Өтірік айтасыз ба?

Өтірік айту жаман деп өсірген ата-анамыздың тәрбиесі болса да, ұсақ-түйектерде біреуді алдап, өтірік айтасыз ба? Жалпы оған қалай қарайсыз? Жақсы ниетпен айтылған өтірік болса ше?

"өтірік айта білуде өнер" деп менің бір құрбым айтушы еді. кейде,өтірік айтуға мәжбүр болған кездерімізде,өз өтірігімізге өзіміз сенбей,не ұялганнан барлыгын бет пердеміз өзі ақ айнадай қып көрсетіп тұратын кездері боладығой. сондықтан отірікті Алдар көсе секілді әділдік үшін арасында айтканда,айта білгенде жөн шығар. себебі,бұл өмірде тек ақиқатпен өмір сүретін адам жоққой. :oops: :( :|
Ешқашан өтірік айтпаймын деп өтірік айтпай-ақ қояйын)) Негізі өтірік айтқанды жақсы көретін жанмын. Құрбыларым өтірік айтқанда дым білдірмей, шіміркпестен айтасың дейді. Білмеймін қанымда болғасын ба, бұл әдеттен арылғым келеді. Бірақ қанша тырыссам да, үнемі жалған сөйлей беремін :(
Өтіріктің - құйрығы бір-ақ тұтам деген сөздің рас екендігіне өтірік айтқан сайын көзім жетіп келе жатыр
Өтірік айту арқылы кейде бір пайдалы іс тындыратын кез болады ғо
Өтірік айту арқылы кейде бір пайдалы іс тындыратын кез болады ғо


шынында, өтіріктің өрге жүзетін кездері кейде болып тұрады
бәрі мойындап жатр өтірікші екендерін)) :)
Өтірік айту әлбетте күнә іс,бірақ бір адамның көңілін котеру немесе екі жұбайларды жарастыру ниетімен айтуға болады деп есіткенім бар.Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам,кез-келген уақытта масқараңды шығаратын жағымсыз нәрсе ғой,өтірікші адам кімге сыйлы?
бәрі мойындап жатр өтірікші екендерін)) :)


осы сөзі арқылы бұл қыздың да өтірік айтып тұрғаны көрініп тұр
бәрі мойындап жатр өтірікші екендерін)) :)

осы сөзі арқылы бұл қыздың да өтірік айтып тұрғаны көрініп тұр
Кішкентай баланы КЕЛЕ ҚОЙШЫ, БІРДЕҢЕ КӨРСЕТЕМ шақырып алып, бірақ ештеңе бермесе соның өзі өтірік болып саналады екен! Яғни өтіріктің ағы, қарасы, адалы, арамы болмайды. Дінде айтылуына рұқсат етілген өтіріктер бар, бірақ, оның өзін еш амал қалмағанда айтады екен!
Кіршіксіз емеспін, аңдамай, кейде әдейі айтып қалам, бірақ қандай да бір мақсат болады ғой, жанжал тумасын, жаман ойламасын немесе ренжімесін деп. Ал енді кей адамдар бар ғой, ұйқассын, ұйқаспасын айта береді аузым бар екен деп. Сондайларды суқаным сүймейді, соншалықты сұйық адам болуға болмайды ғой...
Мені алдаса алдай берсін, тек соның өтірік екенін маған білдірмесе болды, әйтпесе көзімді бақырайтып қойып бөсіп отыратындарды кешіруім қиын.