ҰБТ-ны алудың қазақстандық оқушыларға пайдасы бар ма?
ҰБТ-ны алудың қазақстандық оқушыларға пайдасы бар ма?
Әй, қайдам! ҰБТ-дан құтылып, жарқын болашақ қол созып, құшақ жайып қарсы алатынына күмәнім бар-ау. Егер емтиханды университеттің өзінде, сол жердің ұстаздарының алдында (біразын ұстаз деп атауға тілім күрметіледі) тапсырар болса, сол ұстаздардың тамыр-танысы, әке-көкесінің немесе қалтасы қалыңдардың балалары тұсетініне сенімдімін. Қазір дегеніңіз магистрдің дипломы "мода" ғой. Мысал ретінде, қазіргі магистратура емтихандарын алып қарайықшы ішің ашиды. Ставкалары да анау-мынау жаңа бітірген түлектің қалтасы көтермейді. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, асқан білімдіге ешкім тұсау бола алмас. Елдің бәрінің ғалым болуы мүмкін емес қой. Бірақ "төрттікпен" оқығандардың "екі мен үштен" көз ашпайтындардан артта қалатынына қарап ішің ашиды. Тамыз айында университеттерде "қып-қызыл бизнес" басталады, гранттар аукционға түседі. Қызығы сол, сол түскендердің барлығы дерлік сізге ешқашан сатып алғанын мойындамайды. Тіпті бір жақын деген құрбымның мойындамай қойғаны бар. Білімсіз мамандар қайдан шығады, білімсіз немесе арын ақшаға сатқан ұстаздан шығады. Түлектердің жан айғайын қашан білім басында отырған аға-әпкелеріміз қашан естиді екен...
ҰБТ-дің бір пайдасы тиген. Әйтеуір алған баллыннын жобасына қарап оқу орындарын, мамандықты таңдайсың. Былайша айтқанда, көрпеңе қарап көсілесің. Кейін газеттен жарияланғанда бәрінін баллдарын көрсетіп тұратындықтан, ешкімді кінәламайсың. Ал енді ҰБТ тапсыру кезінде, балл жинау үшін небір аукциондар болатынына кәміл сенімдімін.
Менің жеке пікірім алып тастау керек. Әрине оның пайдасы да, жақсы жақтары болған шығар, бірақ тест адамның біліміне еш баға бере алмайды деп ойлаймын.
Асқар Жұмаділдаев айтып еді, Ұбт алып тастау үшін одан жақсысын ойлап табу керек деп. Бірақ өкініштісі одан жақсысы шықпай отыр. Кеңестік кездегі емтиханды қайта тірілтсе онда қайтадан жемқорлық күшейіп кетеді. Ұбт соңғы 2-3 жылда таза өтіп жатыр. Алдында кілтін сатып алып 2000-3000долларға кез келген адам дайын жауапты белгілеп шығатын, ал қазір ондай жоқ. Осы ұбтны дамыту керек қайта. Мысалы былтыр сұрақтар қызық болып келіпті. Мысалы балдар дайын жауапбен дайындалатын болса енді мазмұнында оқуға тура келді дейді мұғалімдер. Мысалы Сұрақ, Абай қай жылы туылды, деген сұраққа балдар дайындалатын болса ұбтда сұрақ басқаша 1845 жылы қай данамыз дүниеге келді деген сиақты сұрақтардың мазмұны өзгеріп келіпті. Міне осылай әрі қарай дамыта берсе осы ұбтдан артығы жоқ. Енді білмеген сұрағына тисе терекке деп белгілей салуды доғартатын амалдарын енгізсе сонда қызық болады. Тисе терекке тимесе бұтаққа деп белгілеп белгілеген жауабы дұрыс болмаса дұрыс жауабынан бір бал кемітіп отыратын қылса онда балдар тек өзінің нақты білетін, миы жетіп тұрған сұрақты ғана белгілеп таза балына қол жеткізеді.
ең дұрысы, мектеп пен университет арасындағы тәртіпті қатал ұстаған дұрыс. Жемқорлық деген әдет болып кеткені соншалықты, кез келген адам алғысы келіп тұрады. Індет болып кетті!!! Тез арада құтылу керек
Білімі жоғары немесе сауатты адам қандай сыннан өтетін болсада сүрінбейді,ал сабақты дәлізде оқығандарға еш нәрсе де жақпайды.!