Өтірік айтасыз ба?

Өтірік айту жаман деп өсірген ата-анамыздың тәрбиесі болса да, ұсақ-түйектерде біреуді алдап, өтірік айтасыз ба? Жалпы оған қалай қарайсыз? Жақсы ниетпен айтылған өтірік болса ше?

Кішкентай баланы КЕЛЕ ҚОЙШЫ, БІРДЕҢЕ КӨРСЕТЕМ шақырып алып, бірақ ештеңе бермесе соның өзі өтірік болып саналады екен! Яғни өтіріктің ағы, қарасы, адалы, арамы болмайды. Дінде айтылуына рұқсат етілген өтіріктер бар, бірақ, оның өзін еш амал қалмағанда айтады екен!
Кіршіксіз емеспін, аңдамай, кейде әдейі айтып қалам, бірақ қандай да бір мақсат болады ғой, жанжал тумасын, жаман ойламасын немесе ренжімесін деп. Ал енді кей адамдар бар ғой, ұйқассын, ұйқаспасын айта береді аузым бар екен деп. Сондайларды суқаным сүймейді, соншалықты сұйық адам болуға болмайды ғой...
Мені алдаса алдай берсін, тек соның өтірік екенін маған білдірмесе болды, әйтпесе көзімді бақырайтып қойып бөсіп отыратындарды кешіруім қиын.



өтіріктің де өтірігі бар, түкіріктің де түкірігі бар
_
"өтірік айта білуде өнер" деп менің бір құрбым айтушы еді. кейде,өтірік айтуға мәжбүр болған кездерімізде,өз өтірігімізге өзіміз сенбей,не ұялганнан барлыгын бет пердеміз өзі ақ айнадай қып көрсетіп тұратын кездері боладығой. сондықтан отірікті Алдар көсе секілді әділдік үшін арасында айтканда,айта білгенде жөн шығар. себебі,бұл өмірде тек ақиқатпен өмір сүретін адам жоққой. :oops: :( :|

Я өтірік айтпайтын адам жоқ :( Өмірде өтірік айтпаудын бір ғана тәсілі бар
Кейде айтам, бірақ белгілі себеппен :roll:
Жеңіл ойын үстінде, біреуді қорғау үшін айтып қалуым мүмкін, алайда өтірікшілер мен өтірік айтуды жаратпаймын...