңызда ғапу
өтінуді сұрап еді...
Құрметгі қстазымыз коронелдің денсаулығына, бұл кісі бұдан былай да
ойымызға ой қоса беруіне, бұл кісінің семьясының бақытты болуына, бұл кісінің балалары
жақсы ата мұрагерлері болуына тілектестік білдіріп, осы тосты түрегеп тұрып ішейік.
Рауль Кастроның бұл сөзінен кейін рюмкаларын көтеріп, табандарынан тік
тұрады.
Осылай, бөтен жерге жалғыз өзі барып, бүкіл бір елді аузына қаратып,
дүрілдетіп қайту Баукең сияқты ердің ерінің ғана қолынан келер. Бөтен елдің министрлері
мен генералдарына өзіңді танытып, сөзіңе бас шұлғытып, олардың құрметі мен
сүйіспеншілігіне ие болу үшін қаншама күш, қайрат, ақыл, шешендік, даналық керек
десеңші. Бауыржанның бойында Исатайдың ақкөздігі, Махамбеттің ақындығы,
Аманкелдінің ерлігі, Чапаевтың ерлігі, Қажымұқанның қайраты бар. Баукең осы бес
батырдың тоғысқан нүктесі. Ұлтымыздағы әскери, әдеби, саяси даналық бір басына
тоғысқан тұлға осы!
Мен осылай деп ойладым.
- Немене, ұйықтап кеткен жоқсың ба? - деді Баукең мен ұзақ үнсіз
қалғаннан кейін еңсесін көтеріп.
- Жоқ, Бауке, ұйықтағаным жоқ.
X
Баукең әңгімесін қайтадан жалғады.
- Сонымен мен Москва-Алматы поезының халықаралық вагонында келе
жатырмын. Поезд вагон ішіндегі мені тербетеді, мен өз ішімдегі ойды тербеймін.
Москвадан Алматыға қарай тартылып келе жатқан жаңа өмірімнің жағдайын ойлаймын.
Алматыға келдім.
- Шынымен келдің бе? - деп әйелім бетіме ұзақ қарады.
Содан кейін қасыма Бақытжанды алып, елге кеттім. Мен тек бәйбішемнен
ғана екі перзент көрген кісімін ғой. Шолпан деген қызым ертерек қайтыс боп кетті.
Жанымның жалғыз қабығы болып Бақытжан ғана қалған. Оның ер жетіп, қазір жұрт білетін
жазушы болғаны өзіңе белгілі.
Баламды қасыма ертіп, балалық шағым өткен жерлерді аралап, Жамбыл
мен Шымкентге үш-төрт айдай жүрдім. Елмен, ағайын-туыстармен кездесіп, мауқымды
бастым.
Сөйтіп Алматыға қайтып келсем военкомат мені іздеп, шала бүлініп жатыр
екен. Ол кезде маршал Жуков Қорғаныс министрі болатын. Ол кісі өзі Алматыға телефон
соғып, полковник Момышұлы денсаулығына байланысты әскерден босап, Алматыға кетті.
Сол кісіні қызметке орналастырып, пәтер бергізіп, артынан маған хабарлаңдар депті.
Военкоматтағылар Алматыдан мені сұрастырып таба алмайды. Министрге жауап беру
керек. Олар соған сасқалақтап отыр екен.
- Министрге полковник Момышұлына қызметтің керегі жоқ. Ол әдеби
еңбекпен шұғылданатын болады. Пәтерге орналастырудың да қажеті жок. Оның өз пәтері
бар деп айтыңыздар, - дедім.
Маршал Жуков аса әділетті кісі еді. Тіпті күні кешеге дейін мен оның есінде
екенмін. Былтыр Москвада өткен Отан соғысы ардагерлерінің жиналысында ол Қазақстан
делегациясына келіп, Момышұлы қайда деп сұрапты. «Ол ауырып жатыр» дедік деп
Снегин айтып келді. Өз басым маршал Жуковқа өте разымын. Жұрт Жуковты қатал болды
деседі. Дей берсін. Қаһармандық қаталдықтан туады. Жұмсақтан жолбарыс шықпайды.
Понятно
тебе?
Москвадан Алматыға келіп екінші өмірімді бастағанда мен қазақ
әдебиетінің Мұхтар, Сәбит, Ғабит сияқты генералдары бола алмайтынымды білдім. Енді
мен баяғыдай банк қызметкері де бола алмаймын. Партия, совет қызметкері болу
қолымнан келмейді. Мен ол кезде жалпақ жайлауда жағалай отырған ауылдарға ат
аздырып, тон тоздырып шеттен көшіп келген кірме сияқты едім. Қай ауыл коңсыға жайлы
болар екен, қай үйдің іргесіне арбамның дертесін тіресем екен деп ойладым. Келгенді кет
демейтін кең қолтық жазушылар ауылы жаққа жалтақтап көп қарадым. Көгөрай
шалғынның төріне қонған ол ауылдың ордалары көзіме жылы ұшырай берді. Сәкен,
Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит, Ғабит үйлерін қоршалай қонған ақ отаулардың түндіктері
тынымсыз желпілдеп жатты.
Мен сол ауылдың шетіне тоқтап, әскери лашығымды тігетін орын іздедім.
Кездестіре алмадым. Тау жақ қиядан үлкендігі шөккен атандай, кедір-бұдыр тасы көп бос
орын таптым. Ол ешкімге керегі жоқ, ақ орда сыймайтын, ақ отаулар қонбайтын, ешкім
қажет қылмайтын, бос бұрыш екен. Мен сол жерге, күз жартастың басына әскери
шатырымды орнатып, әдебиет аулына қоңсы қондым.
Әскерден босаған соң, Жамбыл, Шымкенттен оралып, үйге тізе бүгіп
жайғасқаннан кейін, ендігі генералдарыма сәлем берейін деп, жаңа мундирлерімді киіп,
қылыш, маузерімді асынып, Пролетар көшесі, 11-ші үйдегі Жазушылар одағына бардым.
Барсам басшылардан ешкім жоқ. Бір кабинетте көзәйнегі жарқырап жас секретарь отыр
екен. Полковник Момышұлы әскерден босап, әдебиет полкының қарамағына келді. Енді
осы одақтың әскери жазушысы боламын деген рапортымды соған беруіме тура келді.
Осылай деп Бауыржан кеңкілдеп күліп алды.
