Қазақ фамилияларындағы -ов, -ова, -ин, -иналар

Қазіргі кезде қазақша фамилияларды бір ретке келтіріп, -ов, -ова дегендерді алып тастаймыз деп жатыр. Бұған қалай қарайсыздар? Және өз нұсқаңыз бар ма?

Піленшетегі деген де болар еді. Бірақ келін алып, фамилиясын ауыстырғанда біраз дұрыс болмай қалатын сияқты. Келін сол елдің тегінен емес қой.
-ев,-оваларды алып тастаудың өзі бір үлкен мәселе. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бітпейтін кезек пен таусылмайтын қағаздар адам ми қызуын көтеретіні айдан анық. Фамилиямдағы -евті алып тастар едім, құжаттарды ауыстыру керек болады.

-ов, -еваны алып тастағанның күнінде аты қайсы, фамилиясы қайсы екенін ажырата алмай жүр емес пе?
Фамилиямдағы "-ованы" 16-ға толғанда, төлқұжат алған кезде алдырып тастағанмын. Негізінде, тегімді атамның атына ауыстырғым келген. Өйткені біздің отбасында бұл фамилия сондау 6-7 атадан бері сақталып келеді. :D Сосын мен бергі жақтағы аталарды да ескергім келді. :!:
Бірақ ол үлкен жұмыс болып шықты, бірінші "Оңғалтай" деген адамның маған қатысы (атамның аты) барлығын дәлелдеу керек болдым. Ол үшін әкемнің құжаттарын жинауым керек, т.б... Сосын бұрынғы тегімде қала бердім, бірақ "-ова" мен "-овнаны" алдырып тастадым. Ол кезде қазіргіге қарағанда патриот болдым ғой деймін. Әйтеуір, "-ова" мен "-овнаны" арқалап жүру маған ауыр болып көрінді. Сосын, апайлар кездейсоқ "Пәленшиева" деп қалса, "Мен "Пәленшемін", -ова дегенді баяғыда-ақ алдырып тастағанмын",- деп, үлкен дау шығаратынмын.
Менен кейінгілерге жеңіл болды, (бауырларымды айтамын). Олар менің жолыммен кетті. Қазір отбасымызда балалардың тегінде "-ова" жоқ, бірақ ата-анамызда сақталып қалған.
Ал, "тегі" дегенді жалғау керек пе, жоқ па деп көп ойладым. Бірақ менің фамилияма жалғаған жараспайтын сияқты көрінді. Қыз бала болған соң, атым мен тегімді айыру оңай болар. Ал, ер балаларға "тегі" дегенді қоспаса, аты-жөніні шатастырып аласың.
Көп жазып кеттім-ау. :shock:
құжаттың барлығын ауыстырсаң Қазақстан деген елдің рәсуасы ғана боласың. Артық, жат элемент ретінде қарастырылып, 2-3 жылдан кейін бірақ қана адам қатарына қосыла аласың. Ал мен ақымақтықпен патриоттықты шатастырғым келмейді. Қағазбастылық...
:D
құжаттың барлығын ауыстырсаң Қазақстан деген елдің рәсуасы ғана боласың. Артық, жат элемент ретінде қарастырылып, 2-3 жылдан кейін бірақ қана адам қатарына қосыла аласың. Ал мен ақымақтықпен патриоттықты шатастырғым келмейді. Қағазбастылық...

Қалай ауыстырсаң да, қазақ болып қаламын дейсің бе? )) Сөйлемің күрделеніп кетті ғой. ))
Егер оған қыруар ақша бөлініп, ол өз кезегінде біреудің қалтасына кетсе, қаламаймын. Оданша зейнетақы көтерсін. Ал мен -ова бола беруге дайынмын. Ол еш намысымызға тимеуі керек деп ойлаймын. Қалаған жандар оны тегін ауыстыра алады ғой.
-ова, -ева, -ина сияқтыдан құтылу ойда бар. Тек қағаздан қағаз толтырып, әбігерге түсесің :shock:
Айтпа, терезеден терезеге жүгіресін