Театрда кездесейік!

Бұрындары демалыс сайын театрға баратынмын. Алматы театрларының барлығына барып шықтым. Ендігі арманым Метрополитен Опера, Үлкен театр, Ла Скала сияқты ордалардағы қойылымдары өз көзіммен көріп қайту.

Қарап отырсам, әйгілі театрлардың біразы осыдан 2-3 ғасыр бұрын салынған. Мұндай өнер ордаларының бүкіл әлемге танымал болуына не ықпал етті? Қалай ойлайсыздар? Дүние жүзіне кеңінен таныла қоймаса да, отандық театрлардың қазіргі таңдағы жағдай қандай?

Барлықтарыңызға Әуезов театрынан "Тендрге түскен келіншекті" және ТЮЗ-дан "Қызыл орамалды шынарымды" көруге кеңес берер едім!Тамаша қойылымдар!Көргендер барма?

"Тендерге түскен келіншекті" мен көрдім. Өте тамаша. Барып көріңіздер. :)
тендерге тускен еркектерді де көргім келіп тур
тендерге тускен еркектерді де көргім келіп тур

Жақын арады сондай қойылым болса, маған да айта салыңызшы, менің де көргім келіп кетті ;)
Театрға бармасам бас ауыратын болыпты. Іздейм де тұрам.
Театрға бармасам бас ауыратын болыпты. Іздейм де тұрам.

а менікі барсам аурад :lol:
Кинотеатрға кез-келген адам бара береді, ал театрға тек жаны сұлу, ерекше жандар ғана барады. Қойылымға кіріп алып, ұйықтап немесе қызын жаңа көргендей құшақтап-сүйір отыратын жігіттерге, қойылым барысында тамақ жеп отыратындарға өкпе өте көөөөөөөөөп! Қарашаңырақты сыйлау керек қой! Театрға мен сияқты дайындалып баратын адам бар ма екен осы!?

соны айтам :) театрдағы әр премьера сайын бір көйлек алады Айгерім. Премьералармен театр репертуары көбейіп жатса, Айгеримнің гардеробы жаңа көйлектерге толығып жатыр) :D