Автор. Неге күлдіңіз, Бауке?
Бауыржан. Рапорт берердегі менің қылышымнан қорқып жас
секретарьдың сонда стол астына кіріп кеткені ойыма түсіп, соған күліп отырмын.
Сөйтіп мен қазақ әдебиетінде ең алғаш әскери тақырыпты бастадым.
Менің бұрын азын-аулақ соғыс тақырыбына қалам тартқан жазушылардан өзгешелігім
өзімнің соғысқа қатысып келгендігім еді. Менің екінші өмірімнің бақыты әшейін жазушы
емес, әскери жазушы болғандығым. Содан бері не жазып, не қойғанымды жоғарыда
айттым. Жұрт біледі. Мен әскерде де, әдебиетте де полковник дәрежесінде қалдым.
Генерал болу менің пешенеме жазылмаған. Бірақ, қырық алты жасымда басталған екінші
өмірімді алғашқы өмірімнің дәрежесіне жеткізгенімді мен өз басыма қонған өзгеше бақыт
деп білемін. Бұл сұрағыңның жауабы осы, қарағым.

XI
Автор. Енді ең соңғы сұрағымды қоюға рұқсат етіңіз, Бауке.
Бауыржан. Қойғын.
Автор. Бұрынғы мен бүгінгіні, онымен болашақты салыстыра отырып,
арт пен алға көз жібере келіп, жас ұрпаққа қандай ақыл айтар едіңіз?
Бауыржан. Алдымен Россияның адамзат алдындағы баға жетпес
еңбегін әрқашан еске алып отыру қажет дер едім. Ол ең алдымен татар-монғол
шапқыншыларын талқандап, Шығыс Европа, Орта Азия, Кавказ елдеріне азаттық әперді,
ал Батыс Европаның қалаларын біздің Отырар, Құмкент сияқты жермен-жексен етілуден
сақтап қалды. Содан үш жүз жылдан кейін бүкіл Орталық және Шығыс Европаны басып
алмақ болған швед королі Карл ХІІ-ні Россия Полтава шайқасында және қиратып шықты.
Содан жүз жыл кейін бүкіл Батыс Европаны табанының астына салып алып, «Европаның
бар халқынан тұтас бір халық жасап, Парижді барша дүниенің кіндігі жасаймын» деп
әлемге жар салған әйгілі Наполеонды да Россия талқандады. Сол сияқты Батыс
Европаны түгел басып алып, «Барбарос» жоспарын тқбесіне ту етіп көтеріп, шығысқа
қарай өрттей қаулап келе жатқан Гитлерді де Россия құртты. Осылайша ол Орталық және
Оңтүстік шығыс Европаның халықтарына және азаттық әперді. Соңғы бес ғасырдың ішінде
Европа мен Азияның халқын және қалаларын Россия төрт рет қырғын мен күйреуден
сақтап қалды.
Міне, осыны ұмытпау керек. Бұл бір.
Европаның Англия, Франция және Германия сияқты ірі мемлекеттерінің
бірде-бірі адамзат үшін орыс мемлекетіндей еңбек еткен емес. Ендеше оны да ойдан
шығармау керек. Орыстар өздігінен өзгеге тимейтін ең ұстамды халық. Егер өзіне жау тисе
жеңбей тынбайтын ең ер халық. Ер халықпен еншілес болу ерекше бақыт.
1812 жылғы Отан соғысына қазақ халқы елеулі үлес қоса алмады. Ол
соғысқа украиндар 60 мың адам, Дон казактары 26 полк, башқұрттар - 20, қалмақтар 2
полк берсе, қазақтардың қосындары бір кепе шөптің ішіне түскен инедей ғана болды. Ал
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қазақтар белсене ат салысты. Бұдан жүз отыз
жыл бұрын Наполеонға қарсы тұтас бір батальон қоса алмаған Қазақстан бұл соғысқа өз
қолымен жасақтап бірнеше дивизия мен бригада аттандырды. Сөйтіп, Совет Армиясының
берік жауынгерлік сапында қазақ солдаттары Европа мен Азиядай екі материкті азаттық
сапарымен еркін шарлады.
Оларды Отан лайықты наградтады. Бес жүзге жуық қазақстандық
солдаттар мен офицерлерге, олардың ішінде тоқсан сегіз қазаққа Совет Одағының
Батыры атағы берілді. Қазір қазақтан шыққан он шақты генералымыз бар. Олар: Шәкір
Жексенбаев, Бердіғали Игіліков, Нұрлы Байкенов, Сағадат Нұрмағамбетов, Қамал
Бошаев, Есет Әлібеков, Баһадұрбек Байтасов, Самұрат Сыртанов және Жансам Кереев.
Бұлар әскери генералдар. Ал Шырақбек Қабылбаев пен Әбдіманап Тілеулиев бастатқан
Ішкі істер қызметі
мен мемлекет қауіпсіздігі қызметінің генералдары өз алдына бір төбе. Бұлар біздің
халқымыздың тарихындағы тұңғыш генералдарымыз. Сол себептен де мен оларды
санамалап толық атап отырмын. Мұны білудің оқырмандарға да артықтығы жоқ. Түсінікті
ме саған?
Мінеки, орыстар өзінің жалпы адамзаттық төртінші ұлы миссиясын
атқарғанда - Европаны Гитлердің қанды шынжырынан құтқарып қалғанда, барлық басқа
да совет халықтары сияқты, қазақтардың онымен бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып бірге болуы - біздің мәңгілік ұлттық мақтанышымыз. Міне, бұл - екі.
Одан кейінгі айтатын сөз мынау:
- Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ! Әр әке балам бақытты болса
екен, үрім-бұтағым үзілмесе екен, өшпесе екен деп тілейді. Осы мақсатпен жиырмасыншы
ғасырдың басында әкелеріміз бізге қаралы жексенбілерде қан кешіп жүріп, коммунистік
қоғам орнатып, кең-байтақ социалистік Отан жасап берді. Олар бізге: құрылыс жақсы
болса - тұрмыс жақсы, бірлік мықты болса - тірлік күшті. Осы құрылыс пен бірлікті көздің
қарашығындай сақтаңдар деп өсиет етті. Біз бұл өсиетті абыроймен орындап, социалистік
Отанымызды Гитлер сияқты ең жауыз жаудан сақтап қалдық. Туысқандық бірлігімізге
титтей де дақ түсірмедік. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, біз де
сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ. Ол - қазіргі кең жазира Отаның сенің. Өйткені -
Отансыз өмір, онсыз қуаныш жоқ. Соны көздің қарашығындай сақтандар. Соңғы үш
ғасырда дүниеге үш жалмауыз берген адамзат жауыз ұлға қысыр боп қалмас. Бір ғасырда
бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас. Ондай жауыздардан елді, жерді,
социалистік қоғамды сақтап қалу - сенің борышың, алғы ұрпақ.
