Махаббат, расымен де, мәңгілік ертегі ме әлде?

Біз өмір сүріп жатқан заманда адам баласының шынайы сезімдерін түсіну қиынға соғады. Махаббат, расымен де, мәңгілік ертегі ме? Әлде өзгеше ойлайтын адамдардың ойлап таба салған дүниесі ме? Олай болса, шынайы махаббат деп нені айтамыз? Онда ХХІ ғасырда тазалық пен шынайылық, ең бастысы алаулаған сезім қалай көрініс табады? Осы жайында сөз қозғасақ...

Мен әрине сіздің қойған сұрағыңызға жауап берер, филосов немесе атақты ғалым емеспін, мен жәй жүрген бір адаммын, сонда да топастау мыйымды ақтарып көрейін. 21 ғасырда ғалымдар махаббатты психологиялық аурулардың қатарына жатқызады, себебі сіз біреуге ғашық болғанда оны сынау, мінеу, одан қорқу деген қасиеттің бәрінен айырыламыз. Шын ғашықтық осындай болу керек. Тек қазір емес барлық уақытта адамдардың шамамен тек 10% ғана нағыз махаббат не екенін түсінген екен, қалғандары 1-2 жылға жетер жетпес бір адамды ұнатып қалдым деген мидың ұрпақ жалғастыру керек деген гармоны.Әрине махаббат жайлы ары қарай жаза беруіме болар еді алайда бізден де бұрын айтылған, том- том кітап боп шыққан, талай ғұлама басын қатырған дүние ешқашан жазу немесе сөйлеу арқылы жеткізілмейді де жеткізу мүмкін еместе. Абай айтпақшы ішпен немесе өз басыңыздан өткеріп білуге болатын зат.
Махаббатты үнемі ақтап, қорғағым келіп тұрады. Қанша мұңды болса да бір бақытты сәті үшін бәріне төзуге болады. Махаббатты ертегі ету әр адамның өз қолында дейін десем, ондайға айналдыру әлі қолымнан келмей жүр немесе сәті түспей жүр.. Сондықтан уымен қоса лайықты балын да татқан адамдар нық сеніммен таңғажайып екенін айтса марқайып қалар ем. Мынау дүниелік күйбең тірлікке мән-мағына беріп тұрған сол ғой. 8-)
Бұл өмірде әркім өзінше ойлайды. Сол секілді махаббатты әркім әртүрлі түсінеді немесе оны әртүрлі қабылдайды. Біздің ғасырымызда шынайы махаббат жоқ деуге болмайды. Бар.. Бірақ оны сақтап қалу қиын. Махаббаттың ең басты жауы -сенімсіздік... Мен осындай махаббатты басымнан өткердім. Шынайы махаббатымды сенімсіздіктің кесірінен жоғалттым. Бір білетінім ондай махаббат өмірде бір-ақ рет болады екен...Ал, махаббатты ертегідегідей ету ол тек бір жақтың емес, екі жанның да үлесімен келеді.
Қарлыға айтпақшы, біз өмір сүріп жатқан заманда адам баласының шынайы сезімдерін түсіну қиынға соққаны анық. Жүрек қалауын білмейтін уақыт туды ғой. Махаббаттың әсемдігі туралы әңгіме айтудың өзі де қиын. Мейірім мен адалдық жойылмасын!
[size=150:asdzp84o][size=150]Достар! кәзіргі,өткен өмір деп бөлудің еш қажеті жоқ. Біз осы өмірді сүріп жатқандықтан,өткенді білмеймізғой. Махаббат әрқашанда болған.баянсызыда,баяндысыда. Мен махаббатқа сенемін!Өзімнің жолықтырған жан жолдасыммен міне бес жыл көлемінде отау құрып келемін.Құдай берген ұлдарымыз бар!Бақытты болу әр адамның өз қолында![/size:asdzp84o][/size]