Жігітті қалай тәрбиелеу керек?
Менің інім бар, үшінші сынып оқиды. Ол кішкентайынан үш қыздың арасында өсті,бізбен ойнады, бізге қарап тәрбие алды. Енді қазір үйге барған сайын оның нәзік жанды, яғни, қыз сияқты жұмсақ екенін байқайтын болдым. Не болса соған жылай салады, айтқаны болмаса да солай((( сосын мыжып, адаммен сөз таластырып отырады, папама көмектесіп жүргенін де байқамайсың. Өте ерке. Оны мама, папасы жұмсауға қимайтын сияқты. Спорт үйірмелеріне қатыс деп көндіріп едік, мамасы ойбай бір жерін ауыртып алар, аман-есен көз алдымызда жүре берсін деп жібергісі келмейді. Қысқасы, мен інімнің нағыз жігіт болып өскенін қалар едім, ертеңгі күні біздің шаңырақта қалатын, бізге арқа сүйер болатын бір өзі ғой, ой қосыңыздаршы, оны қалай тәрбиелеуге болады?
Оған әсер ете алатын адам кім, ата-анаңыз болса, сол кісілерге ықпал ету керек шығар. Қаттырақ қарауларын өтініп дегендей. Бірақ, үшінші сыныпта оқыса әлі кішкентай ғой, бәрі бәйек болған соң ерке шығар, ертерек қолға алса онысын қояр. Мен де інімнің нағыз ер азаматқа лайық мінезді болғанын қалайтынмын. 4 жас кішілігі болса да маған ағам секілді қамқор болғысы келетінін сеземін де қуанамын. Ініңіз үмітіңізді ақтар адам болсын деп тілеймін.
Айгерім, дәл біздің үйдегі жағдай сияқты екен) 3 қыздан соң бір ұл. Бірақ інім қазір колледждің 1-курсында. Оның да жаны нәзік сияқты боп көрінеді, ән айтуды, гитарада ойнауды жақсы көреді. Дәл сіз сияқты уайымдаймын. Бір жақсысы көркем әдебиетті ұнатады, ең болмаса сондағы ер кейіпкерлерден үлгі алып, нағыз азамат боп өссе екен деймін. Мама-папам жоқта қатты-қатты сөйлеп, өзімше жігерін жанимын.
Қыз бен жігіт арасында достық бар. Кейде қыз досыңа айта алмаған сырыңды ҰЛ досың жақсы түсінуі мүмкін, әрі сенімдірек қыздарға қарағанда.
Ооой Қуып кеттім. Басқа жерді ашып отырған сияқты едім.
Дұрыс істемеген, өмір бойы ата/ана қасында отырмайды ғо, сен айтып ата-ананды көндірсеңші, барбір 18 кегенде қиын болады, спорттын кез/келген түріне жазсын, каратэ катайтады
Қиын расымен, оларға ұлдармен өскен дұрыс бірақ тәрбиелі жігіттер арасында өскені дұрыс қой
жігітті еркімен жіберіп, қулықпен ұстаған дұрыс. Мұнда қызға қатал қарау тиіс. Өзі үшін жақсы болмақ
Адам мен адам достасады деп ойлаймын, ал вот ит пен мысықтың достығына күмәнмен қарауға болады
Негізі баланы сөзбен тәрбиелеу мүмкін емес екен, тек іспен үлгі көрсету керек. Сондықтан бауырыңды жақсы деген ағаларыңның арасына қосып қойсаң болатын сияқты...