Ұзын бой қысқарады, үлкен дене кішірейеді, адам ақыры өледі. Ол -
табиғат заңы. Адам өлгенімен оның еңбегі өлмейді, ерлігі өлмейді, ол атқарған ұлы іс
өлмейді. Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін
аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма жасар
азаматтар ерекше ерлік көрсетті. Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған
әрқашан да әзір болу керек.
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адамға керекті ең ұлы
қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, сол ата-
анадан бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын
сыйлап, қадірлесе сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған,
өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал болмаған, түзде интернационалист
болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын
жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек.
Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажырата білуі шарт.
Намыс - азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған баллада ғана
намыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-
анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі - ата-анасы, Отаны - өз
үйі. Патриотизм - «Отаным сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» деп құрғақ сөзді
гүмпілдете беру емес. Ол - формализм. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес,
іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де
дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. Іс деген осы, патриотизм осыдан
басталады.
Жастардың Отан қорғау қызметін атқарып қайтуы - адамгершіліктің ең
асыл парызы. Ал еңбекшілдік, білімділік, тәртіптілік, тәлімділік, шыдамдылық - армия үшін
ең қажетті қасиет. Әскерде басбұзарлыққа орын жоқ. Өйткені оның қолында елдің
тағдыры - қуатты техника бар. Ал жауынгердің ол техниканы тастап қыдырып, қыз қуалап,
арақ аңдып, қаңғып кетуіне болмайды.
Жастар араққа үйір болмауы керек. Арақ адамгершіліктің, азаматтықтың,
ақылдың жауы. Арақ азғындыққа жетелейді. Араққа бір үйреніп алсаң, одан қашып құтыла
алмайсың. Ең алдымен осыдан сақтану керек. Арақ - адамның ішкі жауы. Сыртқы жауды
техниканың күшімен құртуға болады. Ал ішкі жауды ешқандай ракетамен атып түсіре
алмайсың. Нәпсіқұмарлыққа бір салынып алсаң, оны тоқтатуға ғылымның да, білімнің де
шамасы жетпейді.
Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат,
жас ұрпақ! Естисің бе менің үнімді, жете ме саған менің дауысым. Жетсе, бүгінгі
баламыздан бастап, көп ұлтты социалистік Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына
айтар екі ауыз сөзім бар. Ол - Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер! -
деген сөз. Ол - халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстандар! - деген сөз.
Ұлы Октябрь революциясы салып берген даңғыл жолымда маған тамаша орыс адамдары,
орыс қолбасылары кездесті. Егер менің сонау Николай Рединнен бастап, Панфилов,
Чистяков, Серебряков, Рокоссовский, Жуков сияқты ұстаздарым болмаса, онда мен дүние
жүзіне әйгілі полковник Момышұлы болмас едім. Егер орыс халқы болмаса, оның Толстой
мен Тургенев, Чехов пен Горький сиякты каламгерлерінің еңбектерінен үлгі алып өспесем,
онда мен жазушы Момышұлы болмас едім.
Анада, Азия-Африка жазушыларының Алматыда өткен бесінші
конференциясының соңында біздің республикамызды аралап көрген бір топ шетел
жазушыларының алдында мен былай деп сөз сөйледім:
Қадірлі қонақтар!
Қымбатты москвалықтар!
Ардақты жерлестерім менің!
Бұл жерде менің ағалы-інілі адамдар жайында екі-ақ ауыз сөз айтқым
келеді. Егер сен шамасы аз, шағын денелі бала болсаң, онда саған арқа тұтарлық әлуетті
аға керек. Сонда ғана саған ешкім бата алмайды; біреу-міреу көзін алартқанымен, қолын
жұмсай алмайды... Дәл осындай алып аға кішкентай халықтарға да қажет. Өйткені
халықтар да жер шарының сәбиі, бала болғандықтан оларға да қорған керек.
Біз, Советтер елін мекендейтін аз халықтар, өзіміздің үлкен ағамыз орыс
халқын мақтан тұтамыз. Мақтан тұтатын себебіміз ол шын мәніндегі ұлы халық. Мен оны
дүние жүзіндегі көп санды халықтардың бірі болғандықтан ұлы деп атап тұрғаным жоқ. Тек
сан жағынан ғана басым халықтарды шетінен ұлы деп атай беруге болмайды. Адамдарға
азаттық, бейбітшілік, теңдік, туысқандық, достық әкелуші көп санды халықтың ғана ұлы
деп аталуға қақысы бар. Өзімен отандас аз халықтарға қалтқысыз көмек беріп, оның
экономикасы мен мәдениетінің, ана тілі мен әдебиетінің, ғылымы мен өнерінің
өркендеуіне үнемі қамқор болып отыратын көп санды халықты ғана ұлы деп атай аламыз.
Ал орыс халқы дәл сондай халық. Орыс халқын біз осы үшін шексіз сүйеміз. Біз орыс
халқын дүние жүзіне тамаша революционерлер, халық бақыты үшін көптеген табанды
күрескерлер бергені үшін сүйеміз. Идеясы дүние жүзінің барлык езілген халықтарының
компасы болған Лениндей данышпан орыс халқының көкірегін жарып шыққандықтан да біз
оны одан сайын жақсы көреміз.
Орыс халқын шексіз сүйіп, жақсы көретін себебіміз ол - туыс халық, ол -
дос халық, ол - әке халық. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, дүние жүзіндегі көп санды
халықтардың орыстан басқа қайсысы аз халықтардың Шыңғыс Айтматов, Расул Ғамзатов,
Юрий Рытхэу, Юван Шесталов, Әнуар Әлімжанов сияқты талантты өкілдерін
алақандарына салып, әкедей әлпештеп, зор мақтанышпен дүние жүзіне танытып отыр?!
