Аудармашыларға нұсқаулықтар

Корей/жапон драмаларының аудармашыларына нұсқаулар.

- Аударманы бастамас бұрын (егер сіз аудармасы басталып кеткен жобаға келсеңіз, яғни бастапқы серияларының аудармасы бар болса) аударылған серияларды бір қарап шығу абзал (тым болмаса бірінші және соңғы аударылған серияларды). Бұл бастапқыдан ауытқымай, мазмұнын түсінуге, сонымен қатар аударма екі түрлі болып кетпес үшін көмектеседі. Көп жағдайда мамандық аттары, не туыстық атаулар ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға аударылғанда біраз басқаша аударылады. Мысалы, ағылшынша «brother-in-law» орысшаға 1) зять (муж сестры) 2) шурин (брат жены) 3) свояк (муж свояченицы) 4) деверь (брат мужа) болып аударылса, ал қазақшада сәйкесінше 1) күйеу бала 2) балдыз 3) бажа 4) қайын аға деп аударылады. Яғни сериалда кім жайлы айтылып жатыр, соған мән беру керек. Ең дұрысы екі тілдің субтитрларын көшіріп алып, аудару. Орысшадан түсінбей жатсаңыз ағылшында қалай аударылған екенін қарауға болады.

- Аударма барысында нені қолдансаңыз да: google-транслит, электронды, кітап-сөздік болсын мазмұнсыз, өздері түсініп алсын деген сияқты, сөзбе-сөз аударылған аударма қабылданбайды.

- Аударма кадрдағы сценаларға сәйкес болуы керек. Сол себепті тікелей орысшадан, не ағылшыншадан аудара салуға болмайды. Көп жағдайда қазақша синонимдермен, немесе мақал-мәтел болса қазақша баламасын іздестіру абзал. Немесе тура аудармасы болмаса, бір оқығаннан түсінікті болу үшін қосымша ескертулер енгізіп кетуге болады.

- Қазақ тіліне екі тілден (ағылшын, орыс) қатар аударуға болатындықтан субитрдың мазмұны түсініксіз жағдайлар сирек болады. Бірақ сондай болып жатса, диалог біткенше бақылап, келесі диалогтардың мағынасына қарап, диалогтың не жайлы екенін шамалы түсінуге болады.

- Егер аудармашы қазақшаға бір сөйлемді қалай дұрыс аудару керек екенін білмесе, өзінің ойынан шырамытып жаза салғаннан гөрі редакторға хабарласқаны дұрыс. Немесе редактор ағылшын/орыс тілдерін жетік меңгерген болса сөйлемді сол қалпында қалдырып кеткен дұрыс болатын шығар. Егер өз ойыңды жазып, редакторға аударма түсініксіз болса ол қайта ағылшын/орыс субтитрларын ашып, көріп екі жұмыс жасатпау үшін.
Егер редактор да сөйлемге дұрыс балама таба алмаса, форумдарға жазып, не жақсы білетін филолог-таныстардан сұрап көруге болады.

- Егер қандай да бір сөйлем «жүрмей қалса» оны тастап кетіп, басқаларын аудара беру керек. Кейін қайта «жүрмей қалған» сөйлемге қайтып келгенде, аудармасы табылып қалып жатады.

- Аударма аяқталған соң өзіңіз жасаған субтитрлармен видеоны қайта көріп шыққан абзал. Техникалық тұрғыда (субтитрлар экранға сыйып тұр ма, түсіп кеткен жоқ па), мазмұнына (сөйлем түсінікті ме, қателер жоқ па) назар аударыңыз. Аударманы өзіңіз жақсы түсінуіңіз керек, егер аудармашы сіз түсінбесеңіз, онда көретін көрермен мүлде бейхабар болуы мүмкін.
Тек өзіңіз көріп болған соң, өзіңіздің редакцияңыздан өткен соң аударманы редакторға жіберу керек.

