Сұрақ дұрыс қойылмаған. Көліктердің жұмысына қанағаттанасыз ба? деген сұрақ сияқты. Мерседеске қанағаттанам. Автоваз мәшинелеріне қанағаттанбаймын. Сол сияқты қазақ комментаторларының арасында шыдамыңды тауысатын надандар да, қазақ тілі мен спортты қатар білетін шын тырысып жүргендер де бар. Біреуіне 5 деген баға, біреуіне 2 деген баға қоюға болады.
Мысалы Асхат Сағынаевтың "ор-қаз" тіліндегі комментарийлерін тыңдау мүмкін емес. Орысша ойланып алып, жарнамадағыдай тікелей қазақшаға аудара салады да, отыра береді. Мысалы валлийский дегенді валлиалық дей салады.
Меніңше қазақша әдебиетті оқымайтын, бай, алуан түрлі жүздеген қазақша сөз тіркестерін білмейтін, қолданбайтын адамдарды комментаторлыққа жіберуге мүлде болмайды. Орыс терминдерін тікелей аударатын заманнан өтетін уақытқа әлдеқашан жеттік.
Жас буынның арасынан Е. Мәуленнің талабы жақсы. Өте сауатты, нағыз қазақи сөздерді қолдана біледі. Тілді қадірін төменге түсірмейді. Менің пікірім осындай.
Ермаштың сөйлеу мәнері, сөздік қолданысы ара-тұра бұзылып тұратыны болмаса, былайынан алғанда тәп-тәуір жүргізіп келе жатқан жігіттердің бірі. Ермаш секілді еркін сөйлейтін., әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетімен біраз сусындаған жігіттер керек. Әйтпесе, түрі әдемі жігітті шала-пұла тілімен отырғызып қояды...
Күні кеше Шахтөр - Маккаби матчының трансляциясы болды. Осы ойынға арнайы Ресейден К.Генич атты комментаторды шақыртыпты. Астанаға келісімен Геничпен сұхбат болғанда одан екі тілді комментарийге дайынсыз ба дегенде, ол былай деп жауап беріпті: Менің әріптесім мені түсінуі мүмкін, мен оның қазақша комментарийлерін түсінбейтін болармын, көрерміз деп аздап қобалжыпты.
Енді ең күлкілісі - кешегі репортажда Геничпен қатар өз еліміздің орыстілді комментаторын көмекке беріп қойғанымен қоймай, біздің әлгі "қазақтілді" (шын мәнінде шалақазақ тілді) комментаторсымағымыз Асхат Сағынаев үлгілі оқушылар тәрізді, бар ынтасымен (ең бастысы еш қысылмастан, қонаққа жағу керек қой енді) әріптестерімен ОРЫС тілінде пікір алмасып отырды. Мысал үшін, Амангелді ағаның орыс тілінде репортаж жасап отырғанын елестете аласыз ба?? Асхат қазақ тілінің қадірін қай жерге (қай жерге емес-ау, қай тесікке) қоятынын тағы бір рет байқатты.
04.10.2013, 09:30:24
Мысалы Асхат Сағынаевтың "ор-қаз" тіліндегі комментарийлерін тыңдау мүмкін емес. Орысша ойланып алып, жарнамадағыдай тікелей қазақшаға аудара салады да, отыра береді. Мысалы валлийский дегенді валлиалық дей салады.
Меніңше қазақша әдебиетті оқымайтын, бай, алуан түрлі жүздеген қазақша сөз тіркестерін білмейтін, қолданбайтын адамдарды комментаторлыққа жіберуге мүлде болмайды. Орыс терминдерін тікелей аударатын заманнан өтетін уақытқа әлдеқашан жеттік.
Жас буынның арасынан Е. Мәуленнің талабы жақсы. Өте сауатты, нағыз қазақи сөздерді қолдана біледі. Тілді қадірін төменге түсірмейді. Менің пікірім осындай.
Бұрын соңды комментаторлардың ойынды түсіндіруіне мән беріп көрмеппін, спортты көрмейтін ер адамдардың қанағаттанбай, наразылық білдіріп жатқандарын жиі естимін. Келесі де міндетті түрде бақылап көрмесем...
Меніңше қазақша әдебиетті оқымайтын, бай, алуан түрлі жүздеген қазақша сөз тіркестерін білмейтін, қолданбайтын адамдарды комментаторлыққа жіберуге мүлде болмайды. Орыс терминдерін тікелей аударатын заманнан өтетін уақытқа әлдеқашан жеттік.
Жас буынның арасынан Е. Мәуленнің талабы жақсы. Өте сауатты, нағыз қазақи сөздерді қолдана біледі. Тілді қадірін төменге түсірмейді. Менің пікірім осындай.
Енді ең күлкілісі - кешегі репортажда Геничпен қатар өз еліміздің орыстілді комментаторын көмекке беріп қойғанымен қоймай, біздің әлгі "қазақтілді" (шын мәнінде шалақазақ тілді) комментаторсымағымыз Асхат Сағынаев үлгілі оқушылар тәрізді, бар ынтасымен (ең бастысы еш қысылмастан, қонаққа жағу керек қой енді) әріптестерімен ОРЫС тілінде пікір алмасып отырды. Мысал үшін, Амангелді ағаның орыс тілінде репортаж жасап отырғанын елестете аласыз ба?? Асхат қазақ тілінің қадірін қай жерге (қай жерге емес-ау, қай тесікке) қоятынын тағы бір рет байқатты.
Меніңше қазақша әдебиетті оқымайтын, бай, алуан түрлі жүздеген қазақша сөз тіркестерін білмейтін, қолданбайтын адамдарды комментаторлыққа жіберуге мүлде болмайды. Орыс терминдерін тікелей аударатын заманнан өтетін уақытқа әлдеқашан жеттік.
Жас буынның арасынан Е. Мәуленнің талабы жақсы. Өте сауатты, нағыз қазақи сөздерді қолдана біледі. Тілді қадірін төменге түсірмейді. Менің пікірім осындай.
Маған да Е. Мәуленнің жүргізгені ұнайды)