Мен бұл тосты рақымды, мейірбан, әділ, адал, турашыл, еңбекшіл,
интернационалдык, коммунистік ұлы орыс халқы үшін көтеремін. Біздің орыс халқын
осылай ақ пейілмен, адал көңілмен шексіз сүйетінімізге дүние жүзінің басқа халықтарының
қызығуына да, қызғануына да болады. Ал кімде-кім қызығатын болса, онда ол бұл
халықтың адал досы болсын да, біздің мызғымас достық берік саптан орын алсын. Ұлы
орыс халқының үлкен жүрегінен дүние жүзіндегі барлық халықтарға мекен табылады. Бұл
ой, бұл сөздер - менің жан жырым, менің халқымның жүрек жыры. Бұл жырды мен бар
дауыспен барлық жерде айта аламын, қонақтардың, достардың, менің халқымның
жауларының алдында да шырқаймын!..
Міне, мен Азия мен Африка елдері жазушыларының алдында осылай
дедім. Өлсем - өсиетім осы. Өле-өлгенше аузымнан тастамай алыс, жақын ағайынға айта
жүрер сырым мен шыным осы, қарағым. Мұның жастарға да қатысы бар.
Автор. Сіз бен біз ұзақ әңгімелестік, Бауке. Көп рақмет.
Бауыржан. Кәдеңе жараса сол айтылғанның бәрі сенікі.
Автор. Жарата алсаң деңіз.
Бауыржан. Оны өзің білесің. Менің шаруам жоқ.
Автор. Біз бұл әңгімемізді Жеңістің отыз жылдығы қарсаңында аяқтағалы
отырмыз-ау, Бауке.
Бауыржан. Оның рас. Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, жетпеген
арманда кетті. Отан соғысында өлгендерді ұмытпайык. Өзіміз өлгенше олардың аттарын
аузымыздан түсірмей, жазғанымызда қағаздан қалдырмай халыққа айта берейік. Оларға
біздің дұғамыз
осы болсын! Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметгей алады. Өлгенге бақыт керек
емес. Өлінің бақыты тірінің тірілігінде. Ал тірілер бір-бірімізді шын жүректен құттықтайық,
сыйлайык, қадірлейік.
Осылай деп әңгімесін аяқтап, Баукең үн-түнсіз отырып қалды. Баукең
туралы жазылған жаңа өлеңдердің бірі есіме түсті.
Біреуді асау дейді, тентек дейді,
Біреуді қыз мінезді еркек дейді.
Әркімді өз орнына әділ қойып,
Бәрібір уақыт әжем жетектейді.
Жаманды біржолата құлыптайды,
Жақсыны ел әлпештеп ұмытпайды.
Кеудесін кейбіреулер көтергенмен,
Ақымакты ардагерге жуытпайды.
Туған ел: бүгінгі салт-сәні жақсы,
Қуанам - айналамның бәрі жақсы!
Көрсетер шаңырақты шартарапқа
Батыр ұл - Бауыржандар бары жақсы.
Терең ой, меруерт сөз табындырар,
Солардай болғай-ақ бір ағындылар.
Жүргенде ортамызда ардақтайық,
Бір күні бәрімізді сағындырар.
Қазақ ақындарының кейінгі буынының бір өкілі Кәкімбек Салықов
жақында шыққан жинағына кірген бір өлеңінде осылай деген екен. Осы ғасырдың басынан
бергі ақындарымыздың жеті толқыны сені тегіс жыр етті. Сонау Сәбит Мұқанов, Мұхтар
Әуезов, Қаныш Сәтбаевтан бастап, бүгінгі ұрпаққа дейінгі қазақтың жүзге тарта ақын,
жазушы, журналист, ғалымдары саған өлең, очерк, мақала, зерттеулер арнап,
сүйіспеншілік лебіз білдіріпті, Бауке. Халық өлмейді. Отан тағдырының әр қилы тарихи
кезеңінде ел үшін жан аямай қызмет еткен ардагер ұлдар мен асыл қыздар халықпен
бірге мәңгі өмір сүреді. Халықпен қоса жасайтын адал перзенттердің бірі сенсің,
Бауыржан!
Ерен ерлігімен есімінді елге жайып, айдай әлемге паш еткен
Бауыржандай батыр үлың бар сен кандай бакытты едің, туған халқым. Көзіңнің тірісінде
атыңды аңызға айналдыра ардақтап, аузынан түсірмей жыр етіп келе жатқан абзал
халкың бар сен де бақытты екенсің, есіл ер. Сенімен замандас, сыйлас, сырлас болған біз
де бақытты екенбіз, асыл аға.
Сенен айналайын!
Сенің халқыңнан айналайын! - дедім мен оған іштей.
1970 ж. сентябрь.
1974 ж. декабрь.
1977 ж. сентябрь.
Алматы.
ЭПИЛОГ
(Оқырманға хат)
I
Құрметті оқушым!
Тағы да сәлем жолдаймын саған. Сәлемім осы кітабым ғой
қолыңдағы. Бұл кітап 1976 жылы бірінші рет басылып шыққаны өзіңе мәлім. Кітап
шыққаннан кейін оған республикамыздың барлық ғазет-журналдары пікір білдірді.
Оқырмандар телефон соғып, авторға, баспаға және баспа, полиграфия, кітап саудасы
жөніндегі мемлекеттік комитетке үсті-үстіне хаттар жолдады.
Республикамыздың көптеген жоғары оку орындарында, орта
мектептерде, кітапханаларда бұл кітапқа арналған бірнеше оқырмандар
конференциялары болып өтті. Оның хабарлары «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл
жас», «Қазақ әдебиеті» және басқа газеттерде жарияланды.
Осындай тілектерді ескере отырып баспа бұл кітапты қайта шығаруды
жоспарлады. Оқырмандардың өтінішіне сәйкес кітаптың кей жерлерін кеңейту үшін тағы
да көлем берді. Осыған орай мен бұл кітапқа Совет Одағының Маршалы И. X. Баграмян,
генерал И. В. Панфилов, генерал А. И. Лизюков, Совет Одағының Батыры атағын екі рет
алған атақты ұшқыш Т.Бигелдинов, Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны Қ.Қайсенов,
подполковник Ә. Баймолдин туралы жаңа тараулар қостым. Алғашқы үшеуі
Момышұлының әскери ұстаздары, соңғылары Баукеңнің Ұлы Отан соғысында ерекше
ерлік көрсеткен тетелес бауырлары. Бұл жаңа тараулар арқылы кітаптың мәнін айқындай
түсуге тырыстым. Оқырмаңдардың тілегі бойынша кейбір артық деген жерлерді алып
тастадым.
