Өтірік айтасыз ба?

Өтірік айту жаман деп өсірген ата-анамыздың тәрбиесі болса да, ұсақ-түйектерде біреуді алдап, өтірік айтасыз ба? Жалпы оған қалай қарайсыз? Жақсы ниетпен айтылған өтірік болса ше?

Өмірде түрлі жағдайлар болады. Кейде өтірік айтуға тура келеді. Оның өзінде біреуге кесіріңді тигізбеуге тырысу керек. Жалпы келе бере, көре бересің деген сияқты, бәрі болады ғой өмірде.
Кейде өтірік айтамын. Бірақ жаман болсын деп емес.
Мен өтірік айтпауға тырысамын
Негізі, мен де өтірік айтпауға тырысатынмын. Бірақ өткенде сайлауға бармай қалып, сұрағандарға "бардым" деп "байқамай" өтірік айтып жіберіппін.
Ал жақсы ниетпен айтылған өтірік ше? Оны құптайсыздар ма?
Өтірік айтпайтын адам жоқ. Сондықтан тағы да өтірік айтпай шындықтарынды айтыңдар, ал мен тек қолданатын кейбір жерлерде ғана өтірік айтамын. Мысалы, кешігіп келгенде, ұйықтап қалғанда тағы сондай сондай......
анда-санда айтып қаламын
))хехе
өтірік айтпайтын адам жоққо, айтасың, айтуға тура келеді)