Ұл туғанда – күн туар.
Ұл – шанырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар туды» деп хабарлайды. Қазақ халқы бірінші баланы «тұнғышым», одан кейінгілер – «ортаншы», ең соңғы туғанын – «кенже» деп атайды. Кенже бала қара шаңырақтың иесі, қарт әке-шешесін асырайтын адам.
Жалпы қазақ халқы бірінші дүниеге ұл бала келсе, алғашқы ұл болса қатты қуанған. Оған мол сенім артқан. Ұл бала артымда қалар ізім, тұяғым деп білген. «Тай өссе ат тынығады, ұл өссе әке тынығады», «Ата өліп – бала қалса, мұратына жетеді, бала өліп – ата қалса, арманы іште кетеді», «Соры қалың әкенің – кер бағып ұлы өседі», «Ұлыңның санасы болса, елдің ағасы болар».
Жалғыз ұл дегеніміз ол отбасындағы жалғыз бала. Жалғыз ұл ата-анасының ағы мен қарасындай өте қымбат жан. Ол өз шаңырағының мұрагері және иесі. Сондықтан оған ата-анасы үлкен жауапкершілікті артып, өз ақыл-кеңестерін айрықша ылтипатпен беруге тырысады. Жалғыз бала өзіне жүктелген ата салтымыз бойынша жасынан озық шығып, ақылды болуы керек. Ата-анасы қайтыс болған жағдайда шанырақ балаға мұра болып қалады. Онда ол өз отбасымен тұрады.
Біздің де бір жарық жұлдыздай Данабек атты ұлымыз бар. Оған артатын сенімім мол.
Ал әйілдің айтқанымен кетуі, ол ата ананың қателігі. Ана ұлын ондай таңдау жасауға итермелеуі екі оттың арасына қойғанмен тең. Менің ойым енелер келіннің кемшілігін ұлына айтпау керек.