II
Қадірлі оқушым!
Енді, кітап алғаш басылып шыққаннан кейінгі бірер жыл ішінде оның
орталық қаһарманы Бауыржанның басында қандай жаңалықтар болды дейсің ғой сен.
Соны айтайын саған. Сенен жасыратын не сырым бар менің: бұрын Бауыржанды сырттай
сыйлағаным болмаса, ол туралы ешқандай іштей күйзелісім болмаушы еді. Бұл кітап
басылып шыққаннан кейін бір бүйрегіме Баукең кіріп алды. Ол ауырып-сырқап қалмаса
екен деп ойлайтын болдым. «Ақиқат пен аңыз» романы басылып жұртка тараған кезде
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа
ұсынылды. Баукене тілектестігім одан сайын күшейе түсті.
III
Қымбатты оқушым!
Сол жетпіс алтыншы жылы жиырма бесінші ноябрьде Жазушылар
одағының конференц-залында Қызылтулы Орта Азия әскери округы мен Қызылтулы
Шығыс шекара округы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан әскери жазушыларының кеңесі
өтті. Залда екі округтың тақырбас жас солдаттары шүпірлеп отырды. Сақа жазушылар
мен генералдар президиумге жайғасты.
Залда отырған мен жан-жағыма көп қарадым. Баукеңді іздедім,
оқушым. Бірақ залда да, президиумде де Баукең болмады. Бұл жиналыста қазақ әскери
әдебиетінің атасы Бауыржан Момышұлы болуы керек еді ғой. Ол кісі неге келмеген, әлде
ауырып қалды ма екен деп мазасыздандым. Баукең кіріп келе жатқан жоқ па екен деп,
қайта-қайта есікке қарап, алабұртып, алаңдап отырдым.
Дмитрий Снегиннің кіріспе сөзін де зейін қойып тыңдай алмадым. Бір
кезде президиумдегілер қозғалысып, араларынан әлдекімге орын аша бастағандай
болды. Басымды оңға бұрсам, президиум сахнасына үстіне полковник формасын киген,
қолында әдемі кавказ таяғы бар, қарағайдай тіп-тік болып Бауыржан көтеріліп келе жатыр
екен. Оған генералдар орталарынан орын берді. Зал толы жас солдаттар бұл полковник
кім еді дегендей, көздері бақырая қарасып қалды. Сол кезде менің жүрегім дүрсілдей
соғып, екі көзім жасаурап кетті. Оны сен түсінуге тиіссің, қымбатты оқушым.
Содан кейін Қызылтулы Орта Азия әскери округы саяси бөлімінің
бастығы генерал-лейтенант Попков жолдас «Әскери көркем әдебиет және жастарды
патриоттық рухта тәрбиелеу» деген тақырыпта қызықты баяндама жасады.
Баяндамасының бір жерінде ол Ұлы Отан соғысында өзі рота командирі боп жүрген кезде
әдебиеттен аға лейтенант Момышұлының атын естігенін, сол Момышұлы бүгінде өзі
жазушы болып, қазақ әскери
әдебиетінің атасына айналғанын ілтипатпен атап өтті. Кеңестің президиумы бастап, жұрт
дуылдата қол соқты. Қол соқпаған Баукеңнің өзі ғана болды.
Бұдан кейін мінбеге Ұлы Отан соғысының ардагері ақын Сырбай
Мәуленов көтерілді. Ол соғыста өз басынан өткен оқиғаларды айта келіп, соғыс кезінде
Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабының қаһарманы болған Бауыржан
Момышұлы содан отыз жыл өткеннен кейін қазақ романы «Ақиқат пен аңыздың» және
қаһарманы болды деп президиумды иегімен нұсқады. Біз мұны мақтаныш етеміз деді.
Тағы да қол соғылды. Залдағы жас солдаттар «Ол кім?», «Ол қайсысы?» деп бір-бірінен
сұрап, күбірлесіп қалды. Соны аңғарған Баукең президиумда отырып оң қолын көтерді.
Жиналысқа сәл кешігіп кіріп, генералдардың ортасын қақ жарып келіп отырған қолында
таяғы бар қарт полковник өздерінің сүйіп оқитын кітабы Александр Бектің «Волоколамск
тас жолының» қаһарманы екенін білгенде залдағы жас командирлер мен жас солдаттар
ешқандай командасыз орындарынан атып тұрып, шатырлата келіп қол соқты.
Президиумдағылар да тегіс орындарынан көтерілді. Бұл сол кеңеске қатысқандардың
өмірі есінен қалмайтын ғажайып сәт болды, құрметті оқушым.
Оны саған арнаған бұл қысқаша хатымда толық етіп жеткізіп айтуым
мүмкін емес. Осы кеңесте атақты Момышұлының өзі мінбеге көтеріліп, советтік
патриотизм, халықтар достығы, жастардың әскери қаруды бес саусағындай білуі жайында
жалынды сөз сөйледі. Мінбедегі қарт солдат пен залдағы жас солдаттардың жаны
жарастық тапқандай, қайта-қайта қол шапалақталды. Маған Бауыржанның аузынан
шыққан әр сөз жастардың жүрегінен жарқ-жарқ еткен ұшкын туғызып, зал іші сансыз
жарық-жарқылға то-
лып кеткен сияқты боп көрінді. Ол сөзін бітіргенде зал тағы да командасыз орнынан атып
тұрып, ұзақ қол шапалақтады. Қаһарман Совет Армиясының бүгінгі жас ұрпағының сүйсіне
соққан алақандары ұшып келе жатқан көп қарлығашты көз алдыма елестетті. Ол маған
алысқа самғап бара жатқан Бауыржан деген алып қыранның лыпып тұрған сансыз қанаты
сияқты боп көрінді. Бұл Баукеңнің болашақпен ұштасуының замандастары өз көзімен
керген тағы бір тамаша көрінісі, жанды бейнесі болды-ау деп ойладым.
Сол мәжілісте біздің екі генералымыз: ДОСААФ Орталық
Комитетінің председателі Байтасов пен республиканың Ішкі істер
министрі Есболатов жолдастар «Ақиқат пен аңыз» кітабының жас ұрпаққа берер тәрбиелік
маңызын айта келіп, бұл кітаптың тағы да қайтадан шығарылуы қажет екенін ескертті.