- Орфографиялық қателіктер әрбірінде болады. Бірақ бұл сіздің қалай болса солай жазу керек екендігін білдірмейді. Менен кейін редактор жөндейді деп бар жүкті редакторға іліп қоюға да болмайды. Егер тіптен қалай жазылатынын білмей жатсаңыз интернеттің көмегіне жүгініңіз. Орфографияны тексеретін редактор – қазақ тілінің мұғалімі емес. Осыны ескеріңіз.

Бізге "ёбо" деп естілгенімен дұрысы "яумо" болар, "яумони - сүйіктім" дегеннен шыққан. М әрібін Б деп еститініміз де сол корейше айтылу ерекшеліктеріне байналысты болар, мысалы, мен өмір бойы "биянэ - кешірші" деп жүрсем, шындығында ол МИЯНЭ екен ғой!
Ал, ЧАГИ сөзіне келсем, бәлкім осы дұрыс шығар, бірақ, мен оны ТАГИ деп естим, МЭРИ ТҮНІМЕН ҚАЙДА БОЛҒАН? дорамасында МэРи МуГёльге "тагиааааа!" деп ойбайлад та жататын ед)
Осы кәрістер айтарларын созып, мұрынның астынан сөйлейтіні несі екен?!
"-ним" тіркесі өзіне жақын тарту, ерекше сый мағынасында қолданылатыны айтылды ғой, көбіне хёң сөзіне жалғанып жатады деп ойлаушы ем, жақында сонбэге жалғанғанын естідім, Сонбэним!
Н әрібінің орнына көбіне Б еститініміз жайлы айттым, сондай-ақ Д болып естілуі ғажап емес, мәселен, Нуна (ер баланың әпкесіне н/е әпкесіндей көретін қыз баласына қарата айтатын сөзі) деген сөзді Дуна деп естісеңіз таң қалмаңыз!
Менің қосарым бар:
Орта жастағы не жастары егде тартқан жұбайлар бірін-бірі «Ёбо» деп атайды. Қазақша «жаным, қымбаттым» дегенді білдіреді. Бұл сөзді де дорамалардан жиі естіп жүрміз. Ал жас жұбайлар, әсіресе жоғары білімді, көзі ашық жандар бір-бірін есімдерімен атай береді.

Және Ёбомен бірдей «Чаги» атауы бар. Тек бұл жұбайлар емес, жігіт пен қыздың арасында қолданылады.

Сосын кәрістерде адамның есіміне «сси» сөзін қосып айту қалыптасқан. Жоғарғы жақта айтылып өткен корей тілінің аздап сақаулылығына байланысты бізге бұл «ши» деп естіледі. Бұл сөз достардың, жастары шамалас қызметтестердің арасында қолданылады. Бұлай деу сыпайылықты, жақын достық қарым-қатынасты білдіреді. Егер осы сөз адамның тегі мен есімінен кейін қолданылса (мысалы, Ким Сан Хён-сси), онда ол ресми түрдегі атау боп табылады. Ал егер бірден адамның тегіне қосылып аталса (мыс, Пак-сси), онда бұл дөрекілікті білдіреді. Бұлай деп сауатсыз, оқымаған адамдар бірін-бірі кемсіту, ашуына тию мақсатында айтады.

Сонымен қатар, осыған ұқсас жалғау тәріздес «-я» және «-а» бар. Бұл да бізге дорамалардан жақсы таныс. Кәрістер есімдеріне осыларды жалғап атау арқылы жақын қарым-қатынастарын білдіреді. Егер есім дауысты дыбыстан аяқталса «-я», дауыссыздан бітсе «-а» қосып айтады. Мысалы, Суён-а немесе Хани-я. Тағы бір нәрсе – өзінен жасы кіші қызға айтылатын «ян» және балаларға айтылатын «гун» жалғаулары.

сіздерге рахмет біраз нәрсе біліп қалдым гой