Бұл жиналыстан мен төбем көкке жеткендей боп қуанып қайттым, аяулы
оқушым. Баукеңнің атағына, алғырлығына, шешендігіне қуандым. Баукең сияқты сирек
туатын тұлғаның өз кітабымның қаһарманы болғанына масаттандым. Генералдардың
аузынан менің де атым аталып жатса, ол тек қана Баукеңнің арқасы деп білдім.
IV
Ардақты оқушым!
Өстіп жүргенде жетпіс алтыншы жыл толып, декабрьдің отыз бірінші
таңы атты. Радио мен сол күнгі газеттерде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен
Қазақ ССР Министрлер Советінің «Әдебиет, өнер және архитектура саласындағы 1976
жылғы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы» қаулысы жарияланды.
Қаулыда әдебиет саласындағы Абай атындағы сыйлық «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы
Бауыржан Момышұлына берілгендігі көрсетілді. Әрине, мұны өзің де білесің, оқушым.
Радиодан бұл хабарды естігеннен кейін мен дереу Баукеңнің үйіне
телефон соқтым. Бірақ көп уақытқа дейін телефон босамады. Жұрт бірінен соң бірі
Баукеңді құттықтап жатты. Бір кезде менің де қолым жетті. Трубканы Бауыржанның өзі
алды.
Автор. Бауке, шын жүректен қуана құттықтаймын!
Бауыржан. Ә, авторсың ба? Рақмет, қарағым.
Автор. Қалай, ризасыз ба?
Бауыржан. Бұл менің мемлекетімнің сыйлығы ғой және Абай атындағы
сыйлық. Дән ризамын, қарағым.
Осыдан бірнеше күннен кейін менің қолыма «Простор» журналының
тілдей конверті келіп тиді. Ішін ашып қарасам, Баукеңнің 1977 жылдың 14 январы күні
кешке, «Қаламгер» кафесіне Абай атындағы сыйлық алуға байланысты шайға шақырған
қағазы жатыр екен.
Бұл кешке жетпіс шақты адам жиналды. Олардың бәрі де Баукеңнің
жақын достары, туыстары, жазушылар мен өнер қайраткерлері еді. Кешегі Жазушылар
одағының секретары, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Кештің барлық мазмұны ақын
Тұманбай
Молдағалиевтың Баукеңнің Абай атындағы сыйлық алуына арнап шығарып, сонда оқыған
мына өлеңімен түйінделді:
...Арманға тұрсың қол артып,
Сені елдің қартсың дейтіні-ай!
Кезіңді бізге алартып,
Қорқытпақ болған кейпің-ай!
Бәрі де саған жарасты,
Жап-жарық жаның үшін-ақ.
Азаматы болдың алаштың,
Еңбегің адал, ісің ақ.
Шаттанып тұрмын, жанарым
Толып бір нұрлы сезімге.
Соғыста өлген ағаның
Айтарсың соңғы сөзін де.
Махаббатымды мен бердім,
Жақсы ағам менің осы деп.
Оралмай кеткен ерлердің,
Ең жақсы Отандасы деп.
Бақыт боп алыс, жақынға,
Атандың халық батыры.
Бәйгеден сенің атың да
Келді-ау бір, келді-ау, ақыры.
Мадақтаушы еді сыртыңнан,
Масайрап қалды бұл шақта ел.
Құшақтап тұрып мұртыңнан,
Сүйейін, аға, мұрсат бер!
V
Сүйікті оқушым!
Осы кеше ғана Бауыржанды тағы да көрдім. Қолтығына қалың папка
қысып, Коммунистік проспектімен аяңдап, жоғары, Алатауға қарай өрлеп келеді екен. Оң
қолындағы кавказ таяғын сүйену үшін емес, сән үшін сілтейтін тәрізді. Әскери қалыптан
шыққан құрыш денесін тік ұстап, маңғаз адымдайды. Алыстан қарағанда адамдардың
шынары сияқтанып көрінеді. Жанына жақындап, сәлем бердім. Әңгімелесіп, Жазушылар
одағына дейін бірге келдік.
Автор. Халіңіз қалай, Бауке?
Бауыржан. Жақсы, қарағым.
Автор. Көңіл күйіңіз?
Бауыржан тротуарда тоқтай қалып, оң қолындағы таяғымен сол жақ
қолтығындағы қалың папканы нұсқады.
Бауыржан. Мінеки, көңіл күйі! «Солдаттың соңғы күнінің» соңғы
нұсқасын аяқтап, одаққа әкеле жатырмын. Роман бітірген жазушының көңіл күйі қандай
болатынын білесің ғой, қарағым!
Автор. Құттықтаймын, Бауке!
Бауыржан. Рақмет.
Автор. Енді қандай ойларыңыз бар?
Бауыржан. Мен тек солдаттардың ортасында ғана емес, ағалардың
да арасында өмір сүрдім. Ойлап қарасам, оларға да шаш етектен қарыздар екенмін. Енді
соларға арнап, ардагер елу азамат туралы естелік-эсселер жазып жүрмін. Олардың
ішінде өзім алғаш көрген сонау Нығмет Сырғабеков, Ораз Жандосов, Қайсар Тәиггитов,
одан кейінгі Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қалыбек Қуанышбаев,
Құрманбек Жандарбеков, тағы басқалары бар. Ілияс Омаров, Мәлік Ғабдуллин, Дмитрий
Снегин, Күләш Байсейітова сияқты іні, қарындастарымды да ұмытпақ емеспін. Қазір соның
отыз шақысытын жазып қойдым. Осы менің әзірге бітіріп жатқаным. Өзің ше?
Автор. Мен міне, «Ақиқат пен аңыздың» екінші басылымын әзірлеп,
баспаға әкеле жатырмын.
Бауыржан. Құтты болсын. Маған қоятын сұрақтарың жоқ па?
Автор. Жоқ, Бауке.
Бауыржан. Ендеше сау бол, шырағым. Мені жігіттер күтіп отыр. Баукең
екеуіміз Жазушылар одағының кең сарайына кірдік. Ол жоғарғы қабатқа көтеріліп кетті де,
мен төменде қалып қойдым, баспаға қарай бұрылдым.
«Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр, сырымды тоқтатайын айта бермей»
деп Абай айтқандай, енді хатымды аяқтағаным абзал. Сөзімнің соңында бұл кітапты
басып шығарған, пікір білдірген, жан тебірентерлік сәлемдер жолдаған баспа, баспасөз
қызметкерлеріне, барлық оқырмандарға шын жүректен алғыс айтамын. Соның ішінде сен
де барсың, сүйікті оқушым!
Автор.
14 сентябрь 1977 ж.
Алматы.
БАТЫР ТУРАЛЫ КІТАП ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?
Әр кітаптың тарихы үш кезеңнен тұрады. Ол кезеңдер кітаптың
жазылуы, жарыққа шығуы және оны оқырманның талқылауы. Ал «Ақиқат пен аңыз»
кітабының тарихы одан да әріден басталады-ау деп ойлаймын. Олай дейтінім 1943 жылы,
соғыста жүрген кезімде «Знамя» журналының бетінен Александр Бектің
«Панфиловшылар алғы шепте» деген шығармасын оқыдым. Ол артынан «Волоколамск
тас жолы» деген атақты кітап болды. Міне, содан бастап мен батальон командирі аға
лейтенант Бауыржан Момышұлын жан-тәніммен жақсы көрдім.
Оның мынадай себептері бар еді. Ең алдымен, Бауыржан командир
екен. Мен де командирмін. Бірақ Бауыржанның аға лейтенант, өзімнің аға сержант
екенімді, Бауыржанның қол астында 600 адам, ал менің қарамағымда 6 жауынгер ғана
бар екенін ол кезде есепке алмаппын. Екіншіден, Бауыржан солдаттарына әділ, сол
себептен жауынгерлер оны жақсы көреді екен. Мен де сондаймын. Үшіншіден, Бауыржан
өлең жазады екен. Мені де жұрт 100-атқыштар бригадасының ақыны деп есептейді.
Бауыржанның Қазақстанда ақындық жағынан танылу дәрежесі қандай екенін білмеймін.
Бірақ Жамбылдың «Балама хат» деген өлеңі 1943 жылы 6 февральда «Қазақ
майдангерлеріне хат» деген атпен «Правда» газетінің бетінде басылған қазақ халқының
хатына жауап ретінде өз бригадамның жауынгерлері, командирлері және саяси
қызметкерлері атынан жазылған «Атамыз Жамбыл ақынға» деген ұзақ өлеңім қазақ
тілінде шығатын барлық әскери газеттерде басылды. Артынан сол шығарма Жамбылдың
бізге арнап шығарған «Жүз жасаған жүректен» деген
жауап толғауымен қатар «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған. Міне, осы үш
себептен мен Бауыржанды өзгеше жақын көрдім. Өзімді бармақтай (микро) Бауыржанмын
деп есептеп, Баукең сияқты командир болуға тырыстым. Бауыржанға деген солдаттық
сүйіспеншілік ұзақ жылдар бойына менің жүрегімнің түбінде жатты. Тіпті, күні бүгінге дейін
мен өзімді бармақтай Бауыржанмын деп есептеймін.
Соғыс кезінде мен Бауыржанмен кездесе алғам жоқ. Соғыстан кейін
университетке окуға түсіп, оны тәмамдадым. Филология факультетінің түлегі болсам да,
журналистік қызметке кеттім. Баукең ол кезде әскерде жүрді. Мен онымен 1957 жылы
желтоқсанның аяғында Москвада кездестім. Ол кісі Алматыдан, мен Павлодардан қазақ
әдебиеті мен өнерінің Москвада өтетін онкүндігіне бардық. Сонда батырмен бірінші реет
тілдесіп, өзіміз орналасқан «Киев» қонақ үйінің алдында суретке түстім. Ол суретті менің
досым, филология ғылымының докторы, жазушы Мырзабек Дүйсенов маркұм түсірген еді.
«Ақиқат пен аңыз» Баукеңнің 7 жасынан 70 жасына дейінгі өмірін
қамтитын шолу тәріздес кітап. Бұдан кейін оның өмірін қоғам тарихының әр кезеңіне
саралап («Соғысқа дейін», «Соғыста» және «Соғыстан кейін»), қалыпты роман үлгісімен
үш
кітап жазармын деп жоспарлаған едім. Бірақ, «Ақиқат пен аңыз» жарыққа шыққаннан кейін
Бауыржан туралы кітап жазушылар көбейіп кетті. Жаңа авторларға жол беріп, мен тоқтап
қалдым. Әрі денсаулық бөгет болды.
«Ақиқат пен аңыз» роман-диалогының тарихына кіріспе ретінде
айтарым осы. Енді оның жазылу жайына келсек, әңгіме мынадай.
1970 жылы Баукең 60 жасқа толар қарсаңында «Жұлдыз» журналы
маған алты бет мақала жазып беруді өтінді. Мен алты беттің орнына 160 бет материал
әзірлеп апарып бердім. Бәлкім, оны жазғанда менің жүрегімде жатқан Баукеңе деген
сонау соғыс жылдарындағы солдат сүйіспеншілігі қайта оянған болар. Еңбегімді «Ақиқат
пен аңыз» деп атадым. Оның алғашкы жартысы 1971 жылы «Жұлдыз» журналында,
қалғаны «Жалын» альманағында басылып шықты. Оқырман қауым Баукең екеуіміздің
арамыздағы осы диалогты одан әрі жалғастыруды тілек етті.
Алғашында Баукеңмен 12 сағат әңгімелесіп, оның өз аузынан 26 бет
дерек жазып алған едім. Кейін екеуіміз бірде ауруханада, кейде көшеде кездесіп,
диалогты там-тұмдап одан әрі жалғастырып жүрдік. 1975 жылдың басында роман-
диалогты аяқтап, «Жазушы» баспасына тапсырдым. Кітаптың жазылу кезеңі осылай
аяқталды.
Ал оның кітап боп басылу кезеңіне келсек, бірсыпыра машақаттар болды. Менің баспаға
тапсырған қолжазбамның көлемі 800 бет шамасында еді. Жұлмаланып, жұлқыланып,
соның 500 беті ғана жарық көрді. Жеңістің 30 жылдығына шығаруға жоспарланған кітап екі
жылға жуық баспада жатып, 1976 жылдың аяғына қарай жарыққа шықты. Цензурадан
бастап, үлкенді-кішілі тиісті мекемелердегі «қырағы көздер» кітабымның сөз, сөйлем, бет,
тарауларын қайшымен қиып, жанымды қинады. Мәселен, «Халық қамын ойламайтын
кейбір басшылардың дүмі креслоға сыймайды» деген сөйлем кітаптың шықпай қалуына
себеп бола жаздады. «Қырағы көздер» бұл сөйлеммен автор ана басшыны сынап отыр
деп шұқшиды. Бауыржанның жеті атасы айтылатын жерді дереу жою керек, ол
рушылдыққа бастайды десті. Кітапта Чернюгов деген орыс генералы ақылсыздау етіп
көрсетіліпті. Орыс генералын олай суреттеу дұрыс емес, бұл ұлтшылдық болады деп
қорқытты.
Кітапта Панфилов, Чистяков, Рокоссовский сияқты талай генералдар
байсалды қалпымен баяндалған ғой, бір генералдың кемшілігін көрсетудің несі айып
деген автор сөзіне ешкім құлақ аспады. Бауыржанның Оңдасыновпен диалогы үлкен
бастықтардың намысына тиеді деп, бір баспа табақ материалды кітаптан ойып алып,
лақтырып тастады. (Бүл үзінді «Кітапқа кірмеген тарау» деген атпен «Жүлдыз»
журналының 1991 жылғы бірінші нөмірінде басылып жатыр.)
Осындай қиын-қыстау кезде авторға көп көмек тигізген роман-
диалогтың алғашқы редакторы, осы биыл Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атағына ие болған көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов болды. Ол «қырағы көздердің»
көптеген бұйрықтарына мойынсұнбай, автормен тізе қосып, қасарысып отырып алды.
Артынан сол қайсарлығы үшін «Жазушы» баспасынан қызметтен де қуылды. Бірақ сол
қаламгердің табандылығының арқасында ғана (табандылық жағынан ол кей
кезде автордан да асып түсіп отырды) «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогының алғашқы
нұсқасы дүниеге келгенін қалың оқырман қауымның білгені абзал деп ойлаймын. Өз
басым оның бұл азаматтық редакторлық ерлігін ешқашан ұмытпаймын.
Кітап баспадан шыққаннан кейін оның оқырманмен қауышу кезеңі
басталады. Шынымды айтсам, жанталасып, жағаласып жүріп жарыққа шығарған кітабым
қалың көпшілікке ұнай ма, ұнамай ма деп, катты күдіктеніп жүрдім. Роман-диалог
формасы қазақ әдебиетінде, тіпті, басқа ешбір әдебиетте жоқ. Жұрт оны қалай
қабылдайды деп қиналдым. Деректі дүние ең алдымен кейіпкерге, одан кейін кейіпкерді
жақсы білетін жора-жолдастары мен туыстарына және қалың оқырманға ұнауы керек.
Шығармаң сонда ғана бағалы болмақ. Менің басымда осындай үш қиыншылық тұрды.
Алдымен, әдеби, әскери, философиялық, жазушылық талғамы күшті, адамдык, азаматтық
өресі биік Бауыржанға менің бұл кітабым ұнамай қала ма деп қорықтым. Кітабым
шыққалы, оны өзі оқығалы бірсыпыра уақыт болса да, Баукең маған ләм деген жоқ, үн-
түнсіз жүріп жатты. Кітабым қалай деп ол кісіден мен де сұрамадым. Сөйтіп жүргенде бір
күні Баукең әйелім екеуімізді үйіне қонаққа шақырды, Жуалыдан Әбілда деген інісі қой
сойып әкелген екен. Соның таудай басын Баукең менің алдыма қойдырды.
- Бауке, әрі аға, әрі полковник, әрі Батыр Сіз тұрғанда, мен
сияқты сержанттың бас ұстауға хұқы жоқ! - деп безек қақтым.
- Молчать, - деді Баукең менің бетіме ажырая қарап. - Отныне ты
мой начальник! Понятно тебе? Ұстағын басты!
Баукең маған «Бүгіннен бастап сен менің бастығымсың!» деді.
Ешкімге бас имеген өр Баукеңнің өзі айтты. Айтса да, сол сөзді естігеніме қапелімде өзім
сенбедім. Бірақ оны Баукеңнің бәйбішесі Кәмәш, інісі Әбілда және менің әйелім естіп
отырды.
1958 жылы Павлодарда тұрғанымызда ұлы жазушы Мұхтар Әуезовты
үйімізге қонақ еткеніміз бар еді. Сонда Мұхаң жинаған кітаптарымды көріп, менің атыма
бір-екі ауыз жылы сөз айтқан. Ол сөзді өзімнен өзге ешкім естімегеніне өте өкініп едім.
Баукеңнің бұл сөзін үш адам естігеніне іштей шүкіршілік еттім. Әрине, мен Баукеңнің бұл
төрт сөзін кітабыма деген ризашылығы деп түсіндім. «Ақиқат пен аңыз» кітап болып
шыққанша Баукең менің творчестволық қабілетіме сеніңкіремей, сондықтан мені үнемі
сынап отыратын сияқты болып көрінуші еді.
Роман шығып, жұрт оны оқығаннан кейін екеуіміздің арамыздағы сырт
көзге көрінбейтін бұрынғы көкей шекарасы мүлде жойылып бара жатқандай еді. Ол кісі
менің өз қасына келуімді қалап, сұраған сұрақтарымның бәріне ыждағатпен жауап беретін.
Ал екінші қиындық кітабымның Баукеңді жақын білетін адамдарға
ұнау-ұнамауы дедім ғой. Бұл жағынан Баукеңді ең жақсы білетін адамдар оның әдеби
ортасы - жазушылар қауымы екені аян. Сол кезде Жазушылар одағында «Ақиқат пен
аңызға» арналған творчестволық талқылау болды. Оған Баукеңді бала күнінен білетін
Әбділда Тәжібаев сияқты қаламгер достары қатысты. Төменде сол талқылаудың
стенограммасы оқырмандарға ұсынылып отыр. Батырды білетін адамдардың бұл кітапқа
деген көзқарасы осы стенограммадан аңғарылуы тиіс.
Сол сияқты Баукеңді көрмеген сырт оқырмандарға келетін болсақ,
олардан күні бүгінге дейін ризашылық хаттар аламын. Олардың бәрі дерлік Баукеңе
Совет Одағының Батыры атағы берілмегеніне өкінеді. Әлі күнге дейін ол атақ беріліп
қалар деп үміт ететіндіктерін білдіреді.
30.ХІ.1990ж.